Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы«Аталар сөзі - тәрбие көзі» сынып сағаты

«Аталар сөзі - тәрбие көзі» сынып сағаты

Скачать материал

 

                    "АТАЛЫ СӨЗ -АСЫЛ ҚАЗЫНА"

 

Қазақтың билері Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларымыздың өмірлері мен халқына сіңірген еңбектері және шешендік сөздері туралы деректер жинап, түсіндіру арқылы оқушылардың санасында улттық қасиеттерді ояту, шешендік сөздердің мәнін, қасиеттерін ұғындыруды мақсат еттім.

"Аталы сөз - асыл қазына" қабырға газетін, үш бидің даналық сөздері жазылған плакаттар, буклеттерді, кітаптарды пайдаландық.

Мұғалім сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! "Атамекен" бағдарламасының "Сөнбес жұлдыздар" бағытымен біз халқымыздың біртуар перзенттері, хандар мен билер, батырлар мен жыраулары, ғалымдар мен данышпандардың өмірі мен қызметтері, мұралары жайлы оқып үйренеміз. Бүгінгі өнеге сағатында қазақтың атақты үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларымыздың өмір жолдары мен артына қалдырған аталы сөздері, қазақ тарихынан алатын орны туралы оқып-үйренгенімізді ортаға саламыз.

Оқушылар Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би туралы түсіндіреді.

1-көрініс. "Төле би және екі жас би". Төле би 80-ге келіп отырған көзінде екі жас би келіп, Төлеге:

- О, қасиетті ата! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады, онан да өлмейтін, тозбайтын нәрсе сүрайық.

-  Әп, бәрекелді, айта бер!

-  Әр он жастың ортасын бір белес де-сек, соны неге үйғарып, неге баладыңыз?

Төле би:-10-ға келдім, ойнадым, қы-зығына тоймадым. 20-ға жеттім, бойладым, онда да балалықты қоймадым. Есейе келе жаман сөзге күйіндім, жақсы сөзге сү-йіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншектерге шүйілдім, жауларыма түйілдім. 30-ға келдім, алтайы қызыл түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, қүмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбы-ның көңілін қапдырмадым. 40-қа келдім, арғымақтай аңқылдадым, тау тағысындай саңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, барымды жоқ деп сарқылмадым. 50-ге келдім, биік қырға шықтым, арғы жағының алыс-жақынын- байқамадым, дәулетімді шайқамадым. 60-қа келдім, алты тарау жолға түстім, 70-ке келдім, жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім, 80-ге келдім, оң жағым - от.сол жағым - су, алдым жар, артым қүз, қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым.

-   Рахмет, ата, мынауыңыз аталы сөз екен.

2-көрініс. "Қаз дауысты Қазыбектің Жоңғар ханы Қоңтажьімен кездесуі".

Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен қалмақ бір-біріне елші жібермек болады. Жоңғар қоңтайшысы қазақтың үш биінің бірі келмесе бітім болмайды деп қасарысыпты .

Сонда үш би былай деп кеңесіпті.

Төле: уай, қос інім, қос шаңырағым, аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Артымда сендер барда қанат жайып самғар-мын, дауласқанды жайғармын. Мен барай-ын бұл жолға!

Әйтеке: уай, Төкем! "Аға бордан, іні зордан" демей ме, "Іні - найза, аға - қорған" демей ме? Жағаласқанды жапырып, жауымды аршып күремеймін бе? Мен барайын бұл жолға!

Қазыбек би: уай, асыл ағам, уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе? Жағасы бардың пәледен сақтар панасы бар емес пе? Інісі бардың тынысы бар емес пе? Тынысы бардың елде - ырысы, жауда - ұрысы, дауда - жұмысы бар емес пе? Мен барайын!

-   Шырағым Қазыбек, жол бастайды әмәнда, омырауы жүйріктің, бөгелекті қуарда пайдасы мол қүйрықтың, аттың белі қызметті көп қылар, саған көпті кезегі, осы жолғы бүйрықтың. Жай, онда қолыңды!

Атасызға ата бол,

Батасызға бата бол.

Арып-ашқан ғаріптің

Жел жағына жота бол,

Панасызға пана бол,

Кек сақтамас бала бол,

Дос сүйініп, қас сыйлар

Асу бермес дана бол!  -

деп батасын беріп аттандырыпты.

Қазақтан келген елшілерді сынау үшін қоңтайшы қарапайым киініп, белін жіппен буынып, Қазыбектер түскен үйге келеді. Қоңтажы Қазыбекті сынамақ болып сауал қояды:

- Әуеліңде не бар? Ортасында не бар? Ақырында не бар?

-   Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелінде ынтымақ, ортасында бе-реке, артында шүкіршілік тұрмас па?

-  Ой, өзің жөніңді айтшы, атың кім?

-  Атым Қазыбек, әкем Келдібек, хал-қым қазақ, руым қаракесек.

- Дауысың қаздың дауысындай қаңқыл-дап тұр екен, ал енді датыңды айт. Сонда Қазыбек: біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден қүт-береке қашпасын деп, жері-міздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, асқақта-ған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл болсын деп ту-майды, анадан қыз туса күң болсын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра ал-майтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Та-нымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алыс-қалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, - деген екен.

-  Мен хан болғалы, басыма қасиет қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім. Жаным Қазыбек, сенің айтқан сөзіңе сіресіп тұра алмадым, сен жаңа үйреткен жас түлпар екенсің. Сенің дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, бұдан былай сенің атың Қаз дауысты Қазыбек болсын, екінші, қос тоғыз жүлде байла-дым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол депті.

-  Бейбітшілік бітіміміз ұзағынан болсын! Аман болыңдар!

Қош айтысып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері мал-жанын түп-түгел қайтарып алып, гулеп жүріп кеткенде қасында бір топ елшісі бар Қоңтажы мең-зең болып дөңнің үстінде қала беріпті.

З-көрініс. "Әйтеке бидіңдау шешуі".

Енді бір аңызда ауылына келіп отырған Төле би мен Қазыбек Әйтекеден: "Жігіттің жақсысы қандай болады?" деп сұрапты.

-  ДүрыЪ сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген.

Сол уақытта бір түлкіге дауласқан екі кісі келіп кіреді.

-   Әйтеке, осы даудың төрелігін сен бере қойшы, - дейді билер.

-  Мен түлкіні жетілсін деп жаз басынан сыртынан бағып жүр едім - дейді жауап-көр.

-  Мен кеше қансонарда ізінен келіп ін-деттім.

Сонда Әйтеке:

- Түлкі ұрғашы ма, еркек пе?

- Түлкі ұрғашы болса көрек.

- Түлкі арлан болса - ізімен келіп індет-кендікі, үрғашы болса, жүнімен жетілсін деп ін баққандкі.

- Түлкі сенікі, балам.

-  Төрелігіцізге рахмет!

Үш бидің орда басында кездесуі, арты-на аталы сөз қалдыруы.

Төле, Қазыбек, Әйтеке үшеуі Кұлтөбе-нің басында ұзаққа сөзылған мәжіліс аяқта- . лып,  енді әрқайсымыз артымызға із тас-тарлық бір-бір ауыз сөз қалдырайық деп келіседі.

Төле би:

Шешендіктен не пайда?

Артында сөзі қалмаса.

Батырлықтан не пайда?

Халқына қайраны болмаса.

Хандықтан тіпті пайда жоқ

Қарашасын жалмаса.

Молдалықтан пайда жоқ,

Шариғатты өзгертіп

Надандарды алдаса.

Қазыбек би:

Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеулі аттан кем емес.

От басында білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.

Біз үш жүз көріспейік, келісейік,

Көріскен асылы бізге жөн емес.

Әйтеке би:

Жердің сәні қаптаған жылқы мен қой,

Қыздың сәні алқалап узатқан той.

Ауылдың сәні - Аллалаған азан,

Бидің сәні - қайнаған қазан.

Атаңа нәлет деген ауыр сөз

Мылтықтың аузынан шыққан сөз.

Екі адам көріссе, оның арты қызыл шоқ,

Біз үшеуіміз көріспейік, келісейік

Егер көрісе қойсақ үшеуімізге де бірдей

Хандық түгіл ондық та жоқ.

Ниеті жаманның иманы кетер,

Әйелі жаманның мейманы кетер.

Алланың сүйгені - азан,

Халықтың сүйгені қазан.

Кұлтөбеге жақын ауыл біздікі екен, жи-налған әлеумет, жүріп дәм татыңыздар,-депті.

Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, жақсы сөз жерде қалмайды. Артына аталы сөз қал-дырған, азаттық, теңдік, туыстықты ту етіп көтерген, қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең үрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рухтары биіктей береді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Аталар сөзі - тәрбие көзі» сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

""Описание материала:

"Қазақтың билері Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларымыздың өмірлері мен халқына сіңірген еңбектері және шешендік сөздері туралы деректер жинап, түсіндіру арқылы оқушылардың санасында улттық қасиеттерді ояту, шешендік сөздердің мәнін, қасиеттерін ұғындыруды мақсат еттім. «Аталы сөз - асыл қазына» қабырға газетін, үш бидің даналық сөздері жазылған плакаттар, буклеттерді, кітаптарды пайдаландық.

"Мұғалім сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Атамекен» бағдарламасының «Сөнбес жұлдыздар» бағытымен біз халқымыздың біртуар перзенттері, хандар мен билер, батырлар мен жыраулары, ғалымдар мен данышпандардың өмірі мен қызметтері, мұралары жайлы оқып үйренеміз. Бүгінгі өнеге сағатында қазақтың атақты үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке бабаларымыздың өмір жолдары мен артына қалдырған аталы сөздері, қазақ тарихынан алатын орны туралы оқып-үйренгенімізді ортаға саламыз. Оқушылар Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би туралы түсіндіреді.

"1-көрініс. «Төле би және екі жас би». Төле би 80-ге келіп отырған көзінде екі жас би келіп, Төлеге: - О, қасиетті ата! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады, онан да өлмейтін, тозбайтын нәрсе сүрайық. - Әп, бәрекелді, айта бер!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2014 11379
    • DOCX 17.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коныршина Ерсин Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Коныршина Ерсин Сериковна
    Коныршина Ерсин Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25553
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек