Инфоурок Классному руководителю КонспектыОткрытый классный час для 8-11 классов на казахском языке

Открытый классный час для 8-11 классов на казахском языке

Скачать материал

 

 

Дубовка орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

«Болашақ тұтқасы бізге аманат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Өткізген:   

 

                                                                                                                   Елубаева Б.К.  қазақ тілі мен

                                                                                                                    әдебиет пәнінің мұғалімі        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Болашақ тұтқасы бізге аманат.

Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тарихын білуге талпындыру,

                 халық батырларын құрметтеуге үйрету, адамгершілік

                 патриоттық сезімдерді арттыру арқылы Отанын сүюге

                 және қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Қазақстанның Туы, Елтаңбасы; Президенттің суреті, тәуелсіздікке байланысты сөздер жазылған плакаттар.

1 – оқушы: Отан! Отан деген не? Отан дегеніміз туып өскен жері,

туған -  туысқандармен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан

Республикасы Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда

Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанын сүйе білген

Адамда бәрі де: үй – жай да, құрмет те, атақ та, жұмыс та, арман да

болады.Туып өскен ауылы, қаласы – адамның кіші Отаны. Өйткені

әрбір ауыл,қала бүкіл Республикамен тығыз байланысты.

2 – оқушы:

Қалса да, қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айырылып күндіз күлкі

Түнде – ұйқыдан

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

Өр едің өліссең де беріспеген

Ел едің еншісін бөліспеген.

Зар – мұңның әні бар ма сен айтпаған

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?

Бізге де күз келді ғой көктем шығар,

Зілзала, қуған заман өткен шығар,

Күндіз – түн шырылдаған құлын даусың

Құдайдың құлағына жеткен шығар,

Тербетіп тұрса болды, жер бесігін

Дәулеттің тілеймін көл – көсірің,

Көз тимей, кірбің түспей қабағына

Жалғыз – ақ құтты болғай енді осы күн!

3 – оқушы: Біздің Республикамыз бірден қазіргідей болған жоқ. Осы

Жерді сырттан жаудан қорғап қалу жолында ата – бабаларымыз

жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

Бұл жолда қазақ халқының миллиондаған перзенті құрбан болды.

Қазақ халқының өткен тарихы ата – бабаларымыздың бостандық

жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы.

4 – оқушы: Тарих беттеріне үңілейік. Бұдан жүздеген мың жылдар

бұрын осы күнгі Қазақ жерінде пайда болған адамдар бірте – бірте

руларға бірікті. Бір – біріне кәсібі ұқсас, тілдерін түсіне алатын рулар

тайпа болып бірікті. Қазақ халқының  қалыптасуы сонау ежелгі

дәуірден басталып 15 ғасырда аяқталды. Қазақ хандығының негізін

салушылар Жәнібек пен Керей болды. Бір күні Жәнібек хан өзінің

ересек ұлдарын және Керейдің баласы Бұрындықты шақырды.

Жырауларды да алдырды.

Көрініс.                                                                         

Жәнібек хан. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кез келді. Осы кезді

пайдалана алмай қалсақ, тағы да көпке дейін басамыз бірікпеуі

мүмкін. Оның үстінде жат елдердің хандары мен патшалары да

ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан – тараж

болып кетуіміз де мүмкін.

5 – оқушы:

Аңдып жүрген көп дұшпан

Елге жау боп келеді,

Құладың қуды өлтірсе

Өз басына келеді.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

«Қазақпын»деп досқа айтым ұғысамын.

Мақтан етсін атақты туы атын,

«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын.

17 – 18 ғ.ғ. жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес.

6 – оқушы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел – жұртынан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман,қысқан заман,

Басымыздан бақ – дәулет кеткен заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, бағзы заман,

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң

Көздің жасын көл қылып ағызамын.

7 – оқушы: Қазақ халқының тарихында бұл шапқыншылық өте ауыр

із қалдырды. 150 жылға жуық созылған үздік – создық шайқастар екі

жақтың да келешегі үшін ауыр зардаптар әкелді. Азаттық күреске

белсене қатысқан атақты билер мен батырлар: Төле би, Қазыбек би,

Әйтеке би, Абылай хан, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,

Наурызбай.

8 – оқушы:

Өзіңсің айбарым да, айбатым да,

Санасқан орыс, қытай, ойратың да,

Ел берген жігер болды жігерің де,

Ел берген қайрат болды қайратың да.

Елің үшін жауластың,

Жерің үшін жауластың,

Уа, хан ием Абылай,

Ешкімнен де ықпауың,

Маңдайдағы бағым-ай.

Теңіз құсап бұлқып едің,

Найзағай болып сілкіндің

Уа, хан ием Абылай.

  1783-1797 ж.ж. 1836-1838 ж.ж. 1837-1843 ж.ж.

  Қазақ халқы Ресей патшасының отаршылдық саясатына қарсы

үздіксіз күресті. Олар Сырым Датұлының басшылығымен болған кіші

жүз шаруаларының көтерілісі, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған шаруалар көтерілісі.

9 – оқушы:

Аттанып шықтық көп үшін,

Дұшпанға кеткен сол көптің

Ежелден бергі кегі үшін.

Арманы бар ма жігіттің,

Алысып өлсе жауымен

Атаменкен жер үшін?!

Жалаулы найза қолға алып,

Қалықпандай қамданып,

Жау тоқтатып айқаста,

Құрбандық болса ел үшін.

  Көрініс. « Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны

немесе Шыңғысханның қателігі ». Мұхтар Шаханов

Олжас Сүлейменовке,

мына жолдардың авторына:

О, мы не забываем никогда

Свои тысячелетние обиды,

Великие сжигали города

Не ведая, что летописец видит.

Шыңғысхан:  - Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау

Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау

Ойы – дауыл,

Сезімі – аспан,

Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,

Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда,-

деп  Шыңғысхан Шағатайға оқты көзін қадады.

Шағатай: - Осы өкініш мені де өртеп барады.

Отырардың бақытына орнаған

Болар, бәлкім,

Алдырмай тұр зор қамал.

Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,

Қанша үмітім желге ұшты,

Қанша әскерім жер құшты.

Дала жатыр қызыл қанға боялып.

Егер бүкпей баяндасам шындықты

Рухы - өр,

Тәні – бекем

Бұл бір қайсар халық екен,

Тірліктен де артық қойған бірлікті.

Жүрегінде ыза таба қалмағандай бір мысқал:

- Шалалаусың,- деп жымиды Шыңғысхан.

Сақталмауы мүмкін емес зердеңде,

Сен тоғызға келгенде,

Ұлу жылы, Үкітайдың тойында,

Оқ өтпейтін алып батыр жайында,

Ертек айтқам оңашалап өзіңе,

Сол ертекті неге алмадың пайымға?

Шағатай: - Кешір, әке, балалық па,

Зерсіздік пе,

Шалалық па,

Тек нобайы ғана қапты ойымда.

Ұмытпасам Масагет даласында,

Аңдысқан қас пен достың арасында

Атса садақ дарымайтын

Мыңмен жеке шайқасса арымайтын

Шапса қылыш кеспейтін

Жанарынан мейірімі өшпейтін,

Өтіпті бір өжет батыр нар кісі,-

деп баласы кібіртіктеп тоқтады-

Есімде жоқ, әке, одан арғысы.

 

-         Есің кетсе, естіге кіріптарсың,

Ең бастысың ұмытқансың,-

деп Шыңғысхан ызбарлана тіл қатты,

Әр сөзінде атан түйе қайысардай зіл жатты.-

Жә, ендеше, түсірейін есіңе,

Жомарт, аңқау сайын дала төсінде,

Сан мың әскер жеңбеген өр алыпты

Бір-ақ адам табанына салыпты.

Әлгі алыптың кеудесінде бармақтай

Оқ өтетін осал жері болыпты.

Даңқ кімнің күліп тұрса басында,

Сатқындық та бұғып жүрмек қасында,

Айлакер жан соны жазбай таныпты.

Қай кезде де айла кескен нарықты.

Жақын барып үңілместен жауыңа

Шығам деме, ұлым жеңіс тауыңа,

Адам аз ба күшке сеніп адасқан?

Жауың мықты.

Бұған, сірә, таласпан.

Әр мықтының осал жері болмай ма?

Болса қайсы?

Оған бастар жол қайда?

Ал бұл сұрақ бар кез сенің жүру керек басыңда

Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!

Көңілінен күрт серпіліп наласы,

- Ұқтым, әке,- деп жымиды баласы.

 

Үш күннен соң екі адамды Шыңғысханға ап келді.

 

Оның бірі  - аты аңызға айналған

Алты ай бойы Отырарды

Құтқарам деп арпалысқан қайраннан

Аман өткен сан алапат майданнан,

Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын

Қанаттыны талаптыға жалғайтын,

Фараби мен Яссауидің жырларын

Таңнан таңға жатқа айтудан талмайтын,

Әрі өзгеше ел басқару мәнері

Отырардың Қайыр атты ханы еді.

 

Екіншісі – қара мұрты қара түн

Қара түнде қаққан қара қанатын,

Шағатайға Отырырдың қақпасын

Ашып берген

Қарашоқы болатын.

 

Қайран тірлік, бақ пенен сор қырқысқан

Түлкі сайға,

Қыран өрге тырмысқан.

Екеуіне алма-кезек көз тастап,

Ұзақ, үнсіз,

ойға шомды Шыңғысхан.

 

-         Иә, Қайырхан, - деді сосын жай ғана –

Рух ердің өзегі ғой қайда да.

Ең әрісі

Жеңілістің өзін де,

Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа.

Жігіттерім рухына қармақты

Салмақ болып,

Тәніңді әбден қорлапты.

Қорлапты әбден.

Құлағыңды құнтитып,

Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.

Батырлықтан бағын бірақ жанған-ә,

Маған қарап күліп тұрсың сонда да.

Олар сенің жеңгенімен тәніңді,

Амал нешік,

Жеңе алмапты жаныңды.

 

Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой

Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой,

Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға

Бөлеп дарқан күйге мені

Бүкіл әлем билер еді,

Аяғымның астында.

Ха-ха-ха-ха-ха ал мына бір сатқынды

Құдай саған қайдан ғана тап қылды.

Ха-ха-ха-ха,

Қайғылы әрі күлкілі.

Қайран аңқау дара тұлға

Аңғармапсың қанатыңа

Жасырынған түлкіні

Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,

Саған қидым бұл сатқынның билігін.

 

Тұр еді еркін езу жимай күлімдеп,

Мына әңгіме лезде құтын қашырды.

Қарашоқы есі шығып, дірілдеп

Шыңғысханның аяғына бас ұрды:

 

-         Ұлы ханым,

Әділдік пе мұныңыз?

Өле өлгенше

боп өтейін құлыңыз,

Отырарды

Мен қол ұшын бермесем,

Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз?

 

-         Оған дау жоқ,- деді Шыңғыс түнеріп,-

Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік.

Қастерлінің бәрін жыққан табанға

Азған сен бе?

Әлде мына заман ба?

Тым құрыса

Қасиетті бір сезім

Қалу керек емес пе әрбір адам да?

 

Рас,

Менің нөкерлерім безбүйрек

Зұлымдықты ерлік деп те таниды.

Олар тіпті өкшесімен езгілеп,

Кете алады жазығы жоқ сәбиді.

Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі,

Бәрін өзім үйреткенмін о баста.

Қаталдық пен аяушылық сезімі,

Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа.

Түспеу ләзім қос сезімнің дауына

Мен осыған қатты көңіл бөлемін.

Қаншама иттік етсе де олар жауына

Туған жерін сатпасына сенемін.

 

Дәмелендің

Шығарар деп төріне.

Жетті көзің,

Ол үмітің құр елес.

Опасыздық жасадың ба еліңе

Ертең саған мені сату түк емес.

 

Шарам нешік,

Тұрмын сені тіпті аяп.

Сорлы Отансыз,

Қарайыпсың қаныңа.

Қашан мені сатарыңды күтпей-ақ

Алдыңды орап кеткеніме налыма.

Жақсылығым қайтпады деп арыма.

Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату

Ұқсамай ма табиғаттың заңына.

Құлақ түрер кім қалды енді зарыңа?

О дүние сапарына,

Сатқыным,

Сеніп аттаң әділдіктің барына!-

Нөкеріне бұрылып:

-         Кәне, қылыш ұстатыңдар

Қайсар батыр Қайырханның қолына!

-         Тоқта, Шыңғыс, - деп Қайырхан саңқ етті

Бұл баланың әкесі бір нар текті

Адам еді елге сыйлы, зиялы,

Адам еді адал, ұшқыр қиялы.

Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,

Сатқын болып шықты мына тұяғы.

Оны ойласам от жүрегім қан болар

Сеніміме содан түскен таңба бар.

Мақұл көрсең

Әкесің бұл сатқынның

Осы араға алдырғаның жөн болар.

Келді ме әлде жауынан сыр тартқысы,

Шыңғыс басын изеді оған үн-түнсіз.

Біраздан соң

Қаба сақал қарт кісі,

Екеуіне қарсы қарап тұрды үнсіз.

Қайыр айтты:

-         Жылан туса жыланнан

Құлан туса құланнан

Таңданатын түк те жоқ,

Бірақ жылан қалай туды қыраннан?

Қария айтты:

-         Сыйлы басым қуарды,

Жария етіп жалғанымды.

Менің қыран болғанымды

Заман бүгін өтірікке шығарды.

Әділі сол, көнбе мейлің, көн мейлің,

Әр адымы қиындаған

Адал өлім бұйырмаған

Менен сорлы жан бар десең, сенбеймін.

 

Мен осынау борышыма әкелік

Немқұрайды қарадым да.

Кінәлі боп ар алдында

Жібердім зор орны толмас қателік.

Міне, төрім бірігіп тұр көріме

Көрінетін бетім бар ма еліме?

Мына сатқын перзентіме қосақтап

Өлтіруге міндеттісің мені де!

Азғындықтың соны бізбен құрысын

Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.

Құм мәңгілік бүркей алмас асылды,

Даңқың көктеп өтеді әлі ғасырды.

Ал қимылда,

Қалды уақыт тым қысқа.

Қағу үшін сенің қайсар басыңды

Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та!

 

Қайыр айтты:

-         Иә, қоштасар келді күн

Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады-ау.

Ойлап тұрсаң, енді бәрі арман-ау.

Отырардың жан қиярлық ерлігін

Жыр ететін,

Әттең, ақын қалмады-ау!

Шыңғыс айтты:

-         Өкінгенмен болмайды,

Ешкімге де берілмейді бас сауға.

Бұйрық еттім түгел қырып тастауға.

Отырарда еркек кіндік қалмайды!

 

Қария айтты:

-         Қателестің, қалады!

Жұма бұрын

Шеткі Елші қақпадан,

Жүзін жалын қақтаған

Мен құтқарып жібердім бір баланы.

 

-         Бәрекелде,

Бұл еңбегін жарады!

Бірақ одан ұрпақ тарап

Одан ақын туғанша,

Ал ол ақын ата жолын қуғанша,

Кеудесіне сидырғанша даланы,

Айырғанша ақтан бөліп қараны,

Талай өзен тасып өтер -

деп, Қайырхан жасқа толып жанары

Отырарға қимай, ұзақ қарады.

 

Ақын: Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!

Сан алапат тасырдан соң,

Тасыр дауыл басылған соң,

Жеті жарым ғасырдан соң

Өзіңді іздеп тіл қаттым.

Аман қапты батыр арман,

Отқа оранған Отырардан

Қашып шыққан сол баяғы баладан

Бұл күндері санатты ұрпақ тараған.

Дәуірінің қанатында самғаған

Сол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.

Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,

Сені ояту үшін қанша ойландым.

 

Күллі Азия көз тігетін таңдана

Құм астынан көрінбейді паң қала.

Сол қалаға арнаған бұл жырымды,

Оң қабақпен қабылдай көр, жан баба!

 

   1931-1932 ж.ж. жаппай ашаршылық. 1937-1938 ж.ж. жазықсыз

жазалаулар.

  Күшпен колхоздастыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян

келтірді. Құлақ естіп, көз көрмеген озбырлықтар жасалды. Екі-үш

жылдың ішінде малдарынан түгелдей айырылды. Осының салдарынан

халық аштыққа ұшырады. Ашаршылықтан миллиондаған адамның

бейбіт уақытта қырылуы халық үшін аса зор апат болды. 1937-1938

жылдары енді өркендеп келе жатқан Қазақстан ғылымы, әдебиеті де

үлкен оқиғаға ұшырады. Сол бір алапат жылдары жүз мыңнан астан

қазақ жауапқа тартылды. Олардың 22 мыңдайы атылды. Олардың

ішінде Аймауытов Жүсіпбек, Байтұрсынов Ахмет, Жұмабаев Мағжан,

т.б. бар.

10 – оқушы:

Қазағыма көп азапты жазған ба?

Ел ішінде індет жала қонғанда...

Шәкәрімнің сақалына жармасып,

Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.

Қырандар мен сұңқарлардан айырылдық,

Топшы сынып, бар қанаттан майырылдық,

Қамалған соң топ бастайтын азамат,

Жалтақтардың сөзін тыңдап қайырылдық.

   1941-1945 ж.ж. Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғысқа

қатысуы.

«Соғыс» деген суық хабар Қазақстанның барлық жеріне маусымның

22- сі күні-ақ жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6

миллионнан астам еді. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры

атағын алды. Олар Молдағұлова Алия, Мәметова Мәншүк,

Момышұлы Бауыржан, Бигелдинов  Талғат,т.б.

11 – оқушы:

Есіңде ме туған қалам,

Сен деп неше жан қиылды,

Тас қорған боп мың сан адам,

Қорғағаны әрбір үйді.

Жау еңсесін жаншып төмен,

Қуған оны жатыр ізі.

Есіңде ме Мәншүк деген

Қазақтың жас батыр қызы.

Шаттанса қыз тудым деп қазақ шаттан

Әлия Отанына болған мақтан

Бежаница маңында тұлғасы тұр

Дегендей: «Ерлікке аттан, еңбекке аттан».

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен,

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

13-оқушы: 1986 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан КП

Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сырттан әкелінген

Колбинді тағайындады. Мұның өзі – жастардың ашу-ызасын туғызды.

Ертесінде мыңдаған жастар бейбіт шеруге шығып, республиканың

бірінші басшылығына қазақ халқының өкілі сайлаңсын деді. Осы

бейбіт шеру қанға бөктірілді. Жүздеген қазақ жастары сотталды,

бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Олардың ішінде халықтың

жүрегінде мәңгі сақталатын, қазақ халқының батыр ұлы Рысқұлбеков

Қайрат бар еді.

14-оқушы:

Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің,

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты - құрбандық»,

атам десең атыңдар.

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол, жандарым,

Көре алмай мен өтермін.

Хош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата-анам

Ел-жұртым саған аманат!

   1991 ж. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жариялануы.

   Сөйтіп, дүние жүзіндегі ең қуатты елдердің бірі – Кеңес мемлекеті

ыдырауға айналды. әр республика бөлек, дербес мемлекет боламыз

деді. Осыған байланысты Қазақстан Жоғары Кеңесі 1991 жылы 16-

желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Бұл

күн – Қазақстан тарихында Тәуелсіз Республиканың туған күні деп

алтын әріптермен жазылды. Келешекте бұл ел қандай жолмен дамиды,

әр ұлт өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қалай дамытады – бәрін де

халық өзі шешетін болады.

15-оқушы:

Аман қалған шабуылдан жүздеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген,

Аямаған жұрттан нанын, тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Айтысатын ақсақалмен, қызбенен,

Ақын халық екенбіз ғой біз деген,

Болашақтан бірде күдер үзбеген,

Жарқын халық екенбіз ғой біз деген!

16-оқушы:

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік  -  төрінде!

Өзіңдік – Туың да

От пен ауа суың да

Жас, Қазақстаным,

Белді бекем буың да!

17-оқушы:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары –

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,

Көлді көрсең секілді бір түпгі аспан.

Менің байтақ Республикам даласы-

Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерің,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан-байтақ республикам бұл менің.

18-оқушы: Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдардың бірі – Тіл

заңының қабылдануы. Қазақ тіліне – Мемлекеттік тіл деген мәртебе

берілді. 1991 жылы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысы –

Президенттің сайлауы болды. Оның қорытындысында Назарбаев

Нұрсұлтан Әбішұлы тұңғыш президент болып сайланды. Тұңғыш

президентті тәуелсіз Қазақстанның күрделі де ұлы істері күтіп тұрды.

19-оқушы:

Қайта туды қазағымның ай-күні,

Күннен күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,

«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.

Шықпағанда республика Тіл заңы,

Елігім де кетер ме еді құрдымға?

Алтын бесік – ағайын, жұрт туғаным,

Дос бөліссе қыза түсер думаның,

Бардық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзіне Тіл заңын.

20-оқушы: Қазақстанның күнтізбесіне тағы мынандай мерекелік

күндер қосылды. 1995 жылы тамыздың 30-ы Қазақстанның

Конституциясы күңі және 1998 жылы шілденің 10-ы Астанамыздың

ашылу салтанаты өтті.

21-оқушы:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Саған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты?-десе біреу,- Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

22-оқушы: Елдің негізгі заңынан кейінгі аса маңызды нышандары –

мемлекетіміздің Елтаңбасы, Туы және Әнұраны. Мемлекеттік белгі

нышандарды құрмет тұту - әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.

23-оқушы:

Алтын қанат көмкерген

Шанырақ бар, уық бар,

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы-

Бейбіт дала елесі-

Шанырақ – жұрт панасы,

Уықтар күн сәулесі.

Сүйсіндірген өзінді

Түсіне біл таңбаны:

Анызда ұшқыр, төзімді

Пырақ – халық арманы.

Мағыналы сымбатты

Бар осындай белгіміз –

Маған, саған қымбатты

Елтанбасы ол – еліміз!

24-оқушы

Ескі белгі – ұранда

Сары алтындай сақталған

Күг шұғыла, кыранда

Алтын түспен апталған.

Көк байрағы бабаның-

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Қазақстан жалауы!

25-оқушы: Қазақстан Республикасының келешегі қалай болмақ? Бұған Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» деген халқына үндеуінде жауап береді. Онда былай делінген: «Біздің мақсатымыз – гүлденген қоғам орнату. Біздің алға қарай тұрақты жылжыуымыздың басты шарты – біздің алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі бір тұтастығы. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін ».

Хор «Атамекен»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый классный час для 8-11 классов на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Классный час предназначен для учащихся 8-11 классов. В своей разработке автор раскрывает тему патриотического воспитания учащихся школ Казахстана. Автор опирается на исторические факты становления независимости Республики Казахстан, литературные источники.Сценарий разработан в форме литературной гостиной. Данная форма проведения внеклассного мероприятия позволяет активно вовлечь школьников в подготовку и проведение классного часа, раскрыть их творческие способности, привить интерес к истории своей Родины, литературе.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2014 1593
    • DOCX 93.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шушпанова Елена Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шушпанова Елена Николаевна
    Шушпанова Елена Николаевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 100487
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 628 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек