Білім шыңына жетелейік...

Предпросмотр материала:

 

Білім шыңына жетелейік....

       «Биікке қалықтап қыран да шығады,  жорғалап жылан да  шығады»  деген нақыл сөз бар.  Бүгінгі шәкірт -  ертеңгі  білікті маман, еліміздің  гүлденіп – өсуіне,  өркендеуіне  үлес қосатын  басты ТҰЛҒА.   Сондықтан оқытушы қауымға, қоршаған ортаға  жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.  Бүгінгі күнде білім беру  мәселесі, әрбір ғылым негіздерін терең игерту, білім алушылардың  ойлау қабілетін дамыту, өз Отаны, халқының алдында жауапкершілігін терең  сезіндіре білу, қоғамымызға  ертеңгі күні пайдасы тиетіндей  жақсы азамат  болып шығуы сезімдері мен адамгершілік құндылықтарының  қалыптасуы басты  мақсатымыз болып табылады.

       Осы бағытта,бүгінгі заман талабын орындауда өзге пәндердің ішінде математика пәнінің алатын орны ерекше деп айтуға болады. Оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау мақсаттарын алдыма қоя отырып, өзім сабақ беретін және жетекшілік ететін 5 «к» сыныбында әр сабақты  білім алушының  жас ерекшеліктеріне сәйкес барынша  қызықты,  түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ол үшін сабақта ойын элементтері қолданылады. Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.  Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше  зерделейді.  Оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізеді.Әсіресе, қала  баласына таңсық, тіпті кейбіреуі  қолмен ұстап, көзбен көрмеген қарапайым асықтың өзі түрлі математикалық есептерді шығаруға  мүмкіндік туғызады. 

«Асық» ойыны арқылы өткен сабағымда, қазақтың оюлы дорбасынан оқушыларға  асықтың әр түрін  алдыртамын.  Асық ойыны  қазақ халқының дәстүрлі ойыны екендігі, оның  күндіз де, түнде де ойналатындығы,күндізгісі– мергендікке,түнгісі – ептілікке баулитындығы туралы  айта келіп, түрлі тапсырмаларды орындатып, жылдам орындағаны олардың білімін бағалауда  ескеріп отырамын.

     Ұлттық ойындарды қолдану терең біліммен қоса, саналы тәрбие де береді. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын» т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

        Оқу кабинетімізде «Білім шыңы» бұрышы ұйымдастырылды.  Сынып оқушылары әр сабақ сайын ойын арқылы әр түрлі  берілген тапсырмаларды жеке немесе  жұппен орындап, отырып,сабақ соңында тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар «Білім шыңындағы»  жалаушаға жетеді. Бұл оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы-дарынды да талапты жастарын  тәрбиелеуге мүмкіндік береді.   Мысалы, Баланы дарынды, бойында күш-қуаты жеткілікті екендігіне сендіру-ұстаз бойындағы құдыретті күш.. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Шәкіртерімізге  деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болмақ.  Мұғалім еңбегі сырттай қарағанда, елеусіз ғана қарапайым тірлік сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ  олар – ұлы істер, ұлт мерейін өсірер керемет  шаруалар тындыратын нағыз  жанкешті  жандар. Кезінде қазақтың «Төбе биі» атанған Төле би өзінен дәріс алған шәкіртіне:

...... Бір үйдің баласы болма, барша үйдің баласы бол,

Қауіп төнсе егер де,арқа сүйер панасы бол!

Ақыл жастан деген ғой,  жол сілтер данасы бол,

Көптің бірі болмай,  өз тұрғыластарының дарасы бол! – деп ақ батасын берген екен. Абыз атамыздың ақ тілегінде талай философиялық ойлар жатыр!  Артындағы барша ұрпағына, біздерге де,  құндылығы бай  ғибратты  ой нұсқады. Бүгінгі жас ұрпақты  әлі кішкентай, бала деп  қарамай,  күнделікті жүргізетін  оқу – тәрбие жұмыстарымызда Жеке тұлғаны бәсекелестікке қабілетті етіп  қалыптастыру -  бүгінгі аға буынның, соның ішінде, ғылым негіздерін игертуде үлес қосып келе жатқан ұстаз еңбегіне тікелей байланысты.

 

 

Орындаған: №5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі:Асанова Гүлзада Қабдубекқызы

 

Краткое описание материала

Білім шыңына жетелейік...

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 1342
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 1342
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Асанова Гульзада Кабдубековна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: