Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Қоршаған ортаны қорғау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қоршаған ортаны қорғау

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау

Мақсаты:

А) Білімділігі: қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Ә) Дамытушылығы: оқушының сөйлеу әрекеттерін, ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Б) Тәрбиелілігі: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, дәстүрлі проблемалық әдіс, мәтінмен жұмыс, суретпен жұмыс, ойландыру.

Оқыту формасы: топпен жұмыс

Көрнекіліктер: интерактивті тақтада слайд, фильм, сурет көрсету, үлестірмелі карточкалар, компьютер, тестілеу.

Сәлемдесу.

Шеңберге орналасу, амандасу

  Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
- Амансың ба, Алтын күн?!
- Амансың ба, Көк аспан?!
- Амансың ба, Жер-Ана?!
- Амансың ба, достарым?!
- Сіздерді көрсем қуанам!
- Енді қонақтармен амандасайық.
- Үлкенге де сіз!
- Кішіге де сіз!
- Баршаңызды құрметтеп 
- Бас иеміз біз!

- Сәттілік тілеу.

-Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты қарастырдық?

-Дұрыс. Олай болса, бүгін бұл тақырыпты өрбітіп жалғастырамыз.

-Мына көрініске назар аударыңдар ( табиғат көрінісі)



Сөздік

Қоршаған орта-

Мәселе-

Болашақ-

Мөлдір-

Оқылым 115бет 1-тапсырма

Мәтінді мәнерлеп оқып, өз ойларыңды айтыңдар.

Жазылым.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

3-деңгей

1-топ. «Мәселе» сөзін тәуелдеу

2-топ. «Қорғаушы» сөзін жіктеу

2-деңгей

  1. Есімдіктердің керектісін алып, сөйлемдер жасаңдар.

  1. Балалар (бәрі/ешкім) далада қыдырып жүр.

  2. Оқушылар (барлығы/ешқашан) мектеп ауласын тазалап шықты.

  3. Біз (түгел /ешбір) табиғатты қорғаймыз.

  1. Антонимдерін табыңдар. 

Тұщы-ащы

Мөлдір-лай

Таза-лас

Түгел-ешкім

1-деңгей

Табиғатты аялауға қандай үлес қосасың? Сурет салып, қорғау

Қабырғаға газет шығару;

Көктемде ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысу;

Сурет салу сайысына қатысу;

Саябақтарды, көшелерді тазалау.

Табиғатты аялауға мынадай үлес қосқым келеді:


_______________________________________________________


Егер осы жоғарыда аталған іс - шаралар өз деңгейінде атқарылса, келешекте – көк майса ағаштары жайқалған, мөлдіреген айдын шалқар көлі, ауасы кіршіксіз таза, ғажайып қоршаған ортаға қол жеткізер едік.

Видеофильм көрсету «Қызыл кітапқа енген ....»
1-топқа

Тыңдалым (ауызша оқу)

Қорықтар неге керек?

Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.

Олар азайып,жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады.Құстар сайрап,көбелектер ұшып,гулдер гулдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет.

Өзімізді қоршаған табиғи ортаны табиғатты аялай құрметтеп тани білейік.Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей,гулдер мен өсімдіктерді жұлып,таптамау керек.Табиғатты ар ожаны таза саналы адамдар ғана қорғай алады.

Еліьізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді жануарлар мен аң құстарды қорғап сақтайтын қорықтар көп.


2-топқа

Тыңдалым (компьютерден тыңдау)

Қорықтар неге керек?

Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Наурызым қорығы, Алматы, Барсакелмес, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау қорықтары бар. Орман мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды, қорғап сақтайтын қорық көп. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін, біздер өз Отанымыздың табиғатын қорғауымыз керек. Бірақ, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстар да аз емес. Сондықтан, балалар, табиғатқа аяушылық көзімізбен қарайық.

Қалай, ойлайсыңдар қорықтар не үшін керек?

(Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.)

Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.


Егер қоршаған орта таза болса:

Күнделікті дем алатын ауамыз таза болады.
Қоршаған ортаның сұлулығы артады.
Адамдар ауру - сырқаудан арылады.
Елімізде дені сау тұлға қалыптасады, жеріміз көркем, әсем болып жайнар еді.
Қорытындылау.

  1. Тілдесім. Өлеңді тыңдату, өз ойларын білдіру.

Табиғаттың панасымыз.

  1. Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті!» — деп сөге алмас.

  1. Аю байғұс аяғын

Алса жырып, қанатып,

Жарасын кім таңады?

Кім бар бағып-қағатын?!

  1. Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы


  1. Тест тапсырмасын орындау.

  1. Біз қоршаған ортаны .... .

  1. Қорғаймыз

  2. Қорғамаймыз

  3. Сақтамаймыз

  4. Ластаймыз

  5. Тазартпаймыз

  1. Есімдік деген не, анықтаңыз.

  1. Сөз

  2. Сөз тіркесі

  3. Дыбыс

  4. Есім сөздер орнына қолданылады

  5. Есім сөздер орнына қолданылмайды

  1. Есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.

  1. Жақты

  2. Жалпы

  3. Жалқы

  4. Жалпылау

  5. Болымсыздық

  1. Сөйлемде керекті есімдікті жазыңыз:

Оқушылардың ...... сыныпта отыр.

  1. ешкім

  2. бәрі

  3. түгелі

  4. олар

  5. ешкім

  1. Есімдікті табыңыз.

  1. Оқушы

  2. Ағаш

  3. Құс

  4. Біз

  5. Оның

  6. 5-ші маусым қандай күн, көрсетіңіз.

  1. Тәуелсіздік күні

  2. Табиғат күні

  3. Табиғатты қорғау күні

  4. Табиғатты тазаламау күні

  5. Табиғатты ластау күні


Үй жұмысы: Табиғатты аялауға мынадай үлес қосар едім. Эссе жазу

Менің арманымдағы қоршаған ортаның көрінісі. (Әдемі табиғат суреттер көрсетіледі).

Бағалау.

Р/с

Оқушының аты-жөні

Оқылым

Жазылым

Тыңдалым

Тілдесім

Ұпай





































Краткое описание документа:

"Описание материала:

Разработка урока на экологическую тему, которая позволит учащимся познать законы природы, познакомиться с факторами природных стихий. План - конспект урока написан на казахском языке для учащихся русских школ. Рассматриваются на ряду с лексической темой грамматические материалы, способствующие усвоению орфографической грамотности учащихся, навыков разговорной речи. Умело подобраны тексты, работа над которыми позволит учащимся делать выводы о законах природы и экологии. В конспекте содержится итоговый тест.

Автор
Дата добавления 27.02.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров949
Номер материала 32613022725
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх