В дыбысы мен арпи

Предпросмотр материала:

                                                                                                    Қызылорда қаласы

                                                                             №211 орта мектептің

                                                                                        Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                                         Омарова Динара Тәліпқызы

                         

 

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы:  В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға в дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбысы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету;

ә) баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, сөйлемді мағыналы түрде құру машықтарын, ой-өрісін, оқу-танымдық дағдыларын, көркем жазу, шапшаң оқу біліктерін жетілдіру;

б) ұқыптылық пен тазалыққа баулып, жол ережесі тәртібін сақтауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, әріптер, слайд.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, ойын.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

                                  Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Психологиялық дайындық.

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

2. Өткенге шолу.

«Мектеп асханасы» мәтінін тізбектей оқыту.

«Вагон құрастыру» ойынын ойнату.

Мақсаты: Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Шарты: Вагон  терезесінің ретіне байланысты сұрақтарға жауап беру.

-         х дыбысы қандай дыбыс?

-         х дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдар (хат, асхана, Хасан сөздерінтақтаға жаздырып, дыбыстық талдау жасату)

-         кітап, ас сөздерінің келесі буындарын атаңдар

-         Жұмбақты шеш:

Қос ішекке қонақтаған қаланы,

Қара тұлпар алға сүйреп барады. (поезд)

3. Жаңа сабақ.

-Электронды оқулық

Жұмбақ шешу:

Қамшыласаң жүрмеймін,

Мініп алып тебінсең,

Кідіруді білмеймін.    (велосипед)

- «Велосипед» сөзіне дыбыстық талдау жасап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Вдыбысы төменгі ерін мен жоғарғы тістің жуысуынан жасалатын дыбысты белгілейтін орыс тілінен енген таңба.

- Оқулықпен жұмыс.

 «Алғашқы  велосипед қандай болған?» мәтінін оқып беру, талдау.

  Оқушыларға хормен,топпен оқыту

4. Сергіту сәті.

Ал, кәнеки, жас ұлан,              Ыршып артқа түсейік

Талапты бол жасыңнан.          Оңға қарай бұрылыс,

Қолға рулді ұстайық,               Солға қарай бұрылыс.

Велосипед ершігіне                  Бағдаршамға қарайық,

Қарғып мініп алайық ,              Көзіне назар салайық

 Тіземізді бүгейік.                      Сәттіліктің ақ жолын

Ыршып алға жүрейік,               Біліммен іздеп табайық.

5. Тапқышбек тапсырмасы: «Жұбын тап» ойыны

ви-тамин   ав-тобус  вок-зал   ва-гон  трам-вай

Осы сөздердің ішінде қай сөздер көлік атауларын білдіреді?

6. « Көліктер» тақырыбында берілген суреттер бойынша сөйлемдер құрап, әңгімелету, жұмбақтар шешу.

Қанаты бар құс емес, аспанда ұшар қалықтап .  (ұшақ)

Қамшыласаң жүрмеймін, мініп алып тебінсең, кідіруді білмеймін.(велосипед)

7. Дәптермен жұмыс.

Тақтада в дыбысының жазу үлгісін көрсету.

Үлгі дәптердегі жазуларды жазу.

8. Ой-толғаныс.

В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік?

 

дауыссыз дыбыс                                        велосипед

                                                 В    

орыс тілінен енген дыыс                          барлық буында кездеседі

 

9.Сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ шешу арқылы қорытындылау.

1.Мінсең көлік , сүті дәрі, еті тамақ.                 (Жылқы)

2-гон, -гон, -гон,

    Келіп қалды ---- (Вагон)

Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп, қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.

3. Үй ішінде бөлме, бөлме іші көлде,

    Түрлі ұсақ балық жүзді сайран салып          (Аквариум)

4. Поездға қай жерден мінеміз?                       (Вокзал)

5.    Жолаушылар мінгізіп, барар жерге, асығады тез жетпекке. (автобус)                                              

6. Табанында жолы бар

    Төбесінде қолы бар                                    (трамвай)

7. Суда жүзетін көлік                                       (Қайық)

8. Ақ қарда тек тұрмадым

     Қос тақтаймен зырладым                         (шаңғы)

 

Сөзжұмбақтың шешімі: Жарайсың

 

10. Оқушыларды мадақтау

 

 

Краткое описание материала

В дыбысы мен арпи

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Тулепбаева Гульмира Абдигапбаровна

учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 82816
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 30
  • 82816
    просмотров
  • 30
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Тулепбаева Гульмира Абдигапбаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~110

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: