Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспект урока по математике для начальных классов «Мемлекет аралық бақылауға арналған тест сұрақтары. Математикалық викторина»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспект урока по математике для начальных классов «Мемлекет аралық бақылауға арналған тест сұрақтары. Математикалық викторина»

библиотека
материалов

Қызықты математика: Мемлекет аралық бақылауға арналған тест сұрақтары. Математикалық викторина
1. Тізбектес жеті натурал сан бар. Алғашқы үшеуінің қосындысы 33-ке тең. Соңғы үшеуінің қосындысы неге тең?
2. 9876543210 санын 86420-ға бөліп, шыққан қалдықты 6420-ға бөлді, жаңа шыққан қалдықты 420-ға бөлді, соңғы қалдықты 20-ға бөлді. Қандай қалдық шығады?
3. Балмұздақты сатып алуға Арманның 7 теңгесі, Динаның 1 теңгесі жетпеді. Екеуі өздерінің барлық ақшаларын қосып еді, тіпті 1 балмұздаққа ол да жетпеді. Бір балмұздақтың бағасы қандай?
4. Екі таңбалы санның цифрларының орындары ауыстырылып, алғашқы санмен қосылған.
Нәтижесінде натурал санның квадраты шықты. Қай санның квадраты?
5. Сабақ 11:45-те басталып, 40 минутқа созылды. Сабақтың дәл ортасында Анар түшкіріп жіберді. Ол қай мезгілде болған еді?
6. Парақ бетінде координата жүйесі сызылған. Ермек парақты бүктегенде координаталары (1; 5) және (7; 3) болатын нүктелер беттескен. (-1; -1) нүктесі қай нүктемен беттеседі?
7. Суретте көрсетілген қиылысқан 5 дөңгелек 9 облыс құрайды. Олардың ішіне 1-ден 9-ға дейінгі цифрлар жазылған (әр цифр 1 рет қолданылады). Кез келген дөңгелектегі жазылған сандардың қосындысы 11-ге тең. Белгіленген облыста жазылған цифр қандай?
8. 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n + 9n = 32010 болса, n мәнін табыңыз.
9. Егер 2a – b = 505 және 3b – c = 333 болса, онда 4a + 7b – 3c қаншаға тең?
10. Суретте AOD=120°, BOD=3AOB және AOC=2COD. BOC неге тең?

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

4. Математикалық сұрақтар

5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт»ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

1) тең қабырғалы үшбұрыш

2) тең бүйірлі үшбұрыш

3) әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

1) тік бұрышты үшбұрыш

2) сүйір бұрышты үшбұрыш

3) доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1)диогональдары тең

2)диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3)ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары,параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1)тең бүйірлі

2)тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Ұшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16аяқ)

«Квадрат» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

«Трапеция»тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

АВСД параллелограмның периметрі81см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.

«Квадрат» тобына.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 смұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.

«Трапеция» тобына.

Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.

IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (трапецияның ауданын)

«Квадрат» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).

2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

«Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма,карточка арқылы беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.

18,147

64

5

22,804

-56,7

47,498

13








Д. √64 + √25 М. 0,7 * (-81)

А. 13,123 + 5,024

Е. 47,749 – 0,251 Х

Р. ((-2)) И 9,004 + 13,8

VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

7. Ұзындықтың өлшем бірлігі(метр)

8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

12. 225 нешенің квадраты? (15)

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Загрузка...

Пәні: Логика әлемі

Тақырыбы: Қызықты есептер шығару

Мақсаты: Оқушыларға қызықты есептер шығарту арқылы оқушы ойын, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.Ойлауға, есептеуге және ауызша есептей білуге үйрету. Жан-жақты ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, математикалық ойындар, қызықты есептер, дидактикалық материалдар.

Түрі: Ойын сабағы. Типі: Өтілген материалдарды пысықтау.

Әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

2. Өтілген материалдарға шолу жасау.

Әріпті өрнек және геометриялық фигураларды еске түсіру.

Бүгінгі сабақтың ерекшелігі : сабақ түрлі кезеңдермен өтеді. Әрбір кезеңдегі оқушыларға берілетін тапсырмалар материалдардың жеңіл күрделісіне байланысты балдық жүйемен беріледі. Оқушылар сыныпта 3 топқа бөлініп отырады. Жеңілден күрделіге қарай жұмыс

кезең –кезең бойынша тапсырмалар арқылы жүргізіліп отырады.

1-кезең Мен не үйрендім?

Берілетін тапсырма: Ойын арқылы 1. «Сан ретін тап»

11 17 12 14 16 13 15

әріп тап ті нек мәнін өр тің 1 балл

Оқушы сандарды ретімен орнына қояды.

2.Сөйлемді оқу. Әріпті өрнектің мәнін тап. 2 балл

3. а+5 а-5 а=10, 9, 8.

10+5 9+5 8+5

10-5 9-5 8-5 Оқушылар мәнін табады. 3 балл

4. Үш түзудің қиылысуынан үшбұрыш шығаруға бола ма?

Үш таяқшамен оқушыларға үшбұрыш құрастырту. 4 балл

Жаңа сабақ 1.Қызығушылықты ояту.

Бірнеше таяқшаларды үстел үстіне қойып 3 топқа тапсырма беріледі.

1-топқа Таяқшалардан шаршы құрастыру.

2-топқа Таяқшалардан үшбұрыш құрастыру. 9 балл

3-топқа Кесінді құрастыру.

Оқушылар мұндай тапсырмаларды қызыға орындайды. Топ басшысы орындалған тапсырманы әкеліп көрсетіп қосымша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Осылай оқушы қызығушылығын арттыруға болады.

2. Жаңа сабақ Қызықты есептер шығарту.

Интерактивті тақта бойынша 3 топқа тағы да тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар оқушы ның ойлауын қажет етеді.

2-кезең

1-топ

Тапсырма: Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу? 10 балл

2-топ

Тапсырма: Қоршаудың ішінде бірнеше бұзаулар жүр. Олардың аяғы ның саны 12. Қоршауда жүрген бұзаулар саны қанша? 10 балл

3-топ

Тапсырма: Аквариумда 6 балық бар.Әрқайсысында 2 балықтан болу үшін әліде қанша аквариум сатып алу қажет? 10 балл

3. Сергіту сәті

Біздің келер шамамыз

5-тен 3 ті аламыз.

3 ке қосып 2 нің

Жауабын тез табамыз

Біздің келер шамамыз

Кішілерге ағамыз

Апай айтқан сандарды

Біз қатесіз жазамыз..

4. «Кім көп біледі? »

Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?

Үш топтан 3 оқушы шығып , тапсырсаны орындайды. 6 балл

Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.

1. 1+1+1=3

2. 1+2+0=3

3.3+0+0=3

Сандар орнын ауыстырып тағы да бірнеше жолын шығаруға болады.

5. «Миға шабуыл» ойыны:

1-топ Екі тауықтың салмағы бір қаздың салмағына тең. 2 қаздың салмағы неше тауықтың салмағына тең болады? 8 балл

2-топ Бақшада 10 алма ағашы, 10 қайың ағашы, 4 алмұрт ағашы мен 6 шие ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы қанша жеміс ағашы өсіп тұр? 8 балл

3-топ Ағасы 2 кесе айран ішті. Қарындасы ағасының ішкен сүтінің жартысын ғана ішті.Қарындасы неше кесе айран ішті? 8 балл

5. Интерактивті тақтамен геометриялық фигуралар құрастыру.

«Шашылған фигуралар» ойыны арқылы 3 топ өзі білетін геометриялық фигуралар құрастырады. 7 балл

6.Сабақты қорыту:

3-кезең

1.«Мен қандай сан ойладым?»

1-топ

?+2-5=10 5 балл

2-топ

?-2+1=7

3-топ

?+2-5=4

2.Бағалау. / 10 балдық жүйемен/

1балл

1-топ

2-топ

3-топ

Қорытынды балл

2 балл





3балл





4балл





5балл





6балл





7балл





8балл





9балл





10балл





7. Үйге тапсырма: 2 жұмбақ есептер жазып келу.





























































Қызықты математика:

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар
Сабақтың мақсаты: Мың көлеміндегі сандарға арифметикалық амалдар
Қолдануды пысықтай отырып, олардың мән-
мағынасын түсіндіруді тереңдете түсу. Түрлі
есептеулерде арифметикалық амалдардың орындалу
ретін дұрыс сақтай білуді пысықтау;
білімділігі: Оқушылардың математикадан алған білімдерін
тереңдету, өткен тақырыптар бойынша алған
білімдерін пысықтау ;
дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ой өрісін кеңейту,
шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу
қабілеттерін арттыру,логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту;
тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттырып,
жылдамдыққа, ұйымшылдыққа, ұтқыр ойға, ұтымды
жауап беруге дағдыландыру

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,талдау,ой шақыру, миға шабуыл,жаттығу, топтық және өзіндік жұмыс
Көрнекіліктер: Бірліктер, мыңдар класының кестесі, шамалар кестесі, интерактивтік тақта,
баспалдақ, таратпа материал, домино
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
2.Психологиялық дайындық
ІІ.
Қазіргі заман бойынша Қазақстан экономикасы туралы мағлұмат алайық.Елбасымыздың бастамасы бойынша ҚР-сы таяу жылдар ішінде әлемдегі бәсекелестікке бейімді елу елдің қатарына ену мақсатын қойды.Зерттеу есебін жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форум жариялап тұрады.Тізім бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алда орналасқан мемлекет.
-Бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қайсысын атай аласыңдар?Швецария, Швеция, АҚШ,Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия.Ел экономикасының күрт өсуі мұнай газ бен басқа да шикізат бағаларының жоғары болуының арқасында жүзеге асып отыр.Бірақ халықаралық рыногта мұндай жағдай үнемі сақтала бермейді.Сол үшін экономиканы ұзақ мерзімге қалыптастыру үшін реформалар негізінде қолайлы жағдай жасау керек.Осы бағытта табысымыз ұлғайғанда , еліміз озық қатарына қосылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр.Болашақта елімізді басқаратын және жоғары техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар.Мұның бәрі сендерден терең білімді қажет етеді.
Ендеше, біз бүгін математика пәнінен алған білімімізді көрсете отырып, ойша осы елді 50 елдің қатарына еніп көрейік.Ол үшін басқыштарда берілген тапсырмаларды орындайық.Партада сандар жатыр, соған берген жауаптарыңа сай «алтын» немесе «күміс» жинайды.
50
51. Кім жылдам? /ауызша есептеу/
52. Тура теңдік құру
53. Миға шабуыл /ауызша орындалады/
54. Арифметикалық амалдарды орындау
55. Ұзындық өлшем бірліктері
56. Математикалық эстафета
57. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
58. Есеп шығару
58-басқыш.Есеп шығару
1.Кестелер бойынша есеп құрастыр және оларды шығар:
І-тәсіл:
Шарты: Шешуі:
Ұл бала-120 (120+180):6=50
Қыз бала-180 Жауабы 50 бөлмеге орнылысты
әр бөлме- 6 бала
Балалар- ? бөлмеге орналасты
ІІ-тәсіл:
Шарты: Шешуі:
Ұл бала-120 120:6=20; 180:6=30; 20+30=50;
Қыз бала-180 Жауабы 50 бөлмеге орнылысты
әр бөлме- 6 бала
Балалар- ? бөлмеге орналасты
Тапсырманы ойдағыдай орындадық. Бір басқышқа көтеріліп келесі тапсырманы орындайық.
57-басқыш.Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
1.709=700+9; 780=700+80; 789=700+80+9; 700=700+0;
56-басқыш.Математикалық эстафета
3) 243 599 2м 4дм 3см 5м 9дм 9см
+356 -246 +3м 5дм 6см -3м 5дм 6 см
599 353 5м 9дм 9см 2м 4дм 3 см

4) 620 1000 6ц20кг 1т
+380 -380 +3ц80кг -3ц 80кг
1000 620 10ц 6ц 20кг

55-басқыш.Ұзындық өлшем бірліктері
СМ: 3м7дм8см=378см; 6дм5см=65см; 8м 0дм 4см= 804см;
Дм: 40см=4дм; 500см=50дм; 100м=1000дм;
М: 600см= 6м; 80дм=8м; 1000см=10м;
54-басқыш.Арифметикалық амалдарды орындау.
(845-504)*2= 682 (583+225):4= 202 (716-312):4=101
(235+704): 3= 313 (747-593)*3= 462 (618-312):3= 102
(750-250):5=100 (286+443):3= 243 (365+230):5= 119
Сергіту сәті
А)Кинезеологиялық гимнастика
ә) Дұрыс жауапқа үндемейсіңдер, қате жауапқа шапалақтайсыңдар
500 бен 5 бөліндісі 100-ге тең;
500:500 тең 0;
900-90 тең 0:
5т-да 5000кг бар;
53-басқыш. Миға шабуыл /ауызша орындалады/ Қыздар мен ұлдарға кезектесіп сұрақ қою
8.Қызыл түспен берілген сұрақтарға қыздар, көк түспен берілген тапсырмаларға ұлдар жауап береді.
-3,30,30 бұл сандардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
-5,55,555 әрқайсысын жазу үшін неше цифр пайдаланған?
Осы сандарда тұрған орнына қарай 5 цифрының мәні қалай өзгергенін түсіндір?
-3,4,5 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы неше сан жазуға болады?
Олардың әрқайсысында неше жүздік, неше ондық және неше бірлік бар?
52-басқыш. Тура теңдік құру
9.Өз беттік жұмыс
76+8=84; 84-8= 76, 760+80=840; 840-760=80;
20*4=80; 80:4=20; 200*4=800, 800:200=4;
51-басқыш. Топпен жұмыс
І-деңгей: (490:7х5+10):9х3=120; (70х8+70):9х3:7=30; 280:7х4:2х3:6=40;
ІІ-деңгей: Берілген фигуралардан бір фигура құрастырып, ауданын, периметрін табу.
ІІІ-деңгей: Теңдеу құр және шеш

Қорытынды: сонымен тапсырмаларды ойдағыдай орындап, аман-есен бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылдық. «келешек білімді ұрпақтың қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында көрсеткен болатын.алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңдер деген ізгі ниетпен сабағымызды тәмамдаймыз.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.
Үйге тапсырма: №6

Сабақтың мақсаты: Теңдеу ұғымын танып біледі. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді.
2) Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады.
3) Топпен жұмыс: Оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.
Көрнекілігі: Математикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірме парақшалар, сызба плакаттар.
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың жүру барысы:
Сабақ мазмұны:
1Қызығушылықты ояту:
А) Үй тапсырмасын тексеру
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ» шешу
2. Мағынаны тану;
а) Түсіне біл! Сабақ түсіндіру
ә) Тақтамен жұмыс:
б) Есептейік, дәлелдейік, тексерейік!
в) «Ой шақыру» Мазмұнды есеп
3.
Еске түсір! А) Периметрін тап
Ә) Сағат неше?
4. Ой толғаныс; а) Талдау жасайық!
Ә) «Біз не үйрендік?»
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау:

I. Қызығушылықты ояту:
А) Үй тапсырмасын тексеру:
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ шешу»
72 - 12= Е
46+16 = Ш
32+18 =Ң
64 - 44=Т
98 - 23=У
27+40=Е
27+4 =Е
35 - 8 =Ш
53+20 =У
48 - 8 = Д
20 -- 60 -- 50 -- 40 --- 67 -- 73 -- 62 -- 31 --- 27 --- 75
Т ---- Е --- Ң ---- Д ---- Е ---- У --- Ш ---- Е ---- Ш ---- У

II. Мағынаны тану: Теңдеу шешу:
Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Олай болса, мына суретке назар аударайық:
- Бұл не? - Таразы.
- Ол қайда қолданылады, не үшін?
- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.
Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:
- Бұл таразы. Таразының сол жағында 15 кг, 9 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?
- Бұлар тең. 15 - 9+х=30
- Бұл қандай теңдеу? Күрделі теңдеу.
- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма? Жәй теңдеуге айналдыру керек.
Ол үшін не істейміз? Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін, барлық ықтимал есептеулерді орындап, алдымен оның бір жақ бөлігін жеңілдету керек. Яғни, әуелі есептеуге болатын бөлігін орындап аламыз.
15+9+х=30
24+х=30
х=30 - 24
х=6
---------------
15+9+6 =30
30=30
Ә) Топпен жұмыс Тақтада орындалады:
1 топ:
35+23+х=100
(30 - 15)+у=80
2 топ:
х -(23+17)=60
а+(45 - 30)=75

3 топ:
70 - а =8+9+2
х+12=50 -(15+5)

Б) Есептейік, дәлелдейік, тексерейік:
1 топ: -------------- 2 топ:---------- 3 топ:
78+9 -------------- 80 - 57 --------- 100 - 83
46+44 ------------ 98 - 35 ----------- 50 - 17
57+29 ----------- 100 - 89 --------- 90 - 65
70+19 ----------- 50 - 38 ----------- 70 - 63
В) «Ой шақыру» Мазмұнды есеп
1 топ: №4 а)
Болғаны - 56 м
Қиып алғаны - 19м
14м
Қалғаны -?
2 топ: ә)
1 - 19 м
2 -? 7 м (ұзын)
3 -? 11 м (қысқа) -?
3 топ: Б) Болғаны - 56м
Қиып алғаны - 19 м
Сонша
Қалды -?
III. «Еске түсір!»
Периметр табу деген не?
- Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметр деп аталады.
А) а=3 см
Р=?
1) Р= 3см+3см+3см+3см=12см
2) Р= 3см*4 =12см
Ә) 5 см
2см а=5 см Р=(а+в)*2
в=2 см 1) р=(5+2)*2=14см
Р=? 2) р=5+5+2+2=14 см

Б) Сағат неше?
1) 8 - ге 10 минут қалды; 4) 5 - ке 5 минут қалды;
2) 1 - ден 15 минут кетті; 5) 7 - ден 20 минут кетті
3) 10 - ға 25 минут қалды;
IV: «Ой толғаныс:
А) Талдау жаса!
Теңдеу - 5○ 2+4
х
2=-------; 4=1; 4=1; 4=2;
2

Ә) Біз нені үйрендік?
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
Жәй теңдеу шешу Күрделі теңдеуТақырыбы: Құрама есептер шығару (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой өрісін - ынтасын, қызығушылығын арттыру, дамыту
Көрнекілігі: Слайдтар, парақшалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, бағалау №5 (слайдтан тексеру)
Оқушылар, бастауыш сынып бойынша қандай апталық жүріп жатыр?
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
1 - слайд. « Қызығушылығын ояту» (Ауызша)
51 - 1 56 - 50 48 - 8 38 - 8 85 - 5
60+5 49+40 20+30 40+50 30+40
( жасырын тұрған жауабын көрсету арқылы қорытындылау)
Жаңа сабақ:
(күннің жадын жазу, тақырыбын жазу)
Өткенді пысықтау: Құрама есептер деген не?
№1 (Ауызша) 2 - слайд
(9 - 5)+3= 7 (17 - 7)+3 = 13 (10+50)- 30 =30
9 -(5+3)= 1 17 -(7+3) = 7 (10+50)- 30 =30
9 - 5+3=7 17 - 7+3 = 13 (10+50)- 30 =30
Нені байқадық? ( Жақша мен жауаптарына тоқталу)
Топтық жұмыс: 3 - слайд
1 - топ №2. 87 бет (оқып орындау)
2 - топ: №3 а) (1 амалмен орындалатын есеп құрастыру және шығару)
3 - топ №3 ә) (2 амалмен орындалатын есеп құрастыру және шығару)
Әр топтан 1 оқушы тақтаға орындайды.
4 - слайд
1 - топ: Болғаны - 30
Кетті - 10
Келді - 5
Сыныпта болды -?
Шешуі: (30+10)+5=25 Жауабы: Сыныпта 25 бала болды.
5 - слайд
2 - топ: №3
а) Қыз балалар - 7
Ұл балалар -?, 3 - еуі артық
Барлығы -?
Шешуі: 7+3= 10 Жауабы: 10 ұл балалар

№3
ә) Шешуі: (7+3)+7 =17
Жауабы: Барлығы 17 оқушы
(Бұл құрама есеп)
6 - слайд
Сергіту жаттығуы: (Оқып, орындау) Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Он саусағым орамды
Қала салсақ жол салсақ.
Тақтамен жұмыс №4 7 - слайд
1 оқушыға оқыту
а) Шешуі: 30+10 =40
ә) Шешуі: 40+20=60 - бұлар жай есептер

Бұл жай есептерді құрама есепке айналдыруға бола ма?
Шарты:
1к - 30м
2к - 10м
3к - 20м
Барлығы -?
Шешуі: (30+10)+20=60
Жауабы: 60 м

8 - слайд. Өз бетімен жұмыс №5
Тиісті жерге жақша қой:
10+60 - 40=30 70 - 20+10=60 100 - 50 - 50 = 0
70 - 20+10= 40 80 - 30 - 30 = 20 100 - 50 - 50 =100
(жауаптарын оқушылар слайд арқылы өздерін - өздері тексереді, бағалайды)

9 - слайд №7. Көпбұрыштардың периметрін тап:
3 топқа 3 тапсырманы беру
1) Көпбұрыш дегеніміз не?
2) Ал көпбұрыштың периметрі деген не?
а) Р=3см+4см+3см+4см
ә) Р=10cv
б) Р =8см

10 - слайд Тест
1. Қосудың қасиетін тап:
А) ауыстырымдылық ә) терімділік Б) еселік
2. 30 бен 50 - дің арасындағы толық ондықты көрсет:
А) 20 ә) 40 б) 60
3. Ең үлкен екі таңбалы санды тап:
А) 90 ә) 100 б) 99
Қорытындылау: Біз бүгін құрама есептер шығардық
Үйге: №6, 87 бет
№8, 88 бет

hello_html_2d4ca60c.gifшешу тәсілі Есепке теңдеу құруды



Краткое описание документа:

"Описание материала:

Физруг сыныпты сапқа тұрғызып сабаққа дайындайды. Мұғалім баяндаманы тындап, оқушылармен амандасады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын түсіндіреді және оңың мақсатын қойып қалай жасауды түсіндіреді Әр оқушы өзінің бойына сайкес шаңғы алып, таяқтарын алып, кыстырғышын тексеріп, таяқтарын тексеріп, шаңғыны тексеріп, батенкесін алып киіп қысатын қыспайтынын тексеріп бауын байлап көру.

"Шаңғыны киіп орнында бір екі қадам жасап, тексеріп дұрыстау.

Шаңғыны шешіп, таяқтарымен бірге қойып күту "Мұғалім сөзбен айтып қалай оқушы сабаққа кину керегін түсіндіреді

Бір сапқа тұрғызып оң қолда шаңғы ұстап сол қолда таяқ ұстап сапқа тұрадыәр оқушы өз шаңғысын нөмір жаттап келесі сабақта сол шаңғыны алады, үйде шаңғы болса алып келуге болады

Автор
Дата добавления 06.02.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров668
Номер материала 29512020619
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх