Инфоурок Начальные классы Конспекты«Қош бол, құтты Әліппем!»

«Қош бол, құтты Әліппем!»

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Қош бол құтты кантар 2014.docx

Қош бол құтты әліппем

Мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін жеткіншек болуға тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің өту барысы:

a)     Музыка ойнап тұрады.

b)    Залға балалар 2-2 ден кіреді.

Көрнекілігі: плакатқа жазылған сөздер:

1.               Кітапсыз-білім жоқ.

Білімсіз-күнің жоқ.

     2.     Қына-тасқа бітеді.

             Білім-басқа бітеді.

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Биылғы оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды. Кеше ғана жаңа мектептің табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік.

Армысыздар ата-әже, қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар,

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап ақыл берген әліппесің,

Армысың құрбы –құрдас, достарым.

Өзіммен бірге жүрген құрдастарым.

Осындай көңілді бір кештерде,

Өзімше осындай бір ән бастадым, - дей келе ертеңгілігімізді бастайық.

1-оқушы:

           Өтті оқу, сан сабақ,

           Бүгін үлкен салтанат,                         

           Оқулықпен достассақ

           Әліппемен қоштассақ

           Өсті білім бойымыз.

Хормен: «Құтты болсын, тойымыз!».

2-оқушы:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,                          

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Андай кітап тіл ашқан?

Хормен «Әліппе»

Осы кезде сахнаға Әліппе келеді.

   Мұғалім: Сәлеметсіз бе, Әліппе. Төрлетіңіз

 

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, қонақтар!

Менің атым –Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен

Ағаң менен әпкең де.

Мұғалім: Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр- әніміз.

3-оқушы: Күмбір-күмбір қоңырау,                

Соғылған ай қыркүйек,

Қалам ұстап қолыма,

Жазылған ай қыркүйек.

4-оқушу: Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып                                                     

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып.

5-оқушы: Сипадың да басымнан,                             

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

6-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,                  

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

7-оқушы:Бұрқыраған білімнің                       

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болған Әліппем.

8-оқушы: Бар кітапқа бас болған                     

Әліппе –ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы                                                                                                        9-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені                

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

10-оқушы: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке                                                

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

11-оқушы:                     

Алфавитті біліңдер

Онда қалып, жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

12-оқушы: А –ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді

Күн сайын әріптердің атын біліп

Сөз оқимын айырып буынды енді.

13-оқушы: Таныстырған 42 әріппен           

Қош бол менің қасиетті Әліппем

Сеннің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатыңа кіргенім.

«Ә» дыбысын өткенде-тамылжыта ән айтуды үйрендік.

Ән. Зеңгір көктем

 «Б» дыбысын өткенде-бата беруді үйрендік.

Мұғалім:

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп,

Қол жайып,  періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.

«Әумин» десең міне батам,

Қолдасын Қызыр бабам,

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет,

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет.

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Әумин.

«Т» дыбысын өткенде-

Тақпақ айттық тақылдап.

14-оқушы: Әліппем, менің Әліппем                        

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен

15-оқушы:Әліппем, менің әліппем                         

Сені қолға алып мен

Есігін аштың білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

16-оқушы:Ыстық әрбір беттерің                       

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім

17оқушы:Әліппем, менің әліппем                          

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

«Ж» дыбысын өткенде-жұмбақ шештік жаңылмай.

«Е» дыбысын өткенде-Ертегілер  еліне саяхат жасадық.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс.

18- оқушы:

Он саусағым орамды                       

Бояп –бояп қоймасын

Отан, орман сөздерін

«О» әрпінен ойлайсың

19-оқушы:

Бала отыр партада

Оқы, үйрен, шаршама

П дыбысы – дауыссыз

Мәлім болды баршаңа

20-оқушы

Ризамыз оқуға

Ретімен тоқуға

Р-ды айту қиын –ақ

Кейбіреулер айтуда

21- оқушы

Қарбыз, қауын жинаймыз

Қағазды бос қимаймыз

«Қ» дыбысын  қиып алып

Қонақтарға сыйлаймыз

22- оқушы:

Ыстық әрбір беттерің                    

Жазуыңды ұғамын

Ақыл  бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім

Әліппе:

Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетелеп әкетер

(Ортаға ана тілі келеді.)

Ана тілі:

Сәлеметсіз бе, балалар?

Хормен : Қош келдіңіз, Ана тілі

Ана тілі :

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімен

Ән : «Әліппе» (Ана, бала, Отан шарға жазылған сөздерді жоғары көтеру)

Әліппе:

Кәрі – жасқа ой сала,

Үйрететін ой-сана.

Ана тілін сүйіңдер

Осыған бас иіңдер.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман –есен болыңдар

Ал, балалар сау болыңдар.

Бірге : Қош бол, құтты әліппем!

Мұғалім:

Құтты болсын ата-ана

Құтты болсын көпшілік.

Ән айтайық, би билеп

Ана тілімен қосылып .

Мұғалім:

«Жаса Қазақстан» ән Корабаев Бекжан

Мен қазақтың қызы деп

Желбіреген тұлымы

Тамсандырар биімен

Гүлдей көркем өмірі.

Қазақ биі- қыздарды ортаға шақырамыз.

23-оқушы:

Әліппемен қош айтысып қаламыз.           

Енді қолға ана тілін аламыз

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Әсем әуен жырменен

Шыр айналып, би билеп

Ән салуды ұнатады.

Салт-дәстүрін халқымның

Жалғастыру мұраттары

Би : «Қара жорға»

Ән: « Көк тудың желбірегені »орындайтын

 

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Келісемін:                                                                                        Бекітемін:

№3 орта мектеп-кешеннің                                                 №3 орта мектеп-кешен

Оқу ісінің меңгерушісі:                                                      директоры:

 

________А.Қ.Қасембаева                                            _________ А.М.Елемесова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қош бол, құтты Әліппем!»

 

 

 

1 «в» сынып жетекшісі

                                                                                    Божканова Л.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қош бол, құтты Әліппем!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Қош бол құтты әліппем Мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін жеткіншек болуға тәрбиелеу. Ертеңгіліктің өту барысы: a) Музыка ойнап тұрады. b) Залға балалар 2-2 ден кіреді. Көрнекілігі: плакатқа жазылған сөздер:

1. Кітапсыз-білім жоқ. Білімсіз-күнің жоқ.

2. Қына-тасқа бітеді. Білім-басқа бітеді. Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Биылғы оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2014 884
    • RAR 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагалиева Анар Айткалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумагалиева Анар Айткалиевна
    Жумагалиева Анар Айткалиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 111305
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек