Берекелі күз - мерекелі күз

Найдено 53 материала по теме

«Берекелі күз - мерекелі күз»

    DOCX

Предпросмотр материала:

 

Қызылорда қаласының №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің  «Ақмарал» шағын орталығының тәрбиешісі

Абуова Дүрияш Бекболатқызы

 

 

 

 

Ертеңгілік кеш жоспары:

 

Күні: 14.11.2013ж

Уақыты: 15:30

Өткізілетін орны: «Балдырған» тобы

Тақырыбы: «Берекелі күз – мерекелі күз»

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

                   Мұнда назар салайық!

                   Мерекесі халықтың

                   Алтын күзге арналған,

                  Кешімізді бастайық!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата – аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі «Берекелі күз – мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

І жүргізуші: Біз -  бақытты баламыз

                       Би билеп,  ән саламыз.

                       Құс боп қанат қағамыз

                      Міне, былай қараңыз.

(Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады).

ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,

                        Шырқатып әнге саламыз.

                       Тойымызға сән берер,

                       Ән де айта аламыз.

Хор: «Жау, жау жаңбыр» әні

І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық.

Балбала: Бұтағындай емініп,

                 Күзде жеміс піседі.

                 Сабағынан жел үзіп,

                 Жерге топ – топ түседі.

Жәния: Ой, балалар, балалар,

              Қоңырай күз болыпты.

              Құрап жапырақ солыпты,

              Ел егінін алыпты,

              Ақ үзіктер жауыпты.

Айзат: Алтын, сары, қызыл, көк,

              Алуан – алуан жапырақ.

              Күзгі бақта күлімдеп

              Көз тартады атырап.

Мадияр: Күн шуаққа маужырап,

                Жатыр еді атырап.

                Ағаштар жамырап,

                Ұшты кенет жапырақ.

Аруна: Таудан жақын жел соқсаң,

             Сыбдырлайды қалтырап.

             Жақын қалды желтоқсан

            Жабыр қайды жапырақ.

І жүргізуші: Жапқандай жапырағы іздерді,

                       Қуантып жапырағы ізгі елді.

                       Бір тойдырып қайту үшін елімді

                       Сабырлы сары алтындай күз келді.

(Ішке сары киім киген түрлі – түсті жапырақтар тағылған Алтын күз ханшайымы кіреді).

ІІ жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз. Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.

Алтын күз: Балалар мен сендерге әдемі түрлі – түсті жапырақтар ала келдім. Қане, балаларымыздың маған қандай сыйы бар екен.

ІІ жүргізуші: Ән: «Біз бақытты баламыз».

І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік:

Назым: Үйрек – үйрек қаздарды,

              Шулайды көл жағасы,

              Дәурен өтіп жаздағы

              Күздің желі соғады.

Гүлден: Алма, өрікті қамбаларға ,

              Толтырыпты Алтын күз.

              Шәкірт болып парталарға,

             Отырыпты Алтын күз.

Абдрасул: Ақтарады мырза күз,

                  Уылжыған жемісін.

                  Күзге  біз де ризамыз

                 Аянбаған ел үшін.

Даниял: О, алақай, тамаша,

               Шашу шашты жапырақ.

               Бақтың іші алаша,

               Аунар ма еді жатып ап!

Айғаным: Сау – сау етіп жапырақ,

                  Сабағынан үзілді.

                  Қоңыр тартып атырап,

                 Көкте құстар тізілді.

Алтын күз: Балалар мен сендерге бір ойын алып келдім. Ойнағыларын келе ме?

-          Балалар: Ия.

Ойын: «Көкеністер мен жемістер» жинау.

     І жүргізуші: Балалар Адельдің орындауында «Қуыршақ» әні.

     ІІ жүргізуші: Бала, бала балдаймыз,

                             Балдай тәтті баламыз.

                             Бала болып ән салып,

                             Би де билей аламыз.

Би: Орыс биі

І жүргізуші: Ендігі кезекті балалардың тақпағына берейік.

Дильназ: Ұшты талдан жапырақ,

                 Сары көбелек секілді.

                 Аспанда жай шатырлап,

                 Тамшы жерде секірді.

Дамир: Астық, жеміс жиналды,

              Қамбаларға құйылды,

              Ардақты күз, мың алғыс,

              Алдым өнім сайымды.

Нұрперзент: Дала сары секілді,

                       Самал соқты салқындау.

                       Қырмандарға үйілді,

                       Алтын астық, алтын дән.

Бекзат: Көбейеді құт - береке,

               Астық толы қамбамыз,

               Құтты болсын мереке,

               Алтын күзді тойлаймыз.

Ж.Ислам: Кездескен соң күзімен,

                  Бұтағынан үзілген.

                  Ай жапырақ сары алтын,

                 Айналаның бәрі алтын.

Әлкен: Туған жерден кетерде,

              Қоңыр әнге саламыз.

              Қош болыңдар бәрің де,

              Қимай кетіп барамыз.

ІІ жүргізуші: Айзеренің орындауында «Анашым» әнін қабылалыңыздар.

 

І жүргізуші: Ендігі кезекті «Шалқан» ертегісіне берейік.

ІІ жүргізуші: Бізге қонаққа шие, жүзім, құлпынай, өрік келіпті, қарсыалайық.

Өрік: Өрік, алма, шие, алша,

          Қауын, қарбыз, қияр

          Дүкендерге түседі.

Шие: Мен шиемін, шиемін,

           Күннің көзін сүйемін.

           Қышқыл шырын менде бар

           Төмен басты иемін.

Жүзім: Жүзім пісті бір – бірлеп,

             Үзіп мәзбіз біз енді

             Қоңырауы күңбірлеп

             Қыркүйекте күз келеді.            

Құлпынай: Жапырақта тасалап,

                    Өскен жері бақша – бақ.

                    Күлен қызыл шиені – ай,

                    Оның аты құлпынай.

І жүргізуші: Балалардың орындауында «Балапан»әнін  қабылалыңыздар.

Хор: «Балапан» әні.

І жүргізуші: Балалар, бүгінгі күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын.

ІІ жүргізуші: Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын. Осымен біздің «Берекелі күз – мерекелі күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Краткое описание материала

"Описание материала:

Тақырыбы: ""«Берекелі күз – мерекелі күз» Жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған, Кешімізді бастайық!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ата – аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп бүгінгі

«Берекелі күз – мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

І жүргізуші: Біз - бақытты баламыз Би билеп, ән саламыз. Құс боп қанат қағамыз Міне, былай қараңыз. (Ортаға «Балдырған» тобын шақырамыз. (Музыка ырғағымен шығады).

ІІ жүргізуші: Көңілді өскен баламыз, Шырқатып әнге саламыз. Тойымызға сән берер, Ән де айта аламыз.

Хор: «Жау, жау жаңбыр» әні

І жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арналған тақпағымызды айтайық.

Балбала: Бұтағындай емініп, Күзде жеміс піседі. Сабағынан жел үзіп, Жерге топ – топ түседі.

Жәния: Ой, балалар, балалар, Қоңырай күз болыпты. Құрап жапырақ солыпты, Ел егінін алыпты, Ақ үзіктер жауыпты.

Айзат: Алтын, сары, қызыл, көк,

«Берекелі күз - мерекелі күз»

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Абуова Жанар Муратайкызы

заместитель директора по учебно-воспитательной работе

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 98057
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 28
  • 98057
    просмотров
  • 28
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Категория/учёная степень: Высшая категория

Привет вам, дорогие! Меня зовут Жанар Мне 30 лет Живу Казахстане Ну, что я люблю? Я очень люблю слушать музыку, выйти на улицу без наушников - значит обречь себя на мучения. Смотрю сериалы (самые любимые "Шерлок", "ТБВ", "Доктор Хаус"), вообще обожаю читать рассказы про Шерлока Холмса, да и вообще читать. Рисую, учусь в художке, мне это очень нравится! (: Бывает, сочиняю стихи, но большинство из них никто никогда не видел, кроме меня. Или я вовсе их не записываю. Спорт...ммм, вообще не моё. Спорт меня не переносит! Люблю сочинять рассказы, особенно с кем-то, очень интересно выходит! И еще мне нравится обсуждать с кем-либо интересные книги или фильмы, делиться впечатлениями и размышлениями. Хотела бы пообщаться с человеком, у которого такие же увлечения, чтобы обменяться своими "каракулями", сочинениями ну и т.д. А может, даже написать вместе рассказ! :))

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Абуова Жанар Муратайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: