Инфоурок Всеобщая история КонспектыКонспект по истории «Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн!»

Конспект по истории «Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн!»

Скачать материал

«Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн!»

/баяндама/

 

    -Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан -2030» бағдарламасында «бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда , олардың өз мемлекеттігін сақтап қалу үшін тарихи  ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көруге болады »деген. Бұл күрестерде батырларымыз талай ерлік істер атқарған.

      Ерлік – батыл да батыр адамның өз намысын, ел намысын, адамзат  абыройын, Отанын қорғаудағы қайсар күресінің, ересек еңбегінің жемісі. Ол – зорлықты, басқыншылықты жеңген іс-қимыл. Елінің тыныштығын, бірлігі мен тірлігін қорғап, ерлік жасаған атақты батырлар, қажырлы қаһармандар іс- әрекеттерімен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

    -Желтоқсан –ұлтымыз үшін қымбат та қастерлі белгңге айналған ұғым. Ол қазақ халқының ғасырлар бойындаы азаттық күресінің соңғы нүктесін қойды. Желтоқсанның себебі мен мәнін, маңызын ұғу үшін төл тарихымызды мейлінше терең біуіміз қажет.

 

Тәуелсіздік түскен жоққой аспаннан,

                                                        Тарихы оның тым әріден басталған

                                                        Бодандықтан құтқарам деп елімді,

                                                        Талай боздақ қара жерді жастанған.

 

Қобыланды мен Ер Тарғындай батырлар елін басқыншылардан азат етіп, оны қорғай білді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек батырлар қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан азат етті.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің данышпандық билігімен, Абылай ханның қаһарлы ерлігімен елдің елдігін сақтап, берік бірлігін орнатты.

      Сырым, Кенесары, Махамбет, Исатай батырлар патша өкіметінің жарлығынан қазақ  халқын құтқару үшін күресті. Аманкелді батыр қазақ елін ақ патшаның азабынан құтқару үшін азаматтық соғыста қаһармандық көрсетті.

     Қазақстан 200 жыл Ресейдің отары, 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып дербестігін, тәуелсіздігін мүлде жоғалтты. Ғасырлар, жылдар бойы жиналған наразылықтан барып желтоқсан желі дауылға айналды.

Жанартаулар бұғып жатып бір ашылды. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында  тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Ұлттық жаңарудың, елдігіміз бен есендігіміздің басы болғай деп тілеген еді халық. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұлттық санс- сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтерді. Өткен тарихқа  үңілсек тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ.

    Қазақ  халқының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихтың басты мазмұны сайып келгенде азаттық үшін күреске тіреледі. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, сақ, үйсін, қаулы, оғыз, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар. Табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік- берекесін сақтап қана қоймай XV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрғаны мәлім. Сол кезкңнің тарихи заңдылығына сай Қазақ хандығы ұзақ уақыт мамыражай өмір сүре алмады. Елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен боқырау, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді. Ақырында отаршылдықтың қамытын киді. Сөйтіп XVIII-IX ғасырларда халқымыз еркіндігінен, тәуелсіздігінен айырылды. Енді, міне, осыдан 22 жыл бұрын 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан тіуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл- қазақ халқы үшін, қазақстандықтар үшін үлкен оқиға. Бұл оқиға қазақстанды отаным,елім,жұртым, деген әрбір азаматтың жүрегінен кең орын алатыны айдан анық.

     Ендігі жерде біздің бір ғана отанымыз бар ол- тәуелсіз Қазақстан.

     Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының арасында дүниенің бір қырынан бір қырына өтіп барып ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде жаңа эпос ретінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ- тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті даласынан табан аудармаған халық. Көне дәуірдегі сақтардың,ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы,ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған халық.

      Қазақтың көшпелілігі тек өзінің атамекенінің аумағында өткен. Сондықтан да біздің ұғымымызда туған жердің қадір- қасиеті бөлекше. «Туған жерге туыңды тік» -дейді қазақ.

      Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен, қыруар шығынмен жеткен Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл- азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл –бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы. Тасқа қашалған тарих та, көне дәуірден жеткен даусыз дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын, оның өзіне лайық шаруашылығы, терең мәдениеті болғандығын дәлелдейді.Ешкімге дес бермеген, ешнірсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап, еркіндік туын қайта тікті.ендеше, аңсап жеткен арманнан ешқашан, ешқандай жағдайда ажырай алмаймыз. Ең алдымен,бұл үшін өз ішімізде ауызбірлік керек. Бірлігі бар елдің іргесі берік болатынына кәрі тарих куә. Өзімізді өзіміз, бірімізді біріміз құрметтей білуіміз керек, сонда ғана өзгелердің ............ , мерейіміз биік болады.

      Енді ел қамын ойлап,сол жолда өмірін сарп еткен асыл азаматтардың ұлт-азаттық күресін толығымен көрсететін кез келді. Дүние жүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісінде Н.Назарбаев айтқандай,бүгінгі бостандық,бүгінгі тәуелсіздік  өзінен-өзі келіп,басымызға қона қойған жоқ,азаттықүшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып,жаны қиналды,жазықсыз зардап шекті. Сол үшін ата-бабамыз өмір бойы күресті. Тәуелсіздік,Азаттық-қасиетті сөз,қастерлі де киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда. Сол тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп,оны көзіміздің қарашығындай қорғау баршамыздың борышымыз- дей келе мен баяндамамды Халық қаһарманы жазушы атамыз Қасым Қайсеновтың мына сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Балалар,тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Онда бабаларыңның асыл арманы бар,ерлігі бар,қаны бар. Олай болса,оны қадірлей, сақтай біліңдер. Демек, тәуелсіздіктің туын биік көтеру үшін, білімді ұрпақ болу керек,бойларыіда патриоттық сезім болу керек. Сендер де кәмелеттік жасқа толған соң Отан алдындағы борыштарыңды өтеуге шақырыласыңдар. Соны абыройлы атқаруға міндеттісіңдер ». Тәуелсіздігіміз жасай берсін!       

 

                                  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект по истории «Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Қазақстан 200 жыл Ресейдің отары, 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып дербестігін, тәуелсіздігін мүлде жоғалтты.

Ғасырлар, жылдар бойы жиналған наразылықтан барып желтоқсан желі дауылға айналды.

Қазақтың көшпелілігі тек өзінің атамекенінің аумағында өткен.

Сондықтан да біздің ұғымымызда туған жердің қадір- қасиеті бөлекше. «"Туған жерге туыңды тік» -дейді қазақ.

Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда.
Сол тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп,оны көзіміздің қарашығындай қорғау баршамыздың борышымыз- дей келе мен баяндамамды Халық қаһарманы жазушы атамыз Қасым Қайсеновтың мына сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
«Балалар,тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Онда бабаларыңның асыл арманы бар,ерлігі бар,қаны бар.
Олай болса,оны қадірлей, сақтай біліңдер

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 384 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2014 1068
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нагызбаева Аяулым Жанымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28246
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе