Ғарыш

Найдено 54 материала по теме

Презентация урока на тему «Ғарыш»

    PPTX

Предпросмотр материала:

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыптық композициялық сурет ”Ғарыш”Сабақ мақсаты:  
        білімділік:...

    1 слайд

    Тақырыптық композициялық сурет ”Ғарыш”
    Сабақ мақсаты:
    білімділік: композициялық үйлесімділік пен түстік
    шешімнің мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
    оқушылардың графикалық редакторда қисық
    сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып,
    сурет салу дағдыларын жетілдіру ;

    тәрбиелік: табиғат құбылыстарындағы өзгеріс
    ерекшеліктерін түсініп, алған әсерлерін
    сюжет арқылы көрсете білуге тәрбиелеу;
     
    дамытушылық: логикалық ойлау, тапқырлық, шапшаңдық
    қабілеттіліктерін дамыту;

  • Сабақтың түрі:      Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі           Түсіндіру, сұрақ-жауа...

    2 слайд

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
    Сабақтың әдісі Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау,
    компьютерде практикалық жұмыс
    Өтілу формасы: жалпы ұжымдық
    Пәнаралық байланыс: информатика, физика
    Сабақтың материалдық техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта

    Сабақ жоспары:
    1. Ұйымдастыру кезеңі;
    2. Негізгі бөлім:
    а) Жаңа тақырып туралы түсініктер;
    б) Paint редакторының көмегімен жұмыс істеуді ұйымдастыру
    3. Машықтану кезеңі;
    а) Түстер үйлесімділігі мен композициялық шешімдер
    б) Paint тің көмегімен сурет салу кезеңдері
    4.Сабақты қорыту;
    а) Бағалау
    б) Үйге тапсырма беру

  • Осы сабақта орындалатын жұмыстар мазмұны:

  Ғарыш тақырыбы туралы мағұлматт...

    3 слайд


    Осы сабақта орындалатын жұмыстар мазмұны:

    Ғарыш тақырыбы туралы мағұлматтар алу;

    Paint графикалық редакторының көмегімен тақырыпқа
    байланысты үйлестіру жұмыстарын жасау және суреттер
    салу;

    Сурет салуды Paint бағдарламасындағы құрал - жабдықтарды
    пайдалана отырып орындау;
    (құю, қылқалам, өшіргіш, сызық түрлері, бүріккіш, түрлі
    фигуралар)

    Интерактивті тақтада ұжымдық сурет салу;

  • ҒарышЖаңа тақырыпты  түсіндіру   Ғарыш  сөзіне түсініктеме беру  (оқушылар...

    4 слайд

    Ғарыш
    Жаңа тақырыпты түсіндіру

    Ғарыш сөзіне түсініктеме беру (оқушылар ойын тыңдау)

  • Ғарыш біздің айналамыздағы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ,...

    5 слайд

    Ғарыш біздің айналамыздағы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ, пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын және қазіргі заманғы астрономиялық құралдармен зерттеуге болатын кеңістікті білдіреді. Бұл ерте кезден ақ адамзат иесін қызықтырып келген қызықты әлем. Ғарышты зерттеп болу мүмкін емес, оның анықталғанынан, әлі ашылмаған сыры ұшан теңіз деп айтуға болады. Мыңдаған планеталар анықталған болса, табылмаған планеталар қаншама. Ашылған, анықталған планеталардың өзін зерттеп зерделеп болу мүмкін емес. Мысал ретінде қазіргі кездегі ғалымдар Марс планетасында тіршілік бар болуы мүмкін деген жорамалдар айтып жүр.
    Бұл кез - келген адамның қызығушылығын тудырары сөзсіз. Мүмкін сіздердің араларыңызда да болашақ ғарышты зерттеушілер, ғалымдар отырған шығар. Сондай қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты біз әрқашан мақтан тұтамыз.
    Қазіргі заманда  ғарыштық зертеулер тіршілікті қамтамасыз ететін барлық салаларға тікелей қатысты. Сонымен қатар, ғарыш заманауи технологияларды үнемі дамытып отыратын құрылымның қайнар көзі десек қателеспейміз. Түптеп келгенде, мемлекеттің дамуы ғарыштық технология- лардың дамуының  айғақ көрінісі.

  • Осыған орай, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін өркендетуге қолдау...

    6 слайд


    Осыған орай, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін өркендетуге қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырма- лардың нәтижелері екенін атап өткен жөн. Атап айтсақ Байқоныр ғарыш кешенін сақтап қалып, қуатын қалпына келтіру, ғарыш бағдармаларын құрып, іске асыра бастау  сияқты оң істер жүзеге асуда.
    Ұлттық ғарыш агенттігі алдында мақсаттар,  белгілеген бағыттары бар. Оларды жүзеге асыру үшін біраз жұмыстар атқарылды, атап айтсақ:

    «KAZSAT» байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктер
    жүйесін жасау;
    «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру;
    Астана қаласында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін
    (ҒА ҚұСК) жасау;
    Ғарышты зерттеу саласына кадрлар дайындау;

  • 7 слайд

  • 8 слайд

  • Композициялық шешім, үйлестіру заңдылықтары.

Кез келген суретті  салу компо...

    9 слайд


    Композициялық шешім, үйлестіру заңдылықтары.

    Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз
    салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Үйлесімділік құрылымы күшті көркем шығарма адамға айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз – шығарманың мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композициялық шешімде симметрия және асимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.
    Яғни форматқа сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайласты -рып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударуды қажет ететін басты бөлшектердің ерекшеліктерін көре білу қажет.

  • Оқушылардың  машықтану кезеңі:

Бұл  тақырып бойынша сурет салу өзіңді қорша...

    10 слайд


    Оқушылардың машықтану кезеңі:

    Бұл тақырып бойынша сурет салу өзіңді қоршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді көре және айқындай білуге, есте сақтау қабілетін , қиялдау мен аңғарымпаздықты дамытуды көп қажет етеді.
    Сонымен қатар бояуларды бір - бірімен үйлестіру оңайға соқпайды, себебі акварель немесе карандашпен бояғандағыдай тәсілдерді бұл жерде қолдану біраз қиынырақ болады.

  • 11 слайд

  • 12 слайд

  • Paint графикалық редакторында төртбұрыш, эллипс, шеңбер, шаршы, тік сызықты с...

    13 слайд

    Paint графикалық редакторында төртбұрыш, эллипс, шеңбер, шаршы, тік сызықты салу меңгерілгендіктен, сурет салу үшін қажет құралды таңдап, жұмыс аймағында маустың көмегімен салуды, өшіруді орындау.
    Paint графикалық редакторында қисық сызық, бүріккіш, құю құралдарын пайдаланып сурет салуды жалғастыру.

    Қисық сызық салу үшін  қисық сызық батырмасын шерту.
    Сызық қалыңдығын таңдап, сызық салуды орындау. Сызықтың бүгетін
    жерінде маусты басып, бұру.
    Бүріккіш құралын пайдалану:
    Бүріккіш  құралын шерту. Палитрадан түсті таңдап, бүріккіш
    дағының өлшемін алып, нысананы бояумен бүрку.
    Құю құралын пайдалану :
    Құю  құралының батырмасын шерту. Түс палитрасынан түсті
    таңдап, бояуға қажетті контур ішін мауспен шерту. Контур тұйық
    болуы керек (бояу сыртқа шығып кетпес үшін)
    Қылқалам құралының батырмасын шерту.
    Түсті таңдап, маустың көмегімен қажетті суретті саламыз.
    Өшіру құралын пайдалану:
    Өшіргіш құралы батырмасын шерту. Өшіргіштің көлемін таңдап алып,
    қажет емес деп санаған сызықтарды өшіру, қателерді жөндеу.

  • Оқушылардың  интерактивті тақтамен жұмысы

      Тақырып бойынша тақтада сур...

    14 слайд


    Оқушылардың интерактивті тақтамен жұмысы

    Тақырып бойынша тақтада сурет салуды бір оқушы өз қалауымен бастап, келесі оқушы жалғастыра, өз ойын қосып, жетілдіре береді. Әрбір оқушы алдыңғы оқушы салған сурет мазмұнын ойша түсініп, сурет сюжеті бір ойдан шыққандай бір- бірімен тығыз байланыста дамып отыруы маңызды міндет болады. Бұл кезеңде салынып отырған әрбір бейненің көлемін,пішінін дәл беріп айқындау, бояу реңдерін дұрыс таңдау, перспектива заңдылықтарын сақтау талап етіледі.
    Сурет салу жұмыстары кезінде құрал жабдықтар тақтасындағы маркер, сызық түрлері, құю құралы, түстер палитрасы, кітапхана, өшіру құралы сияқты құралдар пайдаланылады.


  • Сабақты  қорыту

Өтілген жаңа тақырыпты, берілген материалдарды қаншалықты...

    15 слайд


    Сабақты қорыту

    Өтілген жаңа тақырыпты, берілген материалдарды қаншалықты меңгергендіктерін анықтай отырып, оқушылардың жасаған жұмыстарының нәтижесіне байланысты қорытынды жасалады. Ол үшін сол күнгі істелген жұмыстарға байланысты төмендегі сұрақтар ұсынылады:

    Қорыту сұрақтары:
    1. Осы тақырып бойынша сурет салу қызықты болды ма?
    несімен қызықты /қызықсыз/?
    Компьютермен сурет салу барысы мен қағаз бетіне
    сурет салу барысы ұқсас бола ма?
    Копьютермен салынған сурет сәтті шығу үшін не қажет?
    Салынған суретте үйлестіру мен сюжет байланысы
    болды ма?
    5. Қағазға салынған суреттің компьютерде салынған суреттен ерекшелігі қандай?  


  • Үйге тапсырма беру:

    Үй тапсырмасы ретінде  «Ғарыш » тақырыбы...

    16 слайд


    Үйге тапсырма беру:

    Үй тапсырмасы ретінде «Ғарыш » тақырыбы
    бойынша білімдерін толықтырып, қызықты
    жаңалықтар іздестіру;

    «Мен ғарыштамын» тақырыбына шағын нобайлар салып келу;

Краткое описание материала

"Описание материала:

"Ғарыш біздің айналамыздағы кеңістік анықталғанынан, әлі ашылмаған сыры ұшан теңіз деп айтуға болады. Мыңдаған планеталар анықталған болса, табылмаған планеталар қаншама. Ашылған, анықталған планеталардың өзін зерттеп зерделеп болу мүмкін емес. Мысал ретінде қазіргі кездегі ғалымдар Марс планетасында тіршілік бар болуы мүмкін деген жорамалдар айтып жүр. Бұл кез - келген адамның қызығушылығын тудырары сөзсіз. Мүмкін сіздердің араларыңызда да болашақ ғарышты зерттеушілер, ғалымдар отырған шығар. Сондай қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты біз әрқашан мақтан тұтамыз. Қазіргі заманда ғарыштық зертеулер тіршілікті қамтамасыз ететін барлық салаларға тікелей қатысты. Сонымен қатар, ғарыш заманауи

Презентация урока на тему «Ғарыш»

Файл будет скачан в формате:

    PPTX

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 13292
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 13292
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мамбеткулова Асемгуль Камалжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: