Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Сәулет өнері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Сәулет өнері

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың Қазақстандағы Х – ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелері мен сәндік қолданбалы өнердің дамуы туралы жан – жақты түсінік алуы; Қазақстандағы сәулет өнерінің даму тарихын, ондағы адамзат баласының тәжірибесін нақты елестету арқылы сәулет өнерінің өз заманының тарихы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру;

б) Тәрбиелік: Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге

өнерді түсіну және шеберлік шығармашылыққа бағытталу.Оқушылар бойында өз жеріне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баули отырып, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,интерактивті тақта,тірек-сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу

2) Кезекшілер міндеті

3) Оқушыларды топқа бөлу ( «Сәулет»тобы, «Зергер» тобы, «Жібек жолы» тобы)

II. Үй тапсырмасын пысықтау:

1. «Кім жылдам»

2.«Менің еліме саяхат»

3.«Мәтінмен жұмыс»

4. «Ой қозғау»

III.Жаңа сабақты таныстыру

IY.Сабақты бекіту

1 «Сен білесін бе?»(сұрақ-жауап)

2. «Сәйкестендіру»

3. «Білгір достар»тарихи диктант

4. «Ой қозғау»(шығармашылық жұмыс)

IY.Үйге тапсырма

Y.Бағалау

II.Үй тапсырмасын пысықтау

1.“Кім жылдам?” (жуан-жіңішке сұрақтар)

1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды? (зергерлік,ұсталық)

2. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты? (үрлеу және қалыпқа құю)

3.Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер (өнімді өндіру және оны қолдану)

4. Айырбас сауда деген не? (ауылшаруашылық бұйымының қолөнер бұйымдарымен алмасуы)

5. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді? (керамика,шыны,зергерлік бұйымдар)

6. Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар? (астық,жүн,тері,жеміс)

7. Ұсталар қандай бұйымдар жасады? (қару-жарақ,құрал-саймандар)

8. Қандай егін дақылдары өсірілді? (тары,астық,жүгері)

9.Ақшаның қандай түрлері болды? (алтын, күміс,қола)


2.“Менің еліме саяхат ” (картамен жұмыс)



hello_html_md04ac19.gif

3. «Ой қозғау»

Сонымен,оқушылар қолөнер,сауда,шаруашылықтың дамуына қандай жағдай маңызды рөл атқарды?

-Жібек жолы,қолөнердің дамуы

Осы Х-ХIIғасыр орта ғасыр кезеңінің дамыған орта ғасыр кезеңіне жататынын бұрыннан білеміз.Дамыған орта ғасырда қала мәдениеті өркендеп,оның құрылысы да күрделене түсті. Олай болса қала құрылысына байланысты мына бейне жазбаға назар аударайық.

* Бейнетаспадан студенттің әңгімесі көрсетіледі.

* Бейнекөрініс аяқталған соң мұғалім сөйлейді:

-Сонымен,балалар,өздеріңіз жаңа ғана көргендей студент ағаларыңыз өзінің мамандығын қалай таңдағаны жөнінде айтты. Оның әңгімесінен біз ерте кездегі біздің ата-бабаларымыздың да сәулет өнерін серік етіп,өздері жасаған үлгілерді кейінгі ұрпаққа қалдырғанын аңғардық. Олай болса сәулет өнері бұрыннан дамып келе жатқан өнер. Ендеше, біз бүгінгі жаңа сабағымызда Х-ХІІ ғасырдағы осы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы мағлұмат аламыз.

Сонымен жаңа тақырып: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.

III. Жаңа сабақты таныстыру

Сабақтың жоспары:

1. Архитектуралық құрылыс жүйелері

2. Сәндік қолданбалы өнер

3. Кесенелер

І. Сәндік қолданбалы өнер- ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, ғимаратты көркемдеп безендіруде пайдаланған.Сәндік қолданбалы өнердің құрылыс материалы болып сары топырақты балшық пен ғаныш қолданылған. Ғаныш дегеніміз- күйдірілген бор тас. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.Хiғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен пайдаланылды.Осылайша ХI-ХII ғасырда ғимараттарды сәндеп,өрнектеу үшін терракота кеңінен қолданылды. «Терракота»дегеніміз-ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын оюланған шағын көзе кірпіш.

. hello_html_4f642c66.gif

. Адам баласының ғимараттарды салу саласындағы тәжірибесін зерттейтін ғылым «архитектура» қазақша «сәулет өнері» деп аталады. Архитектура латын сөзінен аударғанда құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем салынған архитектуралық ғимарат. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Сәулет өнерінің тарихы өте тереңде жатыр. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Х-ХII ғасырда ірге көтерген сәулет ескерткіштері әлі күнге дейін қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатырған ою-өрнек әшекей түрінің молдығымен таңқалдырады.


hello_html_3cee3a54.gifhello_html_m543aa0b8.gif

Мешіт-мұсылман дінінің әдет- ғұрып, салт- дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Мешіт бұл мұсылмандардың ортақ үйі,ол жерге кез-келген уақытта өзінің үйі сияқты шақырусыз бара алады. Мешітте адамдар білгенін үйретіп,білмегенінүйренеді,білімін толықтырады,бір-біріне жәрдем беріп көмектеседі.

Мешіт мұсылмандар өмірінде ерекше орын алады.

«М Түркістандағы шығыс моншасы ортағасырлардағы халқы тығыз қоныстанған Ескі Түркістан қаласының ортасында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік шығысында 80шақырым қашықтықта орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше, монша 1580 – 1590 жж. кесенеге келетін зияратшылардың арнайы дәрет, ғұсыл алып кіруі үшін салынған. Ортағасырлық сәулет өнері шеберлерінің озық тәжірибесін көрсететін бұл монша жартылай жер астына орналасқан көп күмбезді құрылыс. Негізгі өлшемдері 15х17 м, биіктігі 4,8 м, қабырғаларының қалыңдығы 1м. Сыртқы беті өрнексіз, біркелкі 25х25х5 см күйген кірпіштен салынған. Кезіндегі 7 бөлмеге кейіннен қосылған кіреберіс бөлмесі мен ашық айваны бар бес күмбезді моншаның әрбір бөлмесі әртүрлі қызметке Монша тарихын зерттеген ғалымдар ең алғашқы моншалардың Греция мен Римде пайда болғанын «Монша» сөзі грек тілінен аударғанда « ауруды қуамын» деген мағы- наны білдіреді. Орыс моншасының даңқы атам заманнан әйгілі болды.

Ол сергектіктің таптырмас көзі және белгіле бір дәрежеде «емдік құ- рал» болып онша» сөзі грек тілінен аударғанда « ауруды қуамын» деген мағы- наны білдіреді. Орыс моншасының даңқы атам заманнан әйгілі болды.

Ол сергектіктің таптырмас көзі және белгіле бір дәрежеде «емдік құ- рал» болып есептеледі.


Тараз ежелгі


ІІ. «Мәтінмен жұмыс»

Үш топқа оқулықтан тыс қосымша материалдардан Айша бибі, Бабаджа қатын және Қарахан кесенесі туралы мәлімет таратылады. 3 минут уақыт ішінде топ мүшелері мәліметпен танысып, келесі топқа өздеріне берілген кесене туралы мәліметті жеткізеді.

-Х-ХII ғасырдағы сәулет өнерінің басты жетістігі болып табылатындары –кесенелер.

Кесене-діни құрылыс,атақты адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

Бабаджа қатын кесенесі туралы

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі аулында орналасқан, Айша Бибі кесенесімен бірге мемориалды-культтік кешеннің құрамына кіреді. Кесененің салыну тарихына және Бабаджа Хатунның өз басына байланысты құжаттық мәліметтер жоқтың қасы. Ескерткішке археологиялық қазба жүргізілген жоқ. Архитектуралық-құрылымдық сараптаманың нәтижесіне қарағанда құрылыс қараханидтер дәуірінің ерте кезеңіне жатады және 10-11 ғғ. мерзімделеді. Қазақстан архитектурасының ең көне ескерткіштерінің бірі болып саналатын бұл кесене тұрпатының қарапайымдылығымен және көп ғасырлық сақталуын қамтамасыз еткен құрылыс жұмысымен ерекшеленеді. Күмбез 1979 ж. қалпына келтірілді. Кесене күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған. Оның күмбезінен басқа бөліктері жақсы сақталған. Күмбездің тек қырлы барабаны мен қырлы шатыр жабуының бөліктері аман қалған. Ескерткіш жобасында онша үлкен емес, ішкі жақтарының ұзындығы 4,5 м болып келген шаршы тұрпатты құрылыс. Ол кезінде көп қырлы жұлдызды барабанға тірелген ішкі жағы бүрмелі, сырты қырлы шатыр күмбезбен жабылған.

Айша бибі кесенесі туралы

Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан.

Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы – 7,6 х 7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында 3 х 1,4 м құлпытас орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше бетінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Қарахан кесенесі  Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі ханШа-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкентишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған. ІІІ. Мұғалім кесенелер туралы мәліметті өзі толықтырады. Жаңа сабақ соңында бейнетаспадан Айша бибі мен Бабаджа қатын туралы аңыз жіберіледі.

-Сонымен оқушылар,бүгін «Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы» тақырыбы бойынша біраз мәлімет алдық. Жаңа сабақты біздің топтарымыз қалай игерді,ендеше тапсырмаларға ткезек берейік.

Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап: «Сәулет»тобы

1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не? 2. ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде қандай кірпіштер кеңінен пайдаланылды?


«Зергер» тобы

1.Ғаныш дегеніміз не? .

2.Х – ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?

«Жібек жолы» тобы

1. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?

2. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?


2-тапсырма: Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.

1. Бабаджа қатын кесенесі Түркістан

2. Айша – бибі кесенесі Тараз

3. Арыстан баб кесенесі Тараз

4. Қажа Ахмет Йассауи Түркістан


* Термин сөздермен жұмыс:

Ғаныш - Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.

Терраката - Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.

Мешіт - Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны.

Кесене - Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.


«Білгір достар» тарихи диктант

ХІ ғасырда – Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.

Х І - ХІІ ғасырларда - Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.

Х – ХІІ ғасырларда - Сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған.

Х - ХІ ғасырларда - Бабаджа – қатын кесенесі салынған.

ХІ – ХІІ ғасырларда - Айша бибі кесенесі салынған.



Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.

* Мұғалім сабақты қорытады:


ҮІ. Оқушыларды бағалау: «Білім бәйтерегі» арқылы бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.

























Аталған кезенде Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда болды. Олар Орта Азияда сәл бұрын салына бастаған. Үлкен қалаларда моншалар ондап саналған. Шығыс қаласында монша қоғамдык құрылыстар қатарында көрнекті орын алды. Қазба жұмыстары кезінде Отырардың рабадынан XI — XII ғасырлардағы екі монша аршылды. Нашар сақталғанына қарамастан, солтүстік рабад аумағындағы моншаның жоспарлануы жалпы белгілері жағынан анықталды. Монша балшык қабаты төселіп, тегіс- телген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстік бағыты бойынша 11,5 м, ал шығыстан батыс бағыты бойынша 16,5 м, әлем елдеріне қаратып бағдарланған. Жоспарланған негізі крест сияқты етіп алынған. Ортадаты жай жанасатын тұсынан басқа төрт болмемен қосылған. Моншаның ішінде шешінетін, тынығатын кең белмелер, шомылатын залдар, пештің, оттығының үстіне орналастырылған шабынатын бөлмелер болтан. Нақ әлгі төрт бөлме сол міндеттерді атқартан. Моншаның шығыс жатына оттық және су құятын бөшкелері бар бөлме орналасқан. Осы жерден моншаны сумен жабдықтатан құдықтың орны қазып алынды, оның қабырталары күйген кірпішпен қапталтан. Сарқынды су моншадан құбыр жолы арқылы үйдің сыртындағы су сіңіргіш шұнқырта атызылтан. Моншаны қыздыру үшін еденнің астындаты жылу өткізгіш каналдар жүйесі қолданылған. Моншаның жоспарлануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шытыстың моншаларымен ұқсас.

Моншаның оңтүстік жақ жанында тағы бір құрылыс орналасқан, оны кір жуатын орын деп санауға болар. Ол тікбұрышты, екі бөлмелі, көлемі 4x14,5 м. Бір бөлмесінде тандыр пеш орналасқан, қатарынан екі кеспек, бөлме ортасына тагор қойылған. Екінші бөлмеде, солтүстік жақ- таты бұрышында су сақтайтын орын болтан. Оңтүстік және батыс қабырғаларға көлемі 40x40x5 см болатын күйдірілген кірпіш төселген биік сәкілер орнатылған. Құрылысқа жапсарлас көлемі 6 шаршы метр қойма орналасқан, одан екі кеспек табылды.

Отырардың екінші моншасы оңтүстік рабад аумағында, кіреберістен 200 м жерде, бөген жағасына орналасқан және ішінара қазып тазартылды. Оттық және ыстық суға арналған бөшкелер жүйесі аршылды. Қыздыратын ыдыс тікбұрышты етіп жоспарланған бөшке болып табылады, оның қабыр- ғалары мен түбі күйдірілген кірпіштен қаланып, су өткізбейтін бірнеше қабат алебастрсырмен сыланған. Оның ортасына темір қазан орнатылған, оның аузы бөшкенің түбімен деңгейлес, ал түбі мен бүйірлері оттыққа түсірілген. Монша XI — XII ғасырларда салынған деп саналады. Таразда екі монша қазылды. Көлемі 13,4x12,4 м болатын біріншісінің әр түрлі мақсатға пайдаланылатын жеті бөлмесі болтан. Монша ыстық еткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ішкі көрінісінің қалдықтары: сәкілер, орындықтар, астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер — Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Ол XI ғасырда салынған деп саналады". Екінші моншаның орны біріншісіне жақын жерден ашылды. Оның жоспарлануы анықталған жоқ — шағын жері тана тазар-тылды. Монша біріншісі сияқты ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған.

Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұртындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адам ең көп баратын орын болды. Белгілі шығыстанушы И.А. Орбели «Монша және XII ғасырдың сайқымазағы» деген мақаласында моншаны былай сипаттайды:«... бүкіл Шығыстағы сияқты, Кавказда да монша — қала бастығы да, цехтық ұйымдар да, өзі үшін және өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, сонымен қатар күш-қуатты толыстыру, бұзылтан көңіл күйін көтеру үшін, демалу үшін, достармен кездесіп, достық әңгіме-дүкен құру үшін, сатып алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және шахматтан немесе нардтан шеберлік көрсету үшін қызмет етеді». Мон- шалар өзінше бір емдеу орындары да болған. IX — X ғасырлардағы дәрігер Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттей келіп, моншаларды жақсы кескіндемелермен безендіруді ұсынды, ол уайымнан арылтып, қаумалатан қалын ойдан сергітеді, өйткені жуыну хайуандық, рухани және табити залалды қуаттарды әлсіретеді деген. Моншалар, зерттеушілердің топ- шылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, ерте дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. Моншалардың басқа ортадан, атап айтқанда, ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтьшады. Сәндік-қолданбалы өнер орта тасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металла, әсіресе, құрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безенді- ру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Ол көбінесе құрылыс тұрғызылған материалдың өзімен орындалды. Сары топырақты балшық пен ганч сондай құрылыс материалы болтан. Шеберлер тегіс қабырғаны көбінесе кірпішті «қырынан» қалау арқылы жандандырып, белгілі бір суреттер жасаған. Бейнелі қалау осылайша туып, ол кейіннен күйдірілген кірпішке көшірілді. Кірпіштерді тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы суретшілер алуан түрлі өрнекті және жарық әсемдігіне қол жеткізген. Сонымен бірге кірпішті «қырынан» қалау жер сілкінісіне қарсы тәсіл де болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен енгізілді, ол XI — XII ғасырлар шебінде кеңінен қолданылған сәулеттік терракотаның бастапқы үлгісі болатын.

Сәулеттік декордың басқа ешбір саласы ганчка ойып, әшекейлеу сияқты халықтық қолөнерге мейлінше жақын болған емес. Орындалуы көп еңбекті қажет етпейтін ол фактурасының ақ түсі мен әшекейлеп ойылуы жөнінен әсер қалдыратын. Әр түрлі тұрғыдан орындалған ойып-өрнектеу күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызған. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылған, сондықтан сыртқы жақты қаптауға декордың жаңа түрі — оюлы терракота қолданыла бастады. Құрғатылған балшыққа ою-өрнек салып, оны кейіннен күйдіретін ежелгі заманнан белгілі оймыштау тәсілдері сәндік-қолданбалы өнердің осы түрінің дамуына негіз болды.

Қолданбалы өнер

Қолданбалы өнерде керамикаға, терракотаға, оймыштау мен әшекейлеуге жануарлардың әсем бейнелерін салу жалғастырыла берді. Сүйір арқалармен қоршалып, артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы ганч тақтайшалар, аузына бұтақша тістеп, оң жаққа қарай адымдап бара жатқан арыстан бедерлеп басылған терракоталық тақталар ерекше әсер қалдырады, олар X — XII ғасырлардағы Қызылөзен үйлерінен табылды. Жетісудың христиан (сириялық, несториандық) қауымдарының ең көп таралған ескерткіштері XII—XIV ғасырлардағы қабір үстіне орнатылған қайрактар болып табылады, олардың кейбіреулері — каллиграфияның және тас қашау өнерінің үлгілері. Олардан Таяу Шығыстың христиандық дәстүрі және сириялық христиандар, түріктер, ортаазиялық иран тілдес тайпалар мен халықтар мәдениетгерінің өзара байланыстары айқын көрінеді. Орта ғасырлардағы Қазақстан халқының материалдық мәдениетінің, көркем шығармашылығының ескерткіштерін қарастырған кезде қазақ халқы ата-бабаларының қолданбалы өнерде, құрылыс пен сәулет өнерінде айқын керінетін материалдық және рухани мәдениетінің құрамдас бөліктерін байқауға болады.[1]








































Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Шаталовтың трек- схемалар технологиясы, дискуссиялық сұрақтар, глоссарий, кубизм әдісі,

Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері» бүктеме, слайд, Қазақстанның саяси картасы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы.


Миға шабуыл

1. Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?

2. Ұсталық кәсіптің дамуына не әсер етті?

3. Зергерлер не жасаумен айналысты?

4. Сауда мен ақша айналымы қалай пайда болды?

5. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етті?


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.


Дискуссиялық сұрақтар

«Келісемін», «Келіспеймін»

Қала тұрғындарының көбеюі салдарынан тұтыну бұйымдары өндірілмеді.

Қазақстан жерінен қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған жоқ.

Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі- шыны болды.

Сәулет өнерін ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп әбден айтуға болады.

Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кісіптердің бірі- сүйек ұқсату.

Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүргізілді.

Қала маңындағы егін егуге қажетті жер сауданың дамуына байланысты игерілмеді.


ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.


Жаңа сабақ жоспары:

1. Сәндік қолданбалы өнер

2. Архитектуралық құрылыс жүйелері

3. Кесенелер


V. Жаңа сабақты түсіндіру.Көлемі 36,5* 20,5


Х- ХІ ғасыр



басында


салынған

Архитектуралық сәндігі ерекше көзге түсетін құрылыс


VІ. Бекіту.Глоссаий:

Тарихи сынақ хат.

Орта ғасырлардағы қолданбалы өнердің материалдары сары топырақты балшық пен ғаныш болды. Сәулетті архитектуалық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Діни кешендерге мешітті, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер- Бабаджа- қатын мен Айша- бибі кесенелері. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс моншасы табылған. Арыстан- баб діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған. Бабаджа- қатын кесенесі- күйдірілген кірпіштен салынған, әсем күмбезді ғимарат. Айша- бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.


Кубизм әдісі:

Қолданбалы өнердің құрылыс материалдары не болды?

Ғаныш дегеніміз не?

Сәулетті ірі құрылыстар қай ғасырларда салына бастады?

Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына не себеп болд



1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі










Ашық сабақ тақырыбы:

«Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.»


hello_html_m5d5e81d8.pnghello_html_m99aeeee.pnghello_html_54e438e0.jpg









Қазақстан тарихы: 7 сынып

Пән мұғалімі: Г.Шалбарбай







2012-2013 оқу жылы
















































































Қазіргі Тараз қаласының іргесінде моласы тұрған Айша бибі жайында білетініміз тым аз. Бір аңыз оны сиыр малының атасы саналып кеткен Зеңгі бабаның қызы дейді. Ол Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы делінген.

Қарахан мен Айша Түркістанда кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ ұнатады. Ғашықтар бас қосып, өмірлік серік болуға да уағдаласқан. Алайда, жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Күте-күте төзімі таусылған қалыңдық Таразға Қараханның артынан өзі күтушісі Бабаджа қатынмен бірге іздеп барған екен.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі Бабаджа қатын ас жабдығына кіріскен.

Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған ол, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Алайда, оның ұйқысын даланың улы жыланы шағып шырт бұзды.

Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізіпті. Хан тәуіптері мен молдасын алып дереу жеткенде, ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады. Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айғайлапты.

Аңыз осылай сыр шертеді. Ал, оның түбінде бір шындықтың бары анық.



hello_html_m7e96eaab.jpghello_html_m6ae6cd31.jpghello_html_m1267448a.jpg






Шығыс моншалары




Тараз, Отырар




ХІ –ХІІ ғ

Отырар – ХІ –ХІІ ғ салынған екі шығыс моншасы табылды. Көлемі -11,5 * 16,5 м Құдық суын пайдаланған.

Тараз – екі монша табылды. Көлемі -13,4-12,4 м

7 бөлмеден тұрған. Тау суын қыш құбырлар арқылы жеткізген.

Осындай шығыс моншасы ХХ ғ 60-ж дейін Түркістанда жұмыс жасады. Қазір Түркістандағы бұл монша мұражайға айналдырылды. Алматыда «Арасан» моншасы жұмыс жасайды.







Краткое описание документа:

1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды? (зергерлік,ұсталық) 2. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты? (үрлеу және қалыпқа құю) 3.Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер (өнімді өндіру және оны қолдану) 4. Айырбас сауда деген не? (ауылшаруашылық бұйымының қолөнер бұйымдарымен алмасуы) 5. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді? (керамика,шыны,зергерлік бұйымдар) 6. Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар? (астық,жүн,тері,жеміс) 7. Ұсталар қандай бұйымдар жасады? (қару-жарақ,құрал-саймандар) 8. Қандай егін дақылдары өсірілді? (тары,астық,жүгері) 9.Ақшаның қандай түрлері болды? (алтын, күміс,қола) " 1 III. Жаңа сабақты таныстыру Сабақтың жоспары: 1. Архитектуралық құрылыс жүйелері 2. Сәндік қолданбалы өнер 3. Кесенелер І. Сәндік қолданбалы өнер- ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, терракота кеңінен қолданылды. «Терракота«дегеніміз-ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын оюланған шағын көзе кірпіш
Автор
Дата добавления 18.03.2014
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2317
Номер материала 35204031844
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх