Инфоурок Музыка КонспектыОткрытый урок

Открытый урок

Скачать материал

          «Наурыз келсе, құт келгені!»   Ашық тәрбие сабағы

                                                                  

   (Баяндама оқылады «Наурыз» орыс тілінде (читает ученик. включить тихую музыку)

 

        жүргізуші: - Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін, біз сайыс өткізгелі жиналып отырмыз.

        жүргізуші: - Біздің өткізгелі отырған сайысымыз: «Наурыз келсе, құт келгені!» екенін хабарлап қоялық.

             –    жүргізуші: - Қош келдіңіздер! Сайысқа қатысушы оқушылар сіздер екі топқа бөлінуіңіз керек.

             – жүргізуші: - Сайысты бастар алдында тапсырмаларымен таныстырайын.

Ол мынадай 7 бөлімнен тұрады:

1 Сұрақ-жауап сайысы  «Наурыз мерекесі».

2 Қазақ халқының салт-дәстүрлері әлеміне саяхат.

      3 Сөз жарыс.

      4 Тілашар.

      5 «Менің сүйікті қазақ тілім!».

6 «Мақал –мәтелдер сайысы».

      7 Сен білесің бе?

       – жүргізуші: - Ал енді, құрметті көрермендер! Сіздерді осы топтардың жауаптарын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайын. Әділқазылар құрамы:

  1. Ғалия Мұрзағалиқызы
  2. Айымгүл Жаңабергенқызы

-          Сіздердің білімдеріңіз 3,4,5 ұпаймен бағаланатынын естеріңізге салайық!

 

– жүргізуші: Наурыз мерекесіне санаулы күндер қалды. Сондықтан наурыз мерекесіне қатысты білімдерімізді де байқайық!

- Балалар, бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық та?!

Сәт сапар! Сайысқа қатысушы сайыскерлер!

 

                          I Бірінші сайыс: «Наурыз мерекесі» Сұрақ-жауап сайысы. 

      Сайысқа қатысушылар, жақында біз наурыз мерекесін тойлаймыз. Наурыз мерекесі туралы не білетіндеріңді байқайық.

 

  1. Адамдар Наурыз мейрамына дейін не істейді?

( Адамдар үйінің ішін, сыртын, ауласын тазалайды. Аулаға ағаштар, гүлдер егеді. Адамдар әдемі киініп, дәмді тағамдардан дастарқан жасайды).

  1. Наурызда күн мен түн не істейді?                                                            

 (Наурыздың 21 – нен 22-не ауысқан күні күн мен түн теңеледі).

  1. Наурыз қандай мейрам?                                                                                    

(Наурыз негізінен түркі халықтарының жаңа жылы).

  1. Наурыз мейрамын халық қалай атаған?

( Наурыз мейрамын халық «Ұлыс күні» деп атаған).

  1. Ұлыс күні кәрі – жасы қалай амандасқан?                                                      

( Ұлыс күні кәрі - жасы құшақтасып, көрісіп амандасқан).                                                             

  1. Ұлыс күні адамдар бір – біріне не айтқан?                                                   

( Ұлыс күні адамдар бір – біріне жақсы тілек айтқан).

  1. Ұлыс күні қандай тілектер айтылады?

-          Ұлыс оң болсын!

-          Ақ мол болсын!

-          Наурыз құтты болсын!

                                    

Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз-бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!

  Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

                                                                                                                                         (Кабдалов А.)

 

Табиғат, жер-дүниенің жаңарып, жасанатын көктем мезгілінің ұлы мерекесі Наурыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні:

      Ұлыс оң болсын,

      Ақ мол болсын,

      Пәле-жала жерге еніп,

      Қайда барса жол болсын!- деп бұрынғы ата-бабаларымыз бата жасап бет сипайды екен. Бұдан артық қандай ақ тілеу болуы мүмкін!

   Әрбір отбасыға тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілеймін!

                                                                                                                                          (Куанышев С.)

 

8        Ұлыс күні ең басты жасалатын тағам?

( Наурызкөже)

9        Наурызкөже неше дәмнен жасалады?                                                               

 ( 7: бидай, тары, күріш, ет, сүт, су, тұз)

10    Мереке күні қандай шаралар, салт-дәстүрлер өткізіледі?                                                                  

 ( Ұлттық ойындар өткізіледі: көкпар, қыз қуу, асық. Адамдар ән айтады, билейді, айтыстар өткізіледі).

– жүргізуші: Назарларыңызға «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты баяндама ұсынылады, тыңдап алыңыздар.
                                                                       
Баяндама оқылады «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»                   

                                                                                                                            (Камзенов Е.)

 

Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының бұрынан пайда болған салт-дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас болып келеді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген мақал қазақ халқы мен қырғыз халықтарының бір-біріне өте ұқсас екенін көрсетеді. Сонымен қатар түркі тілдес халықтар да қазақ халқымен бір қандас болып келеді.

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол  халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр  халықта әр қырынан көрініс береді.

Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор: бала тәрбиесіне, тұрмыс-салтқа, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне  байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен  бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуы мен шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу. Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық әуен аспаптары, үйлену-үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлттық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді.

Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар жасау үйретудің тәлімгерлік(наставничество) түрлері енеді.

 

                          II Екінші сайыс: Қазақ халқының салт-дәстүрлері әлеміне саяхат.

                                                                  (включить тихо музыку для возможности подумать )

– жүргізуші: Мына тақтаға шыққан суреттерді атау керек.Сурет бойынша әңгіме құрастыру керек. (көкпар,қыз қуу ойыны)

 

Национальные игры казахов

 

 

 

        жүргізуші: Жарайсыңдар! Қазақ халқының ойын түрлерін біледі екенсіңдер.

 

                                          III Үшінші сайыс: Сөз жарыс.

      Дело известное,- говорили мужчины уплатишь женишься не уплатишь-так и будешь ходить холостяком.

Қандай қазақ халқының ұлттық дәстүрі туралы айтылады?

(«Қалым» дәстүрі туралы).

      Сейчас за 1 минуту каждая группа  указывает положительные и отрицательные моменты традиции на казахском или русском языках, каждый момент оценивается в пять баллов количество очков которое наберет группа присваивается каждому участнику.

 

– жүргізуші: Макатова М. мен Крутова О. орындауында шағын сұхбат мұқият тыңдап алыңыздар.

                                          Киіз үй туралы сұхбат.

-          Қазақтың киіз үйі туралы сен не білесің, Оля ?

-          Көргенім болмаса, қалай жасалатынын нақты білмедім.

-          Алты қанатты үй дегенді естігенің бар ма ?

-          Жоқ, ол қандай үй екен ?

-          Ол алты керегелі үй, өйткені үйдің үлкен-кішілігі оның қанат санымен анықталады.

-          Міне, қызық!

-          Иә, қанат санына қарай кереге саны, ал кереге санына - уық саны есептеледі.

-          Мадина, мен бұны бірінші рет естіп тұрмын.

-          Жел көзділерге қарағанда,тор көзді киіз үйлер жасалуы күрделі болады.

-          Ал,сағанақ деген ұғым мұнда қолданыла ма ?

-          Иә, киіз үй сүйегінің керегелеріне жетерліктей түгел сағаналар түзетіліп, жонылып, мүсінделіп ырулар жүргізіледі.

-          Мынау өзі тіпті ғажайып зат екен ғой!

                                                                      

– жүргізуші: Ал енді мынадай сұраққа жауап беріңіздер.Осы сұхбатта киіз үйдің кандай элементі   

ҚР рәміздерінде қолданылған ? ( Уық).

        Келесі сайыстан тыс сұрақтарға тек қазақ тілінде ғана жауап беру керек.

-          1 ҚР қандай рәмізінде уықтар орналасқан? (елтаңба)

-          2 Қазіргі елтаңбамызда уық саны қанша? (72)

-          3 ҚР рәміздеріне қашан өзгерістер еңгізілді? (2008 ж)

-          4 Қандай өзгерістер еңгізілді? (   )

-          5 Елтаңбамызда шаңырақ нені бейнелейді? (отбасы ошағын)

6 Әнұранның сөзін және музыкасын кімдер жазған?                                           

   ( Сөзін жазған: Жүмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назрбаев,  

   музыкасы Шәмші Қалдаяқовтікі).

     7 Елтаңбада не бейнеленген?(Шаңырақ,уық,киелі пырақтар, жұлдыз,«Қазақстан»деген жазу  

         бар).

8 Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?  (Астана)

9 Жалауда не бейнеленген? ( Күн, қыран,ұлттық өрнек)

 

                                            IV Төртінші сайыс:Тілашар.

– жүргізуші: Қазір мақал оқылады осы мақалды үш тілде қазақ, орыс, шет тілінде айтып, толықтыру керек.

1)      В 13 лет ..... хозяйка дома. ( қыз, девушка, gerl, dus Madhen)

2)      Для девиц 40  ......   . ( тыйым,запретов, prohibision, deverboten)

3)      У кого клыки - у того и  ......... .  ( шындық,правда, truth,devarhaut)

4)      Из песка не сделаешь ....... , из раба вождя.( тас, камня, stone, der stein)

5)      Дочери выйдут замуж, сыновья уйдут своей дорогой, лишь верные ..... всегда рядом. (дос, друзья, friend, freound)

6) Не спрашивай у ........, спроси у бывалого.(кәрі, старый, oldman, der alterman)

                                                             Жұмбақтар.

1  Қабат – қабат қаттама,

    Ақылың болса, аттама

                                          ( кітап, книга, book)

2 Қыста келген, көктемде еріген.

                                          (қар, снег, snow)

3 Түнде бармын, күндіз жоқпын.

                                          ( жұлдыз бен ай, звезды и луна, moon and stars)

4        Өзі сондай нәзік,

      Су құйсаң кетеді,

      Алақанын жазып.

                                          (гүл, цветок, flower)

 

                                       V Бесінші сайыс: «Менің сүйікті қазақ тілім!».

 

  1. Жуан дауыстыларды тап:

а) а, б, в, г;

ә) а, о, ы, қ;

б) ә, ө, ү, і;

в) а, о, ұ, ы.*

2. Жіңішке дауыстыларды тап:

а) қ, һ, ң, г;

ә) ә, ө, ү, і, е; *

б) а, о, ұ, ы;

в) п, т, с, ш, к, қ.

3. Зат есімнің сұрақтарын белгіле:

а) қандай? қай?

ә) кім? кімдер? не? нелер? *

б) не істеді? не істемек? қайтті?

в) қанша? неше? нешінші?

4. Өткен шақтағы етістікті көрсет:

а) барамын;

ә) келді;*

б) айтамын;

в) ойнап жүр.

5. Осы шақта тұрған етістікті көрсет:

а) оқыды;

ә) оқыдым;

б) теріп жүр;*

в) барамын.

6. Келер шақта тұрған етістікті көрсет:

а) барды;

ә) кетті;

б) аяқталады;*

в) жазып отыр.

7. Сөздерге жалғанатын көптік жалғауының дұрыс нұсқасын көрсет:

теледидар..., ойыншық... .

а) лар, тар;*

ә) лер, тер;

б) дар, дер;

в) тер,лер.

8. «Сұлу» деген сөзге мағынасы ұқсас сөзді тап:

а) тамаша;

ә) тату;

б) ұзын;

в) сымбатты;*

9. «Арзан» деген сөзге қарсы мәндес сөзді тап:

а) ауыр;

ә) тәуір;

б) қымбат;*

в) үлкен.

 

                                   VI Алтыншы сайыс: «Мақал –мәтелдер сайысы».

            Мақал – мәтелдер – қазақтың қысқа, әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы дегендей, мен сендердің мақал – мәтел туралы білімдеріңді тексерейін.

  Төмендегі мақал – мәтелдердің орысша мағыналас мақал – мәтелін атау.

1. Жолдасы көптің- олжасы көп.

( Друзей много – шире дорога).

2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

( Семь раз отмерь. Один раз отреж).

3. Еңбексіз тапқан мал,

Есесіз кеткен мал.

( Что легко наживается, легко проживается).

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

( Человек без Родины, что соловей без леса).

  1. Сырты бойынша қарама, ішкі ойын бағала.

( По одежке встречают, по уму провожают).

  1. Көп тында, аз сөйле.

( Много слушай, по – меньше говори).

  1. Көз – қорқақ, қол – батыр.

( Глаза боятся, руки делают).

  1. Айтқан сөз – атқан оқпен тең.

( Сказанное слово, как выпущенная пуля)

 

      1Мақал – мәтелдерді толықтыр:

«Оқу – білім бұлағы, ... - өмір шырағы».

а) білім;*

ә) өнер;

б) ғылым.

2. «Отансыз адам – ормансыз ...».

а) торғай;

ә) бұлбұл;*

б) ағаш.

3. «Оқу  - ... құдық қазғандай».

а) күрекпен;

ә) инемен;*

б) қолмен.

4. « Батамен ел көгерер,

Жаңбырмен ... көгерер».

а) ел;

ә) жер;*

б) шөп.

  1. «Ақыл азбайды, ... тозбайды».

а) көйлек;

ә) кітап;

б) білім.*

    Бұл сайыста белгілі тақпақтан үзінді оқылады.Сіздердің міндеттеріңіз өлең жолдарының авторын атау.       

                                        VII  Жетінші сайыс: Сен білесің бе?

А) Ана тілің-арың бұл,

     Ұятың боп тұр бетте.

     Өзге тілдің бәрін біл,

     Өз тіліңді құрметте!  ( Қ. Мырзалиев)

 

Ә) Сүйемін туған тілді-анам тілін

     Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

     Шыр етіп жерге түскен минутымнан

     Құлағыма сіңірген таныс үнін.    ( С.Торайғыров)

 

Б)  Бар тілден үйрен білімді

     Ұмытсаң дағы бөтенді

     Ұмытпа ана тіліңді!

     Өз тілің өскен өркенің

     Дей алмас қайдан әкелді,

     Ананың берген ақ сүті

     Мақтаның ол ұлттық сенің!  ( А.Тоқмағамбетов)

 

-   жүргізуші: - Осымен бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетіп қалыпты.

–  жүргізуші: - Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

( Қатысушыларды марапаттау).

        жүргізуші: - Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Қосымша тапсырма.Мына сөздермен сөйлем құрыңыз. ( Сөздер орысша оқылады)

орнату –устанавливать

береке-изобилие

түрлі түсті- разноцветный

бәле-жала-беды-несчастья

құрам-состав

әсіресе-особенно

айнала-вокруг

еске алу-вспоминать

көңілдену-веселиться

бүкіл-весь

діни-религиозный

жалпы-общий

күнә-грех

кем болу-недоставать

ұлыс-день великого праздника,народность

құтты-счастливый,удачливый

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін үйретудің мақсаттары оқушыларды ауызекі сөйлету, өз ойын, пікірін білдіруге жетелеу, сауаттылығын қалыптастыру, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау. Осы қойылған мақсаттар сабақтың ұйымдастыру тәсілдерін анықтайды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді оқытуда оқушылардың пәнге деген табиғи қызығушылығы арқылы үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақты жоспарлағанда сөйлеу әрекетінің төрт түрін қамтамасыз ету қажет. Сабақтың тақырыптық жүйелеуі ассоциативті өріс арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуға ықпал етеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 957 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2014 993
    • DOCX 170 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжуманова Галия Мурзагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 903
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания сольфеджио и элементарной теории музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 28 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов