Инфоурок Классному руководителю КонспектыӘліппеге рахмет

Әліппеге рахмет

Скачать материал

    Семей қаласы                                            

КММ № 47 жалпы орта білім беретін мектеп

             Айқымбекова.Г.А

 

Әліппеге рахмет!

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту.

Дамытушылық: Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, тілдерін, сөздік қорларын дамыту

Тәрбиелік: Оқу-білім алуға достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу.

Көрнекілігі. «Әліппе», «Ана тілі» суреті, әріптер, сандар, шарлар, гүлдер жалаушалар.

Барысы:

(Бөлме әсем безендірілген. Музыка ойнап тұрады)

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын!

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты  болсын білімі балалардың!

Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық маман мектептен аттанады.

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

 

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

 

1-оқушы: Әліппе деген- алтын жол

                Апарар сені алысқа

                Жеңіл емес, ауыр жол,

                Тырысып бақ намысқа

2-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені

                Қызыға қарай бердім әріптерді

                Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

                Ұстазым оның кілтін алып берді

3-оқушы: Бар кітапқа бас алған

                Әліппе-ғылым анасы

                Әліппеден басталған

                 Даналықтың данасы.

4-оқушы: Осылай алға бастадым,

                Әр әріпті жаттадым.

                Жаттаған сайын әріпті

                Сөз құрап жаза бастадым.

5-оқушы: Әліппем менің, әліппем

                Өшпейтін нұрлы әріппен

                Есігін аштым білімнің,

                Өзіңнен кілтті алып мен

Мұғалім: Ал енді Әліппені ортаға шақырайық

Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым!

                Армысыңдар, жас достар!

                Армысыздар, ата-ана!

                Болашаққа жол бастар

                Әліппең келді ортаға

                Менің атым -Әліппе

                Мені анаңдай дәріпте

                Мені оқып ержеткен

                Ағаң менен әпкең де

Мұғалім: Алғаш рет хат танытып сауатымызды ашқан, біздің жақсы досымыз Әліппенің құрметіне ән, би, өлең, мақал-мәтел өрнектеп ортаға салайық.

Ал енді Әліппені қалай оқитынымызды көрсетеміз. Ойын «моншақты тізбек» Әр дөңгелектегі сөздерді тиісті орынға қойып, сөйлем құрайық.

1 Боламыз бала үлгілі

2 Бітпес еріншектің ертеңі

3 Алғыс әліппеге мың

Әліппе: Ал мен сендерге Жұмбақбай атаның жұмбағын жеткізейін.

1.Жазу жазып жалықпаған

   Жаза-жаза арықтаған.          (бор)

 

2.Қабат-қабат қаттама

   Ақылың болса аттама          (кітап)

 

3.Үреткен ілімді

   Қырық екі білімді                (Әліпби)

 

4.Өшірді, сүртті,

   Өзгені құртты,

   Өзін де құртты                     (өшіргіш)

 

5.6 қырлы ісі бар

   Суретпенен ісі бар.              (қарындаш)

Би «Гүлдер»

Назгүлдің орындауында «Ертегілер» әні

 

Мұғалім: Жұмбақбай атаның тағы да тапсырмасы бар. Ол ойын түрінде өтеді Екі бала екі атанадан топқа бөлінеді Бір топ мақалдың басын бастайды бастайды, екінші топ мақалды жалғастырады

1.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар

2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. Оқусыз білім жоқ,

 Білімсіз күнің жоқ

4. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды..

 

Кезек оқушыларға келді:      

1-о: Қуыршақты тастадым

 Уақыт жоқ ойнауға,

 Әріптер құрай бастадым,

Сөздерді жазып қоюға

2-о: Келгенде алғаш мектепке,

        Білмеуші едік әріп те

        Оқимыз қазір ертекті,

        Үйреткен оны, Әліппе!

3-о: Енді біз жаза білеміз.

        Әріпті қосып әріпке

        Риза боп соған жүреміз

        Сүйікті біздің, Әліппе

4-о: Оқуды көп ойладық

       Қызығына тоймадық

       Әріптерді үйреніп,

       Сауат аштық тойладық!

5-о: Әліппе алып қолыма

        Білімні аштым есігін

       Ақ ниет тілеп жолыма

       Жазылды тұңғыш есімі

Ән «Мектеп вальсі»

 

Әліппе ана тілін алып кіреді.

Әліппе: Балалар мен сендерге ана тілін табыс етемін.

Балалар: Сәлеметсің бе, ана тілі? 

Ана тілі: сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым? Мен сендермен танысқаныма қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.

Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім, ой- саналы

Әрбір сөзім, ой салады.

Ғылым тәлім, өнерім көп

Достасқанға берерім көп.

 

Балалар, сендер білесіңдер ме?

Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім?( Ыбырай Алтынсарин)

Олай болса  Ыбырай атамыз балаларды оқуға шақырған. «Кел, балалар оқылық» тақпағын оқу.

Мұғалім: балалардың ана тіліне арналған тақпақтары.

 

 1-ші оқушы:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліпем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

2 о:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілді аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

3 о:

Ана тілі- біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып- қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің солай болмақ бағымыз.

4 о:

Іші толған әріпке,

Жақсы кітап –Әліппе,

Әліппені аламыз

Мектепке біз барамыз.

5 о:

Әріпттерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын затын түрін де.

Әліппе: Бәрі жақсы, балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқисыңдар. Ата-аналарыңды тыңдаңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер, оқыңда.

Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын,

Күнделігің беске толсын.

Балалар: Қош бол, құтты Әліппем.

Би «Вальс»

Балалар сендер Әліппемен бірге қандай пәндер оқыдыңдар?

Балалар: математика, дүниетану, сурет сабағы.

 

Олай болса мен сендерге математикалық жұмбақ жасырайын.

 

Табақта 3 алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығын

Болады неше алма. (5)

 

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады енді нешеуі

Жауабын кім шешеді (5)

Ана тілі: жақсы шештіңдер рахмет.

Мұғалім:балалар сендердің ендігі жаңа достарың ана тілі сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін одан да жақсы меңгеруге ант бересіңдер ме?

-иә.

-Кітапты ұқыпты ұстауға!

-Ішіндегі білімді маржандай теруге!

-Сабақты жақсы оқуға!

-Ант береміз!

Ән «Отан»

Қорытынды:

Осымен біздің әліппемен қоштасу кешіміз аяқталды. Сөз кезегін әкімшілікке, ата-аналарға беріледі. «Аталы сөз – баталы сөз» дегендей үлкен кісіге бата беріледі. Балаларға мадақтау қағазы мен сыйлық таратылады.

Би «Қаражорға»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әліппеге рахмет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Семей қаласы КММ № 47 жалпы орта білім беретін мектеп Айқымбекова.Г.А Әліппеге рахмет! Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу» кешінде бекіту.

Дамытушылық: Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, тілдерін, сөздік қорларын дамыту

Тәрбиелік: Оқу-білім алуға достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу. Көрнекілігі. «Әліппе», «Ана тілі» суреті, әріптер, сандар, шарлар, гүлдер жалаушалар.

Барысы: (Бөлме әсем безендірілген. Музыка ойнап тұрады)

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2014 966
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айкымбекова Гулжан Абидоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18968
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 416 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 47 человек