«Ш» дыбысы және әрпі

Предпросмотр материала:

Мұғалім: Куанышбекова Айткуль Нагашибаевна

 Қостанай қаласы,  №3 мектеп-гимназиясы

Сынып: МДС

Пән: Сауат ашу

Күні: 9.12.10

Тақырыбы: Ш дыбысы және әріпі.

Мақсаты: - Ш дыбысы және әріпімен таныстыру;

-    Дидактикалық материалды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту;

-    Балалардың Ш дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Өткен сабақты қортындылау;

- Қане есімізге түсірейік, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (У)

- У басталатын сөздерді айтайық;

- «Тауық» сөзін буынға бөлейік.

II. Жаңа сабақ:

- У кейін танысатын әріпіміз Ш әріпі және дыбысы.

- Балалар әріпті біз көреміз, жазамыз, ал дыбысты естиміз.

- Балалар бізбен бірге осы әріппен танысуға және сендердің білімдерінді тексеруге сендерге қонаққа Айгөлек – деген қыз кейіпкеріміз келді.

- Ол жай келген жоқ, осы дыбысты сендер жақсы үйреніп алу үшін тапсырмалар әкеліпті.

Олар: жұмбақ шешу, буынға бөлу және т.б.

-Ш дыбысы туралы мәлімет беру.

- Ал, енді Айгөлектін әкелген тапсырмаларына көшейік.

- 1 тапсырма: Жұмбақ шешу.

Осы жұмбақты дұрыс шешсек жауабы Ш дыбысына байланысты болады. Қане шешіп көрейік.

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз жоғарға.

                                      (Шана).

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

                                      (Шырша).

Өте жақсы, Айгөлек сендерге риза болып отыр.

-Балаларға Ш әріпін баспа және жазба түрінде көрсету.

- Енді Ш әріпін ауада жазып көрейік.

-Алдымен мен көрсетейін, содан кейін бірге жазамыз.

- Балалар жазудан бұрын серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

«А» деді, «Б» деді,

«Р» тілі келмеді.

2 тапсырма: «Жазуды қалай жазасындар?».

3 тапсырма: Соңғы тапсырма. Осы тапсырманы жақсы орындасақ, бізге  «Айгөлек» жұлдызша береді.

Ал бұл тапсырмамыз ойын түрінде өтеді. Осы ойынды жақсы ойнасақ «Ш» әрпі біздің есімізден ешқашан шықпайды.

«Ойыншықтар» ойыны.

Ойынның шарты: мына жерде жатқан ойыншықтардың аттарын атау керек, және «Ш» дыбысынан және әріпінен басталатын немесе «Ш» әріпі бар ойыншықты табу керек.

Қорытынды:

-    Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-    Бүгін «Ш» әріпіне байланысты жұмбақтар шештік.

-    «Ш» әрпі неше таяқшадан тұрады?

-    «Ш» неге ұқсайды? (тарақ, айыр)

-     Бүгін бізге қонаққа келген «Айгөлек» сендердін білімдерінді бағалайды.

-    Сабаққа жақсы қатысқан үшін бәріне жұлдызша әкелген және таратады.

-    «Айгөлекке» рахметімізді айтамыз, келесі әріпке «Айгөлекті» тағы қонаққа шақырамыз, өйткені ол бізге өтпеген әріп туралы қызықты тапсырма әкеледі.

Сендерге «Айгөлектің» әкелген тпасырмалары ұнады ма?

Ал, осымен балалар сабақ аяқталды!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

 

 

Краткое описание материала

«Ш» дыбысы және әрпі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 6052
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 6052
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбекова Айткуль Нагашибаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: