Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сәкен Сейфуллин «Дала»

Сәкен Сейфуллин «Дала»

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Дала»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Дала» өлеңімен таныстыру, негізгі идеясын көтеру.

  2. Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Табиғатқа деген махаббатын арттыру

  3. Тәрбиелік: Адал достыққа үндеу, махаббаттың белгісін айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым – қатынасын дамыту, қоршаған ортану қорғауға шақыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Формалары: топтық, жекелей

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен сұхбаттасу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны – 2минут

Карточкамен жұмыс

  1. Мысал туралы айту

  2. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалды жатқа айту

ІІІ. Сабақтың тақырыбы бойынша ой қозғау

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сакен Сейфуллин «Дала» өлеңі. Сакен Сейфуллинның өмір сүрген жылдарына назар аударайық 1894-1938, нені байқадыңдар. Дұрыс айтасыңдар (1873-1938ж А. Байтұрсыновтың) бір жылда қайтыс болған. Неліктен? Қалай ойлайсыңдар? Сакен сейфуллин мен Ахмет Байтұрсынов репрессия құрбандары. А. Байтұрсыновтың өлеңдері өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолына арналды. Поэзиясының негізгі тақырыбы – қазақ халқының тағдыры, болашағы.

Ал енді балалар, сабақтың тақырыбын анықтадық, сабақтың мақсаты қандай болады екен? Оқушылар сабақтың мақсатын қояды.

Сакен Сейфуллинның

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының
«Зиг-заг» стратегиясы
1. топ – С. Сейфуллинің өмір баяны
2. топ – шығармашылығы
3. топ – оқыған жұмыс істеген жерлері

БІРІНШІ КЕЗЕҢ – 5 МИНУТ
ӘР ОҚУШЫ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
мәтіннен өзіне керегін ғана жазып алады.
Екінші кезең – 10 минут
топтың оқушылары бір-бірімен орындарын ауыстырып, бірге бір жоба жасайды
үшінші кезең – қорғау
төртінші кезең – бағалау

Жұмыс ережесі:
1.бір – бірін тындау
2.топпен бірге жұмыс жасау
3.толлерантты болу

Бағалау критериялар:
1. мазмұнын толық ашу -2
2. жұмысты таза, әдемі жасау – 1
3. бүкіл топпен бірге жұмысты орындау -2

Жобаны бағалау: әр оқушы өзіне ұнаған жұмысты таңдап, бағалайды.

Оқулықпен жұмыс. «Дала» өлеңі

Балалар С. Сейфуллинның шығармашылығында орын алған тақырыптарды атап өттіңдер. Туған жердің табиғаты, Отанға сүйіспеншілігі ерекше орын алған бүгін біз сіздермен С. Сейфуллинның «Дала» деген өлеңімен танысамыз.

Үнтаспаға назар аударыңыздар. Оқушылар өлеңді тындап шығады.

Балалар өлеңді тындаған кезде кімде қандай сезім оянды?

Өлең не туралы?

Бұл өлеңнің әрбір сөзінде ақынның туған жеріне деген сезімі өте жақсы байқалып тұр.

Ақын даланы кіммен және немен теңейді? Өлеңді тағыда іштен оқып мыналарды табыңдар?

Теңеулер: төсін ашқан анадай, бейне бір жас баладай, кестелі жібек көрпедей, көк ала кілем.

Дәптермен жұмыс

Синонимдер: көк-жасыл, құшағын, төсін.

Эпитеттер: кестелі жібек, жас иіс

Балалар өлеңді тағыда оқып шығайық.

Жіңішке, жуан сұрақтар стратегиясы

бойынша жұмыс.

Жіңішке

1) Жазғы даланы автор кімге теңеген?

2) Жазда дала қандай түсе енеді?

3) Жазда даланың иісі қандай болады?

Жуан

1) Анаға теңейтін себебі не?

2) Ол неліктен?

3) Автор үшінші шумақта жазғы даланы

неге теңейді?

  • Өлеңнің негізгі түйіні қандай?

  • Өлеңнің негізгі идеясы неде?

Бағалау — рефлекциялық кезең

  1. «Автор орындығына» шақырайын.

Кімдер өз ойын, толғаныстарын білдірер екен?

Дұрыс балалар қазақтың мақалы бар «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» сол сияқты біз сіздермен өз туған жерімізді, елімізді құрметтеуіміз керек, табиғатымызды қорғап, сақтауымыз керек. Ол біздің парызымыз. Біздің ақындарымыз осындай өмірді армандаған, біздің мемлекетіміз тәуелсіз, тілімізде, дінімізде сақтаулы, біз еркін өмір сүріп жүрміз

Рефлексия: балалар бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Қандай кезеңі ұнады? Келесі сабақтарға қандай ұсыныстарыңыз бар?

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

«Менің кең далам» тақырыбына сурет салу.



Краткое описание документа:

"Описание материала:

Ашық сабақты мен алтыншы сыныпта өткіздім. Қойылған сабақтың мақсаты: Сакен Сейфулинның өмір баянымен, шығармаларымен танысу. «Дала» өлеңімен таныстыру, негізгі идеясын көтеру. мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. табиғатқа деген махаббатын арттыру. Адал достыққа үндеу, махаббаттың белгісін айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым қатынасын дамыту, қоршаған ортаны қорғауга шақыру.

Сакен Сейфулинның өмір баяны және шығармашалығы бойынша оқушыларды үш топқа бөліп жоба жасап, оны қорғадық. Өлеңді талдаған кезде ақын қандай теңеулерді, эпитеттерді қолданғанын айттық. Сабақты қорытындылаған кезде оқушылар «Автор орындығы» стратегия бойынша оқушылар өз ойларын айтып сабақты аяқтадық. 1. . 1.

Общая информация

Номер материала: 32738022841

Похожие материалы