Күрделі шығармалармен жұмыс

Предпросмотр материала:

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

 

«Музыка және бейнелеу өнері» кафедрасы

 

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: «Күрделі шығармалармен жұмыс»

 

Тобы: МБ-31 тобының студенті Мұқашова Аида

 

Сабақ түрі: Практикалық (жеке сабақ)

 

Орындаған:аға оқытушы Бөлтірікова Жақсыгүл Ибрагимқызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық қаласы, 2013 ж

Сабақтың тақырыбы: «Күрделі шығармалармен жұмыс»

 

1. Е.Үсенов “Фантазия” (Майра әніне)

2. Құрманғазы “Саранжап”

3. О.Ридинг “Концерт G – dir”

 

Сабақтың мақсаты мен міндеті: Тақырыпты (шығарманы) меңгерту. Студенттің қызығушылығын арттыру.

Білімділігі:

Күрделі шығарма туралы жан –жақты мағлұмат беру.

Қазақтың қобыз аспабының шығу тегін, орындалатын шығармалардың композиторларымен олардың шығармаларымен танысу.

 

Дамытушылық:

Шығарманы талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөз өнері мен саз өнерін дамыту. “Еліміздің келешегі, шәкіртіміздің келешегі, болашақ оқушыларымыздың келешегі , оның мәдениеті қандай болмақ”? деген  мәселемен жан – жақты музыкалық мәдениетін дамыту

Тәрбиелік: қазақ еліне, жеріне, салт – дәстүріне, мәдениетіне, өнеріне, тарихына, ұлттық музыкаға, соның ішінде ұлттық күй өнеріне  деген қызығушылығын арттыру. Қобызды сүюге, қазақ өнерін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының аспаптық өнері арқылы, студенттің немесе оқушының бойындағы  туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жеке сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа байланысты слайдтар, қобыз, фортепиано аспаптары.

Техникалық құрал. Үнтаспа, компьютер т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

                                  2.Үй тапсырмасын тексеру.

                                  3.Жаңа сабақ

                                  4.Бекіту, қорытындылау

                                  5.Үйге тапсырма

                                  6.Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Студенттің сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ермұрат Үсенов өмірі мен шығармашылығы

2.Фантазия дегеніміз не?

3.Құрманғазы туралы мәлімет.

4. “Саранжап” күйінің тарихы.

Ермұрат Үсенов 1952 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талды селосында дүниеге келді. 1970-1977 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында домбыра аспабы бойынша бітірген. “ҚР Мәдениет қайраткері”,  “Қазақстанның      жас композиторлар” конкурсының үш дүркін лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбыраға арналған көптеген шығармалардың авторы. Еңбек жолын Жезқазған музыка училищесінде оқытушы болып бастады. Мұнда өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жазды. 1981 жылы Н.Тілендиев жетекшілік еткен “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық ансмблінің құрамына қабылданды. 1990-1994 жылдары Алматы музыка училищесінде, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық музыкалық академиясында ұлт аспаптар кафедрасының меңгерушісі. “Қазақстан композиторлар” одағының мүшесі.

         Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда күйші әрі сазгер Ермұрат Үсеновтің кеші өтті. ҚР еңбегі сіңген қайраткер кешті Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арнады. Ермұратты замандастары Нұрғиса Тілендиевтің ізбасары деп біледі. Себебі, Жезқазған музыкалық колледжінде сабақ беріп жүрген жерінен Алматыдағы «Отырар сазы» оркестріне шақырған да Нұрғиса болатын. Содан бері сазгер халқына ән де арнады, күй де жазды. «Арулар, қош болыңдар!», «Бабаларға сыйыну», «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Дариға аққу», «Күзгі әуен» сынды әндерін жұрт сүйіп тыңдайды. «Ұран», «Ана», «Шыңырау – құс» күйлері болса – тыңдарманның қошеметіне бөленген туындылар. Ал сазсырнай, қыл қобызға, хорға арнап жазған шығармалары бір төбе.

Құрманғазы Сағырбаев  1818 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерінде дүниеге келген күйші композитор. Күйші  Құрбан айт кезінде дүниеге келген, сондықтан атын Құрманғазы деп қойған. Әкесі Сағырбай, анасы Алқа өнерге жақын болған. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім-тәрбие алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. Атақты күйші ретінде есімі қазақ даласына таралды.

    Құрманғазы - теңдесі жоқ ұлы күйші, төкпе күй шебері.

    Шығармаларының басты тақырыбы: қазақ      халқының өмірі, тұрмысы, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресі және қазақ жерінің табиғаты.

    Күйлері: «Адай», «Саранжап», «Серпер», «Кішкентай», «Көбік  шашқан», «Ақбай», «Сарыарқа»,  «Саржайлау» «Балбырауын», «Қызыл қайың Серпер», «Машина», «Аман бол шешем, аман бол», «Боз шолақ», «Терісқақпай», «Төремұрат», «Жігер», «Байжұма», «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Қуаныш», т.б.

         Слайдта Құрманғазының 4-нұсқасы көрсетіліп, 5-нұсқасында студент фортепиано сүйемелдеуімен өзі ойнайды, 6-нұсқада домбырашы студентпен қосылып, қобыз және фортепиано үшеуі қосылып ойнайды.

Жаңа сабақ

Күрделі шығарма деп бірнеше бөлімнен тұратын шығарманы айтады.  «Штрих» деп музыкалық аспаптарда дыбыс шығару тәсілін айтады.  «Штрих» неміс тілінен аударғанда  «сызықша» мағынасын білдіреді.

Оскар Ридинг (1840-1918)

Оскар Ридинг 1840 жылы Германияда дүниеге келген. Скрипкашы, әйгілі композитор, скрипка және фортепианаға  арналған шығармалардың авторы. 1860-1871 жылдар аралығында Вена қаласында шығармашылығы дамыды.

          Қазіргі уақытта Концерт G-dur, концерт D-dur, h-moll  концерттерін скрипкашылар және  қобызшылар орындауда.

Сергіту сәті: О.Ридинг «Концерт G-dur» шығармасын үнтаспадан тыңдату.

-Шығарма ұнадыма?

-Шығармада не естіледі?

-Шығарма қандай аспаптарда орындалды?

(скрипка және фортепиано аспабының сүйемелдеуімен)

Ендеше осы шығарма туралы мағлұмат  аламыз.

 «Концерт G-dur» 2 бөлімнен тұрады

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бекіту:1.Күрделі шығармада кездесетін штрихты не деп атайды.

2.Штрихтің түрлерін ата.

3. «Концерт G-dur»  шығарманың авторы туралы не біледі?

4.Шығарма неше бөлімнен тұрады?

Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Қорытындылау: Бүгінгі шығармада кездесетін штрихтармен таныс болдық. «Штрих»  түрлері арқылы шығарманы түрлендіріп ойнауға болатынын білдік. Оскар Ридингтің өмірбаянымен таныс болдық. Оның «Концерт G-dur» шығармасын аспапта ойнап үйрендік. Әрқашан қазақ халқының күй өнерімен қатар, шетел классиктерінің өнерін де биік бағалап, халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау, ұрпаққа жеткізу міндетіміз.

Бағалау.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар

Краткое описание материала

Күрделі шығармалармен жұмыс

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Нұрсали Долқын Нұрсали

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 50445
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 50445
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Нұрсали Долқын Нұрсали.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: