Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Рефлексия по внедрению подхода L.S.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Рефлексия по внедрению подхода L.S.

библиотека
материалов

Рефлексия

Табысты оқытуға жету үшін және құзырлы мұғалім болу үшін Шульманның «үш көмекшісі» атты кестесіне жүгінеміз. Шульманның ілімі бойынша « сапалы білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолдануы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады» (МАН, 9-бет). Мамандығымыз ұстаз болғандықтан үнемі ізденіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, оқушыларымызға сапалы білім беру керек деген мақсатты бірінші орынға қоя отырып, тізбектелген сабақ жоспарын жасап және оны негізге ала отырып, біз қазақ тілі бірлестігінің мұғалімдері және 7-топ 3 «Б» сыныбында қазақ тілі сабағын зерттеуге алдық. Мұғалімі Туханова Назгүл Бейсенбайқызы өзінің күнтізбелік жоспарын көрсетті. Жоспарды негізге ала отырып, орта мерзім жоспарын құрастырдық. Сабағымыздың модулі жыл мезгілдері болғандықтан, төрт сабағымыз жыл мезгілдері тақырыбы төңірегінде болды. Бірінші сабақ 11.02.14ж. болып өтті. № 41- ші кабинетте болғандықтан, интербелсенді тақтаны қолдануға мүмкіншілік болды. Сабаққа сегіз мұғалім қатысты. Әр мұғалім өзінің тапсырмасын дұрыс орындауға тырысты. А, Б, С оқушыларын бақылауға алу біздің басты міндетіміз болып табылды. Сабақ сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырудан басталды. Әдемі сазды музыка тыңдау арқылы және бір біріне жақсы тілек тілеуден басталды. Сынып әр жыл мезгілі бойынша төрт топқа алдын ала бөлініп қойылғандықтан, оқушылар бірден сабақтың тақырыбын жұмбақ шешу арқылы ашты. Тақырырып ашылғаннан кейін, мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіріп өтті. Сөздік жұмысын оқушылар интербелсенді тақтадан өздері оқып, танысып шықты. Сабақ барысында екінші топтың балалары ыңғайсыз отырып қалғандықтан, өздерін ыңғайсыз сезініп отырды. Мұғалім сабақтың басында оқушыларға дұрыс жауаптары үшін, ұпайға асық таратылатынын айтып кетті. Оқушылар барынша сабаққа белсенді қатысуға тырысты. Оқушыларға ойлануға мүмкіндік берілді. Бірінші тапсырмада- сөйлемді толықтыру еді, оқушылар жылдам және еш қиындықсыз орындап шықты.Мұғалім әрдайым оқушыларын мадақтап отырды. Екінші тапсырмада мұғалім әр топқа оқушыларға тапсырмалары бар хат конверт таратып берді. Тапсырмада жыл мезгілдері бойынша сөйлемдерді орын тәртібімен жазу керек еді. Дәптермен жұмысты да ұмытқан жоқ. Қорытуды мұғалім ойын түрінде өткізді. Оқушылар бағдаршам арқылы жауаптың дұрыс, бұрысын көрсетіп отырды. Оқушыларға бағалау парағы таратылып берілді. Онда 1-2 асық «3», 3-4 асық «4», 5-6 асық «5» деген баға болып табылады. Үйге берілген тапсырма: жыл мезгілдеріне байланысты 4-5сөйлем құрастыру. Сабақты талқылау кезінде топ мұғалімдері сабақта тапсырмалар өте оңай болғанын айтты. Келесі сабақта тапсырмаларды күрделі түрде алу керек екенін атап өтті. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысы қаншалықты меңгерілгені талқыланды. Сабақта оқушылар дұрыс отырғызылмағандары туралы айлыды, бұл біздің де қателігіміз, себебі сабақтың басында ертерек келіп, көңіл аударуымыз керек еді деп шештік. Екінші сабақ 14.02.14 ж. өтті. Сабақтың тақырыбы: Көктем. Сабаққа тоғыз мұғалім қатыстық. Сабақ видео көрсетілім арқылы басталды. Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы ашылды. Оқушылар көктем айларын атап, өткен сабақты қайталап өтті. Мұғалім қоршаған ортаны ластамау керек екенін, аялау керек екенін және көктем айында кездесіп қалатын қауіпсіздік жайттарға көңілдерін баулады. Бірінші тапсырмада оқушылар берілген сөйлемге сұрақты дұрыс қою керек болды. Оқушылар үшін бұл тапсырма қиындау болды. Өйткені сұрақтар дұрыс қойылмады. Екінші тапсырма постер жасап, қорғау еді. Мұнда әр топқа көктем мерекелері берілді. I-топқа Наурыз мерекесі; II-топқа Жеңіс күні; III –топқа 8-Наурыз. Бұл тапсырманы оқушылар аса қызығушылықпен орындады. Суретті қызығушылықпен салғандарымен, қорғау кезінде оқушылардың тілдерінің жетіспеушілігінен болар, өз ойларын толық жеткізте алмады. Тест тапсырмасы бойынша оқушылар бірінің жұмысын бірі тексеру арқылы бірін бірін бағалады. Бұл жерде мұғалім оқушыларға бағалау критерийлерін алдын ала беріп қойды, сол себептен оқушылар бір бірін әділ бағалады. А Б С оқушыларын бақылау кезінде оқушылардың оқуға деген талпыныстарының жоғарылағанын байқадық. Дегенмен, сабаққа әлі де болса жаңаша, өзгеше тапсырмалар енгізу керек екенін, сабаққа қатысқан мұғалімдер атап өтті. Мұғалімдер сөздік жұмысқа аз уақыт бөлінгендігін айтты. Бұл сын тек Назгүл Бейсенбайқызына емес, алдымен сабақ жоспарын құрған кезде уақытты қадағаламаған өзімізге айтылды. Мәселен деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, миға шабуыл, үлестірмелі карталар, сияқты нақты тапсырмалар келесі сабаққа дайындау керек екені айтылды. Үшінші сабақ 19. 02. 14 ж. болып өтті. Сабақтың тақырыбы «Көктемде». Бұл сабақтың жоспарын құрған кезде, біз қазақ тілі бірлестігінің мұғалімдері және топ мүшелері сабақты ұзақ талқыладық. Өйткені екінші сабақ пен үшінші сабақтың тақырыбының айырмашылығын және мақсатын , оқушыларға дұрыс жеткізудің жолын іздедік. Тізбектелген сабақ жоспарын құрастырғанда , Блум таксономиясына сүйене отырып, оңайдан күрделіге қарай жүру мақсатын ұстандық. Оқушылардың сабақ барысында өздерін еркін ұстауы және бір бірінің түсінуіне көмектесуі қадағаланып отырды. Назгүл Бейсембайқызы жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ шешкізіп, сабақтың тақырыбын табуды ұсынды. Оқушылар сөзжұмбақты тез шешіп, сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті. Тақырып ашылғаннан кейін сабақтың мақсаты айтылды. Өткен сабақта сөздік жұмысына аз уақыт бөлінгендіктен, Назгүл Бейсенбайқызы сөздікке көбірек уақыт бөлуге тырысты. Сөздік жұмысты актив студио флипчарт арқылы, оқушылар сөздердің аудармасын өздері тауып шықты. Алдыңғы сабақтарға қарағанда, бұл оқушылардың үлкен жетістігі болды. Бірінші тапсырма мәтінмен жұмыс болды. Мәтінді аудару, сөздіктегі бар сөздерді дәптерге жазу. А Б С оқушыларының алдыңғы сабаққа қарағанда белсенділіктері артқандары байқалды. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар өз бетімен де, топпен де жұмыс жасады, ізденді, өз ойларын жеткізте білді. Сабаққа қатыспаған оқушы қалмады.Бағалау барысы да әділ болды және ол шешім оқушылардың көңілдерінен шықты. Блум таксономиясы сабақ жоспарын құруда маңызды рөл атқарды. Ол біз үшін де, оқушылар үшін де тиімді болды. Оқушылар бір бірінің жауабын мұқият тыңдауға дағдыланды. Мұғалім оқушылардың өз ойларын жеткізуге мүмкіндік берді. Сабақ барысында топты бағалау үшін берілген парағы да толтырылды. Оқушылар арасында қызу пікірталас болды. Бұрын мен оқушылардың сол сабақтағы білім алуына ғана мән берсем, енді тапсырмалардың маңызы туралы сыни тұрғыдан ойлана отырып, дайындауға тырысатын болдым. Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін сабақтан алған әсерін, арнайы дайындалған смайликтерге сурет арқылы ойларын білдірді. Сабақты талқылаған кезде, біз, мұғалімдер келесі сабақты сайыс түрінде өткізейік деп үйғардық. Сонымен қатар сабақты күрделіретіп, сахналауды қоссақ деп шештік. Төртінші қорытынды сабағымыз 26.02.14 ж. болып өтті. Тақырыбы: «Нәтиже сабақ». Сабақ психологиялық ахуалдан әдемі әуен тыңдаудан басталды. Сайыс сабағы болғандықтан, сынып екі топқа бөлінді. Бірінші топ- Бауырсақ тобы, екінші топ- Шалқан тобы. Сайыстың бірінші тапсырмасы- Бәйге. Тақтамен жұмыс, сөз тіркестерін жазу. Екі топ та шығып сөз тірестерін жазып шықты. Екінші тапсырма-мақал-мәтелдер сайысы. Шалқан тобы көбірек мақал мәтелдер білетіндерін көрсетті. Үшінші тапсырма-арқан тартыс, яғни берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. Екі топ та диалогты ойдағыдай құрастырып, қорғап шықты. Төртінші тапсырма -сахналау, топ атына сай көрініс көрсету. Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен, белсенділікпен өте тамаша атқарып шықты. Қорытуды оқушылар тестпен аяқтады. Бағалау мұғалімнің алдын ала дайындаған критерийі бойынша бағаланды. Бұл сабақтың ерекшелігі, басқа сабақтарға қарағанда, сабақ сайыс сабағы болғандықтан, сабақта жоғарғы сынып оқушылары бақылаушы болып отырды. Рефлексиядан кейін, сөз бақылаушыларға беріліп, олар өз қорытындысын оқып берді. Бақылаушылар екі топ та өте жақсы сабаққа қатысқандары туралы айтты. Бірақ сайыс сабағы болғандықтан, жеңімпаз- Шалқан тобы болғанын айтып, өз сөздерін аяқтады. Оқушылардың ой еркіндігі, ізденісі, тапсырмаларды өз бетімен орындауы, оқу танымдық әрекеттерінің артуы мені қуантты. Сондықтан бұдан да нәтижелі сабақтар өткізу үшін, осы әдіс-тәсілдерді қолданып, жұмысымызды жалғастыруымыз керек.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бұл рефлексияда L.S. ашық сабақтар бойынша өз пікірім жазылған. Бұл сабақ қазақ тілі сабағы, үшінші сыныпта Туханова Назгүл Бейсенбайқызы өткізді. Сабақтың модулі «Жыл мезгілдері». Сабақ бастауыш сыныпта өткізілгендіктен, ойын түрінде, сахналау түрінде өте қызықты өтті. Рефлексияда сабақтың мақсатынан бастап, А Б С оқушыларын зерттеу, мұғалімнің сабаққа деген қызығушылығының өсуі туралы жазылған. Рефлексия кезінде өзімнің сабақты талқылауда өсу деңгейім байқалды. Сондай- ақ өзіңді бақылауда бейне көріністің көмегі зор болды.
Автор
Дата добавления 19.03.2014
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров517
Номер материала 35437031905
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх