Инфоурок Биология Другие методич. материалыУрок по биологии «Денсаулык»

Урок по биологии «Денсаулык»

Скачать материал

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Денсаулық – байлықтан қымбат»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: БК – 305 тобы

Жетекшісі: Құрмашева Б.

 

 

 

Ақтөбе – 2013 жыл

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлың ер жетті, қызың бой жетті»

 

 

 

 

Орындаған: БК – 305 тобы

Жетекшісі: Құрмашева Б.

 

 

 

 

 

Ақтөбе – 2013 жыл

«Денсаулық – байлықтан қымбат»

Мақсаты:

1)    Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу;

2)    Қоғамдағы зиянды заттардың адам ағзасын тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;

3)    Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, схема сызбалар, интерактивті тақта.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Психологиялық дайындық: Балаларға түрлі түсті қағаздарды таңдату, өз есімдерін жаздырту (сары, көк, жасыл). Не себепті сары түсті таңдадың? Сары түсті таңдаған себебім, күннің көзі жарқырап тұрсын. Көк түсті не себепті таңдадың? Аспанымыз ашық болсын. Жасыл  түсті не себепті таңдадың?  Жасыл түсті таңдаған себебім, жеріміз жап-жасыл болып тұрсын. Осындай балалардың тілегін түрлі түсті қағазға қарап білеміз? Олай болса, бүгінгі сызбамыз арқылы бәріміз «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін біздер зымыран құрастырып алуымыз қажет.

1)    Таңертең ұйқыдан тұрған соң не істеу керек?

2)    Адамның басты байлығы не?

3)    Жаны саудың дені сау?

Балалар зымыранды құрастырдық. Балалар, енді саяхатқа зымыранмен ұшамыз. Енді біз «Денсаулық» деген планетаға келдік. Балалар,  «Денсаулық» деген планетаға келгеннен кейін, «Денсаулық – байлықтан қымбат» атты тәрбие сағатын өткіземіз.

 

 

 

Ассоциация әдісі

 

ДенсаулықКүннің көзі                                                                           Аурухана

  Спорт                                                                                      Таза ауа

       Жеміс жидектер                                                                Дәріхана

 


                                             Дәрігер               Су    

 

                                   Денсаулық

ДОСТАРЫ                                   ҚАСТАРЫ

Таза ауа                                        Еріншектік

Күннің сәулесі                            Ұқыпсыздық

  Тамақ                                        Тойымсыздық

  Еңбек                                           Әдепсіз

   Киім                                          Салақтық

Тазалық                                        Ұйқышылдық

  Ұйқы                                          Надандық

Балалар, «Денсаулық» планетасы бізге Абай атамыздың және Шәкәрім атамыздың өлеңдерін айтып беріңдер деп тапсырма берді.

         Оқушылар ортаға шығып айтады.

2. «Жақсыға жақын бол» планетасы.

         Балалар, адам бойында жақсы қасиеттер болады, жақсы адам болатын бала жақсы қасиеттерді  үйренеді. Сендерге ақылды, адалдықты, шыншылдықты үлкендер айтады.

         Тапсырмасы мынадай екен: «Мақалдар құрастыру».

Оқушыларға мақалдардың орны ауыстырылып беріледі.

1)    Ауырып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мол олжа.

2)    Денің сау болса жарлымын деме,

Жолдасың көп болса жалғызбын деме.

3)    Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

4)    Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

3. «Жамандықтан қашық бол» планетасы.

         Жақсы адам болатын болсаң, жаман мінез-міндеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуың керек. Ата-анаға адалдық – ата-ана борышын ақтау, ауырып-сырқаса, жәрдем ету.

Тапсырма мынадай екен: «Кім тапқыр».

1)    Бес ат, бесеуі де қысқа ат. (Саусақ)

2)    Бір ағашта екі ақ жапырақ. (Құлақ)

3)    Қимылдаса қос шебер,

Қырау-қырау қос шебер. (Қол)

4)    Он жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ)

5)    Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады. (Сүт)

4. «Спорт – сенің серігің» планетасы.

         Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді, адамның шат  көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.

         Қазақтың  ұлттық ойындарын атаңдар. (Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тарту, қыз қуу, т.б.). Ұлттық ойындарды оқушылар көрсетеді.

1-оқушы:

Ерте, ерте ертемен,

Менде өзімше тер төгем.

Айтып жүріп өлеңді,

Сергітемін денемді,

Жалқаулыққа берілмей.

2-оқушы:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

3-оқушы.

Өмір тәтті бал екен,

Ұрпағы балғын тал екен.

Денсаулық бұл пәниде,

Алтыннан қымбат-ақ екен.

4-оқушы.

Біз өмірді таңдаймыз,

Біз өмірді қалаймыз

Әрқашан бар ынтамен,

Салауатты қолдаймыз.

5. «Сауқыру» планетасы.

         «Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды»,- дегендей денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп, түзету өте қиын. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Денсаулықты сақтаудың бірден бір дұрыс жолы – зиянды жат қылықтарға үйренбей, салауатты өмір сүру.

Қорытындылау.

 

 

«ҰЛЫҢ ЕР ЖЕТТІ, ҚЫЗЫҢ БОЙ ЖЕТТІ»

Мақсаты: Ата - аналармен сынып жетекшісінің  және оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру; оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана -сезімін дамыту; ата -ана мен балалардың өзара сыйласымдылығын  арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: бейнематериалдар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған қағаздар, ата-аналар мен оқушылардың тақырыпқа сай шығарылған үнқағазы.

Барысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Армысыздар, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен бірлесе отырып «Ұлың  ер жетті, қызың бой жетті» атты тәрбие сағатын өткізбекшіміз. Ата - ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғаның қалайды. Осы мақсаттан шығу үшін  ата-аналарың барлық өмірін, балалар, сендерге арнайды. Олай болса әр бала ата - ананың еңбегін  әр бала бағалай білуге тиіс. Сендер деп түн ұйқысын төрт бөлген аналарың, жанын салып аянбай  табанынан таусылып еңбек етіп жүрген әкелеріңді құрметтеу әр баланың өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Мына отырған бойжетіп келе жатқан қыздар мен ер  жеткен ұлдар келешек ата-аналарының орнын басатын тәуелсіз елдің азаматысыңдар!

Олай болса ел болашағы жастар, сендердің қолдарыңда.сендердің  әрбір табысың, жақсылығың,  саналы болуың - ата -ана үшін биік мәртебе, үлкен қуаныш. Осыны әрдайым естен шығармағандарың абзал.

1-жүргізуші:  Осынау іс-шараға

     Келіпсіздер жиылып.

     Сәлем бердік сіздерге

     Біз де міне иіліп!

 

     Ұлың өсіп келеді,

     Ата-ананың үміті.

    Тәрбиелеп келесіз

     Ел қорғайтын жігітті!

 

2-жүргізуші: Қыз бой жетіп келеді

   Шуақ шашып әр үйге.

   Гүлдей жайнап өссінші

   Сыйлы болып бәріне!

 

   Ата-ананың жүрегі

  «Бала» деп қана соғады.

   Баласы жақсы адамның

   Басына бақыт қонады.

 

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, тәрбие сағатына дайындық барысында сіздерге бірнеше тақырыптар бойынша дайындалып келу тапсырылған. Олай болса алдымен осы тақырыптар бойынша өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз. Берілген тақырыптар мынадай болатын.

1. Бала тәрбиелеуде ата - аналардың күнделікті білімін жетілдіріп отырудың қандай жолдарын ұсына аласыз?

2. «Ата - аналар әрбір ісімен балаларына үлгі болуы керек» дегенді қалай түсңндіруге болады?

3. Бала тәрбиелеуде озық іс - тәжірибеңізді ортаға салып, қандай ақыл кеңес айта аласыз?

 (ата -аналар осы тақырыпта өз ойларын  айтып тартымды пікірлер, өмір талабына сай терең ой қозғады және барлық ата-аналар осы тақырыпта пікірлер білдірді.)

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен сыныптастар, келесі кезекте ата-аналарымыздың дайындаған «Кемшілік кімнен» атты көріністі тамашалап, сол көрініс туралы пікір алысуға шақырамыз. Қатысатындар: анасы, баласы, Берік, қызы Айнұр.

Автор сөзі: Беріктің әкесі бір кәсіпкердің малын бағатын, ал анасы екі баласының тәрбиесімен үй шаруасында болатын. Бір күні анасы қатты ауырып Берік пен Айнұрдың тамағын дайындай алмай төсек тартып жатып қалды.

Берік: (мектептен келе салып) Мама, қарным ашты. Неге тамақ дайын емес? Неге жатырсң? Тамаө өайда, тамақ!

Анасы: (әрең сөйлеп) Ой, балам, ай тамақ пісіруге күйім келмей қалды. Шай іше салсаңшы, пеште тұрғой. Ойпырмай жаным-ай, күндерің не болар екен?!

Берік: (ашулы күйінде) Шай ғана ма, шайыңды ішпеймін. «Сабаққа бар, сабаққа бар» деп таң атпай қақсайсың. «Тамақ ішем» дедім ғой мен саған.

Анасы: (әрең қозғалып) Қайтейін, ауырсам да тұрайын, кішкене шыдай тұр. Қазір дайындаймын тамағыңды. Айнұрым да келіп қалар. (сол кезде Айнұр кіреді)

Айнұр: (үрейлі дауыспен)Мама, маматай не болды сізге? Ауырып қалдыңыз ба? Қазір киіміміді ауыстырып келейін. Жата беріңіз. Тамақты мен әзірлеймін. Тұрмаңыз, мама дәріңізді ішіп демалып ұйықтап алыңызшы.

Берік: (ашулы қалпында) Ой болыңдаршы созылмай, қайсың дайындасаңдар да тез тамақ әкеліңдер!

Анасы: (өзімен-өзі сөйлесе) Әкесі болса осыларды жеткізем деп мал соңында қаңғып жүр. Қызым болмаса ұлдың жаны ашитын түрі жоқ. Күннен күнге мінезі өзгеріп барады. Тыңдамайтын да болды. Неге бұлай болды екен? Кімнен кеткен кемшілік бұл?

      1-жүргізуші: Пікірсайыс кезегін

Берейік ата-анаға.

Кімнің ойы дұрысын

Зерделесін бала да!

Кімнің сөзі келісті,

Аналар пікір бөліссін,

Тақырып – болсын тәрбие,

Ой қозғалсын жемісті!

Келесі кезекті осы көрініс бойынша ата-аналардың ой-пікіріне береміз.

(Әркім өз ойларын ортаға салып қортынды жасайды).

2-жүргізуші:  Баланың ойы ұшқыр-ақ,

    Тұрады олар жалындап.

    Көрініс жайлы ой қозғап,

    Талассын пікір арындап!

 

     Ата-анаға көмекші

     Бала ойын тыңдайық.

     Ерік беріп оларға,

     Өмірге мынау шыңдайық!

         

Келесі кезекті оқушылар  пікіріне береміз. (Әр оқушы «Кемшілік кімнен?» атты көрніс бойынша өз ойларын ортаға салады).

         1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен сыныптастар, ендігі кезекте «Ананың ақысы» атты бейнефильм көрсетіліп, осы фильм туралы ой қозғалады. (Ата – аналар мен оқушылар фильмнің мазмұны бойынша қазақы дәстүрге жат «Қарттар үйіне» апарылған ананың ақысы туралы пікір білдірді).

2-жүргізуші: Ендігі кезекті ата-анаар шығармашылығына береміз. Ата-аналар балаларына деген ыстық ықыластарын өлеңмен, өнермен жеткізеді.

Ақын ананың балаларға арнауы

Жақсы болса балалар,

Қуанамыз әрдайым.

Жүректен шыққан сендерге

Осы бір сөзді арнайын

 

Балам – өмір гүлімсің,

Жарық сәуле күнімсің!

Сендер үшін ата-анаң

Бірі – бәйтерек, бірі – шың!

 

Сендер, балам, өмірім,

Сөйлейін бүгін төгіліп.

Ұл-қызым жетіп қалды деп

Алаңдайды көңілім!

 

«Бауыр етім - балам» деп

Өмір сүріп келеміз.

«Үміттерді ақтайды» деп

Сендерге біз сенеміз!

 

Өнер, білім үйреніп,

Шыңына өмір шығыңдар.

Ата-ананы қуантып,

Мақтаны болып тұрыңдар!

 

(Ата-аналар ән айтып, күй тартып, би билеп тәрбие сағатының ажарын  ашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады).

1-жүргізуші:       Ата-анама қарызбын

Маған өмір сыйлаған.

Бала қамын ойлаған

Бар ма сіздей сыйлы адам?!

 

«Бала, бала, бала» деп

Бар өмірін арнаған.

Жанұясы жарасқан

Бар ма сіздей арлы адам?!

 

Балалардың ата-анаға деген ыстық ілтипатына назар аударыңыздар.

1-оқушы:  Айналайын әкем менің, қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады.

Сіз арқылы аман-есен ержетіп,

Сіз арқылы білімді адам болғаным.

 

Жақсы болу – бізге міндет, түсінем,

Үлгі аламыз әкелердің ісінен.

Алғысымыз арналады сіздерге

Балаларын әлпештеп-ақ өсірген!

 

Сіздер барда бақыттымыз әрдайым,

Өміріңді, тағдырыңды жалғайық.

Ұстаздардан білім алып өркендеп,

Қияларға қанат қағып самғайық.

 

2-оқушы:  Ақын жаны аналарды жырлаған,

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған.

Аналарға бас иеміз бәріміз

Бар өмірін баласына арнаған.

 

Жаным ана, жаутаңдаған жанарың,

Тыным таппай жеткіздің-ау баланы!

«Әжімденіп ақ жүзің де қалған ба?»

Деп ойлана мен анама қарадым.

 

Балалардан аямадың барыңды,

Аналары әркімге қадірлі.

Артық адам жоқ қой сірә өзіңнен,

Қөңілі кең, жүрегі жұмсақ, жаны ізгі.

 

3-оқушы:  Жаным әке, бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды.

Өзің барда еркелеймін өмірге,

Арқасында алақаныңның аялы.

 

Арқа сүйер асқар тауым – әкемсің,

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін.

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Аман жүрші, айналайын әкешім!

 

Жаным әке, сен мен үшін пірімсің,

Айтылатын әсем әуен, жырымсың.

Өзің барда қысылмаймын қашанда,

Мейірімді, шуағымсың, күнімсің!

 

4-оқушы:  Ата-ана, бақытымсың, барымсың,

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын!

 

Ұлың өсіп ержетті жігіт болып,

Қызың өсіп бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.

 

Жыр жайнап, ой қозғадық кең көлемде,

Балаларың бейім ғой әр өнерге.

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып,

Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге.

 

Ата – аналарға арналған «Бір бәйтерек, бір шынар» әні орындалады.

2-жүргізуші: Келесі кезекте оқушылар дайындаған сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаны тамашалайсыздар.

(Оқушылар күшімен дайындалған шағын қойылымдап мен ән, би, күй өнері көрсетілді).

Мұғалімнің сөзі: Қымбатты ата-аналар мен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатында көптеген мазмұнды пікірлер, тәрбиелік мәні бар озық іс-тәжірибелер ортаға салынды. Ата-анаға да, балаларға да қажетті, тартымды ойлар айтылып, нақты қортындылар жасалды. Тәрбие сағатына жоғары дайындықпен келген ата-аналарға алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз жанып балаларыңыз биіктен көрінсін!

         Оқушылар, сендер айтылған әрбір ақыл-кеңестерден өмірге қажетті тұжырымдарды ойға тоқып, еліміздің білімді де білікті маманы болыңдар!

 

 

  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по биологии «Денсаулык»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

«Денсаулық – байлықтан қымбат» Мақсаты:

1) Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу;

2) Қоғамдағы зиянды заттардың адам ағзасын тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;

3) Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, схема сызбалар, интерактивті тақта.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа сабақ. Психологиялық дайындық:

"Балаларға түрлі түсті қағаздарды таңдату, өз есімдерін жаздырту (сары, көк, жасыл).

Не себепті сары түсті таңдадың?

Сары түсті таңдаған себебім, күннің көзі жарқырап тұрсын.

Көк түсті не себепті таңдадың?

Аспанымыз ашық болсын.

Жасыл түсті не себепті таңдадың?

Жасыл түсті таңдаған себебім, жеріміз жап-жасыл болып тұрсын.

Осындай балалардың тілегін түрлі түсті қағазға қарап білеміз?

Олай болса, бүгінгі сызбамыз арқылы бәріміз «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шығу үшін біздер зымыран құрастырып алуымыз қажет.

1) Таңертең ұйқыдан тұрған соң не істеу керек?

2) Адамның басты байлығы не?

3) Жаны саудың дені сау?

Балалар зымыранды құрастырдық.

Балалар, енді саяхатқа зымыранмен ұшамыз.

Енді біз «Денсаулық» деген планетаға келдік.

Балалар, «Денсаулық» деген планетаға келгеннен кейін,

«Денсаулық – байлықтан қымбат» атты тәрбие сағатын өткіземіз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2014 2085
    • DOCX 58.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байтурина Назкен Аяпбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1870
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1707 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек