Инфоурок Биология Рабочие программыҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Скачать материал

 

Ашық сабақтың тақырыбы: § 59. Қазақстанда мекендейтін  

                                                                 сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты:

            Оқушыларды  Қазақстанда таралған сүтқоректілердің жеке отрядтарының кеңінен таралған және сирек кездесетін түрлерімен таныстыру, олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бірінен-бірін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

білімділік;  Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен, олардың отрядтарымен, құрылыс ерекшелігімен, тіршілігімен таныстыру.

дамытушылық; сүтқоректілер туралы ой-өрістерін кеңейту, өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік; Жануарларды қорғауға, аялауға және ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

             Пәнаралық байланыс: экология, география, тарих.

             Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблицалар, интерактивті тақта, электронды оқулық.

             Сабақтың барысы:

             І. Ұйымдастыру кезеңі

             1) Оқушыларды түгендеу

             2) Кезекшілер міндеті

             ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

             1. “Кім тапқыр” суретпен жұмыс

             2. “Кім жылдам?” (викториналық сұрақтар)

             3. “Ассоциация” ойыны

             ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру

             ІV. Сабақты бекіту

             1.  Биологиялық диктант

             2. “Терминология” терминдерді білесің бе?

             3. “Миға шабуыл” танымдық сұрақтар

             4. “Ең,ең,ең....” қызықты деректер

             5. “Сен білесің бе?”

             6. “Почта” ойыны

             V. Сабақты қорытындылау

                  Зертханалық жұмыс

             VІ. Үйге тапсырма

             VІІ. Бағалау

             Сабақтың жүрісі:

           ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

                                                           1. “Кім тапқыр” суретпен жұмыс

                                                      Ұшатын сүтқоректіні көрсет:

                                     

             

                      Мына сүтқоректілердің қайсысы жұмыртқа салу арқылы көбееді:

                  

                                Суда тіршілік ететін сүтқоректіні көрсет:

         

2. «Кім жылдам?» (викториналық сұрақтар)

1)  Сүтқоректілер қандай ортада тіршілік етеді? ( суда, ауада, құрлықта)

2) Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер болады?  (май, тер, сүт, иіс бездері болады)

3) Кеуде қуысы құрсақ қуысынан не арқылы бөлінген?  (көкет арқылы бөлінген)

4) Сүтқоректілердің ұрығы қайда дамиды? (жатырда)

5) Ілкіаңдарға қандай жануарлар жатады? (үйректұмсық,түрпі)

6) Сүтқоректілерде ең алдымен қандай тістер дамиды? (сүт тістері)

7) Сүтқоректілердің өте жақсы дамыған сезім мүшелері? (иіс сезу)

8) Сүтқоректілерде мойын омыртқасы нешеу? (жетеу)

9) Төменгі сатылы аңдарға қандай сүтқоректілер жатады? (қалталы сүтқоректілер)

10) Сүтқоректілер қандай жануарлардан тараған? (аңтісті кесіртке)

Блок-схема: память с последовательным доступом: Жүйке жүйесі жақсы дамығанБлок-схема: память с последовательным доступом: Жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобы3. «АССОЦИАЦИЯ» ойыны

Овал: СҮТҚОРЕКТІЛЕР
Блок-схема: память с последовательным доступом: Ұрығы жатырда дамиды
Блок-схема: память с последовательным доступом: Ұрпағын сүтпен асырайды
 

 

 

 

 

 


            ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру

Прямоугольник: скругленные углы: Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер           

Прямоугольник: скругленные углы: Бунақденеқоректілер отряды Прямоугольник: скругленные углы: Кемірушілер отряды Прямоугольник: скругленные углы: Қоянтектестер отряды Прямоугольник: скругленные углы: Қолқанаттылар отряды
Прямоугольник: скругленные углы: Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар отряды Прямоугольник: скругленные углы: Жыртқыштар отряды Прямоугольник: скругленные углы: Ескекаяқтылар отряды
 

 

 

 

 

 


Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі таралған.

Прямоугольник: скругленные углы: Бунақденеқоректілер отряды                                                                                                                    

                                                                                                                Слайд № 13

Ертеден келе жатқан қарапайым сүтқоректілер тобы. Миы нашар дамыған, дене температурасы онша тұрақты емес, көздері нашар көреді, иіс сезу қабілеттері жақсы дамыған. Тұмсықтары алдына қарай шығыңқы.

Жұпартышқан-Еділ, Жайық, Тобыл, Обаған өзендерінде кездеседі.

                                               Терісі өте бағалы.  Қызыл Кітапқа тіркелген.     

Прямоугольник: скругленные углы: Кемірушілер отряды                                                                                                          

                                                                                                             Слайд №14

Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректілердің 2500-ге жуық түрі жатады.Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар.

Құндыз-Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген терісі бағалы

                                            жыртқыш аң. Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларының

                                            өзендерінде кездеседі. Қорегі-балық.

Прямоугольник: скругленные углы: Қоянтектестер  отряды
 


                                                                                                                Слайд № 15

                    

Қазақстанда қоянтектестер кеңінен таралған. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, кәсіптік маңызы зор.

Прямоугольник: скругленные углы: Қолқанаттылар  отряды
 


                                                                                                                 Слайд № 16

                

      Қазақстанда қолқанаттылардың 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр және қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

                                                                                                                     

 

 

Прямоугольник: скругленные углы: Жұптұяқтылар және тақтұяқтылар отряды
 


                                                                                                                        Слайдтар № 17,18

 

Жұптұяқтылар күйіс қайтармайтындар (шошқа мен бегемоттар) және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді. Қазақстанда жұптұяқтылардың 10 түрі таралған.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамығын. Екінші және бесінші саусақтары нашар дамыған.

 

                                        

Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген.Қазір үш тұқымдасының (тапирлер, керіктер, жылқылар) өкілдері кездеседі.    Қазақстан жерінде жабайы  жылқы-құлан мекендейді.

Прямоугольник: скругленные углы: ЖЫРТҚЫШТАР ОТРЯДЫ
Выноска: стрелка вверх: Аю тұқымдастар Выноска: стрелка вверх: Қасқыр тұқымдастар Выноска: стрелка вверх: Мысық тұқымдастар Выноска: стрелка вверх: Сусар тұқымдастар
 

 

 

 

 

 


               АЮ тұқымдастары       Слайд №20

Аю тұқымдастарына қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі (гималай) аю жатады.

Қазақстанда биік таулы алқаптарда қоңыр аю кездеседі.

Аюдың аталығы- “матай”, аналығы-кірекей”, ұрпағы-”қонжық” деп аталады. 

Қоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

 

 

 

 

 

      ҚАСҚЫР тұқымдастары   Слайд №21

 Қасқыр тұқымдастарына-шибөрі(шуылдақ), қасқыр, түлкі,қызыл қасқыр

                                                       жатады. Қызыл қасқыр өте сирек кездеседі.

    

 

 

 

  МЫСЫҚ тұқымдастары       Слайд №22

 

 Қазақстанда мысық тұқымдастарының 8 түрі таралған. 

                                     Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында қорғауға алынған.

      СУСАР тұқымдастары         Слайд №23

 

Прямоугольник: скругленные углы: Ескекаяқтылар  отряды Сусар тұқымдастарына-сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю (балқы), құндыз жатады. Қазақстанда кездеседі. Бұлардың  терісі  бағалы, кәсіптік маңызы зор.


                                                                                                                        Слайд №24

Ескекаяқтылар отрядына-дене пішіні ұршық тәрізді 30-дан астам жануар түрлері жатады. Аяқтары ескекке айналғандықтан,  ескекаяқтылар деп аталған.

Тері астындағы 10 см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді әрі қор заты болып есептеледі. Тіршілігін көп уақытта суда өткізеді, құрлыққа тынығу, көбею, күшіктеу кезінде ғана шығады.

             ІV. Сабақты бекіту

1.  Биологиялық диктант

1) Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ   қуыстарын  бөліп тұратын көкет пайда  болған.

2) Сүтқоректілерде алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.

3) Екі бүйрек, екі несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен

        зәршығару жүйесі түзіледі.

4) Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын    құлақ қалқаны пайда болған.

5) Жоғары сатыдағы сүтқоректілерді  “ұрық жолдастары” деп аталады.

6) Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті  иекпен жалғастырып, тұтастыратын  бұлшықет    

                                                                   ұрт деп аталады.

7) Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер  арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды

                        өкпе көпіршіктері деп атайды.

8) Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы   деп аталады.

9) «Құндыз-суда, құлан-қырда»  мақалды толықтыр.

10) Аюдың бір жасар ұрпағы-”апанақ” деп  аталады.

                                    

 

 

                              

                                  2. “Терминология” терминдерді білесің бе?

                

Терминдер

Түсіндірме сөздер

1

Орнитология

Құстарды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

2

Герпетология

Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

3

Териология

Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

4

Қолтұқым

Үй хайуанаттарын жіктеу кезіндегі жүйелік бірлігі

5

Ұрықжолдас

Ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше

6

Кәмшат қайыр

Кәмшаттың жұпар безінен

 алынатын өнім

 

                                             3. “Миға шабуыл” танымдық сұрақтар

1. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, өте сымбатты,  саны азайып кеткен жұптұяқтылар отрядының өкілі. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстірт қорықтарында қорғауға алынған жануар? (Қарақұйрық)

2. Қазақстанда ғана таралған кеміруші. 1938ж зоолог-ғалым В.А. Селевин Бетпақдала шөлінен тапқан. Құлағы үлкен, дене тұрқы 9 см, салмағы 30-35 гр. Әлі толық зерттелмеген қандай жануар? (Қалқанқұлақ)

3. Қазіргі жылқының арғы тегі. Бағалы терісі, дәмді еті үшін көптеп ауланып, қазір саны азайып кеткен. Үстірт, Барсакелмес қорықтарында ерекше қорғауға алынған. Бұл жануар туралы аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. Қандай жануар туралы айтылған?

                                                                                                                        (Керқұлан)

4. Қазақстанның батыс аймағында шөл, шөлейтті жерлерде мекендейтін кеміруші. Жер астындағы қараңғы інінен еш уақытта шықпайды. Сондықтан көзі көрмейді. Күрек тістері өткір, аузының сыртына шығып тұратын,  Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қай жануар? (Алып соқыртышқан)

5. Аталған сүтқоректі жануар бунақденелілермен қоректенеді, Еділ,Жайық, Тобыл, Обаған шағын өзендерінде мекендейді. Терісі бағалы болғандықтан көп ауланып, саны күрт азайып бара жатқан қандай жануар? (Жұпартышқан)

                                                4. “ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ....” қызықты деректер

          1) Ең үлкен сүтқоректі- көк кит.Ұзындығы 33 м, салмағы 150т. Киттің бойының

          ұзындығы құрлықтағы 5 қабатты үймен тең. Судың бетіне 1000 м тереңдіктен 15-20

          секундта шыға алады. Терісінің астында 1 метрдей май қабаты бар, дене тепературасы

          тұрақты 34-37ºС ыстық болады.

           2) Ең кішкентай сүтқоректі-қызғылт тісті жертесер. Ұзындығы 3-5 см, салмағы 1,7-3 грамм.

          Зат алмасуы тез жүретіндіктен өте қомағай болып келеді. Күніне өзінің салмағынан 3 есе

          (30 гр) азық жейді

          3) Ең жүйрік сүтқоректі-қабылан. Африкада, Иран, Түркменстан елдерінде тіршілік етеді.

          Қабылан сағатына 100 км/сағ жылдамдықпен 550 м-ге жүгіре алады.

          

 

       

       4) Ең жалқау сүтқоректі-үшсаусақты жалқаңаң. Оңтүстік Африкада ағаш басында тіршілік

         етеді. Жалқаулығы сондай  түктерінде жасыл балдырлар өседі. Жылдамдығы 1,8-2,4 м/мин

        немесе 0,1-0,16 км/сағ.

       5) Ең биік сүтқоректі- жайлаң (жираф). Ол сахараның оңтүстігінде Африканың қуаң

         саваннасы мен шөлейт аудандарын мекендейді. Оның биіктігі-5,5 метр. Салмағы-1000 кг,

        буаз болу мерзімі-15 ай.

        6) Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі-азиялық піл. Оның буаз болу мерзімінің ұзақтығы-690-на  

       760 күнге дейін созылады. Бұл адамның бала көтеруімен салыстырғанда 2,5 есе ұзақ.

       7) Ең ақылды сүтқоректі-дельфин.Көптеген мұхиттарда және теңіздерде тіршілік етеді.

       Миының салмағы-1700 гр, адамдікі-1400 гр. Ми қыртыстарының  иірімі адамдікімен

        салыстырғанда екі есе көп. Олар еш уақытта ұйықтамайды, яғни көзін ашып ұйықтайды.

        Себебі  миының оң және сол бөлігі кезектесіп тынығады.

                                                  5. “Сен білесің бе?” (кімнің төлі қандай?)

         

Жануарлардың атауы

Аталығы

Аналығы

Ұрпағы

1

ДОҢЫЗ

Қабан

Мегежін

Торай

2

БҰҒЫ

Бұғы

Марал

Қодыға

3

ЕЛІК

Күлміз

Сөге

Еңлік

4

АРҚАР

Құлжа

 

Қозықа

5

АЮ

Матай

Кірекей

Қонжық

6

ҚАСҚЫР

Арлан,

көкжал, сырттан

Шулан, құртқа 

Бөлтірік

7

БАРЫС

Барыс

Таутан

Алан

     

 

«ПОЧТА» ойыны

        

Қорықтар

Ұлттық парктер

Зоологиялық қорықшалар

1) Ақсу-Жабағылы

2) Алматы

3) Наурызым

4) Барсакелмес

5) Қорғалжын

6) Марқакөл

7) Үстірт

8) Батыс Алтай

9) Алакөл

10) Қаратау

1) Баянауыл

2) Іле Алатауы

3) Алтынемел

4) Көкшетау

5) “Бурабай”

6) Қатонқарағай

7) Шарын

8) Сайрам-Өгем

9) “Көлсай көлдері”

10) Жоңғар Алатауы

11) “Бұйратау”

12) Қарқаралы

1) Андасай

2) Атбасар

3) Ерейментау

4) Ақтау-Бозащы

5) Сарықопа

6) Ұлытау

7) Бектауата

8) Кирсанов

9) Шалқар

 

 

                                                     №22 зертханалық жұмыс

            Тақырыбы: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы

             Құрал-жабдықтар: Сүтқоректілердің суреттері, ылғалды  препараттары, сызбанұсқалары,

                                                            сүтқоректілер  қаңқасы.

Жұмыстың реті және нәтижесі:

            1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысын   зерделе.

            Сүтқоректілердің аяқтары қалай орналасқан?

            Денелерін не жауып тұрады?

            Құлақ қалқандары қандай?

            Сүтқоректілердің тістерінің ерекшеліктерін  жазыңдар........................................................

            Сүтқоректілердің сыртқы құрылысын тауып  жазыңдар........................................................

 

          

         2. Сүтқоректілердің қаңқасын талдаңдар, оқулықтағы  288 беттегі 164 суретпен

                                                                                      салыстырыңдар:

         

          3. Сызбанұсқадағы құстар мен сүтқоректілердің   мүшелерін талдаңдар:  

      

          4. Сүтқоректілердің ішкі мүшелерінің орналасу  тәртібімен танысу.

           

                              

                           

 

                   

            Қорытынды:  Қадір Мырза Әлидің «Қызыл Кітап»  поэмасынан үзінді:

                                Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап

                                 Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ

                                 Қызыл Кітап-

                                 Мезгілсіз кеткендердің

                                 Бастарына қойылған қызыл шырақ!

                                 Қызыл Кітап-

                                 Тірі жан тимесін деп

                                 Хайуанатқа берілген қызыл мандат.

                                 Баяғыдай бәрінің халы бірақ-

                                 Мойындарын үзеді әлі бұрап.

                                 Қызыл Кітап-

                                 Бұл өзі қызық кітап:

                                 Тысы жұқа,

                                 Астары қалыңырақ...

          VІ. Үйге тапсырма: §59. Қазақстанда мекендейті  сүтқоректілер.

                   №22 зертханалық жұмысты аяқтау. Қорықтар туралы реферат жазу.

                  298 беттегі тапрсырманы орындау.

         VІІ. Бағалау

 

                 

 

 

 

 

 

              

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысының білім беру басқармасы

 

 

 

 

 

              Ашық сабақтың тақырыбы:

«Қазақстанда   мекендейтін сүтқоректілер»

 

 

                                        Өткізген: № 1 жалпы орта білім беретін

                                                         мектеп-лицейінің  І санатты

                                                         биология пәнінің мұғалімі 

                                                        Кужакова Гульмира Ахатовна

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Қазақстанда таралған сүтқоректілердің жеке отрядтарының кеңінен таралған және сирек кездесетін түрлерімен таныстыру, олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бірінен-бірін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
білімділік; Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен, олардың отрядтарымен, құрылыс ерекшелігімен, тіршілігімен таныстыру.
дамытушылық; сүтқоректілер туралы ой-өрістерін кеңейту, өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік; Жануарларды қорғауға, аялауға және ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: экология, география, тарих.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2014 19878
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кужакова Гульмира Ахатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кужакова Гульмира Ахатовна
    Кужакова Гульмира Ахатовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25056
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции