Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Бесік жыры

Бесік жыры

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m762c6654.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_m762c6654.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_m762c6654.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_6b0a94dc.gifhello_html_m762c6654.gifhello_html_3c693f09.gifhello_html_e8a4e2f.gifhello_html_m186d01cb.gifhello_html_25e65dea.gifҚызылорда қаласы

101 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абуова Алима

2- сынып Әдебиеттік оқу


Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры. Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.Шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларын үйрету.Бесік жыры туралы мағлұмат беру. Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін толықтыру

2. Ұлттық салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты білуге, сақтауға, ананы құрметтеуге баулу.

3. Жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтау,Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары.

Көрнекілігі: Суреттер, ребус,Мағжан ата «ағашы», М. Жұмабаев туралы мәліметтер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Әже» жатқа айту.

Шығармашылық тапсырмалар:

І топ. Өлең жолдарын өз бетіңше жалғастыр(ұйқасқа берілген сызбаны пайдалан).

Әже

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін.

.....

.........

Өлеңнің ұйқасына мән берейік. 1,3- қатарлар және 2,4- қатарлар ұйқасады. Бұл- шалыс ұйқас деп аталады.

ІІ топ. Өз әжең туралы шағын эссе жаз.

ІІІ топ. Өз әжеңнің суретін сал. Галереяға ілу.

IV топ. Осы өлеңнің авторы Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет жинау.

Автор туралы мәліметті «Сыр сандыққа» салу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс

Бұл кім?

«Бала, бала, бала!» деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Ы. Алтынсарин

-Ана.

-Ы. Алтынсарин кім еді?

-Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Қазақ балаларына арнап алғаш мектепашқан. Қазақ балаларына арнап қазақ тілі оқулығын жазған. Балаларға арнап әр түрлі тақырыпта өлең, шағын әңгімелер жазды.

-Біз қандай шығармаларымен таныстық?

-«Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Кел, балалар, оқылық», «Малды пайдаға жарату»

Ребус шешу. Шешуі: Бесік жыры

-Бесік жыры деген не?

-Сендер қандай бесік жырларын білесіңдер?

(1-2 оқушы айтады)

-Ендеше мынадай Бесік жырын тыңдап көрейік. Үнтаспадан тыңдату.

-Сендерге ұнады ма? Әннен қандай әсер алдыңдар?

-Бесік жыры тұрмыс салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырының басты қызметі-бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ, бөпем,, Ақ бесікке жат бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады.

«...Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің!

Бармақтарың майысып,

Ою- өрнек ойысып,

Ұста болар ма екенсің!

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің!»деп баласының болашағынан көп үміт күтеді.

Бұл –бесік жырының бір түрі ғана. Осындай әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді. Бесік жырының толып жатқан түрі бар. Сәбиінің аман өсуінен бастап, болашақ өміріне деген тілегі, сенімі, ниеті әдемі әнге шумақ болып өріліп, анасының айтуымен балаға жетеді. Тіпті алыстағы төркініне деген сағынышын да бөпесіне айтып, баласымен сырласа отырып «әй, әй, бөпем, артта қалған, елімді көрер ме екем ..» деп іштегі шерін бесік жырына қосқан. Анасының еліне деген сағынышы бөпеге беріліп, ол анасын аяйтын, ардақтайтын, мейірімді әрі жанашыр болып өседі екен.

Бесікті қарағай, қайыңнан, талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесікте жатқан бала әрі таза, әрі жылы жатады.


Оқулықпен жұмыс.

1. Мағжан Жұмабаев атамыздың Бесік жырын оқып көрелік.

а) 1-2 оқушыға мәнерлеп оқыту.

ә) тізбектей оқыту.

Бесік жыры

Күнім, айым,

Еркетайым,

Бөлейін енді.

Тыста дауыл,

Жатқан ауыл,

Ұйқың да келді.

-Өлеңнің ұйқасына мән берейік. Бірінші қатар мен екінші қатар ұқасады, үшінші қатар ұйқаспайды. Ендеше бұл- егіз ұйқас деп аталады. Біз бұдан бұрын осы ұйқаспен жазылған қандай өлеңді оқыдық?

-Абай атамыздың «Сегіз аяқ» өлеңі естеріңде ме?

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай нәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп бұл?


2. Өлеңді талдау.

-1-бөлімінде не туралы айтылады?

-Балаға жылы сөздер айтып, бесікке бөлейін дейді.

2) Тыстағы ауыл жайлы айтылады.

3) Баланың жылы, жұмсақ төсегі- бесік екені жайлы айтылады.

4) Анасы баласына әлди, әлди деп көзіңді жұмып, тәтті ұйқыға бата ғой дейді.

5) Қорадағы малдар, төлдері барлығы да ұйқыда.

6) Баланы жұлдызға, күн нұрына теңеп, тәтті ұйқыға кіре ғой дейді.


IV. Сергіту сәті

-Қазақта баланы бесікке саларда «Бесік тойы», «Шілдеханасын» өткізеді. Балаға байланысты жасалатын тағы қандай» дәстүрлерді білесіңдер?

-«Тұсау кесер», «Сүндет той», «Тоқымқағар»

-Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып «Тұсау кесер» жырын айтып көрейік.


Дәптермен жұмыс

Мағжан ата


жазушы



ақын



педагог

Солтүст

Қазақста обл.туғанн тттттттуған

Қазақстан






Атасы- Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі- Гүлсім. Тумысында өте зерек Мағжан төрт жасында өзінің әкесі Бекен болыстың мектебінде оқып, қазақтың арғы- бергі өлең- жырларын, ертегі-дастандарын түгелге дерлік жаттап алады.

Білімге жаны құштар Мағжан Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Медреседен алған білімін жетілдіре отырып, ол әдеби ортаға ерте араласты. Араб, парсы, түрік, орыс тілін жақсы меңгеріп алды.

Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы- халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш метептерде ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялады.Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халқын өнер- білімге шақырды. («Ләззат қайда?», «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Балалық шақ», «Қазағым», «Қарағым»).

1929 жылы м. Жұмабаев « Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген жалған айыптаулармен Мәскеудегі «Бутырка түрмесіне»қамалып, 10 жылға айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың арласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

V. Сабақты бекіту


Топтық тапсырмалар

І топ. Суретпен жұмыс.

-Суретте кім бейнеленген?

-Суретке қарап, Алтынсариннің жоғарыда берілген өлеңін қара сөзбен әңгімеле.

-Түнде баласы жылағанда, барлығы ұйықтап жатқанда анасы тәтті ұйқысынан тұрып, баласын тамақтандырады. Бесігін тербетіп жұбатады.

ІІ топ. Ана мен балаға қатысты мақал-мәтелдер айтып көрейік.

Анаңның қарызынан

Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.

Әке-асқар тауың,

Ана- шалқар көлің.

ІІІ топ. -Сенің анаң саған қандай жылы сөздер айтады? (Гүл пішініндегі қағазға жазу,ана суретінің тұсына ілу)

Айым, күнім, жұлдызым, ботам, қошақаным, құлыншағым.

IVтоп. –Ана туралы біраз ақын- жаушыларымыздың шығармаларын оқыдық. Ананы біреуі күнге теңейді, біреуі ағып жатқан бұлаққа теңейді. Сен анаңды неге теңер едің? Неге? (Гүл пішініндегі қағазға суретін салу, ілу, өз ойын дәлелдеу. (Мысалы: Мен өз анамды жеміс ағашына теңеймін. Ал біз балалары-жемістеріміз.)

-Міне, көрдіңдер ме, балалар? Ана мен баланың арасындағы осындай сүйіспеншілік пен махаббат сезімі болғанда балаларымыз мейірімді, қайырымды болып, ал аналарымыз бақытты болады. Ал аналар бақытты болса, ел де бақытты болады.


VI. Үйге тапсырма.

«Бесік жыры» жаттау.

І топ. Өздерің «Бесік жырын» құрастырып көріңдер.

ІІ топ. «Бесік жыры» деген сөзге сөзжұмбақ құрау.

ІІІ топ. Бесік туралы мәлімет жинау

IV топ. М. Жұмабаев туралы мәлімет жинау.

VII. Бағалау. (Смаиликтермен бағалау. Өте ризамын- «5», ризамын – «4», сендерге шамалы сәттілік жетпей қалды, өздеріңді келесі сабақтарыыда жақсы көрсететіндеріңе сенімдімін-«3».)

VIII. Қорытынды.



Краткое описание документа:

"Описание материала:

2- сынып Әдебиеттік оқу Бесік жыры.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.Шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларын үйрету. Бесік жыры туралы мағлұмат беру. Мағжан Жұмабаев туралы білімдерін толықтыру
  2. Ұлттық салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты білуге, сақтауға, ананы құрметтеуге баулу.
  3. Жүрекпен жете сезіну қабілетін және өзіндік ойын айтып, жеткізу мүмкіндігін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топтау,Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары.

Көрнекілігі: Суреттер, ребус,Мағжан ата «ағашы», М. Жұмабаев туралы мәліметтер. Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Әже» жатқа айту.

Шығармашылық тапсырмалар:

ІІІ топ. Өз әжеңнің суретін сал. Галереяға ілу.

IV топ. Осы өлеңнің авторы Ф. Оңғарсынова туралы мәлімет жинау. Автор туралы мәліметті «Сыр сандыққа» салу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс Бұл кім? «Бала, бала, бала!» деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.

Ребус шешу. Шешуі: Бесік жыры -Бесік жыры деген не? -Сендер қандай бесік жырларын білесіңдер? Бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұны мен әуені өзгертілмей орындалады. Олар: «Әлди, әлди ақ, бөпем,, Ақ бесікке

Общая информация

Номер материала: 30238021001

Похожие материалы