1255681
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Манифест «Инфоурок»
ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалы»Әліппемен қоштасу»

»Әліппемен қоштасу»

библиотека
материалов

Қош, бол , қасиетті Әліппе!

Мұғалімнің құттықтау сөзі

І ж: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! ІІ ж: Добрый день, уважаемые учителя, родители и ученики! ІІІ ж: Гуд дей, ауа респектбл тичәз, диә пэрентз онд пюплз! І ж: Сіздерді «Әліппені бітіру» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді көруге шақырамыз. ІІ ж: Приглашаем Вас на утренник посвещенной «Прощание с Букврем». ІІІж: Уелком ту ауа пати оф «АВС» І ж: Тойымыздың басын «Ән шашу» әнімен бастауға рұқсат етіңіздер. 1.Оқушы: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз , өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. 2. Сегодня мы бесконечно рады, потому что закочили изучение Букваря научившего нас праваписанию и грамотности. 3. Тудей уй а вери хэппи, бикоз уи финиш зе бук уич ас зе мейн юумедж. 4. Біз енді өзіміз –ақ оқып, жаза аламыз. Ертегі әңгімелерді өзіміз оқитын болдық. 5. Оқу: Мы теперь можем самостаятельно писать и читать. Рассказы и сказки читаем сами. 6. Оқу: Нау ,уи кэн рид енд райт. Уи кэн рид зе меййз енд сториез. 7. Оқу: Біз көп нәрсені үйрендік: өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік. 8. Оқу: Мы научились многому : читать стихи , рисовать и петь. 9. Оқу: Уи лон е лот: ту лон е поем , ту дро е пикчә енд ту еиң е соң. І жүр: Сіздердің алдарыңызда 1 «ә» сынып оқушыларының орындауында би: «Қазақ биі». Алтынай Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің қоңырауың Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 10- оқушы: Сабина Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады біздерден! 11- оқушы: Нұрәли Жақсы білім көрімдік Болсын сізге халайық Не үйреніп, не білдік, Қане ортаға салайық.

12- оқушы: Медина Үйретіп алғаш бізге Әліппені Мұғалім ғылымға жол салып берді Адамның ой- арманы, мақсаттары Оқудың сәулесімен жарық көрді. 13- оқушы Алишер Әліппемен аштым өмір есігін Тербетемін білім бөбек есігін Өмір деген өрлі өзенге шайылып Жаттап өстім ұстазымның есімін. 14- оқушы: Нұрай Әліппе- білім анасы Әліппе -кітап данасы Әліппе бетін ашпаған Адамның бар ма баласы? 15-оқушы: Махамбет Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріп те, Оқимыз қазір ертекті Үйреткен оны Әліппе! 16- оқушы Аружан Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып әріпке Риза боп саған жүреміз Сүйікті біздің Әліппе! Хор: «Әліппе» І жүргізуші: Әкежан саған қандай ертегі кейіпкерлері ұнайды? ІІ жүргізуші: Маған ертегілердің барлығы ұнайды. ІІІ.Жүргізуші:Ал мен, жануарлар туралы ертегілерді жақсы көремін. Саған ше Гаухар ? Мен кітап оқығанды ұнатамын, кітапта ертегілер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, барлығы кітапта бар емес пе? ІІжүр: Рас айтасын . Бізді оқуға, жазуға жаттауға үйреткен біздің сүйікті кітабіміз бар. Олай болса ,қол соғып қошеметпен Әліппені ортаға шақырайық. Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе! Әліппе: Алғаш рет өзімнен Білім алды балалар Оқу сырын сөзімнен Біліп алды балалар Білімнен өскен санасы Елжірейді жүрегі Маған адам баласы Алғыс айтып жүреді Ау, балалар, балалар Достасыңдар досыммен Аттанғанда бүгін мен Ана тілін таныңдар Оқып ана тілінен Ақыл білім алыңдар. Ана тілі: Менің атым - Ана тілі Орнын көптен дара тұр Мені жақсы игерсең Боларсың менен оратор Атқаратын көп ісім Кеңейтем ой –өрісін Әңгіме , ертек, жырымды Көп оқыңдар сол үшін Оқушылар: Оқимыз. І жүргізуші: Әліппе, ана тілі бүгінгі кешіміздің ең қадірлі қонағы сіздер, сондықтан төрлетіңіздер . Балалардың өзіңізден алған білімдерін , өнерлерін тамашалаңыз.

ІІ жүргізуші: Мұрат Айпара мен Ержигитова Гаухардың орындауында ән « Ана тілі».

Сырлы әріптер сыры» бөлімі:
Қажымұрат Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім
Аяулым: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.
Дильназ: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз. Әлібек: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.
Медина: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.
Дания: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.
Нұрсана: І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!
Медина. Ж: З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.
Ерасыл: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.
Ернар: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған! 
Мұғалім: - Қандай сөз шықты балалар? – Тәуелсіздік! 
Біздің отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? 22 жылдығын.
Ән: «Учат в школе» Болашағы елімнің

Көрініс: «Кірпі, қоян, түлкі, аю» Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Қане отырыңдар, Біз сабақты бастаймыз, Қайталаудан аспаймыз. Қане көжек ойланып, Екіге үшті қосағой, Көжек (орнынан тұрып ) Білмедім мен шешуін Мүмкін құлап кетуім. Кірпі: Қос көрінер қорыққанға, Қорқу деген жаман іс. Екіге үшті қосқанда шығады міне үлкен «5» Енді түлкі сен келші Өнеріңді көрсетші Екіге екіні қосқанда Не шығады тез айтшы. Түлкі (дәптерін ақтарады Кірпі: Дәптерге өйтіп қарама Алдауға бізді бола ма? Аспай – саспай ойланып, Шешуін тап толғанып. Түлкі қолын санап «4» дейді. Кірпі: Сен де дұрыс жауап бердің, Сұрағымды беске білдің Енді, қонжық, келе ғой, Үшке үшті қоса ғой, Аю: Үшті үшке қосқанда: у-у-у-у-у Кірпі: Сенде дұрыс жауап бердің Асықпай –ақ тауып кеттің Міне осындай тапқыр болыңдар, Ақылды да күшті болыңдар. Сұрақ бердім саспаңдар, Осы еді тосқаным, сабақ бітті осымен Сау болыңдар достары Би: «Ча –ча-ча» 18- оқушы Нұрай Әліппем менің Әліппем! А деген бастап әріптен Сөз құрап жаза бастадым Тақылдап таңба танып мен Осыоай алға аттадым Әр әріпті жаттадым Жаттаған сайын әріпті Сөз құрап жаза бастадым.

19- оқушы: Аяулым Ж Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата- ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты бүгін балаңыз 20- оқушы: Арыстан Әліппем, менің Әліппем Өмірде көрем танып мен Қайталап айтам сан рет Өзіңе көп-көп рахмет. 21- оқушы: Ерасыл Қош бол, құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің. 22- оқушы : Қажымұрат Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз Ата- ана қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты міне балаңыз. 23- оқушы: Елхан Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем! Сенің арқаң оқу, жазу білгенім. Саутты адам санатына кіргенім! Әліппе: Сау болыңдар балалар! Ана тілін жақсы оқыңдар. Оқушылар: Сау бол, Әліппе! Ән: «Ақ тілек» қыздар тобы Көрініс: « Оқушылар мен кітаптар». 1- оқушы: Неге осыншама түрлерің жаман а, өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар.

Дүниетану: Иә, ауырып тұрмыз.

Математика: Арең қашып құтылдық.

2- оқушы: Жағдайларың белгілі болды. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға түскенсіңдер. Содан ол сендерді қалай болса , солай ұстаған. Жүріңдер менсендерді кітап емханасына апрайын. (Емханаға келеді. - оқушы: Мен сізге оқушыдан қашып кеткен оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр. Дәрігер: Кел, дүниетану тыңдап көрейін. Сенің І диагнозың су тиген. Су тиген соң кітаптың беттері босап, тез сынғыш болып келеді. ІІ диагнозың беттерің кір қолмен ұстаған, майдың іздері түскен, беттерің бүктелген. Математика оқулығы, кел, саені де көрейін. Сенің І диагнозың сені қолшоқпарға ұқсатып қатты заттарды ұрған, содан кітаптың сыртқы беттерің бөлек шашылып қалған. ІІ диагнозың беттерің шималанған, белгі соққан. Енді менсендерді үйлеріңе жібермеймін. Сендер емханада жатып, емделесіңдер. Жүріңдер емханаға. І жүргізуші: Би: Қара жорға ІІІ жүргізуші:Мектебіміздің үш тілде оқытатыны сіздерге мәлім. Ал қазір не үйрендік, қане ортаға салайық. Біздің ертеңгілігімізге шетелден қонақ балалар музыкалық сәлемдерін алып келіпті. Сол балаларды ортаға шақырайық. Ағылшынша көрініс, ән. І жүргізуші: балалар аспанда не ыстық? - Күн ыстық -Ал жерде не ыстық Әке мен шешеміз. Сүйікті тым ыстық Әркімге туыстық Туған ұл ысты! Бізге саутты болуға көмектескен ата-аналарға хормен: Рахмет! ІІ Жүргізуші: Біз бәріміз 1- сыныпқа келіп, танысып дос болып кеттік. Сол сияқты біздің ата-аналарымыз да достық қарым –қатынаста. Ендеше , аналар мен әжелерімізге арнап ән орындап берейік.

Ән: «Анаға тілек» Жақылықова Аялымның

ІІІ жүргізуші: Гимнастика: Қалалық гимнастика байқауынан І орын алған Дәулетқалиева Арудың өнерін тамашалайық

Аяулым Қададың мектебім білімнің қазығын, Тәрбиең, білімің өмірлік азығың, Білімге , өнерге шексіз жол көрсеткен Ұстазым, мектебім мәңгілік разымын. 27- оқушы: Ернар Анамыздай аялап, Ақылшы болған ұстазым Өзіңнің ғана еңбегің Бүгінде биік ұшқаным.

28- оқушы: Нұрсана Оқытты ұстаз анамыз, Өсті білім санамыз. Білгіш ер боп өсетін Біз бақытты баламыз. 29- оқушы: Даяна Бойымызда бұлан күш Бал-бұл жанған ұланбыз Оқу білім үйреткен Ұстазымызға мың алғыс! Ән: « Мұғалім ол біздің»

30- оқушы: Алишер Таудай үлкен талабым, Мен бармақтай баламын. Ертең өсіп толамын, Мен бизнесмен боламын. 31- оқушы: Елхан Ал мен ХХІ ғасырдың Президенті боламын. Халық қамын ойлайтын Мен азамат боламын. 32- оқушы: Арыстан Ғарышкері ғаламның Намысты ер даламның Тоқтар сынды ағамның Ізбасары боламын. 33- оқушы: Сабина Қарамаңыз кішкентай бойымызға, Биіктейді жыл сайын ойымызда. Біліммен де достасып, еңбекпен де, Ел алғысын алармыз ержеткенде. Ән: «Болашағы елімнің» ұлдар тобы І жүргізуші: Әліппе даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты Әліппе сырын ұқтырған Рахмет, ұстаз алғашқы! ІІ жүргізуші: Азбука научила нас читать Слова на слоги разделять И первый наставник, ипервый учитель, Открыла нам дверь в дорогу открытий. ІІІ жүргізуші: «АВС» - оурен зе уей , енд ню сабжектс контюнед, фо гивенд зе наумедж, сэнк фою зе фост тичә.

Ән: «Менің өлкем»

І жүргізуші: Осымен 1 «ә» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі аяқталды. Уақыт бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! ІІ жүргізуші: Всем спасибо за внимание Вот настал момент прощанье Будет краткой наша речь Говарим мы досвидание До счастливых новых встреч! ІІІ жүргізуші: Нау уи финиш зе пати оф «АВС» . Сенк ю фо е аттеншн.

Мұғалім : Құттықтау сөз директорға, оқу ісінің меңгерушісіне, ата - анаға беріледі.

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

"Описание материала:

Бұл бірінші сыныптарға арналған тәрбие сағаты. Тәрбие сағатының тақырыбы: Әліппе білім бастауы.

Оқушылар өздерінің не үйреніп, білгендерін көрсетеді. Әліппеден оқушылар әріптерге арналған өлеңдерін айтады.

Математика сабағынан оқушылар сахналық көрініс көрсетті. Оқушылар ағылшын тілінен ән айтып, көрініс көрсетті, би биледі.

Оқушылар әліппеге ризалығын білдірді. Оқушылар жеке дауыста ән айтты. ұлдар би биледі. Қыздар қазақ биін биледі.

Оқушылар хормен ән айтты. Ата- аналар оқушыларға тілек айтып, сыйлықтарын берді.

Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Благодарность за вклад в методическое обеспечение учебного процесса по преподаваемой дисциплине

Опубликуйте 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Добавить материал
Сертификат о создании персонального учительского сайта

Опубликуйте 5 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить сертификат о создании сайта

Добавить материал
Грамота за высокий уровень сформированности информационно-коммуникационной компетентности

Опубликуйте 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Свидетельство за транслирование результатов своей профессиональной деятельности

Опубликуйте 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Добавить материал
Грамота за личный вклад в повышение качества образования

Опубликуйте 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Почётная грамота за высокий уровень профессионализма

Опубликуйте 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Золотая грамота за современный подход к преподаванию и повышение качества педагогического труда

Опубликуйте 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную золотую грамоту

Добавить материал
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.