Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Конспекты / «Органикалық химия» пәнінен сарамандық жұмыстар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

«Органикалық химия» пәнінен сарамандық жұмыстар

библиотека
материалов

1 Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: «Органикалық заттардағы көміртегі, сутегі және хлорды сапалық жолмен анықтау.»

Жұмыстың мақсаты: Органикалық заттың құрамын анықтау барысында оқушылардың білімін, ойлау қабілетің, сарамандық икемділігін дамыту.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Пробиркалар, спирт шам, газ жүретін түтік, мыс сымы, керосин не везелин майы, сусыздандырылған тотияиын, дихлорэтан немесе тетрахлорметан.

Бұл сарамандық жұмыс органикалық химия курсында алғашқы екі тарауды бітірген соң, органикалық заттардың құрамын анықтауға негіздеоген. Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады. Анықтайтын органикалық заттар, реактивтер оқушылардын алдына қойылады.Берілген заттың құрамында көміртегі мен сутегі барын анықтағанда оқулықта көрсетілгендей құрал құрастыру керек. Оқулықтағы нұсқау бойынша тәжірибені орындай отырып, оқушылар зерттеуге алынған мұнай өнімдерінің сапалық құрамы туралы қорытынды шығару тиіс. Ал хлорды анықтау үшін мыс сымды берілген реактив – дихлорэтанға жанастырып, жалын түсінің өзгеруі бойынша анықтайды.

Оқушы жұмыстың тек реакция теңдеуін жазу мен ғана шектелмей, жан-жақты теориялық білімін пайдаланып реакцияның жүру жағдайын, берілген заттың түсін, иісін мұқият бақылап, қорытынды жасау керек.

Сабақты оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы қорытындылауға болады:

1/ Сұйық және қатты көмірсутектердің құрамында көміртегі, сутегі барын қалай анықтауға болады ?

2/ Органикалық затта хлорды сапалық жолмен анықтау әдісін түсіндіріндер.

Мұғалім оқушыларды төмендегі икемділіктердің қалыптасуын қадағалайды:

1/ Оқулықта көрсетілгендей құрал құрастыру;

2/ Пробирканы қыздырғанда сақ болу;

3/ Әкті судағы өзгерісті бақылау;

4/ Мыс сымнан айналма жасап, жалынның түсін бақылау.





2 Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: «Этилен алу және онымен тәжірибе жасау»

Жұмыстың мақсаты: оқушыларды этиленнің зертханалық алыну әдісімен және органикалық заттармен таныстару.

Этилиннің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін бекіту. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, пробиркалар, этил спирті, күкірт қышқылы, пемза немесе құм, бром суы, калий перманганатының ерітіндісі.

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырғаннан кейін оқушылардың сарамандық жұмысты өокізуге дайындығын төмендегі сұрақтармен тексереді.

  1. Этиленді қандай заттардан алады ?

  2. Этилен алу үшін құралды қалай құрастырады ?

  3. Құралдың нығыз жабылғандығын қалай тексеруге болады ?

  4. Қандай тәжірибелер арқылы этиленнің химиялық қасиеттерін дәлелдеуге болады ?

  5. Сарамандық жұмысты орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет ?

Этиленді алу үшін әрбір оқушы немесе екі оқушы оқулықта көрсетілгендей құрал құрастырып, оның нығыз жабылғаның тексереді. Мұғалім оқушыларға этил спирті мен күкірт қышқылын қосып қыздырғанда кездесетін қауіпсіздік ережелеріне сақ болуларын ескертеді. Алдын ала екі пробиркаға 2-3 мл мөлшерде бромды су мен калий перманганатының ерітінділері дайындалып қойылады.

Бромда суға этилен газын жіберу кезінде газ жүретін түтік пробирканың түбіне дейін түсіріледі, бұл кезде қыздыру тоқтатылмау керек, әйтпесе сұйықтық пробиркадан тасып, жерге төгіледі. Бұл құбылыс реакция кезінде газ қоспасының өзгеруіне брйланыста болады. Органикалық заттардың жаңғыштығын ескере отырып, оқушылар этиленнің жануына көңіл бөледі. Сабақтың соныңда оқушылар этиленнің қанықпаған көмірсутектің өкілі екендігіне көз жеткізіп, қорытынды жасайды.

Мұғалім сарамандық жұмысты қорытындылағанда оқушыларда төмендегідей икемділіктердің қалыптасқандығын ескеруі қажет.

  1. Құралды қүрастырып, нығыз жабылуын тексере білу.

  2. Этиленді физикалық, химиялық қасиеттері арқылы ажырату.

  3. Тәжірибені орындауда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  4. Жүргізілген тәжірибенің реакция теңдеуін жазып, қорытынды жасау.





3 Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: «Спирттен бромэтан алу»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зертханада спирттен бромэтанды алу әдісімен және этил спиртінің химиялық қасиеттерімен іс жүзінде таныстыру.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: бромэтанды алуға арналған құрал, штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, пробирка, су сенгелі, бөлгіш шұқырақ, этил спирті, калий бромиді, күкірт қышқылы.

Мұғалім сарамандық жұмыстың негізгі мақсатың түсіндіріп оқушылардың білімін, сарамандық жұмысты өткізуге дайындықтарын төмендегідей сұрақтар беру арқылы тексереді.

  1. Бір атомды қаныққан спирттер дегеніміз не ?

  2. Өздеріне таныс спирттерге тән химиялық қасиеттерді түсіндіріндер.

  3. Спирттен бромэтан алу үшін құралды қалай құрастырасындар ?

Оқулықтан бромэтанды алу нұсқаулары жетік, жақсы берілген, соған сүйене отырып, оқушылар жұмыстарын орындауы тиіс.

Мұғалім оқушыларға төмендегі мәселелерді түсініп орындауына көмектесуі қажет:

  1. Оқушылардың бромэтанды алуға арналған құралды дұрыс құрастыруы.

  2. Су салқындатқышты дұрыс қолдануы, себебі бромэтанның конденсациялануы үшін күшті салқындату талабы қойылады.

  3. Этил спиртіне күкірт қышқылын құйғанда сақ болуы.

  4. Жасап отырған жұмыстың мәнің түсінуі.

Сабақ сонында оқушылар спирттерде химиялық реакцияға тек гидроксил тобындағы сутегі атомы ғана емес, сонымен қатар көміртегімен байланысқан сутек атомдары да кірісе алатындығы, катализатор ретінде концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырса, спирт оңай дегидраттанатыны туралы қорытындыға келуі тиіс.

Мұғалім сарамандық сабақ барысында оқушылардың мынадай икемділіктерін қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн: бромэтанды алуға арналған құралды дұрыс құрастыру; этил спирті күкірт қышқылы және калий бромиді қоспасынан бромэтан алудың реакция теңдеуіне жаза білу; бөлгіш шұқырақты дұрыс қолдана


4Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: Қарбон қышқылдарын алу және қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: оқушыларға карбон қышқылдарының алыну жолын, олардың қасиеттері мен құрамын іс жүзінде таныстыру.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтері: пробиркалар, газ жүретін түтігі бар тығын, штатив, спиртшам пробирка ұстағыш, натрий ацетаты, күкірт қышқылы /І:І/,лакмус, сілті ерітіндері, магний ұнтағы, күміс /І/ оксидінің аммиакты ерітіндісі, тұз қышқылы мен калций хлоридің ерітіндісі.

Мұғалім сабақты сарамандық жұмыстың мақсатынн түсіндіру мен бастайды.Тәжірибелердің жұмыс барысы оқулықта түсінікті, жақсы берілген. Сабақты жүйелі түрде өткізу үшін мұғалім оқушыларға қосымша нұсқаулар береді.

Оқушыларға сірке қышқылын алу құралын құрыстыру кезінде, натрий ацетаты мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда сақ болуды ескерту қажет.Теория жүзінде қарастырған реакциялардың тәжірибелерін орындағанда нәтижесіне ұқыптылықпен назар аудартқан жөн.

Мұғалім сарамандық жұмыстың қорытындысын жасап, оқушыларға барға қойғанда төмендегі икемділіктердін қалай орындалғаның ескерту керек:

І/ құралды дұрыс құрастыру

2/ сақтау ережелерін ескере отырып, сірке қышқылының иісін ажырата білу

3/ сірке қышқылының сілті ерітіндісімен нейтралдау реакциясын жазу

4/ лакмустың түсін бақылау

5/сірке қышқылының тұзбен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазу

6/ құмырсқа қышқылының күміс оксидіне / амиактағы ерітіндісіне / әсерін тексеру

7/ кір сабының судағы ерітіндісін дайындау

8/ қанықпаған қышқылдарға тән қасиеттерді ескере отырып, олеин қышқылының құрамын анықтау.


5 Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: «Экспирименттік есептерді шешу»

Жұмыстың мақсаты: Қанықпаған көмірсутектеріндің, үлкен молекулалы қосылыстардың, мұнай өнімдерінің, спирттердің, карбон қышқылдарының өкілдерін анықтау барысында оқушылардың алған білімдерін жүйелеп, таным-ой әрекеттерін, икемділіктерін дамыту.

Жұмысқа қажетті зертханалық құрал – жабдықтар мен реактивтер: пробиркалар, спиртшам, полиэтилен, полихлорвинил үлгілері, этил спирті, күкірт қышқылы, ас тұзы, глицерин ерітіндісі, мыс гедроксиді, натрий түйіршігі, темір/ІІІ/ хлорид І, калий перманганатының ерітіндісі, құмырсқа, сірке қышқылдары, бензин, крекинг-бензин, күміс/І/ оксидінің аммиактағы ерітіндісі.

Мұғалім жұмыстың мақсатын және оны орындауға қойылатын негізгі талаптарды анықтау үшін қысқаша әнгіме өткізеді. Содан сон оқушылар өздігінен экспирименттік есептерді орындайды.

Мұғалім берілген есептерді мазмұнына қарай төрт нұсқаға бөліп жинақтайды және оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп, тапсырма береді.

І нұсқа ІІ нұсқа ІІІ нұсқа ІҮнұсқа

1 №2 №3 №5

4 №7 №6 №8

1,2 есептер үлкен молекулалы қосылыстардың өкілдері полиэтилен мен полихлорвинилдің құрамын анықтауға берілген.

3,5 есептерде реакция нәтиженінде бөлініп шыққан газды көзделген.Оқушылардың бөлінген газдың иіне, жалынның түсіне көніл бөлгендері жөн.

4,6,8 есептер органикалық қосылыстардың өкілдерін анықтауға неггізделген. Оқушылар алған білімдерін қолдана отырып тәжірибелерді орындайды.

Сарамандық сабақтың қорындысын тексеріп бағалаған кезде негізгі қалыптасатын икемділіктерді ескеру қажет:

І/ политилен мен полихлорвинил құрамын анықтағанда бөлінетіндер-көміртегі, сутегі және хлорсутек екенін дәлелдей білу;

2/ органикалық қосылыстарды анықтауға реакцияның нәтижесінде түзілген затты ажырату;

3/бензин, крекинг-бензинді ажырату.


6 Сарамандық сабақ

Тақырыбы: «Сірке қышқылының этил эфирін алу»

Жұмыстың мақсаты:Оқушыларға сірке қышқылы мен этил спиртінен күрделі эфир түзілеуі кезіндегі этерификация реакциясының іс жүзінде жүоуін дәлелдеткізу.


Қажетті құралдар мен реактивтер: пробиркалар, штатив, қолба, су сеңгелі, салқындатқыш, стакан, бөлгіш шұқырақ, этил спирті, сірке қышқылы, ас тұзы.

Мұғалім әдеттігідей оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады. Оқушылардың сарамандық жұмыс жасауда қалыптасқан икемділіктерден /дағдыларын/ ескере отырып, өздігінен тәжірибе орындаына көніл бөлу керек. №3 сарамандық сабақта пайдаланған құралды қолдану керектігін ескртеді, сонымен қатар басқа да құрал құрастыруға болады. Ол үшін мұғалім төмендегідегі нұсқау бере алады: пробиркаға 1мл этил спиртің, 1мл сірке қышқылын және 0,5 – 1 мл күкірт қышқылын құйып араластырады. Штативтегі пробирканы ауа салқындатқыш түтігі бар тығын мен бекітіп, су сенгелінде 6-10 мин. қыздыру керек. Мұғалім тәжірибе нәтижесі дұрыс шығу үшін оқушыларға төмендегідей алгаритімді ұсынады:

  1. Оқушыларға көрсетілген бромэтанды алуға алынған құралды құрастыр.

  2. Қоспаны дайындап, су сенгелінде қыздырғанда сақ болу.

  3. Су сенгелінде 6-10мин қыздыр.

  4. қоспаның қайнап кетпеуін бақыла.

  5. Сұйықтың суғаннан кейін су немесе ас тұзының ерітіндісін қосып араластыр.

  6. Иісіне көніл бөл

  7. Әрбір сұйықтықтың құралдың қай бөлігінде жиналғанын бақыла.

  8. Реакция тендеуін жаз.

Мұғалім сабақ барысында оқушыларға төмендегі біліктердің қалыптасуына көніл бөлгені жөн: Берілген көлемдегі қоспаны даярлау, құралды дұрыс құрастыра білу, қолбаға су не ауа салқындатқышты жалғастырып ұшын қабылдағышқа енгізгенде және иісін анықтағанда қауіпсіздік ережесін сақтау, реакция тендеуін жазу.

7 Сарамандық жұмыс

Тақырыбы: «Органикалық заттарды алу мен анықтауға арналған экспирименттік есептерді шешу».

Жұмыстын мақсаты: Оқушылардын органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер:пробиркалар, спиртшам, пробирка ұстағыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітіндері, этил спирті, қант, қартоп, қақ, нан,піскен алма, сабын, крахмал ерітіндері, натрий түйіршігі,күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мұз,/ІІ/гидроксиді, күкрт қышқылы /1:5/.

Берілген экспирименттік есептерді оқушылар төмендегі нұсқалар бойынша орындайды:




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Органикалық химия пәнінен сарамандық жұмыстар өткізу мемлекеттік стандарттарға және ппән бойынша жұмыс жоспарына сай жасалады.

Органикалық химиядан сарамандық жұмыстар өткізу оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін шыңдау, тәжірибе жасау, қорытынды жасауға машықтандырады.
Сарамандық жұмыстарды тақырыпқа сай сапалық реакциялар жүргізіледі. Сапалық реакция қосылыстардың химиялық қасиеттерін, алуан түрлілігін көрсетеді.
Сапалық реакциялар жасауда органикалық химия оқулығы, тәжірибе жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері қажет.
Автор
Дата добавления 07.03.2014
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров3271
Номер материала 33560030759
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх