«Болғанда елім-тірегім, Жасқанбай соғар- жүрегім»

Предпросмотр материала:

 Мақсаты:

Тәуелсіздігімізге  22– жыл толуына орай , оқушылардың білімдерін ортаға салу. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік  жолындағы ерлік күресімен , қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру .

Дамутышылық:

Оқушылардың сөздік қорын молайту , дуниетанымдарын  кеңейту , тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалык  ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Болашақа өз  үлесін қоса білетін , іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық ,эстетикалық тәрбие беру .

Көрнекілігі:

Ұлағатты сөздер , тақырып, топ аттары , төс белгілері , айналым аттары, компьютер , интерактивті   тақта .

Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ- жауап, шығармашылық , топтық  жарыс , әдеби – музыкалық монтаж , әңгімелесу.

1- Жүргізуші :

Армысыздар , құрметті қонақтар , қымбатты өнер сүйер кауым , ардақты ұстаздар , қадірлі көрермендер ! Бүгінгі Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі , қазағымыз егемеді ел атанып , тіліміз мемлекеттік мәртебе алып , ұлттық мәдениетіміз салт – дәстүріміз қайта оралып , өз алдымызға ел болып , тәуелсіздік даңғылына аяқ басқалы 22-жыл толып отыр .

2-Жүргізуші :

Күнтізбеде атаулы , айшықты мерекелер көп  .Адамзат қоғамында қазақ еншіленген күн – 16 желтоқсан.  Ұлы желтоқсан халқымыздың атын асқақтатып, айбынын көтерген төл мерекесі. Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Болғанда елім -тірегім, жасқанбай соғар – жүрегім» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!

1 -  Жүргізуші:

Отаным Қазақстан – туған елім,

Кең екен ғой қаншама– дархан  жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан,

Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр – ерің.

2 – Жүргізуші:

Кіндік қаным тамған жерім – Қазақстан,

Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.

Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,

Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.

Музыкалық номер

 

1 – Жүргізуші:

Сұрақ -жауап сайысына келіңіздер,

Ықылас қып көппен бірге еніңіздер.

Біздерді жақсы танып білмек үшін,

Оқушылар білімін көріңіздер.

2—Жүргізуші:

Ал, енді ортаға сайыскерлерді шақырайық.

1-топтың аты – «Барыс»

Мақсатымыз: Қазақтың шын ер екенін күллі әлемге таныту.

Ұранымыз: «Бірлік қайда болса, ерлік сонда»

2- топтың  аты – «Қыран»

Мақсатымыз: Болашақтың қамын ойлап, мақсат, мұрат, үн қосу.

Ұранымыз: «Ел үмітін – ер ақгар, ел атағын – ел сақтар»

3-топтың аты: «Тұлпар»

Мақсатымыз:Болашаққа бірге самғап, арманымызға қол жеткізу.

Ұранымыз: «Жұлдыздай жарқырап, биіктен көрінеміз.

 

1—Жүргізуші:

Сайысымызды  бастамас бұрын айналымдармен танысып өтейік:

1.Оқу тубі  тоқу айналымы. Мәтінмен жұмыс

2.Білгінге маржан – сұрақ- жауап сайысы.

3.Өнер алды – қызыл тіл. Мақал – мәтел сайысы.

4. Әріптер әлеміне саяхат. Сұрақтарға жауап беру.

5. Мәнерлеп оқу. Үй жұмысы.

2- Жүргізуші:

1-айналым. «Оқу тубі – тоқу» деген сайысымызды бастаймыз.

Әр топтың алдына мәтін беріледі.

Тапсырмасы:

А)мәтінді мәнерлеп оқу

Б)аудару.

Бірінші топқа арналған мәтіндер.

Қазақстан жері

Қазақстан жер көлемі  2756000 шаршы километр. Оның 40%-өзен, көл, теңіз, жерінің 50%- шөл және шөлейт жерлер алып  жатыр. Ал 10% таулы жер.

Қазақстан жері өте бай.

Словарь:

Жер көлемі – обьем

Шаршы – квадрат

Шөл – пустыня

Аймақтар – территория

Таулы жер – горы

Жер – земля

Шөлейт – полу пустыня

 

Екінші топқа арналған мәтіндер .

                        Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы – егеменді ел. Республика Президентінің Жарлығымен желтоқсанның 16-ы Тәуелсіздік күні деп аталды және бұл күн демалыс күн болып жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кұрамына енді.

Словарь:

Егеменді – суверенный

Жарлық – указ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – Содружество Независимых Государств.

Құрамы – состав

Енді – входит

Демалыс күн – выходной день

Жарияланды – утвердили.

 

Үшінші топқа арналған мәтіндер.

                        Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел. Мұнда көптеген  ұлт өкілдерітұрады. Олар: қазақ, орыс , татар, өзбек және т.б. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға өте бай.   «Жері байдың – елі бай,» - дейді халық. Қазақстан табиғаты әдемі.

Словарь:

Ел – страна

Мұнда – здесь

Ұлт өкілдері – представители нации

Тұрады – живут

Жері- земля

Дейді халық- говорится в народе

Табиғаты- природа

Пайдалы қазбалар- полезные ископаемые

1-Жүргізуші:

Әділ – қазылар алқасы топтарды бағалай беруін өтінеміз.

Келесі – айналым : «Білгенге маржан» деп аталады. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.

«Барыс тобының сұрақтары :

1.Қазақстан халқының  ұлттық тағамы не?

2 . ҚР- ң туында не бейнеленген?  Тудың авторы кім?

3.ҚР – Қазақстан жерінің пайдалы қазбаларын ата.

4 .Қазақстан таулары.

5 .Қазақстан Республикасы солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қай мемлекеттермен шетеседі?

6 .  Елбасы сөзінің синонимін ата?

Қыран тобының сұрақтары:

1 .Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

2 . ҚР- ң елтаңбасында не бейнелген? Елтаңбаның авторы  кім?

3 .ҚР конституциясы қай жылы қабылданды?

4 .Қазақстандағы өзендерді ата.

5 .Отан сөзінің синонимін ата.

6 .ҚР - ң призеденті қашан сайланды?

«Тұлпар» тобының сұрақтары:

 1.ҚР-ң тәуелсізідігі қашан бекітіліді?

2.ҚР-ң әнұраныныңсөзін, әнін кімдер жазған?

3.«Астана» сөзінің синонимін ата.

4.Қазақстандағы көлдерді ата.

5.Қазақтың  ұлы ұлттық ойындары қандай?

6.ҚР-ң рәміздері қай күні белгіленді?

 

Музыкалық комер:

 

2-Жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан! –  деп 3-ші айналым «Өнер алды-қызыл тіл» мақал-мәтелдер сайысын бастаймыз. (Бір топтың оқушысы мақалдың басын айтады, келесі топтың оқушысы мақалды аяқтайды).

«Барыс» тобына бәрілген мақал- мәтелдер :

Отансыз адам ... (ормансыз бұлбұл )

Отан оттан ... (да ыстық )

Туған жердей  жер болмас , ... (туған елдей ел болмас)

Ел іші ... (алтын бесік)

 

«Қыран »тобына берілген мақал- мәтелдер :

Еліңді сүйсең...(ерлік істейсің)

Ер еліңде... (гүл жерінде)

Туған жердің күні де ыстық ... (түні де ыстық)

Елінен  безген ер оңбас ... (көлінен безген қаз оңбас ) 

 

«Тұлпар» тобына берілген мақал – мәтелдер :

 Кісі елінде сұлтан болғанша ... (өз елінде ұлтан бол )

Туған жерге ... (туын тік)

Ел елдің бәрі жақсы ... (өз елің бәрінен жақсы  )

Отан отбасынан ... (басталады )

 

1-Жүргізуші :

4-ші айналым : «Әріптер әліміне саяхат»

(Берілген әріптердін біреуін тандайды : «С», «Ж», «Т» Берілген  сұрақтарға тандаған әріптерден басталатын сөздермен жауап беру керек .)

Топтардың сұрақтары :

Ең жақсы көретін сөзің?

Досыңның аты ?

Сені не қызықтырады?

Неден қорқасың ?

Қуанғанда айтатын сөзің?

Тағам атауы?

Сенің арманың?

Кімді ұнатасың?

 

2-Жүргізіші :

5-ші айналым мәнерлеп оқу  сайысы . Әр топ үй тапсармасы бойынша бір өлеңді мәнерлеп оқу керек

Қорытынды:

1- Жүргізіші:

Әділ қазырлар шешімін шығарғанша кезекті әнге берейік.

2-Жүргізіші :

Осымен Тәуелсіздікке байланысты «Болғанда елім – тірегім, Жасқабай соғар – жұрегім  » атты  сыныптан тыс кешімізді аяқтаймыз. Тәуелсіздікті анаңдай ардақта , баландай мәпеле , кұдайдай құрметте !

1-Жүргізуші:

Елтаңбамыз ажарлы,әнұранымыз әуенді , асқақ бола түссін!

2-Жургізіші:

Еліміздің белгісі – көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

 

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

«Болғанда елім-тірегім, Жасқанбай соғар- жүрегім»

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Сулейменова Алия Абуовна

exbntkm

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 1215
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 1215
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Алия Абуовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: