Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Оқу-тәрбие процесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану

Оқу-тәрбие процесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m39e85152.gifhello_html_m179a2675.gifОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

3 мектеп-гимназиясы» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі: Қабдырашова А.Қ.

Денсаулық –бұл біздің тәніміздің табиғи жаратылыс қалыбы. Табиғаттың бар күші осы табиғи қалыбымызды сақтауға негізделген. Салауаттылық –кең ұғым. «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтылмаған ғой. Адам денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Осы екі саулық адамның да экологиялық тазаруына, сауығуына апаратын жол, сондықтан адам экологиясына, адам денсаулығына әсер ететін негізі факторлар бар. Жалпы адам денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп. Кез –келген факторлардың өзара әсері зор. Олар: ауа алмасуы; экологиялық

Ал, енді нақтысын айтқанда, осының бәрі, яғни адам денсаулығы күнделікті күйбең тіршілігіміздің, өміріміздің, кәсібіміздің тиімді-тиімсіздігіне байланысты. Оқушылар өмірінде күнделікті сабақ барысындағы жан- жақты, артық ақпараттар ағыны, оның үдемелі қарқындылығы, шамадан тыс эмоционалды жүйке жүйесіне салмақ түсу, осының бәрі бала денсаулығына әсер етпей қоймайды. Денсаулықты сақтау, қалпына келтіру мәселесін бүгінгі білім беру жүйесінде түгелімен шешу мүмкін емес. Әйтсе де білім берудің денсаулыққа кей жағдайда кері әсер ететінін ескеріп, оқытуды салауаттандыруға ұмтылу керек. Оқушылардың денсаулығына маңызды фактордың бірі –ауа алмасуы. Күні бойы ауасы желдетілмеген оқу бөлмесіндегі ауада микроорганизмдер , химиялық қоспалар жиналып, жеңіл иондар саны төмендейді, ауыр иондар көбейеді. Ауаның мұндай физика-химиялық қасиетінің өзгеруі оқушылардың жұмыс істеу қабілетіне, жалпы денсаулығына кері әсер етеді. Физиологтардың зерттеулері бойынша, ауа алмасу жеткіліксіз оқу бөлмесіндегі оқушылар тыныс алу ауруларымен ауасы таза оқу бөлмесіндегі оқитын оқушыларға қарағанда екі есе жиі ауырады екен. Сондықтан мұғалім оқу бөлмесін желдеткенде сыртқы ауа температурасына байланысты қанша уақыт ауа алмастыру нормасын білуі қажет.Оқушылардың үштен бірінің жұмыс істеу қабілеті әр сабақ сайын төмендейді. Шаршау мен жалығу сабақтың қиындығына, ұзақтығына, эмоционалдылығына қарай анықталады. Сонымен бірге мұны оқушылардың іс –әрекеті мен білімін, қабілетін қалыптастыру деңгейімен де, сабаққа белсенді қатысуымен де анықтауға болады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына тоқталып кететін болсам. Қазақ тілі сабағында оқушылар көп жаттығулар орындайды. Жазба жұмыстарының көлемі шағын болуы керек, себебі оқушылар жазудан тез шаршағыш келеді. Ол оқушының оқу үлгерімінің төмендеуіне алып келеді. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы да жоғалуы мүмкін. Жаттығулардың көлемі 7 жастағы оқушы үшін үздіксіз жазудың ең ұзақ уақыты анықталды, сабақтың бастапқы кезеңінде 2 минут 40 секунд, ал соңында 1 минут 45 секунд уақыт болу керек. 14-15 жастағы оқушылардың үздіксіз жазу ұзақтығы (диктант жазу) 20 минут, осы уақыттан артық жазумен айналысу, жұмыс істеу оқушының шаршауына себеп болады.

Сабақ барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де, мұғалімнің міндеті –сабақ барысында оқушыны шаршататын әсерлерді азайту, сабақты ұйымдастыруда денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді, технологияны қолдану.Мұғалімнің үлгерімі жақсы оқушылармен қарым –қатынаста олардың есімін атап, сөйлесетін жағдай жиі кездеседі. Ал керісінше үлгерімі төмен оқушының сыныпта бар –жоғын елемей, назарын аудармауы да оқушыға жайсыз әсер етеді, білім алуға деген ынтасын төмендетеді. Әр адам баласының жаратылысы әр түрлі, сол табиғатына қарай қабілеттері де әр түрлі болып жатады. Мұғалім баланың осы жаратылысына баса назар аударуы тиіс, кейбір бала мұғалімнің өзін елемегендігін өте ауыр қабылдауы мүмкін, ал керісінше екінші бір оқушы мұғалімнің өзіне назар аудармағанын пайдаланып, өз ісімен айналысып сабақты бос өткізеді. Жалпы денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар.

  • Дұрыс тамақтанбау.

  • Зиянды әдеттерге үйірсектік.

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалармен жұмыс

  • Дене белсенділігінің шектеулілігі.

Бала денсаулығы басты мақсат сондықтан баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан –жақты ізденісте болып, баланың мінез-құлығына аса назар аудару керек. Барлық мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы салауатты өмір салты үшін күресе білуі қажет. Мектепте салауатты өмір салтына аса назар аударып, мектепте орталық ашу керек. Біздің мектебімізде туризм, яғни спорт үйірмелері жұмыс істеп, мектеп жалпы эксперимент алаңы бойынша жұмыс жасауда. Мектеп оқушылары таза ауыз сумен қамтылған. Таза ауыз судың денсаулыққа пайдасы өте зор. 1-4 сынып оқушыларының тегін, яғни ақысыз тамақтануы да үлкен жетістік деп ойлаймын.Уақытында тамақтанып, барлық денсаулық сақтау ережелерін қадағалап отырса балалардың денсаулығы жақсара түсер еді.

Бастауыш сыныптарында қазақ тілі сабағында оқушылардың дене бітіміне және олардың тез шаршамауы үшін сергіту сәттерін жиі қолданамыз. Сергіту сәттері арқылы оқушылар қолдарына және барлық денеге әсер ететін жаттығулар орындаймыз. Әсіресе жазбаша жаттығу жұмыстарынан кейін сергіту сәттері көп көмек береді. Оқушылар көп демалып,әрі қарай сабаққа деген ынталары оянады. Сабақтың тақырыбына қарай ұлттық ойындар да ойналады. Бастауыш сыныптарда көбінесе ойындар көп қолданылады, және жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс түрлері беріледі.

Менің өз тәжірибем бойынша жоғары сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан жаттығу жұмыстарының әр түрлі өзгертіліп, беріледі. Сабақ қызықты өтуі және оқушылардың шаршамауы үшін бір ғана жаттығуды түрлендіріп беру керек.

Мысалы: Сөз және сөйлем тақырыбы бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

1-жаттығу бірнеше сөз беріледі де, сөздердің түбірі мен қосымшалары анықталады.

2-жаттығу осы сөздермен дұрыс және бұрыс сөйлемдер құрастырып, бір-біріне тапсырма дайындауларына болады.

3-жаттығу сөйлемдер құрап, сол сөйлемдерге сұрақтар қоюға болады.

Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырма берілсе, оқушылар шаршамайды, себебі жұмыс түрлерін өздері таңдайды. 9-сыныптарда қазақ халқының салт –дәстүрлері тақырыбын өткен кезде салт –дәстүрлер мен қазақ халқының ұлттық ойындарын ұштастыруға болады. Сыныпты топтарға бөліп бәйге, қыз қуу, орамал тастау сияқты ойындарды ойнатып, оқушылар қозғалыста болуын қадағалау қажет. Сабақтың 20 минуты жазбаша түрде болса, қалған 25 минуты ауызша жұмыс түрлерімен өткізілсе оқушылар шаршамайды және сабақ қызықты, тартымды өтеді. Сонымен қатар көрнекіліктерді сабақта жиі қолдану керек. Оқушылардың көру қабілеттері арқылы есте сақтау қабілеттерін бірге дамытуға боалды. Қазақ тілі сабақтарында мадақтау әдісі де қолайлы, кез-келген оқушының атқарған жұмысын мадақтап, оның қандай да жаттығуды орындай алатынына мүмкіндік беру керек. Кез –келген сабақта оқушының жақсы эмоциясын оята білу керек.

Жағымды эмоция: қуану, сүйіспеншілік, жайдары, ақ жарқын

Эмоция

Жағымсыз эмоция: қорқыныш, қайғы, үрейлену

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың бойында тек жағымды эмоцияларын қалыптастыру қажет, сонда оқушылардың сабаққа деген ынта жігерлері молайып, қызықғушылықтары арта түседі.

Оқушылардың бойы әрдайым шынығып тұруы керек. Сабақтарда қанша отырып жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы керек.

Шынығу –ағзаның қорғаныш механизмін жоғарлатады, әр түрлі ауруларға, қарсы тұру қабілетін тұрақтандырады;

жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады;

көңіл күйді жақсартады;

сергек сезінуге көмектеседі;

адамның жәгерлі қабілетін дамытады;

мақсатқа жету мен дегеніне ұмтылуын қалыптастырады;

ағзаның зат алмасу процесін жақсартады;

Осы шынығу, әрдайым қозғалыста болу адам ағзасына зор ықпал етеді.Тек қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ғана емсе барлық сабақтарда оқушының денсаулығына аса мән беру керек деп ойлаймын.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №6 – 2006

  2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №7 – 2010

  3. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №12 – 2010

  4. Валеология дене тәрбиесі спорт №9 – 2005

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

"Описание материала:

Бұл баяндама қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерге арналған.

Мұғалімдер сабақта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабақ бойы олардың денсаулықтарын қадағалап отыру керек.

Сабақта әр түрлі жаттығу жұмыстарын жасап, балалардың қозғалыстарын да қарап отыру қажет. Соған байланысты денсаулық сақтау технологиясы бар.

Сабақта бұл технологияны қолдану - оқушыларға жаңашырлықпен қарау деген сөз.

Бастауыш сатыда қолдарына, көздеріне , дене бітімдеріне байланысты сергіту сәттерін өткізу - оқушылардың қызығушылықтарын арттырады

Общая информация

Номер материала: 29752020755

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>