Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Өнерлі жастар ұшатын ұя
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Өнерлі жастар ұшатын ұя

библиотека
материалов

Аты-жөні: Дармишев Ерлан Ерузакович

Туған жылы: 1972

Бітірген оқу орны: І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті - 1995

Білімі: жоғары

Мамандығы: еңбек, физика және информатика мұғалімі

Еңбек өтілі: 18

Санаты: жоғары

Лаузымы: Сарқан гуманитарлық колледжінің директоры

hello_html_m6ab5c5de.jpg










Өнерлі жастар ұшатын ұя


Еліміздің экономикасын нығайтуда, ұлттық потенциалды арттыруда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісі маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда Сарқан гуманитарлық колледжі қазіргі заман талабына сай білім беруде еңбектеніп келеді.

Колледждің негізгі мақсаты-ауыл аймақтарының мәдениеті және білім беру ісін дамытуда білікті орта буын мамандарын даярлау болып табылыды.

Сонымен қатар, тәжирибелі де, ұйымшыл педагогикалық ұжымы қалыптасқан. 1971 жылы Сарқан мәдени ағарту училищесі болып құрылып, алғашқы директоры қызметін М.Б.Бекмұхамбетов атқарды, 1981-2008 жылға дейін, 25 жылдан аса В.А.Ли басшылық етіп, құрметпен зейнеткерлікке шықты.

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда колледжде білім беру бағыты жан-жақты қарастырылған.

Колледж оқу - зертханалық бөлмелермен қамтамасыз етілген, нормативті талаптарға сай, жалпы білім беретін пәндер 100 % құрады. Оқу бөлмелерінде және зертханаларда заман талабына сай білім беру жағдайы білім беру жүйесінің стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Ұжымның ғылыми-әдiстемелiк қызметi арттырылды, әлеуметтiк әрiптестермен ынтымақтастық кеңiдi, дарынды жастармен мақсатты жұмыстар жүргiзiлдi.

Жыл сайын колледж оқытушылары және оқушылары облыстық, аудандық іс-шараларға қатысады. Әрбір өткізілген іс-шаралар нәтижелеріне байланысты ең жақсы жұмыстар аудандық облыстық газет-журналдарға, каталогқа жарияланады.

2009-2011 оқу жылдарында 0403000 – «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылық» мамандығы бойынша колледж оқытушылары М.К. Гылко, О.Н. Ракитянская, Г.М. Рысбекова, А.Т. Жумаханова, Д.Г. Каримова, Г.Б.Рысбаевалар типтік оқу бағдарламаларын құрастырды. Бұл типтік оқу бағдарламалары ҚР-ның Білім министрлігінде бекітіліп, шығарылды.

Колледж оқытушылары О.М. Каркетерова және Е.А. Петренко «Қаржы (салалар бойынша)» мамандығы бойынша оқушыларға арналған тапсырмалар және жұмыс дәптерінің авторлары, оқытушы Д.Г. Каримова, О.Н. Ракитянская, М.В. Асановалар концертмейстер үшін көмекші құралдың авторлары, оқытушы Г.Ф. Каримова ағылшын тілінен оқушыларға оқулық бойынша материалды сызба түрінде жеңілдетіп беру барысында көмекші құралын шығарды. Сонымен бірге «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркемдік шығармашылық» мамандығы бойынша оқытушылар К.А. Касымбекова мен К.К. Оразаева «Көпшілік ойындар» пәні бойынша ойын түрлерінің жиынтығы жинақталған, оқушылар үшін аса қажет оқулықтың авторлары болып табылады. Сонымен бірге, оқытушыларымыз Д.Г. Каримова, О.Н. Ракитянская, М.В. Асанова - «Вокалді асамбль»; М.К. Гылко, М.Р. Кожапова, О.Н. Ракитянская - «Арнайы аспап»; М.Р. Кожапова, О.Н. Ракитянская - «Дирижерлау» оқулығының авторлары.

Колледжішілік оқушылар аралық конференция тақырыбын анықтап,ұйымдастыру іс-шаралары жүзеге асырылды.

2011-2012 оқу жылының қыркүйек айында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Искаков Д.М. «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің айлығы аясында өткізілген «Тілдарын - 2011» облыстық олимпиадасына қатысып, білімділігімен ерекшелініп, ІІІ орынды жеңіп алды және Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының ІІІ дәрежелі Дипломымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген мектеп мұғалімдері мен оқушылардың облыстық сурет көрмесіне оқытушы Е.Ж. Ермеков «Тәуелсіздікке 20 жыл» көркемсурет шығармасы, оқытушы Ж.Б. Масакбаева «Каллы» терімен жұмысы, оқытушы Н.К. Ахбанбаева «Кесте» жұмысы, оқытушы Г.Ш. Ахамбаева «Сұлулық әлемі» терімен шығармашылығы, оқытушы Л.А. Копылованың «Светлая память о матери» натюрморты, оқытушы Ж.К. Жумабекованың «Гүл шоғыры» кесте жұмыстары қатыстырылып, шығармалары арнайы жинақ каталогіне енгізілді.

2011 жылдың қараша айында колледж оқытушылары М.К. Гылко және С.А Гылколар Қарағанды облыстық қоғам «WIEDERGEBURT» орталығы тарапынан ұйымдастырылған ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай VІ Республикалық неміс орталығының фестиваль-конкурсына қатысып, С.А. Гылко ІІІ премия лауреатының «Дипломына» ие болды. 2012 жылдың 24-27 наурыз аралығында өткен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 80 жылдығына орай өткізілген ХХХІІІ Республикалық орындаушылар конкурсына колледж оқытушылары Т.Е. Ерболғанова, Д.К.Канабековалар конкурсқа лауреат дайындағандары үшін «Мадақтамалармен» марапатталды.

2012 жылдың сәуір айында колледж оқытушылары А.К. Кылышбаева және К.А. Касымбекова Алматы қаласында Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде І-ші халықаралық цирк өнері форумы «Қазақстан өнері Еуразия кеңістігінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «Педагогика және психология» секциясында баяндамасымен қатысып «Мадақтамамен» марапатталды және осы конференцияға аталған секция бойынша болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тиімді әдіс-тәсілдерінің қолдану жолдарын ұсынып, өз іс-тәжірибесін жоғарғы деңгейде көрсете білгендері үшін оқытушылар А.К. Кылышбаева және К.А. Касымбековалар «Дипломдармен» марапатталды

Мамыр айында колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы В.Т. Нұртөлеу және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Д. Мустафанова Жаркент қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Дарынды балаларға – дарынды ұстаз» атты VІІ Республикалық педагогикалық жас мамандар олимпиадасына қатысып, В.Т. Нұртөлеу «Ең үздік ауыл мұғалімі» ноимнациясымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған «Би өнері» номинациясы бойынша дәстүрлі «Өнерім-өмірім» атты вокалды-хореографиялық байқауға «Қосалқа» би ансамбі қатысып, ерекше орындаушылық шеберлігі үшін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Дипломымен» марапатталды.

Қыркүйек айында Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген Абай оқулары облыстық байқауға қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы В.Т. Нұртөлеудің жетекшілігімен оқушысы Гункель Анжелина қатысып» Абай поэзиясы» номинациясы бойынша Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Дипломымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген мектеп мұғалімдері мен оқушылардың облыстық сурет көрмесіне оқытушы С.М. Сыбановтың жетекшілігімен оқушысы Калибекова Зарина «Майшам» шекіме, Козловская Настя «Жетісу» шекіме жұмыстары, оқытушы Е.Ж. Ермековтың жетекшілігімен оқушысы Танирбергенова Жадыра «Портрет», Сыдықбек Гульнур «Автопортрет», М.А. Иманалиннің оқушысы Тілеухан Еркетай «Аққу» ағаш, оқытушы Ж.Б. Масакбаеваның жетекшілігімен оқушысы Альбек Саяжанның «Кесте» жұмысы, оқытушы Ж.К. Жумабекованың жетекшілігімен оқушысы Абельдина Асельдің ілмек бізбен жұмысы, оқытушы Г.Б. Сартбаеваның жетекшілігімен оқушысы Базарлы Сымбат «Ерен еңбек жеңістері» атты жұмыстарымен қатысып, Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты тарапынан шыққан облыстық сурет көрмесі каталогіне шығармалары енгізіліп, оқушы Базарлы Сымбат «Ерен еңбек жеңістері» жұмысы жоғары бағаланып, АОМКДИ-ның грамотасымен марапатталды.

2012 жылдың 1-2 наурызында облыстық КҒА байқауына колледждің 13 оқушысы қатысып, 203 А топ оқушысы Биясил Мадина (жетекшісі А.К. Кылышбаева) 1-орынды иеленіп, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің «Мақтау қағазымен» марапатталды және Республикалық КҒА байқауына қатысып, І орынды иеленіп, халықаралық ҚР КҒА байқауына қатысуға жолдама алды. Қалған оқушылар 204 Ф топ – Төртбаев Д. (Ш.Ж. Ахметжанова), Кубентаева Н. (Я.Г. Каримова), 304 Ф тобы – Ергалиев Ә.(Б.Ж. Нурмолдина), 403 А тобы – Серікбекқызы А. (А.Ж. Андабекова), 201 ХО тобы – Мұхтар М. (М.А. Иманалин), 302 ХК тобы – Рапхат (К.А. Касымбекова), 303 А тобы – Ынтықбаева П. (С.К. Кокбаева), 304 Ф тобы – Граб Е. (Е.А. Петренко), 303 А тобы – Абылқас М. (С.К. Кокбаева), 202 КО тобы – Савченко Т.С. (Р.А. Ишмухамедова), 403 А тобы – Атеева А. (Г.Ф. Каримова ), 202 КОтобы – Нұрғажы М. (Г.М. Рыспекова) «Алғыс хатпен» марапатталды.

2012 жылдың 24-27 наурыз аралығында өткен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 80 жылдығына орай өткізілген ХХХІІІ Республикалық орындаушылар конкурсына 302 ХК топ оқушылары Құштар Серік, Ұшан Шалқар қатысып, ақтық мәреде үздік орындағаны үшін «Мадақтамалармен» марапатталды және колледж оқытушылары Т.Е. Ерболғанова, Д.К.Канабековалар конкурсқа лауреат дайындағандары үшін «Мадақтамалармен» марапатталды.

2012 жылдың 11 сәуірінде «Бизнес, құқық және жаңа технологиялар» колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа ғасыр жастары және бүгінгі таңдағы ғылымның өзекті мәселелері» атты студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясына оқытушы К.М. Мамбетбаевтың жетекшілігімен 204 Ф топ оқушысы Мингазова Карина «Современная молодежь РК – это надежная опора президента» баяндамасымен қатысып, І орынды иеленді және204 Ф топ оқушысы Төртбаев Дархан оқытушы Ш.Ж. Ахметжанованың жетекшілігімен «Сызықтық алгебра элементтерін өндірісте қолдану» атты баяндамасымен қатысып, ІІІ орынды, 203А топ оқушысы Биясил Мадина оқытушы А.К. Кылышбаеваның жетекшілігімен «Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі - біртұтас» атты баяндамасымен – 1орын, 204 Ф топ оқушысы Қыдырбекова Жанна оқытушы О.М. Каркетерованың жетекшілігімен «Независимость, единство» баяндамасымен ІІІ орын, 204 Ф топ оқушысы Перевалов Максим оқытушы Е.А. Петренконың жетекшілігімен «Анализ себестоимостипродукции и пути ее снижения» баяндамасымен қатысып, І орынды иеленіп, барлық оқушылар колледждің «Дипломдарымен» марапатталды. 303 А топ оқушысы Абылқас Меруерт оқытушы А.Ж. Андабекованың жетекшілігімен «Выбор моей профессиональной деятельности» атты баяндамасымен қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды және 303 А топ оқушысы Елюбек Айгерім оқытушы С.К. Кокбаеваның жетекшілігімен «Болашақ – жастардың қолында» атты баяндамасымен конференцияға қатысып, барлық оқушылардың жұмыстары конференция материалдар жинақ кітабына енгізілді.

Сәуір айында Сарқан қаласының мәдениет үйінде ұйымдастырылған аудандық «Жетісу аруы - 2012» байқауына 203 А топ оқушысы Шадиева Айгерім қатысып, бас жүлдені жеңіп алып, аудандық мәдениет үйінің «Мадақтамасымен» марапатталды.

2012 жылы мамыр айында облыстық VІІІ Дельфийлік ойындарына оқушысы Тілейхан Мейрамбек (жетекшісі Б. Байлау) ІІ дәрежелі, Ұшан Шалқар (Құттыбеков Ы.Б.), ІІІ дәрежелі, Қанат Ерзат (М.К. Гылко), Рапхат (С.А. Гылко) ІІІ дәрежелі, «Айкүміс» бишілер тобы ІІ дәрежелі (Г.М. Рыспекова), СҚӨ : Смағұлова Айдана ІІІ дәрежелі (Ж.К.Жумабекова), Қожағали Әділет ІІ дәрежелі (Н.К.Оразбаев), Диханбаев Абылай ІІ дәрежелі (С.М.Сыбанов), Құралбек Мәрзия І дәрежелі (А.Ж.Арынова), Латай Асылбек ІІ дәр. (Ю.М Хен), Смағұл Айдана ІІІ дәрежелі (Л.А. Копылова), Исабаев Салауат І дәрежелі (Г.Б.Сартбаева) Алматы облыстық білім басқармасының «Дипломдарымен» марапатталды.

Оқу ордасының өмірінде, білім беру жолында тиісті деңгейде қайрат, күш-жігерді қажет ететін қиыншылықтар аз емес, соған қарамастан колледж осы уақытқа дейін барлығын басынан кешіріп, басшылардың біліктілігі, білімділіктері арқасында осы уақытқа дейін сұраныс бойынша мамандарды өз деңгейінде даярлап, көпшілік көңілінен шығуға еңбектеніп келеді. Әлі де алар асу алда. Мұнда түлектеріміздің балалары дәріс алып, өмірден өз орындарын іздеуі дәстүрге айналып барады. Кәсіби оқытумен және жастарды тәрбиелеу- біздің өлкеміз және Республикамыздың болашағы үшін аса қажет екендіктеріне колледж ұжымы аса сенімді.


Резюме: Материал посвящен истории и пути развития Сарканского гуманитарного колледжа. Определены основные направления работы, представлена информация по главным достижениям колледжа на научных конференциях, творческих конкурсах, педагогчиеских олимпиадах. В татье проведен небольшой анализ работы каждой предметно-цикловой комиссии колледжа: «Начальное образование» (председатель Каримова Г.Ф.), «Декоративно-прикладное творчество» (председатель Сыбанов С.М.), «Финансы» (председатель Каркетерова О.М.), «Музыкально-теоретические дисцилипны и народное творчество» (председатель Рысбаева Г.Б.)

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Материал посвящен" истории и пути развития Сарканского гуманитарного колледжа.

Определены основные направления работы, представлена информация по главным достижениям колледжа на научных конференциях, творческих конкурсах, педагогчиеских олимпиадах.

В татье проведен небольшой анализ работы каждой предметно-цикловой комиссии колледжа:

«Начальное образование» (председатель Каримова Г.Ф.), «Декоративно-прикладное творчество» (председатель Сыбанов С.М.), «Финансы» (председатель Каркетерова О.М.), «Музыкально-теоретические дисцилипны и народное творчество» (председатель Рысбаева Г.Б.)

Автор
Дата добавления 25.02.2014
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров450
Номер материала 32221022526
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх