»Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»

8 «ә»-сынып

I. Сабақтың тақырыбы: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

II. Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.

2.   Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және                 танымдық қабілеттерін дамыту.

3.     Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке  тәрбиелеу.

III. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.

V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, флипчарт;

VI. Пәнаралық байланыс: математика, тұрмыс техникасы(технология)

VII. Күні: 20.02.14

VIII. Сабақтың өтілу жоспары:

 

Сабақтың өтілу жоспары                                                                                                  

уақыты

 Ұйым

дастыру бөлімі

 

Кіріспе сөз сөйлеу.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2мин

Негізгі бөлім

1.  Өткен тақырыпты қайталау(тест сұрақтар)

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3. Жаңа сабақты игеру(практикалық жұмыс)

4. Тақырып бойынша есепті талдау

4мин

15мин

10мин

4мин

Қорытынды

1.жеке карточка бойынша өздік жұмыс

2. тестік тапсырма

7 мин

 

3)Мұғалімнің  қорытынды сөзі.

3мин

 

IX. Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру. Параграфты түсіндіру.

2.     Оқушының түсінгенін тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).

 

1- тірек-сызба

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды

 

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады 

 
 

 


 

                                

 

 


Электр кернеуінің өлшем бірлігі-вольт (В)

 

Электр тогының өлшем бірлігі-Ампер (А)

 
 

 

Электр кернеуін өлшейтін құрал-Волтьметр

 

Электр тогын өлшейтін құрал-Ампарметр

 
 

 

 

 


                                   2- тірек-сызба

 

 

 

 

 


3. Жаңа сабақ:

         Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б электр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.

         Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:

1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).

  

1-    сурет                     2-сурет

         2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде,  ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды (2-сурет).

 

3-тірек-сызба

Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

 

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбекиегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

 
        

 

                                                                     

 

            

 

 


 
                                                                    

 

 


                                                                                                                            

 

Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:

1)барлық өткізгіштердегі тоқ күші бірдей;

2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;

3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең:

4) өткізгіштердегі кернеу түсуі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.

 

 Қорыта айтсақ өткізгіштерді паралель қосқанда:

1)әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;

2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі тоқ күші өткізгіштердегі тоқтардың қосындысына тең;

3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамаларының қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі тоқ күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілерінң кері шамаларының қатынасына тең.

 

X. Сабақты қорыту.

Практикалық тапсырма: Есеп шығару;

Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

А тобы

1. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

(Жауабы: І=7мА.)

2. Өткізгіштің көлденең кимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

(Жауабы:  І= 0,7 А.)

3.  Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытка созылады?

(Жауабы: t=15 с.)

4.  Бір миллиард электронның заряды қанша кулонға тең? е = -1,6*10-19 Кл.

(Жауабы:е = -1,6*10-10 Кл.)

5. Металл өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда, 1 с ішінде оның қимасы арқылы өтетін электрондар санын есептеңдер.

(Жауабы:N = 5*1012.)

 

Б тобы

 

1.  Алюминий және мыс сымдарының массалары мен көлденең қималарының аудандары бірдей. Осы сымдардың кедергілері үлкен? ρ А= 0,028Ом*мм2/м; ρМ = 0,017Ом*мм2/м.

2. Қолда біртекті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе артық. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі көп және неше есе?

3.  Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының ауданы 2 мм2 темір сымның массасын анықтаңдар. ρТ = 0,1Ом*мм2/м.

4. Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай? ρМ=0,017 Ом*мм2/м.

5. Мыс сымнан жасалған катушканың кедергісі R= 10,8 Ом мыс сымның салмағы Р = 34 Н. Катушкаға неше метр сым оралған және ол сымның dдиаметрі қандай? ρМ = 0,017Ом*мм2/м.

 

С тобы

 

1.  1-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = R3 = 3 Ом, R2 = 6 Ом, R4 = 5 Ом, R5 = 10 Ом, R6 = 30 Ом, ал жалпы кернеу UАВ = 48 В болса, тізбектегі токтың таралуын табыңдар.

2.  2-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 6,4 Ом, R2 = 4,2 Ом, R3 = 12 Ом, R4 = 6 Ом, R5 = 3 Ом, R6 = 8 Ом, R7 = 20 Ом. Амперметрдің корсетуі 10 А болса, тізбектегі жалпы кернеуді және токтардың таралуын табыңдар.

3. 3-суреттегі тізбектің барлық кедергілері бірдей және әрқайсысы 34 Ом және тізбектің ұштарындағы жалпы кернеу 7,3 В болса, тізбектегі жалпы токты табыңдар.

4. 4-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 1,25 Ом, R2 = 1 Ом, R3 = 3 Ом, R4 = 7 Ом және жалпы кернеуі 2,8 В болса, амперметрдің керсетуін табыңдар.

 

                      XI. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

(оқу, түсіну)

 

Краткое описание материала

"Описание материала:

Ашық сабақ »Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» - оқушылардың физика сабағында ең күрделі тақырыптардың бірі болып танылады.Сондықтан мен, сабақтың көрнекілігі ретінде флипчарттарға негізделе отырып жасадым. Түрлі бейнетаспалар арқасында оқушыларға сабағымды дәріптедім.

Балалар сабақ барысында өткен тақырыптарды қайталау ретінде тоқ көздерін, кернеу, кедергіні табуды үйрететін жеңіл ритмикалық есептерге көп көңіл бөлдім. Тақырып ауыр болғандықтан, тіл орамдарын жеңілдеттім. Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар пайдаланылады.

Оқушылар көбінесе параллель мен тізбектей айыруды нашар таниды. Ондай жағдаяттар тумас үшін, мен тізбектей жалғауға-(гирлянды(шырша безендергіштерді)), ал параллель жалғауға(түрлі сынып төбесіндегі(шамдарды)) келтірдім. Сабақтың кезеңдері бір - бірімен байланысты болды.

»Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Ошакбаева Жанар Кадирхановна

учитель физики

  • На сайте: 10 лет и 7 месяцев
  • Всего просмотров: 158209
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 22
  • 158209
    просмотров
  • 22
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Ошакбаева Жанар Кадирхановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: