Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Жемістер мен көкөністер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Жемістер мен көкөністер

библиотека
материалов


(3 – сынып, орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау,
үйренген сөздерді , сөз тіркестерін қайталау, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеуге үйрету, есте сақтайын қабілеттерін дамыту, сауатты жазу, оқуға дағдыландыру, тілдерін жаттықтыру.
Тәрбиелік: Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қадірлеуге, бір- біріне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, таңғажайып сәт, сұрақ- жауап, венн- диаграммасы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: « Жемістер, көкөністер» суреттері, алма ағашы, мандарин ағашы, компьютер
Пән аралық байланыс: математика, орыс тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Отырыңдар!
- Бүгін сыныпта кім кезекші? ( кезекшіден аптаның күні мен ауа- райы, оқушылардың түгелдігін тексеру)
Оқушыларды қазақ тілі сабағына психологиялық дайындық жүргізу: оқушылардың көздерін жұмылдырып, ең қызықты, жағымды сәттерін естеріне түсіртіп, елестеткізу.
II.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1. Ұйымдастыру.
2. Нәтиже сабақ
3. Сабақты бекіту.
4. Сабақты қорыту.
5. Үй тапсырмасын беру
6. Бағалау
III.Нәтиже сабақ
- 1) Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыпты қайталай отырып, санамызға тереңірек түйсінеміз. Ендеше, мына сызба бойынша өткен тақырыптарға байланысты сөздерді бір әріптен кейін келесі әріпті оқи отырып табыңдар. (Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы)

Ж
Р К
С Е
Е Ө
І М
Т К
Н І
С Ө

2)Тілді жаттықтыру
- Енді біз сендермен тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер костап, аяқтаңдар.
Огурцы – қияр,
А граната - ...

Мороз – аяз,
А лук – ...

Жираф – керік,
А абрикос - ...

Один – жалғыз,
А арбуз - ...

Сад – бақ,
А тыква - ...

Зеркало – айна,
А яблоко - ...

Усы – мұрт,
А груша - ...

Кобыла – бие,
А вишня - ...

Земля – топырақ,
А капуста - ...

Фрукт – жеміс,
А овощ - ...

.- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын!
Сары түске жамылып,
Күн суытып келеді.
Мектепке де шақырып,
Қай мезгіл бізге келеді?
(КҮЗ)

3) - Балалар , қазір біз сендермен қызықты ойын ойнаймыз.
«Тапқыр достар » ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Үстелдің үстінде алма ағашы мен мандарин ағашы тұрады. Ағаштардың әр бұтақтарында гүлдер өседі. Сол гүлдердің артында тапсырмалар жазылған. Ең алдымен оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топ өз капитан командасын таңдайды. Капитандар кезекпен тапсырмаларды оқиды, топ оқушылары оны орындайды.Дұрыс жауап берген бала гүлдің орнына жеміс іледі. Кімнің ағашында жеміс көп болса, сол топ жеңеді.
Алма ағашының тапсырмалары:
1. Алма туралы тақпақ айту.
2. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыру: жүзім, өрік, қияр.
3. Мынау кім? ( мұғалім )
4. Қандай сөз артық: шабдалы, анар,алма, пияз, мандарин.
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: орамжап...рақ, қ...рбыз, алм...рт, өр...к.

Мандарин ағашының тапсырмалары:
1. Қазақша өлең айт.
2. Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыру: қызанақ, орамжапырақ, мандарин.
3. Қандай сөз артық: анар, сарымсақ, картоп, бұрыш, сәбіз.
4. Мынау кім? (аспаз )
5. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жаз: қыз...лша, өс...ді, алх...оры, шабд...лы.
- Менің сендерге деген тағы да бір ойын – сайысым бар. Шарты мынандай: компьютерде бейнеленген көкөністер мен жемістер берілген. Бірінші топ жемістерді, екінші топ көкөністерді ажыратып, қазақ тілінде тақтаға кезекпен шығып жазады.
IVМұғалім:
- Келесі кезек мәтінмен жұмыс.
4) « Бақта » мәтінімен жұмыс: а) оқу
ә) аудару
б) сұрақ- жауап

- Балалар,сергіту сәтін орындап, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.

VВенн- диаграммасы.
- Жемістер мен көкөністердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын білдіретін Венн- диаграммасын құрайық.
- «Кім тез?» санауды қайталайды. Тақтада алмалар мен алмұрттың суреттерінде сандар жазылып тұрады. Балалар сол сандарды рет- ретімен атап, дауыстап санайды.

VI Сабақты бекіту.
- Балалар, бүгінгі сабақта қандай жаңа дүниелерді танып, қандай тағы да мағлұматтар білгілерің келеді? Соның бәрін осы «Ой толғаныс» (рефлексия) кестесіне толтырып жазайық.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

VIIСабақты корыту.
- Оқушылар, бүгін сабақ барысында көптеген сөздерді қайталап, білімімізді жетілдірдік. Ендеше, білім туралы мақал – мәтел айтайық. Балалар, мектептің кіре берісінде қандай білімге қатысты мақал жазылып тұр. Әрине, «Оқу – білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» деген мақал. Олай болса, бүгінгі сабағымызды осы мағыналы мақалмен қорытайық.
VIIIБағалау
IXҮй тапсырмасын беру.
1. Келесі сабақта «Дүкен» ойынын ойнаймыз, сол үшін жемістер мен көкөністердің суретін үлестірмелі қағаз ретінде дайындап келіңдер.
2. «Оқу – білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» мақалының мағынасын, мәнін үйден біліп келіңдер.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

"Описание материала:

7 сынып Сабақ № 31 Тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстырып, білімдерін толықтыру. Сабақ барысында сөздік қорын молайту, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа лексикалық сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: презентация Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Әнұран айту. Үй тапсырмасын сұрау. II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру. III. Сабақтың тақырыбын презинтация арқылы түсіндіру. IV. Бекіту. 1. Сөздік жұмысы. 2. 1-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен танысып, сөйлем құрау. соғым сою - забой скота на зиму қуырдақ - жареное мясное блюдо қазақша ет - мясо по-казахски күздік - осенний забой скота қазы - изысканное кушанье наподобие колбасы из брюшной и реберный части конской туши жал - продолговатое отложение жира в подгривной части конской туши жая - мясо, прослоенное жиром 3. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, күрделі сөздерді теріп жазу. Этнолингвистикалық атауларды анықтау. 4. 3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу. 5. 4-тапсырма. Сөздердің түсініктемесін белгілеу. Жауап үлгісі: Сөз Түсініктемесі 1. Күздік - 1. күз айында сойылатын мал. 2. Қуырдақ - 2. жүрек, ет, өкпе, бауырды, майлы ішек-қарынды араластырып қуырылған тағам. 3. Соғым - 3. түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі малдың сойылуы. 4. Қазақша ет - 4. пісірілген ет, қазақ халқының ең басты тағамы. V. Сабақты қорытындылау. VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

Автор
Дата добавления 13.03.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров1957
Номер материала 34589031315
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх