Найдено 57 материалов по теме
Предпросмотр материала:
Пән атауы, сыныбы, кабинеті: информатика, 8 «А» сыныбы, №107
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру.
Сабақтың мақсаты: Санау жүйесі, оның түрлерімен, сандарды санаудың бір санау жүйесінен екінші бір санау жүйесіне аудару ережелерімен танысу.
Міндеттері:
- сандарды бір санау жүйелерінен екінші санау жүйелеріне аударуға дағдылану;
- топтық жұмысқа жұмылу;
- пәнге қызығушылығын, есте сақтау қабілетін арттыру.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Дарынды және талантты балаларды оқыту, ОүБ, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялық іс - әрекеттер: «Жұптық әңгіме», «Ой қозғау», «Деңгейлік тапсырмалар», «Жұптас -ойлан-бөліс». «Бағалау парағы», «БҮҮ кестесі»
|
Уақыт өлшемі |
Жоспар мазмұны |
Мұғалім іс - әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
Ресурстар |
|
2 минут |
Психологиялық ахуал тудыру |
Шаттық шеңберіне шақыру |
Бір-біріне сәттілік тілейді |
|
|
4 минут |
Өткен тарауды пысықтау |
Сұрақтар қояды |
Жауап береді |
|
|
2 минут |
Топқа бөлу |
Рим цифрлары мен араб цифрлары жазылған таратпа қағаздарды тарату. 1-топ «Араб цифрлары», 2-топ «Рим цифрлары» |
Цифрларды анықтап, топқа бөлінеді. |
Таратпа қағаз |
|
3 минут |
Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын тауып, мақсаты анықтау |
Өткен тақырыптар бойынша дайындалған сөзжұмбақты алдарына таратады, соңында формативті бағалайды |
Сөзжұмбақты шешеді, интерактивті тақтаға жауаптарын жазу арқылы тақырыптың атын табады, сабақтың мақсатын өздері анықтап айтады. |
Сөзжұмбақ, интерактивті тақта |
|
15 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру |
Тақырыпты жеке оқып, топта талқылау керектігі айтылады. |
Тақырыпты жеке оқиды. Жұппен, топпен ақылдаса отырып, тақырып бойынша түсініктерін тезистейді. Араларынан бір оқушы шығып тақырыпты түсіндіреді. |
Оқулық, флипчарт, маркерлер |
|
12 минут |
Жаңа сабақты бекіту |
«Лайықты деңгей» «Міндетті деңгей», «Жоғары деңгей» деңгейлік тапсырмалары әр топқа беріледі. Тапсырмаларды бағалау парағы беріледі. |
Әр деңгейді орындаған сайын бір-бірлерін тексеріп бағалау парақтарына балдарын қояды. |
Таратпа қағаздар, бағалау парағы |
|
3 минут |
Сабақты қорытындылау |
«Білетінім. Үйрендім. Үйренемін» кестесін таратып, оларды толтыртады |
Сабақтан алған білімдерін кестені толтыру арқылы рефлексия жасайды |
БҮҮ кестесі |
|
2 минут |
Үйге тапсырма |
2.1, 2.2 тақырыптарды оқу, 2.2-практикумды орындау |
Күнделіктеріне жазады |
Интерактивті тақта |
|
2 минут |
Бағалау |
Бағалау парағындағы балдарды бағаға ауыстыру арқылы бағалайды. |
Бағалаған соң сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазады |
Стикерлер |
Профессия: Менеджер по управлению сервисами ИТ
Профессия: Учитель информатики в начальной школе
Профессия: Преподаватель информатики
Профессия: Преподаватель математики и информатики
В каталоге 6 510 курсов по разным направлениям