Құрмалас сөйлем - 1
1.
Сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді
B). Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет
атқарып жүр
C). Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті
D). Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе
бастады
E). Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр
жауады
2.
Сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша
алмады
B). Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді
C). Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды,
бірақ жиналыс әлі басталған жоқ
D). Ән басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ
E). Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я сен
барасын
3.
Құрмалас сөйлемнің түрін
көрсетіңіз.
A). Жай
B). Жақсыз
C). Хабарлы
D). Толымсыз
E). Сабақтас
4.
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
A). Сабақтас құрмалас сөйлем
B). Жай сөйлем
C). Толымды сөйлем
D). Салалас құрмалас сөйлем
E). Аралас құрмалас сөйлем
5.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.
A). Неліктен?
B). Не мақсатпен?
C). Қайткенде?
D). Қалай?
E). Не еткенмен?
6.
Салалас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Ауа райы салқындағанмен, қар түсе қоймады.
B). Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда.
C). Өміре әнін үзгенше, көрермендер қол шапалақтап
қоймады.
D). Қоңырау соғылып, оқушылар орындарынан тұрды.
E). Ән өте әдемі еді.
7.
Құрмалас сөйлемнің түрін
анықтаңыз.
Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
A). Кезектес салалас құрмалас сөйлем
B). Іліктес салалас құрмалас сөйлем
C). Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
D). Сабақтас құрмалас сөйлем
E). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
8.
Құрмалас сөйлем түрін
көрсетіңіз.
A). Одағай
B). Толымды
C). Жай
D). Салалас
E). Жайылма
9.
Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A). Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға
қойған жоқ.
B). Ербол кеше сабаққа кешігіп келді.
C). Мен оған ренжи қарадым.
D). Немересі қатты қуанды.
E). Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
10.
Сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып
жетекшіні іздедім.
B). Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.
C). Күз түсті, күн салқындады.
D). Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар
жиналысы болды
E). Күн суық, әрі қар борап тұр
11.
Сабақтас сөйлемді табыңыз.
A). Жиналас бітті де, халық тарай бастады
B). Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек
C). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады
D). Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды
E). Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз
12.
Сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
B). Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет
атқарып жүр.
C). Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр
жауады.
D). Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе
бастады.
E). Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді
13.
Қарсылықты салалас құрмалас
сөйлем шылауын көрсетіңіз.
A). Және
B). Бірақ
C). Әйтпесе
D). Себебі
E). Әлде
14.
Ыңғайлас жалғаулығы бар
сөйлемді табыңыз.
A). Қыста және күзде күн суық болады.
B). Қазір жаңбыр жауады ма?
C). Біз сабақ туралы ойладық.
D). Мен алма немесе алмұрт сатып аламын.
E). Мен жұмыстан кейін дүкенге барамын.
15.
Мақсат бағыныңқы сабақтас
құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.
A). –са да, -се де
B). –ғанмен, -генмен
C). –са, -се+жіктік жалғау
D). –у үшін
E). –ғандықтан, -гендіктен
16.
Сөйлемнің түрін
анықтаңыз.
Сені сағынғаным сонша – түсіме жиі кіресің.
A). Түсіндірмелі салалас құрмалас
B). Кезектес салалас құрмалас
C). Талғаулы салалас құрмалас
D). Қарсылықты салалас құрмалас
E). Себеп-салдар салалас құрмалас
17.
Салалас құрмалас сөйлем
түрін анықтаңыз.
A). Мезгіл бағыныңқы
B). Шартты бағыныңқы
C). Мақсат бағыныңқы
D). Толымды сөйлем
E). Себеп-салдар
18.
Салалас құрмалас сөйлемнің
түрін анықтаңыз.
A). Ыңғайлас сөйлем
B). Хабарлы сөйлем
C). Құрмалас сөйлем
D). Жай сөйлем
E). Бұйрықты сөйлем
19.
Сабақтас құрмалас
сөйлемді табыңыз.
A). Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді
B). Күн суық, әрі қар борап тұр
C). Күз келді, күн салқындады
D). Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып
жетекшіні іздедім.
E). Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар
жиналысы болды
20.
Салалас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
A). Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа
бармадық.
B). Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді.
C). Мен келгенше, сен үйде отыр.
D). Егер сен маған келсең, біз циркке барамыз.
E). Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек.
21.
Кезектес салалас
құрмаластың жалғаулығын анықтаңыз.
A). Өйткені
B). Немесе
C). Және
D). Сонда да
E). Бірде
22.
Себеп бағыныңқы
сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
A). –ғандықтан, -гендіктен
B). –у үшін
C). –а, -е, -й
D). –са, -се
E). –са да, -се де
23.
Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A). Қар аралас жаңбыр жауды.
B). Күн суық болды.
C). Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау
басты.
D). Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар.
E). Табиғаттың көрінісі тамаша!
24.
Құрмалас сөйлем түрін
анықтаңыз.
Ол көп уайымдап, үйге келді.
A). Себеп бағыныңқы
B). Салалас құрмалас сөйлем
C). Аралас құрмалас сөйлем
D). Мақсат бағыныңқы
E). Қимыл-сын бағыныңқы
25.
Жалғаулықсыз ыңғайлас
салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A). Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды.
B). Көктем келді де, күн жылынды.
C). Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
D). Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.
E). Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу
орнына түсемін.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.