Күні: 19.02.2013ж
Пәннің аты: «Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттардың электрт
жабдықтары»
Топ: Э-41
Сабақтың тақырыбы: «Жарықтық техникасы негіздері» бөлімі
бойынша қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы бөлім бойынша білімдерін және сабақты қалай меңгергенін тексеру
Білімділік – оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және білімдерін қорытындылау;
Дамытушылық – оқушылардың білімдерін, ізденімпаздылықтарын дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды сабаққа адал ниетпен, ынтамен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
Сабақ әдісі: «Миға шабуыл» ойын сабағы, сұрақ-жауап, презентация, сұлбалармен жұмыс жасау.
Пәнаралық байланыс: физика, электроника теория негіздері,
Оқу құралдары: интерактивті тақта, плакаттар, слайд, шамдар түрлері, оқулық, магнитті тақта, карточкалар.
Әдебиеттер: Ө.Өтешов «Электротехникалық жабдықтар», Алматы – 2007, «Электрооборудование промышленных предприятий», Москва, «Стройиздат» - 1977, Справочная книга для проектирования электрооборудований, Л:Энергия - 1976
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин)
Пән бойынша оқушылардың білімін тексеру
Ойын ережесі:
Топ алдын –ала екі топқа бөлінді: «Люкс» және «Жарық шамдар»
Сабақ басталады. Оның мақсаты жарияланады. Әділқазылар алқасы ойын ережесімен танысады, ойынға бес балдық баға жүйесі енгізіледі.
I тур: «Сұрақ - жауап», «Миға шабуыл» әр командаға 10 сұрақтан беріледі, әділқазылар топтарды бағалайды;
II тур: «Ой жылдамдығы», топтарға формулалар жасырылады, оның қажетті мүшесін табу керек;
III тур: «Схемамен жұмыс», әр топқа бір сұлба суретімен карточка беріледі. Сол сұлбаны топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
IV тур: «Үй тапсырмасы», топтар бір-біріне сұрақ қояды.
V тур: «Фото шоу» слайдта көрсетілген шамдар түрлерінің атауларын атау қажет.
I тур «Сұрақ - жауап»
Спектрдің оптикалық диапозоны 3 түрлі сәулеленулерден тұрады, соларды ата:
Жауабы: а) толқын ұзындығы 10…380 нм аралығындағы интервалда жататын ультракүлгін сәулелер;
б) толқын ұзындығы 380...770 нм аралығындағы интервалда жататын көрнекілік сәулелер;
в) толқын ұзындығы 770 нм-ден 1 мм аралығындағы интервалда жататын инфрақызыл сәулелер
2. Жылулық жарық көздеріне не жатады?
Жауабы: а) жалынды жарық көздері (лаулаған от, шам, шырақ, шірпі); б) электрлік қыздыру шамдары
3. Люминисценсиялық құбылыстың түрлері:
Жауабы: электролюминисценсия, фотолюминисценсия, радиолюминисценсия, химилюминисценсия
4.Электролюминисценсия деп:
Жауабы: электрлік өрісте зарядталған бөлшектердің иондар мен электрондардың соқтығуынан пайда болған сәулеленуді айтады
5.Радиолюминисценсия деп:
Жауабы: α және β бөлшектері немесе γ сәулелері әсерінен кей заттарда пайда болатын оптикалық сәулеленуді айтады
6.Фотолюминисценсия деп:
Жауабы: фотондарды немесе кванттарды жұтудың әсерінен пайда болған сәулеленуді айтады
7.Химилюминисценсия деп:
Жауабы: химиялық реакцияның энергиясы тікелей жарық энергиясына айналған уақыттағы сәулеленуді айтады
8.Инфрақызыл сәулелену көздері спектр құрамына байланысты неше түрге бөлінеді?
Жауабы: екі түрге, жарық және қараңғы
9.Люминисценттік шамдарының үлгі қалыптық түстерінің белгілері қалай аталады? (Д, Б, ХБ, ДЦ, Е, БЕ, ХЕ)
Жауабы: Д – күндізгі, Б – ақ түсті, ХБ – салқын ақ түсті, ДЦ – түс берілісі, Е – табиғи, БЕ – табиғи ақ түсті, ХЕ – салқын табиғи түсті
10.Шамдар жарықтықты шағылыстыруы мен жарық өткізгіштік элементтеріне қарай неше түрге бөлінеді?
Жауабы: жеті түрге, яғни қуатына, кернеуине, жарық ағынына, өлшеміне, сыртқы түріне, газ түріне, баллондарына;
11.Қыздыру шамдарының кең таралуы қандай себептерге байланысты?
Жауабы: сәуле шығару спектрінің жұмыс орнына жалпы жарық беруге жарайтындығы, қолданылуының әмбебаптығы, құрылысының қарапайымдылығы, пайдалануға ыңғайлылығы;
12.Шамдардың типі әріппен және сандармен белгіленеді, мына әріптер қандай шамның түрін көрсетеді: В, Г, Б, БК
Жауабы: Г – газ толтырылған; В – вакуумдық; Б – қос спиральді, БК - қос спиральді криптонмен толтырылған.
13.ДРЛ шамдарының жақсы жақтары:
Жауабы: бірлік қуаты және сәулелені ағыны жоғары, негізгі сипаттамалары қоршаған ортаның жағдайларына бейтәуелді, мөлшерлері кіші, қызмет ету мерзімі көп, тұтынуы сенімді;
14.ДРЛ шамдарының кемшіліктері:
Жауабы: сәулеленуінде спектрдің қызыл бөлімі өте аз болғандықтан, түс берістігінің қанағатсыздығы, тұтануының ұзақтығы;
15. Газразрядтық оптикалық сәуле шығару көздерінің жұмыс режиминдеги қысымға байланысты үш түрге бөлінеді, оларды атаңдар:
Жауабы: 1) разряд кезіндегі қысым 0,01 МПа болатын кіші қысымды шамдар (люминисценттік, эритемдік және бактерицидтік); 2) жұмыс режиминдегі қысым 0,01-1,0 МПа болатын жоғары қысымды (ДРЛ, ДРЛФ, ДРВ, ДРТ, ДНаТ, ДРИ, ДКсТ) шамдар; 3) разряд кезіндегі қысым 1 МПа-дан жоғары болатын өте жоғары қысымды шамдар
16.Дроссельдің негізгі міндеттері:
Жауабы: шамдағы доғалық разряд кезінде тізбектегі токтың мәнін тұрақты ұстау
17.ДРВЛ – ажыратып айт:
Жауабы: доғалық сынап – вольфрамды люминисценттік шам
18.Жалпы мақсатқа арналған қыздыру шамдарының орташа жұмыс істеу мерзімі қанша сағатты құрайды?
Жауабы: 1000 сағаттан кем емес
19.Жалпы мақсатқа арналған қыздыру шамдарының қызу денесі не себептен спиральдан (шайыршық) жасалады?
Жауабы: газда жылу шығынын және қыздыру материалының булану жылдамдығын азайту үшін
20. ДРВЛ шамының ДРЛ шамынан айырмашылығы:
Жауабы: сыртқы көрінісінде айырмашылық жоқ, тек колба ішіндегі жанарғы айналасында газразрядтық аралыққа тізбектеп қосылған вольфрам спираль енгізілген
II тур: «Ой жылдамдығы» формулалар
«Люкс» командасына
1.Жарық бетіндегі қыздыру шамдарының үнемділігін көрсететін негізгі сипаттамалардың бірі:
?=F/P (лм/Вт) (Н)
2. Энергияның сақталу заңы:
hVk = ? + q (hVc )
3. Жарықтандырудың теңдеуі және өлшем бірлігі:
E= ? / S (Ф) 1 лк = ? / 1 м2 (1 лм)
4. Жарықтықтың жарық аумағы мен жарық күшінің қатынасы:
? = I / S (Lярк)
5. Cәулелену көлемінің қатынасы сәулелену күшінің жарық ағынына берілуі:
? = Фρ / Фпод (ρ)
«Жарық шамдар» командасына
6. Жарық ағынының пульстенуі пульстену коэффициентімен бағаланады:
d = Fmax-Fmin/ ? (Fmax+Fmin )
7. Жарықтандырғыштың қажетті санын анықтайтын теңдеу:
N = ? /η Фл (Енорм S· K·Z )
8. Өткізу денесі арқылы өтетін көлем қатынасының жарық ағынына берілуі:
? = Фτ / Фпод (τ)
9. Жарық ағымын беру үшін құрылымның қосындысы:
ρ + α + τ = (1)
10. Жұтылу жарық ағынының берілуі ағынының қатынасы:
? = Фα / Фпод (α)
III тур: «Схемамен жұмыс», әр топқа бір схемадан
«Люкс» командасына ДРЛ шам, «Жарық шамдар» командасына ДРИ шам
IV тур: «Үй тапсырмасы», топтар бір-біріне сұрақ қояды, үй тапсырмасы:
V тур: «Фото шоу» слайдта көрсетілген шамдар түрлерінің атауларын атау қажет.
3.«Миға шабуыл» ойынының қорытындысын шығару. Әділқазылардың сөзі. Әділқазылар топтарды бағалайды;
4.Мұғалімнің қорытынды сөзі. Марапаттау. Оқушыларды бағалау.
Арнайы пән оқытушысы: Шаяхметова Жазира Боранбаевна
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.