Мақала (Химия және биология) «Дәстүрлі шебер қанаттандырады, жаңашыл шебер шабыттандырады»

Предпросмотр материала:

«Дәстүрлі шебер қанаттандырады, жаңашыл шебер шабыттандырады»

 

         Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесін білім берудің мақсатына, мазмұны мен технологияларына және оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.

         Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби ұтымды шешімдер қабылдап, оларды жүзеге асыру болып табылады.

         Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілгендей, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру үшін оқушылардың білімінің сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдерді оқытушы ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады да, тиімділерін жетілдіре түседі. Бұл әдіс- тәсілдер сабақ арқылы жүзеге асырылады. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский: «Сабақ - жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана оқушылар үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, оқытушы осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады», - деген. Осындай талап қойылған сабақтар оқытушының ашқан жаңашылығы, өзіндік қолтаңбасын қолданған әдістемелік ізденісі, әдіс - тәсілдерін іздестіру мақсатында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары қарастырылып, тәжірибеде кеңінен қолданылып нәтижелерін беруде.  

         Әрине, біз әлі күнге дейін негізін Я. А. Коменский салған аудиториялық сабақ жүйесі болатын дәстүрлі оқытумен жұмыс істеп келеміз. Ал, мемлекетеміздің жаңа білім беру саясаты жаңа технологияларды меңгеруді, яғни, дәстүрлі емес оқытуға көшуді талап етеді. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының жан- жақты дамып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдаудың көпнұсқалық қағидасы бекітілген, сөйтіп оқушыларға өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құруға мүмкіндк берілген.

         «Білім бала бойына қонған нәр болса, тәрбие – күн шуағынан алынған нұр іспеттес» - деп ұлы ғұлама Әл- Фараби айтқандай, егеменді еліміздің өркениетті елдермен терезезін теңестіретін білім, ғылым екені белгілі. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, сонда толық боласын елден ерек» - деген ұлы Абайдың данышпандық көзқарасы: білімдарлық, мейірбандық, жігерлілік қасиеттерін дәріптейтін болса, қазіргі қоғамымыздың кәсіби білім беру желісіндегі негізгі мақсаты – жаңаша серпіліс жасайтын еңбекқор, патриот мамандарды тәрбиелеу.

         Өткізетін сабақтарымда интернет арқылы ізденіс, психологиялық тест, ой шақырту, ой лабиринті, пікір айту, логикалық шешім сияқты интерактивті әдістерді қолданамын. Мұндай сабақта әр шағын топ өзінің айдарымен, эмблемасымен таныстыруы арқылы талданып жатқан тақырыптың мәнін ашады. Интерактивті тақтада көрсетілген бейнекөріністер ұрпақ болашағына зияны мен пайдасы бар заттарды тақырыпты меңгеру барысында байқайды. Оқушылардың білімі интернет арқылы жинақталған материалдар негізінде тереңдетіліп, ғылыми тұжырымдармен, жаңа деректермен молайтылғаны байқалады.

         Өмірлік ұстанымым: тынымсыз еңбек пен ізденістің арқасында өскелең ұрпақтың бойына сабырлық пен табандылық, шыдамдылық пен төзімділік қасиеттерін сіңіру.  

Краткое описание материала

Мақала (Химия және биология) «Дәстүрлі шебер қанаттандырады, жаңашыл шебер шабыттандырады»

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 20041
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 7
  • 20041
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Байжуманова Айслу Самархановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: