Аяласаң табиғатты аяла

Найдено 56 материалов по теме

Аяласаң табиғатты аяла

    RAR

Предпросмотр материала:

Документы из архива для просмотра:

  • PPT

    табиғат.ppt

  • DOC

    Табиғат.doc

  • Описание презентации по слайдам:

    •   Аяласаң , 
табиғатты аяла!

      1 слайд


      Аяласаң ,
      табиғатты аяла!

    • Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
Оны айту...

      2 слайд
















      Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
      Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

    • Табиғат аясы – ақыл-ойдың,
сана сезімнің алтын бесігі.

      3 слайд

      Табиғат аясы – ақыл-ойдың,
      сана сезімнің алтын бесігі.

    • 4 слайд

    •  Тіршілік көзі-су

      5 слайд





      Тіршілік көзі-су








    • Күтілетін нәтиже:  


























1.   Түрлі әдістерді п...

      6 слайд






      Күтілетін нәтиже:































      1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

      Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

      3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.

      Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

      Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

      Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
      шығармашылық белсенділігі артады.

      Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда,
      өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

    • Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы а...

      7 слайд




      Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.
      Табиғат аясы – ақыл-ойдың,
      сана сезімнің алтын бесігі.

    •  Табиғат байлығы-өсімдіктер   Табиғат байлығы-өсімдіктер

      8 слайд

      Табиғат байлығы-өсімдіктер



      Табиғат байлығы-өсімдіктер

    • 9 слайд

    • 10 слайд

    •    Адамзат -  табиғаттың бір бөлігі.

      11 слайд




      Адамзат - табиғаттың бір бөлігі.

    • Мысалы, Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын ал...

      12 слайд



      Мысалы, Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
      Берілген тапсырмаларда бала қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкіндіктерін пайдаланып, онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін анықтайды.
      Жаңа техноло­гия­лар мен инновациялардың мүм­кіндіктері шексіз, артықшылық­та­ры орасан. Оған «оnlane» режимін­де интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткіздік.
      Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан-жақты, дарынды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар.

    •  Құстар табиғатқа сән береді

      13 слайд

      Құстар табиғатқа сән береді

    • 14 слайд

    • Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында ақпаратт...

      15 слайд

      Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында ақпараттық технологияларды пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың кез-келген пәндi игеруге қызығушылықтарын арттырады.
      Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған.

















    •      Т Табиғат –ол жан-жануар

      16 слайд







      Т
      Табиғат –ол жан-жануар

    • 17 слайд





    •  Табиғаттың сұлу мүсіні- хайуанаттар

      18 слайд

      Табиғаттың сұлу мүсіні- хайуанаттар






    • 19 слайд

    • 20 слайд

    • Табиғатты қалай сақтаймыз?

      21 слайд

      Табиғатты қалай сақтаймыз?

    • Күніңіз сәтті болсын!Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол...

      22 слайд


      Күніңіз сәтті болсын!
      Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
      Жер бетінің ажары ол сәніміз.
      Туған өлке табиғатын аялап,
      Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
      Ө.Тұрманжанов

    • 







    Назарларыңызға
рахмет!

      23 слайд













      Назарларыңызға
      рахмет!

  •  

     

     

     

     

    Батыс Қазақстан облысы

    Теректі ауданы

    Жаңа Өмір ауылы

    Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

    Мусагалиева Жанаргул Шмитовна 2сынып

     Бастауыш сынып мұғалімі

     

    Сабақтың тақырыбы:«Табиғат – асыл анамыз»

     

    Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Табиғатты аялау , сүюге тәрбиелеу.

    Экологиялық білім беру. Табиғатты қорғау .

    Көрнекіліктері: Табиғат көріністері – суреттер топтамасы, буклеттер, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, табиғатты қорғайық - ережелер

    Тақтаға – тәрбие сағатының жоспары , «Табиғат аясында» суреттер және нақыл сөздер жазылған плакат ілінеді.

    1. «Табиғат – тал бесік»

    2.»Адам – табиғаттың бір бөлігі» 1.»Табиғат – тал бесік «

    3.»Табиғат бізді қоршаған орта «

    4.» Таза болса табиғат – аман болар адамзат»

    Жоспары: 1. Табиғат туралы не білеміз?

    2. Неге табиғатты тіршілік аясы дейді?

    3.Табиғатты қорғау – барлық адамзат борышы .

    Барысы: Кіріспе сөз .

     : Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта . Табиғат – адам үшін қажетті: ауа су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі .

    Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін , күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана ! Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.

    Ал енді балалар тәрбие сағатымызды жоспар бойынша жүргізіп ой – пікірімізді ортаға салайық : 1 . Ой – пікір

    1 оқушы.

     Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

    2 оқушы.

    Су деген тіршіліктің қаны емес пе ,

    Су деген табиғаттың жаны емес пе?

    Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

    Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

    3 оқушы. Табиғат – Ол Топырақ.

    Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады .

    Топырақтан өмір исі шығады

    Оны денең тиіп кетсе ұғады .

    Еңбегіңді есесінен беретін,

    Жақсылық та топырақтан шығады.

    4 оқушы.

    Табиғат – Ол Өсімдік

    Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман.

    5 оқушы. Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы - Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

    Хормен: Ән - «Саржайлау»

    Топпен жұмыс: Топтар жарысы.

    1 топ. Табиғат жайлы мақал – мәтел, нақыл сөздер.

    1. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғттың тілі жоқ»

    2. «Бір адам қазған құдықтан, мың адам су ішеді»

    3. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

    4. «Табиғат - тал бесік»

    2 топ. Табиғат жайлы өлең , жырлар .

    1. Табиғант сенде бәрі ортақ,

    Аспаның, күнің айыңда.

    Тегінде жаның жомарт – ақ,

    Ізгілік жатыр бойыңда.

    2. Табиғат қызығам сенің суретіңе,

    Бас ием сенің құдіретіңе.

    Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,

    Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

    3. Табиғаттың тарылтпасын

    мөлдір кәусәр тынысын,

    Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың

    Ей, адамдар! қалай ғана қатыгездік жасайсың.

    Ол Анаң ғой, ал сен оның перзенті .

    Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді , білетінімізді ортаға салдық.

    Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз?

    Осы төңірегінде ой қозғасақ

    Ой - қозғау Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де , күрделі мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау , оның байлығын ұқыпты пайдаланып , кейінгі ұрпаққа қалдыру .

    Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп , қасиет тұтқан . Кейінгі ұрпаққа үлгілі,

    өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық :

    1 . Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған,

    2 . Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.

    3 . Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.

    4 . Ұшқан құс , жүгірген аң , жыбырлаған жәндігінің берекесін

    кетірмей – жануарларын қорғаған!

    Ал біз болашақ ұрпақ Табиғтты қалай қорғап , сақтап қаламыз !

    1 оқушы «Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - жасыл желек

    бағдарламасына ат салысамыз

    2 оқушы «Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз

    пайдалануға жол бермейміз , ластамаймыз

    3 оқушы Орман, - тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап,

    өрттен қорғаймыз.

    4 оқушы Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

    5 оқушы Экологиялық үгіт - насихат жүргіземіз.

    Ой - түйін: Бүгінгі тәрбие сағатымызда

    Не білдік? Не үйрендік?

    1 . « Табиғатсыз адамдардың күні жоқ ....»

    2 . Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы ,

    аяулы бесігі құтты қонысы , өсіп - өнетін мекені .

    3. Адам– табиғат перзенті . Олай болса табиғат анаға аялы

    алақан , жүрек жылуын арнау әрбір саналы азаматтың

    парасатты адамгершілік борышы .

    4. Жер – қазына , су – алтын , мал – байлық .

    5. Табиғат – халық қазынасы

    Қорытынды: Сынып сағатымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз. (Хормен)

    Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!

    Сен – күнсің!

    Көтерілген күліп қырдан .

    Сен – көлсің! Сен – орман!

    Сен – бұлақсың!

    Адамды сұлулыққа құнықтырған!

    Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда

Краткое описание материала

Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Табиғатты аялау , сүюге тәрбиелеу. : Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту
Өз елінің табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу
табиғат туралы мақал-мәтелдің мағынасын ұғындыру. Табиғатты қорғау мақсатында құстарға ұя жасау,өзі тұратын жердің табиғатының байлықтарын қастерлеуге дағдыландыру.көктем мезгілінде табиғатқа жас тал шыбықтарды егу арқылы айналамызды көркейту,табиғатты қорғайтын сіздер сияқты балғындар екенін ұғындыру
Өз елін жерін,суын тауын,көлін қорғауға үйрету

Аяласаң табиғатты аяла

Файл будет скачан в формате:

    RAR

Автор материала

Мусагалиева Жанаргул Шмитовна

учитель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 90964
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 55
  • 90964
    просмотров
  • 55
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Мен бастауыш сынып мұғалімі еңбек өтілім 14 жыл, бірінші санат үнемі интернет сайттардан керекті материалдарды мағлұматтарды жинағанды ұнатамын.Менің хоббиім көркем әдебиет оқу.Басқада сайттарға өз мақалаларымды жіберіп отырамын Жахандану заманында болып жатырған білім саласындағы жаңалықтарды әрқашан біліп отыруға тырысамын.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Жанаргул Шмитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: