Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспект по информатике «Web-технологияларды қолдану орталары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Конспект по информатике «Web-технологияларды қолдану орталары»

библиотека
материалов

WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ОРТАЛАРЫ

Тақырып №1. Интернеттегі клиент-серверлік архитектура

Дәрістің мақсаты: Интернеттегі клиент-серверлік архитектурамен танысу.

Бірнеше компьютерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды өзара байланыстыру қажет. Ол үшін компьютерлердің арасында өзара ақпараттық байланыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды.

Әр түрлі компьютерлердің арасында өзара ақпараттық байланыс ұйымдастыру келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • ақпараттарды өте үлкен қашықтықтарға тарату (жүздеген, мыңдаған километрге);

  • өте бағалы, құнды ақпараттық, программалық және аппараттық ресурстарды бірнеше компьютерлердің ортақ пайдалану; Бұл ресурстар - өте қуатты үрдісор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді баспа құралдары, мәліметтер базасы, программалық жабдықтар және т.б. болуы мүмкін.

  • мәлімет жинақтауыштармен жұмыс істегенде компьютерлер арасында өзара ақпарат алмасу;

  • ауқымды жобамен бірігіп жұмыс істегенде, пайдаланушы адамдарға жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез келген уақытта алып отыру.

Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастырудың негізгі үш тәсілі бар:

  1. қатар орналасқан екі компьютерді арнайы кабель көмегімен олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;

  2. модем арқылы сым немесе спутниктік байланыс торабы көмегімен бір компьютерден екіншісіне мәліметтер беру;

  3. компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.

Көп жағдайларда екі компьютер арасында байланыс ұйымдастырғанда бір компьютерге ресурстарды жеткізуші (программалар, мәліметтер және т.б.) рөлі, ал екіншісіне осы ресурстарды қолданушы рөлі бекітіледі. Мұндай жағдайда бірінші компьютер сервер, ал екіншісі - клиент немесе жұмыс станциясы деп аталады.

Сервер – сыртқы жад көлемі өте үлкен, өнімділігі өте жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланатын бағасы жағынан өте қымбат ресурстарды үлестіруді басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиент – сервердің қызметтерін пайдалана алатын кез келген компьютер.

Кейбір жағдайларда бір компьютер сервер әрі клиент те бола алады. Ол компьютер өз ресурстарын және сақталып отырған мәліметтерін басқа компьютерлерге береді және сонымен қатар олардың ресурстары мен мәліметтерін пайдалана алады.

Клиент деп пайдаланушы атынан серверден қызмет түрлерін алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.

Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын, кем дегенде екі компьютердің байланыс жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің, принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Компьютерлік желі әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілерді түйіндер (компьютерлер және желілік жабдықтар) мен оларды байланыстыратын тараулардың (байланыс арналары) жиыны ретінде қарастырады. Желі тарауы – қатар орналасқан екі түйінді қосатын жол. Түйіндер шеткі (тек бір тараудың соңында орналасқан), аралық (біреуден көп тараулардың шеттерінде орналасқан) және шектес (мұндай түйіндер басқа түйіндері жоқ бір ғана жолмен қосылған) болып бөлінеді.

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – кіші және ірі желілердің бірігуі, ал кең мағынасында - бір-бірімен мәліметтер алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік деуге болады. Интернет – бұл қайталанбас жетістіктерді толығымен біріктіретін технология болып табылады. Пайдаланушылар көп жағдайда Интернетті желінің ақпараттық құрамы ретінде түсінеді. Интернет ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және жедел тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі түрге бөледі: серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және пошталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.

Сервердің басты міндеті – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу. Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір хаттама шегінде болады. Хаттама дегеніміз – бұл желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік программалар клиенттік программаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-программа сұраныс құрып, оны желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген хаттама арқылы сервер-программамен өзара байланысады. Бір компьютерде бірнеше серверлік программаларды орнатуға болады. Әрбір сервер-программа үшін өзіндік клиент-программасы болады. Осылай, Web-клиент Web-серверге, пошталық клиент – пошталық серверге хабар береді және т.с.с. Серверлік программа әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек, сол себепті сервер-программа жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне қатысты жоғары талаптар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютер пайдаланушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Желінің архитектурасы желінің негізгі элементтерін анықтайды, оның жалпы логикалық ұйымдастыруын, техникалық, программалық қамтамасыз етілуін, кодтау әдістерін сипаттайды. Архитектура сондай-ақ пайдаланушының жұмыс істеу принциптерін және интерфейсін анықтайды.

Клиент-серверлік архитектурада қызметтік әрекеттер қолданбалы программалар кешені арқылы жүзеге асырылады, оларға сәйкес түрлі қолданбалы үрдістер орындалады. Клиент-серверлік архитектураның құрылымы 1.1-суретте көрсетілген.


hello_html_m2cf36983.png


1.1- сурет. Клиент-серверлік архитектура


Клиент-серверлік архитектурада объектілердің төрт тобы бар: клиенттер, серверлер, деректер және желілік қызметтер. Клиенттер пайдаланушылардың жұмыс орнында, жүйелерде орналасқан. Деректер негізінен серверлерде сақталады. Желілік қызметтер ортақ қолданылатын серверлер және деректер болып табылады. Желілік қызметтер деректерді өңдеу процедураларын басқарады.

Клиент-серверлік архитектураның мынадай артықшылықтары бар:

      • жұмыс станцияларының саны көп желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

      • желілік әкімшілік етуді жеңілдететін пайдаланушылардың есептік жазбаларын, қауіпсіздікті және желіге қатынауды орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді;

      • желілік қорларға тиімді қатынауға мүмкіндік береді;

      • пайдаланушылар бір ғана құпия сөз арқылы пайдалану құқығы бар барлық қорларға қол жеткізе алады.

Клиент-серверлік архитектураның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар:

      • сервер бұзылған кезде желі жұмыс жасамай қалады, кем дегенде желілік қорлар жоғалады;

      • әкімшілік ету үшін жоғары мамандандырылған адам қажет;

      • желілер мен желілік құрылғылары бағасы жағынан қымбатқа түседі.

Желінің архитектурасын таңдау

Желінің архитектурасын таңдау желінің тағайындалуына, жұмыс станцияларының санына және онда орындалатын жұмысқа байланысты.

Біррангілі желіні таңдау керек, егер:

      • пайдаланушылардың саны 10-нан аспаса;

      • барлық машиналар бір-біріне жақын орналасса;

      • қаржылай мүмкіндік жоғары болмаса;

      • ДБ сервері, факс-сервер немесе басқа арнайы серверді қажеттілігі болмаса;

      • орталықтырылған әкімшілік етудің қажеті болмаса немесе оған мүмкіндік болмаса.

Клиент-серверлік желіні таңдау қажет, егер:

      • пайдаланушылардың саны 10-нан артық болса;

      • орталықтандырылған басқару, қауіпсіздік, қорларды басқару немесе қорға көшірме жасау қажет болса;

      • арнайы сервер қажет болса;

      • ауқымды желіге қатынау қажет болса;

      • пайдаланушылар деңгейінде қорларды бөлу қажет болса.

1.2 Компьютерлік желілер

Барлық желілер бір-біріне ұқсас болғанмен, олар екі түрге бөлінеді:

  • біррангілі;

  • ерекшеленген сервер негізіндегі.

Мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, біррангілі желілер мен ерекшеленген сервері бар желілер арасында принципиалды айырмашылық бар. Желінің түрін таңдау көптеген факторларға байланысты, мысалы:

  • кәсіпорын көлемі;

  • қауіпсіздіктің қажетті дәрежесі;

  • бизнес түрі;

  • әкімшілік қолдаудың ыңғайлылығы;

  • желілік трафиктің көлемі;

  • желілік қолданушылардың мұқтаждығы;

  • қаржыландыру деңгейі.

Біррангілі желілер

Біррангілі желіде барлық компьютерлердің құқығы бірдей болады, яғни компьютерлер арасында иерархия және ерекшеленген сервер жоқ. Әдетте әрбір компьютер сервердің де, клиенттің де рөлін атқара береді; басқаша айтқанда барлық желі үшін жауапты жеке компьютер жоқ. Пайдаланушы өз компьютеріндегі ортақ пайдалануға болатын мәліметті анықтауды өзі шешеді.

Әдетте біррангілі желілердегі компьютер саны 10-нан артық болмайды. Пайдаланушылардың ұжымы кішкене болғандықтан біррангілі желіні жұмысшы топ деп те атайды.

Әрбір компьютер бірмезгілде сервердің де, клиенттің де рөлін атқара алатын болғандықтан, өте қуатты орталық серверді және басқа да күрделі желілер үшін керекті құрылғыларды орнатудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан сервер негізіндегі желілерге қарағанда біррангілі желілердің бағасы да арзан болады.

Сонымен қатар біррангілі желілерде желілік программалаық жабдықтардың қауіпсіздігі мен олардың жұмыс өнімділігіне қойылатын талаптар да ерекшеленген сервері бар желілерге қарағанда әлдеқайда төмендеу болады. Ерекшеленген сервері бар желілерде серверлер тек сервер қызметін атқарады да, клиент немесе жұмысшы станциясы қызметін атқара алмайды.

Microsoft Windows NT Workstation, Microsoft Windows for Workgroups және Microsoft Windows сияқты операциялық жүйелерде біррангілі желілерді қолдау енгізілген. Сондықтан осы операциялық жүйелер орнатылған компьютерлерде біррангілі желіні ұйымдастыру үшін қосымша программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Ерекшеленген сервері бар желілер

Біррангілі желіге 10 компьютерден артық қосылса, онда ол қойылған мақсатты шеше алмайды. Сондықтан көптеген желілердің конфигурациясы бөлек болады – олар ерекшеленген сервер негізінде жұмыс істейді. Ерекшеленген сервер деп тек сервердің рөлін атқаратын, ал клиент немесе жұмыс станциясы рөлінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Сервер желілік клиенттерден түсетін сұранысты жедел өңдеу және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыруға арналған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.

Желілер өлшемі және желілік трафик көлемі ұлғайғанда сервер сандарын да көбейткен дұрыс. Пайдаланушылардың қазіргі заманғы талаптарына сай келу үшін үлкен желілерді мамандандырылған, яғни бір бағытқа лайықталған етіп жасайды.

Желілердің жіктелуі

Желілерді ұйымдастыру әдісі бойынша нақты және жасанды желілер болып бөлінеді.

Жасанды желілер (псевдосети) компьютерлерді тізбектелген немесе параллель порттар арқылы байланыстыра алады. Мұндай желілерді нуль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп те атайды. Біріктірудің өзін нуль-модемдік деп атайды. Жасанды желілерді ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге жөнелту үшін пайдаланады. MS DOS пен Windows операциялық жүйелерінде нуль-модемдік байланысты жүзеге асыру үшін арнайы программалар бар.

Негізгі кемшілігі – мәліметтерді жөнелту жылдамдығы төмен және тек екі компьютерді ғана байланыстыра алады.

Нақты желілер компьютерлерді коммутациялық және мәліметтерді жөнелтудің физикалық ортасының арнайы құрылғылары көмегімен байланыстырады.

Негізгі кемшілігі – қосымша құрылғылардың қажеттілігінде болып саналады.

Компьютерлік желілерді келесі объект топтары бойынша жіктеуге болады:

  • Аймақтық таралымы;

  • Ведомство құрамында болуы;

  • Ақпаратты жөнелту жылдамдығы;

  • Жөнелту ортасының түрлері;

  • Топологиясы;

  • Компьютерлердің өзара байланысының ұйымдастырылуы

Желілердің аймақтық таралымы бойынша жіктелуі

Жергілікті желі, LосаІ Агеа Netwогк (LAN). Ережеге сай бір немесе бірнеше ғимараттарда жинақы орналасқан кәсіпорынның компьютерлерін біріктіреді. Жергілікті желінің көлемі аздаған километрден аспайды. Салыстырмалы түрде коммуникациялық құрылғылардың арзандығы және мәліметтер алмасу мен қарапайым алгоритмдерді қолдануда компьютерлер арасының аздаған арақашықтығын, жаңа жоғары сапалы байланыс сымдарының пайдалануын, экономикалық жағынан ақтайды. Қазіргі жергілікті желілердің өткізгіштік мүмкіндігі 1000 Мбиг/с-қа жетеді. Желілік ресурстарды қарауға кететін уақыт жұмыс станцияларының жергілікті ресурстарын қарауға кететін уақытпен пара-пар. Мәлімет алмасудың жоғары сапалылығы желінің Пайдаланушылар тұтынуына кең көлемде қызмет көрсетеді, яғни жеке компьютерде іске асыру қымбатқа түсетін: файлдық қызмет, баспа, факс, электрондық поштаға, сканер, мәліметтер қоры және басқа да қызметтерге мүмкіндік береді. Байланыс арналары желінің компьютерлерімен бір уақытта қолданысқа түсе алады. Бұл жағдайда компьютерлік мәліметтер алмасуда байланыс сымдарына түсетін жүктеменің теңсіздігін түзететін мәліметтер алмасудың казіргі әдістері қолданылуы мүмкін (пакеттерді коммутациялау туралы алда айтамыз). Қосылатын компьютерлердің санына және сымның ұзындығына, олардың қолданатын технологиясына қатаң шектеу қойылатындықтан жергілікгі желілердің көлемділігі нашар болады.

Бүкіләлемдік желілер, Wide Area Network (WAN). Бір-бірінен әжептеуір қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жалпы жағдайда мұндай компьютер жер шарының кез келген нүктесінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда байланыс сымын әр компьютерге жалғау экономикалық жағынан мүмкін емес. WAN желілерді ұйымдастыруда бұрыннан бар байланыс сымдары қолданылады, мысалы телефон сымдары. Бұл сымдар компьютерлік мәлімет алмасуда жақсы қолданыс тапты. Қымбат аппаратураны және арнайы күрделі алгоритмдер мен мәлімет алмасу процедураларын қажет ететін мұндай байланыс сымдарының сапасы әрине мардымсыз. Мәлімет алмасу жылдамдығы LAN желілерге қарағанда, анағұрлым төмен, көрсететін қызмет саны аз, байланыс арналарын қолдануға дәрменсіз, байланыс уақытында жеке дара компьютерлерге қолданылатын байланыс сымы. Бүкіләлемдік желілердің көлемділігі жақсы. Қосымша компьютерлердің қосылуы іс жүзінде тұтас желіге еш әсер етпейді.

Бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері

Жергілікті желілердің, бүкіләлемдік желілерден негізгі айырмашылығы сапалы байланыс сымдарының қолданылуында болып табылады. Басқа айырмашылықтар жұмыс істеу барысында туындайды. Бұған мысал ретінде дәстүрлі байланыс сымдарының бағасына жетіп қалған талшықты-оптикалық (оптоволоконный) техниканың қолданылуын айтуға болады. Мәліметтер алмасу жылдамдығы айтарлықтай өсіп, жергілікті желіде атқарылатын істер енді бүкіләлемдік желіде де кеңінен қолданыла бастады. Мұнда технологиялардың керісінше енгізілуі де байқалады. Мысалы бүкіләлемдік желілердің транспорттық технологиясы жергілікті желіде де қолданылады. Бөлінетін байланыс сымдарымен қатар жергілікті желі стандарттары жекелеген байланыс сымдарының жұмыстарын да қолдайды. Бүкіләлемдік ашық желілерге арналған ақпараттарды рұқсатсыз ашудан қорғау әдісі жергілікті желілерде де кең қолданыс тапқан. Бұл қажеттілік ертеректе бой түзеген жергілікті желілердің бүкіләлемдік желілерде қолданылуы арқылы бірігуінен туындап отыр. Жергілікті желіні пайдалануға іс жүзінде бүкіләлемдік желіні қолданушылардың кез келгенінің мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік желілердің жергілікті желілер әлеміне өтуі соңғы кездері жан-жақты дамуда, яғни бүкүләлемдік желілердің жұмысын іске асыру мақсатында жергілікті желілерге койылатын талаптарды білдіретін Интранет-технологиясы түсінігі пайда болды. Жергілікті желілердің көлемі тек аймақтық себептермен анықталатын болды.

Ведомство құрамында болуына байланысты:

  • ведомствалықбір ұйым құрамына кіреді және соның аумағына орналасады;

  • мемлекеттікмемлекеттік құрылымдарда пайдаланылатын желілер.

Ақпараттарды жөнелту жылдамдығы бойынша:

  • төменгі жылдамдықты (10 Мбит/с-қа дейін);

  • орташа жылдамдықты (100 Мбит/с-қа дейін);

  • жоғары жылдамдықты (100 М бит/с -тен жоғары)

Жөнелту ортасының түрлері бойынша:

  • cым арқылы: коаксиальды, оптикалық-талшықты, қос ширатпа;

  • сымсыз: радиоарна арқылы, инфрақызыл диапазонда ақпарат жөнелту.

Желінің көлеміне қарай жіктелуі

Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих групп) бір операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметтерді атқаратын (мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер белгіленеді.

Бөлімдердің жергілікті желілері (Локалъные сети отделов) жеке бір бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары жұмыс топтарына қарағанда бірнеше есе көп болуы мүмкін. Желілік қызметтер жеке белгіленген компьютерлік серверлерге бөліне алады. Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін пайдаланады. Бұл желілерді классикалық жергілікті желілер деп те атауға болады. Аймақтық жағынан олар бір-екі ғимаратты, яғни аздаған аумақты алады.

Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттық және программалық қамсыздандыру, әр түрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдер желілерінің айналасында жергіліктендірілген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.

Барлық уақытта да адамзаттың алдында ақпарат алмасу (тарату, беру) мәселесі болып отырды. Компьютердің пайда болуымен адамның қолы ақпаратты жинау мен өңдеудің қуатты құралына жетті және осыған байланысты ақпаратты тарату мәселесінің маңызы арта түсті. Мәліметтерді таратудың дәстүрлі арналары (телефон, телеграф, пошта, радио және т.б.) күннен-күнге геометриялық прогрессияда өсіп келе жатқан ақпараттың үлкен ағымын таратуға барлық уақытта дәрменді бола бермейді. Сондықтан компьютерлердің пайда болуымен қатар, олардың арасында ақпараттарды тасымалдау мәселесі де туды. Қазіргі уақытта әр түрлі есептеуіш машиналар арасындағы байланысты ұйымдастыру кезеңі кез келген компьютерлік жүйенің қажетті және жеткілікті шарты болып табылады.

Желіні құру принциптері

Желі – бір-бірімен байланысқан программалық және аппараттық компоненттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде компьютерлерді және коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға болады. Программалық компоненттер желілік қосымшалар мен операциялык жүйелерден тұрады. Қазіргі уакытта желіде әр түрлі типтегі компьютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар, көпірлер, бағыттамалар т.б.) аз роль ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын және басқа да сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін кейбір құрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нәтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол, желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге арналған.

Желілік қосымшалар – бұл желілік операциялық жүйелер мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар жиыны болып табылады. Солардың ішінде пошталық программаларды, ұжымдық жұмыс жүйесін, желілік мәліметтер қорын т.б. атауға болады. Желілік операциялық жүйелердің даму барысында желі қосымшаларының кейбір функциялары операциялық жүйенің кәдімгі функцияларына айналады. Желіге қосылған барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөлуге болады:

  1. жұмыс станциясы;

  2. желі серверлері;

  3. коммуникациялық тораптар.

Жұмыс станциясы (wогкstаtіоn) - бұл желіні пайдаланушылар жұмыс атқаратын, желіге қосылған дербес компьютер. Әрбір жұмыс станциясы өз операциялық жүйесін қолданады және өздерінің жергілікті файлдарын өңдейді. Әйтсе де бұл жағдайда қолданушының желі ресурстарын пайдалануына мүмкіндігі бар. Жұмыс станциясының үш типін айтуға болады:

  • жергілікті дискілі жұмыс станциясы;

  • дискісіз жұмыс станциясы;

  • шалғайдағы жұмыс станциясы;

Дискілі жұмыс станциясында (қатты немесе жұмсақ) операциялық жүйе осы жергілікті дискіден жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.

Шалғайдағы жұмыс станциясы – бұл жергілікті желіге телекоммуникациялық арналар байланысы (мысалы телефон желісі) арқылы косылған станция

Желі серверібұл, желіге қосылған және желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не деген сұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер.

Файлдық сервер – желіні қолданушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтермен олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдық сервер пайдаланушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар келесі қызметтерді атқарады:

  • мәліметтерді сақтау;

  • мәліметтерді архивтеу;

  • әр түрлі пайдаланушылар жұмыс атқаратын мәліметтерді өзгерту келісімі;

  • мәліметтерді жеткізу.

Мәліметтер қорының сервері – мәліметтер қоры файлдарын басқаратын, өңдейтін және сақтау функцияларын орындайтын компьютер. (МҚ) Мәліметтер қоры сервері келесі функцияларды орындайды:

  • мәліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін корғай отырып сақтау;

  • МҚ сұраныстарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ нәтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;

  • МҚ қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, Пайдаланушылар есебін және енгізу жүйелерін қолдау, Пайдаланушылар мүмкіндіктерін шектеу;

  • басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ басқа серверлерімен байланысы.

Қолданбалы программалар серверіПайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер.

Коммуникациялық сервер – енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің қолданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.

Мүмкіндік сервері – шалғайдағы тапсырмаларды өңдей алатын белгіленген компьютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нәтижесі, қайтарылады.

Факс сервер – жергілікті желіні пайдаланушыларға мәліметтерді жіберу және факсимилді мәліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтердің қосымша көшірме сервері – жұмыс станцияларында және файлдық серверлер орналасқан мәліметтер көшірмесін кайта қалпына келтіруді, сақтауды және құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бәрі бір ғана белгіленген компьютерде функция атқара алады.

Желінің коммуніикациялық тораптарына келесі кұрылғылар жатады:

  • қайталамалар (повторитель);

  • коммутаторлар (көпірлер, мосты);

  • бағыттамалар (машрутизаторлар);

  • шлюздер;

Желінің беріктігі, станциялар арасының алшақтығы біріншіден мәлімет алмасу ортасының физикалық сипаттамасымен анықталады (каоксилді кабель, қос ширатпа (витая пара) т.б.). Мәліметтер алмасуда арақашықтыкты шектейтін сигналдардың өшуі кез келген ортада болып тұрады. Мұндай шектеулерді болдырмай және желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар-қайталамалар, көпірлер және коммутаторлар орнатылады. Кеңейту құрылғылары енбейтін желі бөлігін желі сегменті деп атау қабылданған.

Қайталама (повторитель) – өзі келген сигналды күшейтуші немесе регенарациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегментпен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Әр уақытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мәлімет алмасу қамтамасыз етіледі.

Коммутатор немесе көпір – бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді ажыратады, екінші сыңары үшін мәлімет алмасудың бірнеше үрдісін қаматамсыз етеді.

Маршрутизатор – мәлімет алмасудың бір хаттамасы бойынша бірдей және әр түрлі типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Маршрутизатор тапсырылған адресті талдайды және мәліметтерді тура таңдалынған маршрут бойынша бағыттайды..

Шлюз – мәлімет алмасудың әр түрлі хаттамаларын қолданатын, әр түрлі желі объектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерлер арасында өзара байланысты орнату қандай мәселелерді шешеді?

  2. Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?

  3. Сервер, клиент деген не?

  4. Компьютерлік желілер деп нені айтамыз?

  5. Желі құрамына кіретін компьютерлер қандай жұмыс атқарады?

  6. Желі тарауы деген не?

  7. Түйіндердің қандай түрлері бар?

  8. Интернет деген қандай терминнен шыққан?

  9. Сервердің басты міндеті қандай?

  10. Хаттама деген не?

  11. Клиент-серверлік архитектураға сипаттама беріңіз.

  12. Компьютерлік желілер жіктелуін сипаттаңыз

  13. Файлдық сервер деген не?

  14. Қайталама (повторитель) деп нені айтады?

  15. Коммутатор немесе көпір деген не?

  16. Маршрутизатор деген не?

  17. Шлюз деген не?

1.3 Әр түрлі деңгейлі тораптардағы технологиялар

Жергілікті желілер компьютерлермен басқа да құрылғыларды тек шектелген аймақтарда ғана біріктіре алатыны белгілі. Үлкен мекемелер мен бірнеше бөлімшелері бар мекемелер өздерінің жергілікті желілерін бір ірі желіге біріктіру қажеттілігі туындайды. Ауқымды желілер (Wide area network - WAN) – бірнеше жергілікті желілерден құрылған желілер. Сонымен, ауқымды желіні үлкен территорияға таралған жергілікті желілердің жиыны деп айтуға да болады.

Ауқымды желілердің біріктірілген желілерден (internetwork) айырмашылығы неде? Біріктірілген желі үлкен территорияны қамти алмайды. Ол ірі мекеменің бір ғимаратында ғана жұмыс істей алуы мүмкін және жергілікті желіні кеңейту үшін ғана немесе желінің өткізгіштік қабілетін сақтай алатын желілерде немесе бірегей желі ішінде әр түрлі архитектуралы желілердің арасында байланыс орнату үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал ауқымды желі біріктірілген желі сияқты сол құрылғыларды пайдалана отырып, географиялық тұрғыдан алғанда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктіруді мақсат етеді.

Географикалық тұрғыдан алғанда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктіру үшін мәліметтердің үлкен қашықтыққа орын алмасуы тек арнайы технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сигнал белгіленген пунктке еш өзгеріссіз жету керек. Мәліметтерді үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін бірнеше әр түрлі технология пайдаланылуы мүмкін.

Телефондық желі

Телефондық желінің қолданыста болғанына 100 жылдан асып кетті. Телефондық желі - бұл коммутациялық желі болып табылады. Сондықтан, телефондық желіде байланыс орнатқанда ол әр түрлі траекториялармен жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, бір нөмірге телефон соғып отырғанда телефондық байланыс кезіндегі дауыстық сигналдың тек бір ғана маршруттпен қозғалуы міндетті шарт емес.

Телефондық желіні көбінесе жалпылай пайдаланылатын коммутациялық телефондық желі (Public Switched Telephone Network - PSTN) деп те атайды. Алғашқыда қарапайым телефондық желіде коммутацияны техникалық мамандар коммутациялық тақта көмегімен жүзеге асыратын. Уақыт өте мұндай коммутацияны электромеханикалық коммутациялар алмастырды; ал қазір кәдімгі телефондық желілерде коммутация сандық құрылғылар көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтерді бастапқы пункттен белгіленген жерге тасымалдауда телефондық желі бірнеше мүмкіндіктерді ұсынады. Олар – коммутацияланатын құрамалар, ерекшеленген бағыттар және әр түрлі коммутацияланатын пакеттер технологиялары. Кәдімгі телефондық желімен мәліметтерді жіберудің ең жаңа технологиясы – сандық абоненттік бағыт немесе жол (Digital Subscriber Line - DSL). Бұл технология телефондық бағыттар бойынша сандық байланысты ретке келтіруге мүмкіндік береді және АТМ мен кадрларды ретрансляциялау сияқты мәліметтерді тасымалдау тәсілдеріне шамасы келмейтін мекемелар мен қарапайым қолданушылар үшін (Интернет желісіне өте үлкен жылдамдықпен қосылу үшін) таптырмайтын технология болып табылады.

Кәдімгі телефондық желі географиялық тұрғыда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктірудің бірнеше нұсқаларымен қамтамасыз ете алады. Мысал ретінде модем көмегімен коммутациялық қосылуды (dial-up) және ерекшеленген бағыт бойынша қосылуды қарастыруға болады.

Ауқымды желілер өте үлкен қашықтықтарға созылған болса да, қандайда бір ғимаратта орналасқан WAN- жабдыққа жергілікті желінің иесі жауап береді. WAN- жабдықты қалыпты (жұмысшы) жағдайда ұстау жергілікті желі және оның жабдықтарын сондай жағдайда ұстаумен бірдей өте маңызды мәселе болып табылады.

Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар

Коммутацияланатын қосылулардың ішіндегі ең қарапайым және арзан әдісі – екі компьютер арасындағы байланысты орналастыру үшін модемді пайдалану. Компьютерлер сандық информациялармен жұмыс істейтін болғандықтан, цифрлы мәліметтерді аналогтық жолмен беру үшін түрлендіру қажет болады.

Асинхронды модем мәліметтерді кәдімгі аналогтық дауыстық телефондық жолмен беруге арналған, және көбіміз осы асинхронды модемдермен өте таныспыз. Олардың көмегімен алыста отырған қызметкерлер желілік сервермен коммутациялық байланыс орната алады, ал миллиондаған Пайдаланушылар Интернетке шыға алады.

Асинхронды модем қабылдаушы модемге мәліметтер пакеті қай жерден басталатынын және қай жерде аяқталатынын хабарлау үшін старттық және стоптық биттерді пайдаланады. Старттық бит пен стоптық бит арасында көптеген модемдер мәліметтердің телефон арқылы дұрыс жеткен жетпегенін тексереді.

Синхронды модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбайды; олардың орнына жіберуші және қабылдаушы модемдер жіберу уақытын орнату үшін синхрондау биттерін пайдаланады. Синхрондық модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбағандықтан, олар асинхронды модемдерге қарағанда мәліметтерді өте үлкен жылдамдықтармен жөнелте алады. Бірақ та, синхронды модемдер кәдімгі телефондық желілердегі байланысқа арналмағандықтан, олар тек қана ерекшеленген жолдарда пайдаланылады.

Ерекшеленген жолдар (бағыттар) екі желі арасында кәдімгі телефондық байланыс немесе басқа технология көмегімен тұрақты байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Ерекшеленген жолдар көбінесе цифрлы болып келеді және аналогты жолдарға қарағанда үлкен өткізгіштік белдеумен қамтамасыз етілген; дауыстық қосылуларға тән шу және интерференцияларға аз бейімделген.

Мәліметтерді беруге арналған сандық жолдар ақпараттарды цифр арқылы беру жолдарынан (Digital data servise - DDS) және мәліметтерді әр түрлі жылдамдықтарда беруге арналған әрқилы жолдар типін қамтитын T-Carrier жүйесінен тұрады. DDS жолы өткізгіштік белдеуін 56 Кбит/с-қа дейін қамтамасыз етеді және желіде тұрақты дуплексті қосылуды (мәліметтер бір уақытта берілуі және қабылдануы) қолдап отырады.

Қазіргі кезде DDS жолымен қосылу басқа WAN-технологиялармен жылдам алмасуда. Өте арзан T-Carrier жүйесімен және басқа да қосылулармен, мысалы, абоненттік цифрлы жолдар (DSL) арқылы қосылулар және кеңбелдеулі кабельді қосылулармен салыстырғанда DDS жолын ескірген деп те есептеуге болады.

T-Carrier – көптеген арналардан құралған жоғары жылдамдықты цифрлы жолдардан тұратын телекоммуникациялық технология. Бұл да кәдімгі телефондық желінің ұсынып отырған байланыс түрінің бірі. T-Carrier жүйесін дауысты, бейне және мәліметтерді жоғары жылдамдықта беруге пайдалануға болады. Көптеген арналардың бірігуі арқасында әр түрлі элементтерді, мысалы, дауыс және мәліметтерді бір жолмен бір уақытта беруге болады.

Коммутацияланатын желілер

Мәліметтерді әр түрлі жергілікті желілер арасында беруге арналған WAN-технологиясының тағы бір альтернативі ретінде коммутацияланатын желілер технологиясын айта аламыз. Коммутацияланатын желіде жергілікті желі (немесе бірнеше географиялық тұрғыда жан-жақта орналасқан жергілікті желілер) коммутацияланатын желі қызметінің провайдері немесе кәдімгі телефон желісі көмегімен ауқымды желіге қосыла алады. Жергілікті желінің мәліметтері WAN-қосылуы арқылы өтеді де, коммутацияланатын желіге беріледі, содан кейін белгіленген пунктке қарай жылжиды. Бұл көптеген пайдаланушылар коммутацияланатын желіге өз мәліметтерін бір мезгілде бере алады дегенді білдіреді.

Коммутацияланатын желілер жеңіл кеңейтіледі, өйткені мекемелер оларға өздерінің қосымша бөлімшелерін кез келген уақытта қоса алады. Коммутацияланатын желілер екі түрге бөлінеді: тізбектік коммутацияланатын және пакеттік коммутацияланатын желілер.

Тізбектік коммутацияланатын желілерде жіберуші мен қабылдаушы арасында байланыс сеансы кезінде тізбек орнатылады (жіберуші және қабылдаушы құрылғыларды қосуға пайдаланылатын барлық телефондық жолдар тізбек бола алады). Бұл осы жолдар берілген байланыс сеансы үшін ерекшеленеді деген сөз. Сеанс біткеннен соң, тізбек бірден «ажырайды» да, басқа байланыс сеансына босайды. Коммутацияланатын тізбектер екі түрге бөлінеді: ISDN және DSL.

Пакеттік коммутацияланатын ауқымды желілерде мәліметтер пакеттерге бөлінеді. Пакеттік коммутациялауда пакеттердің өлшемдерінің кіші болуы мәліметтердің жылдам және тиімді жетуін қамтамасыз етеді.

Негізінде қазіргі пакеттері коммутацияланатын ауқымды желілер абоненттер трафиктері мен абоненттер жабдықтарының кез келген түрін бере алуы керек - бұған әр түрлі желілердің конфергенция процесі мүмкіндік береді. Яғни, ауқымды желілер келесі кешенді қызметтер көрсетуі тиіс: жергілікті желілер пакеттерін беру, мини-компьютерлер мен мэйнфреймдердің пакеттерін беру, факс алмасу, офистік АТС-тардың трафигін беру, қалалық, қалааралық және халықаралық телефондық желілерге шығу, бейне конференциялар өткізу үшін бейне көрсетулермен алмасу, кассалық аппараттардың, банкоматтардың трафиктерін беру және т.б., және т.с.с.

Әрбір пакеттің өз меншігінде бақылау ақпараты болады және олар желіде тәуелсіз коммутацияланады. Бұл пакеттер ауқымды желіде әр түрлі маршруттармен қозғалатынын және белгіленген пунктке әрқайсысы өз бетінше жететіндігін білдіреді. Пакеттердің тізбектегі орны пакеттің тақырыбына енгізіледі де, қабылдаушы құрылғы мәліметтерді дұрыс ретпен қою үшін осыны пайдаланады.

Пакеттерді коммутациялаудың көптеген технологиялары бар, соның ішінде біздің қарастыратынымыз: Х.25, кадрларды ретрансляциялау және АТМ.

Х.25 стандарты бастапқыда географикалық тұрғыда жан-жаққа таралған мэйнфреймдерді қосу үшін жасалған. Қазіргі заманғы талаптар бойынша Х.25 стандарты (1975 жылы бекітілген) баяу жұмыс істейтіндер қатарына жатады, өйткені ол қателерді тексеру процедурасына өте көп уақыт жібереді (оны жасаған кездегі телефондық жолдардың сапасы төмендігіне байланысты).

Кадрларды ретрасляциялау технологиясы (Frame Relay) Х.25 хаттамасы негізінде пайда болған және Х.25-ке қарағанда жылдам, өйткені оның жұмысын баяулатқан қателерді тексеру функцияларының кейбіреуін қабыл алмады. Кадрларды ретрансляциялау хаттамасы мәліметтерді берудің OSI деңгейінде жұмыс істейді және ауқымды желінің әр түрлі пунктері арасында байланыс сеансын ұйымдастыру үшін тұрақты виртуальді тізбектерді пайдаланады.

Frame Relay хаттамасының ерекшелігінің бірі, онда әр түрлі өлшемдегі пакеттер орналаса береді. Әрине, мәліметтер тасқынына айтарлықтай әсер етпегенімен, жалпы өткізгіштік қабілетіне қандайда бір кідірту енгізеді.

Мәліметтерді берудің асинхронды режимі (АТМ) мәліметтерді, дауысты, бейне материалдарды жалпы қолданудағы желі бойынша беру үшін 53 битті пакеттерді пайдаланатын, пакетті коммутацияға негізделген WAN – технология. АТМ-ның хаттамалар жиыны OSI моделінің мәліметтерді беру арнасы деңгейі және физикалық деңгейде жұмыс істейтін хаттамалардан тұрады. АТМ желілері мультиплекстелген ақпараттармен жұмыс істейді, яғни бірнеше ақпараттық арналар бір мәліметтер тасқынына бірігуі мүмкін. Жергілікті желілерде пайдаланылатын АТМ коммутаторлары жергілікті желінің эмуляция режимінде жұмыс істейді.

Интернет желісін құрудың негізгі принциптері

Есептеуіш құралдардың байланыс процестері жекелеген фирмалар мен кәсіпорындар арасында едәуір өсіп келеді. Қазіргі кезде интеграциялау мен жаһандандыру тенденциялары компьютерлік технологиялар айналасында да өз көріністерін бере бастады. Біраз аймақты қамтитын, коммуникациялық құралдар арқылы байланысқан есептеуіш машиналар ауқымды компьютерлік желілер деген атқа ие болды. Соңғы екі-үш онжылдықта бұл желілердің аппараттық және программалық жасақталуы мен ұйымдастыру түрлері шапшаң дамып, көптеген өзгерістер болып отыр. Желілер арасында әлемге танымалдары ретінде SPRINT желісін, FIDO коммерциялық емес компьютерлік желісін S.W.I.F.T. халықаралық есеп жүйелерін атауға болады. Бірақ соңғы жылдары компьютерлік желілер арасынан суырылып шығып алға озғаны көлемі мен функционалдық мүмкіндіктері жағынан Интернет желісі. Интернет - бұл бүкіләлемдік ақпараттық инфрақұрылым. Интернет географиялық орналасуына қарамастан пайдаланушылар мен компьютерлер арасындағы байланыс ортасы, сондай-ақ ақпарат таратудың механизмі болып табылады. Интернетті ақпараттық технологиялардың дамуы мен зерттелуінің ұзақ мерзімді анағұрлым ұтымды инвестициялардың бірі деуге болады. Алғашқыда Интернет әр түрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру үшін құрылды. Қазіргі уақытта Интернет телекоммуникация мен компьютерлерді қолдану аймағына байланысты ғана емес, сондай-ақ тұтастай қоғамға қызмет етіп отыр.

Провайдерлер және олардың желілері

Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын мекеме. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон мекемелері де қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетімізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:

  • мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.

  • қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін.

  • кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның мұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және өзіміз пайдаланғымыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.

Интернетке қосыла отырып, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін ISP (Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші) пайдаланамыз. ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of Presence) бар ірі мекемелер, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппараттық қамтамасыз етілуі жүзеге асады. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиенттері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон арнасы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру былайша жүзеге асады: пайдаланушы провайдерге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP-не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоун деп атайды (ағыл. Backbone – қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық мекемелерден жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық мекемелердің өздерінің жоғары жылдамдықты арналары бар.

Провайдерлердің желілерін біріктіру

Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В мекемеснің клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А мекемесі мен В мекемесінің клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.


Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.

Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..

Провайдерлер желілерінің иерархиясы

Әр түрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінетін жүздеген провайдерлер бар.

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы, АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы бар.

Қолданушылардың көпшілігінің провайдерге қарағанда желіге жоғарғы жылдамдықпен кіру мүмкіндіктері аз болады. Абонентпен провайдердің бөлу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал іс жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келуі міндетті емес. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебап болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар болып саналады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ауқымды желі деген не?

  2. Телефондық желі деген не?

  3. Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар қалай орындалады?

  4. Интернет желісін құру принциптері.

  5. Интернеттің даму тарихы.

  6. Интернет дамуындағы құжаттандырудың рөлі қандай ?

  7. Әр түрлі тораптардағы технологияларға сипаттама беріңіз.

  8. Провайдер деген не?

  9. Интернеттергі ISP, POP, NAP сипаттама беріңіз.

  10. Интернеттегі соңғы миля деген түсінігі нені білдіреді?

1.4 Интернетке ақпаратты жіберу

Қазіргі заманғы Интернет - жер шарының кез келген нүктесінде тұрған адамдардың өзара ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін және кез келген қажет ақпараттарды жылдам тауып беріп, өз мәліметтерді жариялауға болатын өте күрделі және жоғарғы технологиялық жүйе. Интернет көмегімен өзімізге қажетті жұмысты табуға, танысуға, қызықты тақырыптарды талқылауға болады.

1968 жылы ARPAnet желісі пайда болып, біріншіден барлық компьютерлер «тең» дәрежеде жұмыс істеді, екіншіден негізгі желілік хаттама ретінде IP (Интернет хаттама) қабылданды.

Интернетпен байлансудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және телефон жүйесі арқылы байланысу. Осыған байланысты Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен бағасы жағынан бір-бірінен ерекшеленетін үш түрі бар:

  1. пошталық – кез келген Интернетті қолданушымен тек электронды пошта арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;

  2. on-lіne тәртібінде сеанстік («тікелей байланыста») – сұхбаттық тәртіптегі жұмыс – жүйесінің барлық мүмкіндігі тікелей сеанс уақытында;

  3. тура (жеке), ең қымбат тұратын – барлық мүмкіншілігі бар байланыс кез келген уақытта.

Сеанс тәртібіндегі жұмыс кезінде Интернетке кіру көбінесе провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат беру, қамтамасыз ету), Интернеттің кейбір бөліктеріне кіруге және оның пайдаланушыларына алуан түрлі қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады.

Интернеттің кейбір маршрутизаторлардың көмегімен өзара байланысатын учаскелерді әр түрлі архитектурадағы жүйелерді ұсынады. Жіберілетін мәліметтер, пакеттер деп аталатын кішігірім тиісті бөліктерге бөлінеді. Әрбір басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады.

Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP коммуникациясының біркелкі хаттамасын пайдаланады.

TCP/ІP хаттамасы – жүйедегі мәліметтерді жіберудің әр түрлі аспектілерін анықтайтын әрқайсысы жеке екі хаттама болып табылады.

  • TCP хаттамасы (Transmіssіon Control Protocol) – қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару хаттамасы; бұл хаттама жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруге жауап береді;

  • ІP хаттамасы (Іnternet Protocol) – жүйеаралық өзара әрекеттердің хаттамасы. Ол пакетті адресіне жіберу және қажет адреске беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіндігін жауап беретін хаттама.

TCP/ІP хаттамасы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР хаттамасы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP хаттамасының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР хаттамасының көмегімен тексеріледі; барлық пакеттер қабылданып болған соң ТСР хаттамасы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.

Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі адресі: сандық ІP-адрес (цифровой ІP-адрес) және символды домендік адресі (символический доменный адрес) болады. Адрестерді тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы жергілікті жүйелердің иелеріне адрестердің топтамасын береді, ал қалғандары нақты адрестерді бөледі.

ІP-компьютердің адресінің ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жүйе адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің адресын, ал төртіншісі бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ге ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.38.6.135. Жүйенің адресі – 145.38; жүйе бөлімшесінің адресі – 6; компьютердің жүйедегі адресі – 135.

Сандық адрестен домендік адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домендік адрестің мысалы, basа.lek.nur.kz. бұл жердегі домен basа – компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домен lek – өзі компьютерге берілген топтың атауы, домен nur lek – доменіне атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домендік адрес мәліметтер жіберу процесінде ІP-адресіне өзгереді.

TCP/ІР хаттамасының стектері

TCP/ІР-Итернетте қолданылатын әр түрлі деңгейдегі желілік хатттамалардың жиынының, стек жинақталған аты.

TCP/ІР ерекшелігі:

  • программаның және ақпараттың жабдықтардан тәуелсіз өңделетін ашық стандартты хаттамалар;

  • өткізудің физикалық ортасынан тәуелсіз;

  • пайдаланушылар қызметін таратуға арналған жоғары деңгейлі стандартты хаттамалар.

TCP/ІР хаттамасының стектері 4 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, транспорттық, желі аралық, физикалық және каналдық.

Мәліметтер пакетпен жіберіледі. Пакеттердің басы және соңы болады, оған қызметші ақпараттар жазылады. Өте жоғары деңгейдегі мәліметтер кіші деңгейдегі пакеттерге қосылады.

TCP/ІР стегі белгілі бір хаттамаларды ғана қолдануды көрсетпейді, ол қолжетімді деңгейде мәліметтерді өткізу ортасы мен физикалық ортасын көрсетеді. Өткізу ортасында қолжетімді деңгейде ІР модульді интерфейс болуы шарт, ол ІР – пакеттерді өткізуді қамтамасыз етеді.

ІР хаттама мәліметтер блогын бір ІР-адрестен екіншісіне жеткізеді. Бір немесе бірнеше хаттамалардың функциясын жүргізетін программа модульдер деп аталады, мысалы: «ІР-модуль» «ТСР-модулі». ІР модулі ІР- пакеті төменгі деңгейден қабылданған кезде, оны тағайындалған ІР адреске тексереді.

  • егер ІР-пакет осы компьютерге бағытталса, онда ондағы мәліметтер жоғары деңгейдегі модульдерге өңдеуге жіберіледі.

  • егер ІР-пакеттің тағайындалған адресі бөтен болса, онда ІР модуль екі шешім қабылдайды: бірінші – ІР пакетті жою, екінші – ары қарай тағайындалған адреске жіберу, ал маршрутты анықтауды маршрутизаторлар бар желі шекарасында ІР-пакеттерді фрагменттерге бөледі, содан соң қабылдаушы компьютерге жинақталады.

Егер ІР модуль қандай да себептермен ІР пакетті жеткізе алмаса, ол жойылады. Бұл кезде ІР модуль компьютерге ІР-пакеттің қателігі туралы хабарлама жібереді, ондай хабарламалар ІСМР (Internet Control Message Protocol- ІР хаттамасының кеңейтілуі, қате туралы немесе тексеру туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді) көмегімен жеткізіледі. Одан басқа ІР-пакеттерге жеткізгені туралы, дұрыстығын реттеуге мүмкіндіктері жоқ. Бұл мәселе транспорт деңгейге жүктелген.

DNS-сервер

Domain Name System (DNS)- «домендік жүйе аты» болып аударылады. DNS-домендік жүйе аты қолданушыларға интернетте жұмыс істеуді оңайлатады, оған хостың цифрлық адресін сақтайды. Компьютерге цифрлар жиынымен жұмыс істеу оңай, алыстатып машинаның IP-адресінің домендік атын енгізу арқылы жұмыс істейді. DNS стандартында жазылған әлемдік желі ресурстарының адрестері бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылған бірнеше құраушылардан тұрады. Бұл элементтер «домендік» деп аталады. Домен интернеттің логикалық деңгейі, яғни өз аты бар желі станцияларымен басқарылатын желі ресурстарының тобы. DNS құраушы адрестері – «бірінші деңгейлі домен» жеке мемлекет территориясының ауқымды географиялық зонасы. Мысалы АҚШ «US», Қазақстан «kz», Ресей «ru» т.с.с..

Екінші деңгейлі доменге (банк, университет, қалалық муниципалды қызмет желілері) еркін ат береді. Үшінші деңгейлі домен екінші деңгейлі доменнің құраушыларының бөлігі, олар кез келген атты қолданады. Хостың IP-адресінен басқа домендік аты болады. Домен аттары нүктемен бөлінген символдық өрістен тұрады. Оң жағынан соңғы өрісі екінші деңгейлі доменді көрсетеді, соңғы сол жақтағы өрісі хостың аты. Мысалы crypt. iae. nsk. Su.

Crypt-хост, iae-домен, nsk ішкі доменде, ол Su доменінде.

DNS қызметі әрбір сервер бөлігі зонаға жауап беретін серверлердің иеархиялық құрылымын құрайды, яғни домендік атау бұтағы өз бөлігіне сәйкес мәліметтер қорымен сұрауларына жауап береді. Бұл кезде жоғары бұтақ серверлері төменгі бұтақ серверлерімен байланысты қамтамасыз етеді. Домен мен зона айырмасын түсіну маңызды болып саналады. Домен домендік атау бұтағының ішкі бұтағы. Зона – DNS-сервер жауап беретін бұтақ бөлігі. Мысалы, vvsv.ru доменінде келесі ішкі домендер бар: cts, admin, labs. DNS сервер әкімшісі vvsu.ru және admin. vvsu.ru,vvsu.ru үш зонаға бөлінеді.


Прокси-сервер клиент-компьютерлер мен серверлер арасында дәнекер болып қызмет атқаратын сервер. Пайдаланушыға ақпараттарды беруден бұрын оның бұл ақпаратқа рұқсаты бар немесе жоқ екенін тексереді.


1.5 WEB-технологиялардың негізі

OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары

Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институтының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі – Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 деңгейге бөлініп қарастырылады:

1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік, 4-транспорттық, 5-сеанстық, 6-мәліметтерді ұсыну деңгейі, 7-қолданбалы деңгей. Бұл деңгейлердің жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі–физикалық деңгей болып саналады.

Қолданбалы – тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. Физикалық – құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.

ISO/OSI моделінде әр түрлі құрылықтардағы компьютерлер арасындағы байланыстың жеті деңгейі арқылы мәлімет тасымалданады (1.2-сурет).

hello_html_5ed21f74.png

1.2-сурет. OSI моделі


    1. Қолданбалы деңгейде тұтынушы өз компьютеріндегі программалар көмегімен жіберілетін құжатын дайындайды.

    2. Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.

    3. Сеанстық деңгейде тұтынушы компьютері жергілікті немесе ауқымды желімен байланысады.

    4. Тасымалдау (транспорт) деңгейінде жөнелтілетін құжат қолданылатын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.

    5. Желілік деңгейде мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, пакеттер адреспен толықтырылады. Енді олар бір-бірінен тәуелсіз күйде жеке-жеке жеткізіле береді.

    6. Байланысу деңгейінде желілік деңгейден алынған мәлімет модем көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, оны модульдеу ісі атқарылады.

    7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы физикалық деңгейде орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымалданады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компьютерінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.

Әрбір деңгей жоғарғы деңгейдегі модель арқылы анықталған өз қызметтерін (функцияларын) атқарып, мәліметті келесі деңгейге беріп отырады. Осылай компьютерлер әрекеттесуінің әрбір деңгейінің өзіне ғана тән хаттамасы, яғни мәлімет алмасу ережесі болады.

Хаттама – бір деңгей аймағындағы жүйелер арасында мәлімет алмасу әрекеттерін анықтау ережелері.

Интерфейс – төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.

Хаттамалар стегі (тізімі) – бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

Сонымен хаттама деп тасымалданатын мәліметтің форматтары мен олармен орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын ережелер жиынын айтады. Ол байланыстың атқарылу тәсілдерін және арналардағы кедергілерді азайту жолдарын анықтап, екі компьютердің арасында мәліметті мүлтіксіз тасымалдау ісін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Желідегі стандарт ұғымы да осы бекітілген хаттамадан немесе солардың жиынынан тұрады.

Қолданбалы деңгейде пайдаланушыларға өңделген ақпаратты беру қажет. Бұл жүйелік және пайдаланушының программалық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.

Қолданбалы деңгей қосымшалардың жүйеге қатынауына жауап береді. Бұл деңгейдің міндеттері – файлдардың орнын ауыстыру, пошталық хабарламалармен алмасу және желіні басқару.

Жоғарғы үш деңгейдің (қолданбалы, ұсынылу, сеанстық) кеңінен таралған хаттамалары:

      • FTP (File Transfer Protocol) файлдарды беру хаттамасы;

      • TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы;

      • Х.400 электрондық пошта;

      • Telnet қашықтағы терминалмен жұмыс;

      • SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) пошталық алмасудың қарапайым хаттамасы;

      • CMIP (Common Management Information Protocol) ақпаратты басқарудың жалпы хаттамасы;

      • SLIP IP (Serial Line IP) тізбекті сызықтар үшін. Деректерді әрбір нысан бойынша жіберудің тізбекті хаттамасы;

      • SNMP (Simple Network Management Protocol) желілік басқарудың қарапайым хаттамасы;

      • FTAM (File Transfer, Access and Management) файлдарды жіберу, қатынау және басқарудың хаттамасы.

Гипермәтін және Web-парақтар

WWW (World Wide Web) – қызметі гипермәтіндік ақпараттар алмасуына арналған. Жоба 1989 жылы ұсынылған. 1993 жылы алғашқы браузер пайда болды. WWW «клиент-сервер» схемасы бойынша құралған.

Егер WWW-клиент-сервер орнатылмаған болса, онда алыстағы терминал режимінде жұмыс істеуге болады. WWW үшін ең тиімді программалық интерфейсі болып ms explorer, netscape және басқалары болып табылады.

HTML тілінде құжат дайындау үшін кез келген мәтіндік редактор жарайды (UNIX, ME, MS-DOS т.б.)

Гипермәтінді дайындағанда HTML тілін немесе көптеген программалық құралдарды қолдануға болады, ол сіздің құжатты қажетті форматқа түрлендірсе болғаны. Гипермәтіндегі құжаттар бір бірімен сөз жиындарымен байланысады. Қолданушыға ол құжаттың қайда тұрғанын білмесе де болады.

WWW серверіне сілтемелер http: сөзінен басталады. Гипермәтін алыстағы серверде сақталған статьяларға түсініктемелер беруді жүзеге асырады.

Гипермәтін мәтіндік қана емес, графиктік, дыбыстық болғандықтан гиперорта (hupermedia) термині қолданылады. WWW арнайы индекс құжаттарында кілттік сөз бойынша іздеуге болады. WWW әр түрлі форматты қолданады және ақпараттық кеңістікке қол жетімді.

Браузер (Inter Explorer, Opera . . .) мультихаттамалы клиент және HTML интерпретаторы. Типті интерпретатор секілді клиент (тәг) командаларға тәуілді әр түрлі функцияны орындайды. Бұл функциялар шеңберіне мәтінді экранға орналастыру, сервермен ақпарат алмасу, графиктік мәтін т.б. енеді. НТТР сервері файл алуда клиент сұрауларын өңдейді. Гитермәтін деген не?

Гипермәтін – ASCII символдарынан тұрады. Қашықтық пен қосылған сілтемелерді орындау үшін сөз-белгілер қолданылады. Гипермәтін негізі – НТМL элементтері. Мұндай элементке аты, атрибуты, мәтін және гипермәтін енеді.

НТТР – серверді басқа программалармен әсерлестіру мақсатында үшін құрылған. Гипермәтіндік ақпараттың жүйе идеясы мынадай: қолданушы құжаттарды өз қалауы бойынша көре алады, кітап оқыған сияқты тізбекті түрде емес. Сондықтан Т. Нельсон гипермәтінді сызықтық емес деп анықтады. Мұның бәрі арнайы байланыс механизмін гипермәтіндік сілтемелерге қолдану арқылы, мысалы жай мәтінде «келесі – алдыңғы» типі болса, гипермәтінде өте көп сілтеме жасауға болады. Гипермәтін бойынша мамандардың жақсы көретіні библия, «Help» жүйесі. Алғаш қарағанда қарапайым, бірақ іс жүзінде күрделі статикалық, динамикалық, контексті сілтемелер жасалынады.

HTML идеясы – гипермәтінді жүйені құру мәселелерін арнайы бейнемен басқару құралдарының жүйені құру мәселелерін арнайы бейнемен басқару құралдарының сәтті шешімі болып табылады.

Гипермәтіндік тілді өңдеуге екі фактор әсер етті: гипермәтіндік жүйені интерфейсі саласында зерттеу және үлестірілген желіде гипермәтіндік мәліметтер қорын қарапайым және жылдам әдіспен қамтамасыз ету.

Жай гипермәтіндік жүйелер арнайы программа құралдарымен гипермәтіндік байланыс тұрғызады. Гипермәтіндік сілтемелердің өзі арнайы форматта сақталып немесе арнайы файлдарды құрайды. Мұндай әдіс жергілікті жүйе үшін тиімді, тек үлестірілген түрлі компьютерлік платформа жиынына арналмаған. HTML-да гипермәтіндік сілтемелер құжат денесіне енгізіліп, оның бөлігі ретінде сақталады. WWW құжаттары – бұл қарапайым ASCII-файлдары, оны кез келген мәтіндік редакторда дайындауға болады.

HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) хаттамасы гипермәтіндік құжаттарды алмастыруға арналған және оның спецификациясын есепке алады. Өзара әсер процесінде клиент желі қорының жаңа адресін қабылдайды, қосылған графикті сұрайды, параметрлерді қабылдайды және өткізеді. НТТР басқару ASCII командасы түрінде жүргізіледі. Гипермәтіндік мәліметтер қорын өңдеушілер хаттама элементтерімен сыртқы есептеу программаларын қолданғанда немесе сыртқы ақпараттық қорларға қол жетімді болғанда кездеседі.

HTTP сұрақ/жауапқа негізделген. Сұрайтын программалар (клиент) қызмет көрсетуші программалар (сервермен) байланыс орнатады және сұрауды серверге келесі формада жүргізіледі: сұраулар әдісі, URL, хаттама нұсқасы. MIME ұқсас хабарламалар клиент туралы сұрау ақпараттарын басқарады. Сервер статус жолындағы хабарламаларға жауап береді. Бұл программа бір мезгілде клиент те, сервер де бола алатындығын айта кетуге болады.

FTP қызметі

FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы. Қашықтағы компьютерден екілік және мәтіндік файлдарды алуға болады. Программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін (Word, Excel құжаттары, программа, т.с.с.) алмасуы үшін өте қажетті қызмет түрі. Бұл қызметті FTР-серверлер атқарады. Олар кез келген форматтағы файлдарды тасымалдай алады.

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP қызмет хаттамасы пайдаланылады.

Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Exploler терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Электрондық пошта хаттамалары

SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапхана түбіртегтерін көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).

Telnet – интернеттің ең ескі ақпараттық технологиясы. Ол бір жарым мың ресми желі материалдарының ішіндегі RFC (Request For Comments) деп аталатын, үш ондыққа енетін стандарттар санына енеді. Telnet көмегімен кез келген портқа жүгініп және қарауға болады, оның жауабын көруге болады.

Telnet келесі үштіктен тұрады:

  1. қолданушының Telnet-интерфейсі;

  2. Telnet үрдісі;

  3. Telnet хаттамасы.

Бұл үштік алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды жүргізеді және сипаттауды қамтамасыз етеді.

Telnet хаттамасы. Тelnet хаттама ретінде ТСР транспорт хаттамасының қосымшасы болады.

Telnet-тің негізінде үш іргелі идея жатыр:

  1. NVT (Network Virtual Terminal - Желіге виртуалды терминал) концепциясы;

  2. Келісім-шарт опциясы (өзара әсер параметрлерін келістіру);

  3. «терминал -үрдіс» байланыс симметриясы.

Telnet байланыс программасын орнатқанда, ол нақты терминал құрылғыларымен жұмыс істейді және бұл программаға қызмет көрсеткенде спецификация ақпаратының алмасуы үшін терминал құрылғыларының жұмысының ережелері немесе Желілік виртуалды терминал (Network Virtual Terminal) қолданылады. Қысқарту мақсатында мұны NVT спецификациясы дейміз. NVT – бұл нақты физикалық терминал құрылғысының мүмкіндіктерін кеңінен қолданылатын стандартты сипаттау табылады.

USENET жаңалықтар тобы немесе телеконференциялар – кез келген тақырыпта мәлімет жинайтын пікір таластыру топтары болып саналады. Пікір таластар электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Usenet – желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News). Бұл қызмет түрі NNTP (Net News Transfer Protocol) хаттамасы арқылы жүргізіледі. Электрондық поштадан айырмашылығы – Usenet клиенті өз мәліметтерін жеке адресатқа емес, өзі білмейтін ортадағы басқа топқа, яғни телеконференция абоненттеріне жібереді. Конференцияның барлық қатысушыларының құқықтары бірдей болып саналады, сондықтан әрқайсысы қойылған мәселе жайында өз пікірін ашық айта алады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылымға, өнерге, спортқа, демалысқа, т.с.с.) арналады.

IRC (Internet Relay Chat - Интернет арқылы тікелей хабарласу - чат)– мұнда мәлімет алмасу нақты уақытта тікелей жүргізіледі.

IRC қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісінің тікелей хабарласуы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесіне қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және оған бірнеше адам ғана қатынаса алады. Бір IRC серверіне қосылып бірден әңгіме жүргізуге болады. Әңгіме тікелей пернеден сөздерді теру арқылы жүргізіледі. Чаттын телеконференциядан айырмашылығы жауап бірден келеді.

IP-телефония – бұл Интернетті немесе кез келген IP-желісі арқылы телефонмен сөйлесу технологиясы.

Жұмыс режимі:

    • телефон - телефон;

    • компьютер - телефон.

IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұл программалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype программасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді.

Арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады. Skype программасымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.

WAP хаттамасы негізіндегі мобильді интернет

WAP (Wireless Application Protocol - желісіз қосымшалар хаттамасы) –бұл хаттама немесе  техникалық стандарт, осы  тәсіл арқылы ақпарат Интернет желісінен шағын ұялы телефон дисплейіне беріледі. Бұл технология ұялы телефоннан Internet желісінің мобильді ресурстарына қосылу мүмкіндігіне ие болуға, WML немесе XHTML формаларындағы ұялы телефон мүмкіндіктеріне арнайы икемделген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Интернетке қосудың қандай түрлері бар?

  2. Интернеттегі адрес туралы анықтама беріңіз. Адресдың қандай түрлері бар?

  3. Интернетте мәлімет жіберу әрекеті қалай жүзеге асады?

  4. TCP/ІР хаттамасының стектеріне сипаттама беріңіз.

  5. DNS нені білдіреді?

  6. ISO/OSI модельдеріне сипаттама беріңіз.

  7. Мәлімет алмасудың схемасының әр деңгейіне сипаттама беріңіз.

  8. ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасудың схемасын талдаңыз.

  9. Хаттама, интерфейс, хаттамалар стегіне анықтама беріңіз.

  10. Гипермәтін деген не?

  11. HTTP хаттамасы не үшін қажет?

  12. FTP қызметіне сипаттама беріңіз.

  13. SMTP хаттамасы қандай мүмкіндіктер береді?

  14. POP3 хаттамасының міндеті қандай?

  15. Telnet қызметі қандай мүмкіндіктер береді?

  16. USENET қандай мүмкіндіктер береді?

  17. IRC қызметіне сипаттама беріңіз.

  18. Телеконференция мен чаттың айырмашылығы неде?

  19. IP-телефония қызметі қандай мүмкіндік береді?

  20. Skype бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

  21. WAP хаттамасына сипаттама беріңіз.

Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

  1. «Тіркеу» батырмасына шерткенде «Анкета сұрақтары» шығатын парақ құрып, оның өрістерін толтыру.

  2. Web –параққа басқару элементтері бар форма құру


Краткое описание документа:

"Описание материала:

Бірнеше компьютерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды өзара байланыстыру қажет.

Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттық және программалық қамсыздандыру, әр түрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдер желілерінің айналасында жергіліктендірілген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.
Автор
Дата добавления 17.03.2014
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров3353
Номер материала 35019031756
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх