Инфоурок Иностранные языки КонспектыУрок казахского языка, 9 класс

Урок казахского языка, 9 класс

Скачать материал

Урок казахского языка в 9 классе

 

Туребекова И.А., учитель казахского языка и литературы школы-гимназии №17 г.Актобе

 

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші композитор.

 

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Қазақтың атақты күйшілерімен таныстырып, Құрманғазы Сағырбайұлы туралытолығырақ мағлұмат беру. Ұлттық аспаптармен таныстыру. «Себеп-салдар салалас сөйлемнің жасалу жолдары» тақырыбы көлемінде білім дағдыларын арттыру.

2.      Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын, музыка жанрын, күйші-сазгерлер, олардың шығармаларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:күйшілердің портреттері, ұлттық аспаптары (буклет),күйтабақтар,слайдтар, тірек-сызба, интерактивті тақтада берілген мәтін.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, СТО стратегия түрлерін пайдалану.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

 

Сабақтың эпиграфы:

Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі дүниесін білдіретін болса,солардың ішіндегі ең толғаулы,ең терең сырлысы – күйі.

М.Әуезов.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабақтың кіріспе бөлімі: - Балалар, үй тапсырмасы қазақ музыкасындағы танымал тұлғалар жайлы ойларыңды жинақтап келу болатын. Соған орай «Тұлғаны танып біл» ойынын ойнап жіберейік.

«Тұлғаны танып біл» ойыны

Экраннан музыка өнерінің танымал тұлғаларының бейне суреттері кезектесіп шығып отырады. Оқушылар олар туралы білімдерін ортаға салады.

Мысалы: Қорқыт ата, Сүгір Әлиұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова.

ІІ. Мұғалім: - Балалар, біз сіздермен бүгін халқымыздың атақты күйші композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы толық ақпарат алып, сазгердің күйлерімен танысамыз.

Мұғалім интерактивті тақтада жазылған дәйексөзге оқушылардың назарын аударады

 

«Сағырбаев – сирек кездесетін жан, ол европалық білім алған болса,

музыка дүниесінде ең үлкен жұлдыз болар еді»

М. Савичев

Экранда Құрманғазының суреті және «Сарыарқа » күйі ойналады.

- Тыңдаған күй қандай аспапта орындалған? (Домбырада)

- Тағы қандай қазақ халқының ұлттық аспаптарын білесіңдер?

(Қобыз, шаңқобыз, жетіген, дауылпаз, асатаяқ, шертер, сазсырнай.)

Қазақтың ұлттық аспаптары

Аспаптардың ішінде домбыраның орны ерекше. Домбыра- асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбатты, сүйікті музыкалық аспаптың бірі.

Бұл жөнінде ақын Мұқағали Мақатаев не деген?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Домбыра, жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласындай тілдесемін

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өмірдің не екенін білмес едім.

- Үнтаспадан саз әуені тыңдалады.

- Тыңдаған музыка қай жанрға жатады? (күйге)

- Күй деген не? (музыкалық шығарма)

- Күйді шығарушы кім? (күйші)

- Біздің Батыс Қазақстан күйшілері кімдер?

(Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Мұхит)

Қазақтың белгілі күйшілері

 

 Дина Нүрпейісова        

Құрманғазы Сағырбайұлы

Тәттімбет Қазанғапұлы

 

Мұғалім: Бұл адамдар музыка мәдениетінің асқан шеберлері, ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.

Күй – халық мұрасы. Күйлер адамның ішкі сезімін, оның жеке басының көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, аңсаған арманын, өмір сүрген қоғамын, қоршаған табиғат анасын, өзен-суын, орман-тоғайын, таулары мен байтақ жерлерін паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға айналды. Оның сөзі болмайды, сондықтан күйді аспаптық музыкаға жатқызамыз.

Енді осындай атақты күйшілердің бірі – Құрманғазы туралы білімімізді тереңдете түсу мақсатында мәтінге назар аударайық. (Интерактивті тақтада)

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

а) мәтінді оқу;

ә) жаңа сөздерді оқып, сөз тіркестері мен сөйлем құру;

б) мәтінге сұрақтар құру;

в) Тірек-сызба арқылы мәтінді мазмұндау.

 

 

Қазір мынадай тапсырма орындаймыз. Мәтіннің сөйлемдері бөлек-бөлек қиылып алынған, содан мәтін құрастыру керек.

IV. Грамматикалық тақырып.

Тірек-сызба арқылы себеп-салдар салалас-құрмалас сөйлемді түсіндіру.

 

Тапсырма. Нүктенің орнына себеп-салдар жалғаулықтарын қойып, құрмалас сөйлем құрастыру.

Біз Құрманғазының күйін сүйіп тыңдаймыз, ... олар – мәнді, тарихи күйлер. Біз халық аспаптар оркестрінің концертіне барамыз, ... олардың орындауындағы күйлер бізге ұнайды. Сізді ешкім шақырған жоқ, ... сіз бармайсыз. Уақыт кешкіріп кетті, ... амалсыз қалуға тура келді.

Тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау.

Қазіргі кезде халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Құрманғазы шығармалары бүкіл жер жүзіне тарады. Ол жасынан ән-күйге әуес болған.

V. Бекіту сұрақтары.

1) Құрманғазы кім?

2) Құрманғазы қай жерде туып өскен?

3) Ол жастай неге құмар болған?

4) Оның ұстазы кім?

5) Алғашқы күйі қалай аталады?

6) Құрманғазы күйлерінде нені суреттеген?

Бес жол өлең стратегиясы:

1.    Бір зат есім – Құрманғазы

 

2.    Екі сын есім – белгілі, өнерлі

3.    Үш етістік – дүниеге келді, атақты болды, қызмет етті

4.    Төрт сөзден құралған сөйлем

Тамаша күйлер туғызған композитор

5.    Сазгер

VI. Сабақты қорыту. Инсерт кестесін толтыру

 

Білемін

 

Білдім

Білгім келеді

Құрманғазы Сағырбаев – күйші, композитор

Күйлерін, поэмаларын, кесенесі салынған

Құрманғазының ұрпақтары бар ма?

 

VII. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша деректер жинау. Ережені оқып, 4-тапсырманы орындау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок казахского языка, 9 класс" Смотреть ещё 4 961 курс

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші композитор. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың атақты күйшілерімен таныстырып, Құрманғазы Сағырбайұлы туралытолығырақ мағлұмат беру. Ұлттық аспаптармен таныстыру. «Себеп-салдар салалас сөйлемнің жасалу жолдары» тақырыбы көлемінде білім дағдыларын арттыру. 2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын, музыка жанрын, күйші-сазгерлер, олардың шығармаларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:күйшілердің портреттері, ұлттық аспаптары (буклет),күйтабақтар,слайдтар, тірек-сызба, интерактивті тақтада берілген мәтін. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, СТО стратегия түрлерін пайдалану. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 870 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2013 1745
    • DOCX 622 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макарова Елена Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макарова Елена Геннадьевна
    Макарова Елена Геннадьевна
    • На сайте: 9 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 202875
    • Всего материалов: 72

Оформите подписку «Инфоурок премиум»

Вы сможете бесплатно проходить любые из 4961 курс в нашем каталоге.

Перейти в каталог курсов

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 486 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 351 человек

Мини-курс

Основы английской грамматики: от структуры предложения до системы времен

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Детские и молодежные организации: структура, деятельность и патриотическое воспитание в рамках движения «Юнармия»

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 4 961 курс