Мерекеңмен,
анашым!
Мақсаты:
Балаларға 8-наурыз халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат беру.Балаларға адам
баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.
Аналарды
сыйлауға,құрметтеуге үйрету.Анаға деген ыстық сүйіспеншіліктерін ояту.
Жүргізуші:
Қымбатты балалар,сүйікті аналар,апалар,құрметті әріптестер бүгін біздер көктемнің
алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз,мерекелеріңіз
құтты болсын!
Ардақты ана,аяулы
ана,қымбаттым,
Тәтті ұйқынды
бөліп талай түн қаттың.
Өміріме,нәрін
берді ақ сүтің,
Кең
құшағың-аясындай гүл бақтың.
-Балалар маған
айтыңдаршы біздер кімнің мерекесіне жиналдық?
Балалар:
Аналарымыздың мерекесіне.
Жүргізуші:
Жақсы ендеше балалар біз аналарымыздың мейрамдарына арнап ән айтып берейік.
Ән:
«Құттықтаймын, анашым»
Жүргізуші:
Бәрімізге анасың,
Біз
үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын анашым!-деп
кішкене бөбектер аналарына, әжелеріне арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді.
О.Айкөркем:
Көктем келді
балалар,
Ән айтайық би
билеп.
Мейрамында аналар,
Қабылдасын сый
қылып!
Аділет:
Еркелеймін
шаттанам,
Жарқын күлкін бақ
маған
Ақ бетінен
сүуйейін,
Келші келші ақ мамам.
Гүлназ:
Көктем келді
алақай,
Көктеп жатыр
даламыз.
Біз бақытты
балақай
Мәңгі жүрсе
анамыз.
Саян:
Кір түсірмей
жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мен бақшаға
барғанда,
Мейіріммен
қарайсың.
Дана:
Мамаларды суйеміз,
Сөзін ойға
туйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Аружан:
Менің әжем,ақ әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса
көреді,
Қызығымды әлі
әжем.
Ерасыл:
Әжем өрнек тігеді,
Сырмақ сырып,оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе қоюлап.
Ғаани:
Әжетайым,әжетай,
Сізді жақсы
көреміз.
Сізге
өлең-тақпақты,
Жатқа айтып
береміз.
Назира:
Шуағыңды сеуіп,
Жайна,анамыз-әже.
Жұлдыздарың сені,
Айналады әже.
Нұрхан:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей кісі жоқ
шығар.
Мейірімді бұл
кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Саят:
Енді мен үлкен
боламын,
Анамның тілін
аламын.
Әжемнің барлық
айтқаның
Миыма құйып
аламын.
Нұралы:
Сыйлаймын мен
жырымды,
Сізге арнап
жаттаған.
Мейрамыңыз
бүгінгі,
Құтты болсын ақ
мамам.
Диана:
Почему когда я с
мамой
Даже хмурый день
светлей.
Потому что,потому
что,
Нету мамочка
милей!
Ерназ:
Ана-біздің
күніміз
Анамның біз
гүліміз.
Құрметтеп ананы,
Құттықтаймыз,бүгін
біз.
Снежанна:
Мама,мама ,мамочка
Кто роднее чем
она!
Мама,мама,мамочка
У нее в глазах
весна!
Гүлзира:
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам
Ақылды болам.
Көрініс: «Менің мамам
әдемі!»
Сырт жақтан
«Мама-мама» деген үн шығады.
Жүргізуші:
Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
Залға қоян кіреді.
Қоян:Мама,мама!
Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім.Адасып қалдым.Енді қайдан
табамын?Түлкі кіреді:Мен ешкімнен қорықпаймын.Мен бәрінде алдаймын.Қоянның
қасына келіп:Әй қоян,сен неге жылайсың?
Қоян:Мен
мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі:Мамаң
қайда?
Қоян:Менің
мамам бәріненде сұлу,әдемі. Түлкі:Өтірік
айтпа,менің мамам бәріненде әдемі.Нанбасаң қара! Артына қараса мамасы жоқ.
Ой,менің мамам қайда? Басын ұстайды. Мен мамамды жоғалттым. Екуі жылайды.
Аю
келеді:Бұл не шу,ұйқымнан ояттыңдарғой.
Екеуі:Біз
мамамыздан адастық.
Аю:Мамаларың
қандай еді?
Екеуі:
Сұп-сұлу, әп-әдемі!
Аю:
Өтірік айтпаңдар,менің мамам әдемі.
«Жоқ,менің
мамам әдемі.»-деп үшеуі дауласады.Осы кезде қарға ұшып келеді.
Қарға:
Қарқ,қарқ,бұл не айқай-шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың
іздеп жатыр.
Аңдар:Рахмет,қарға!
Біз мамаларымызға кеттік,алақай!
Қарға:Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдар.Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.Барлығы
шығып кетеді. Жүргізуші:
Кейде осындай айтқанды тыңдамай,мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ,біздің
арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды
-6Би: «Шөжелерім»
Ойын:
«Өз мамаңды тап»
Ән:»Мамочка
милая»
Ералы:
Жүре берші
қасымда,
Әйбат мамам,әй
мамам.
«Ботам» деген
даусыңнан,
Мен мәз болып
оянам.
Сара:
Бізді өсіріп
баптаған,
Жақсы болсақ
шаттанған.
«Алтыным»-деп
мақтанған
Айналайын,ақ
мамам!
Ленара:
Көктем келді
балалар,
Асыр салып ойнайық
Түн ұйқысын төрт
бөлген,
Анамызды сыйлайық!
А.Айкөркем:
Еркелесем
күлімдейтін,
Ұрысқаны
білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп
менең,
«Құлыншағым,күнім»-дейтін.
Райхан:
Анам мені Айым
дейді,
Мен мұңайсам уайым
жейді.
Анам мені Күнім
дейді
Мен қуансам
күлімдейді.
Қайырғали:
Көктем келді балалар
Жердің беті
жаңарар.
Ақ сүт беріп
өсірген
Аман болсын
аналар!
Дильназ:
Көктем келді
жадырап,
Күн нұрымен
таласып.
Жайнай барші
жарқырап,
Жаны жайсаң
анашым.
Мансұр:
Мен гүлдетді
жұлмаймын,
Торғайларды
қумаймын.
Айтқан сөзін
тыңдаймын,
Анашымды
сыйлаймын.
Айнара:
Үн қатасың бал
тілмен,
Еркелеймін әр күн
мен.
Құттықтаймын,анашым!
Сегізінші
наурызбен.
Би:»Көбелектер»
Ойын:Гүл жинақ
Ән:»Әрқашан күн
сөнбесін!»
Жүргізуші:
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз.
Той күні
бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Жүргізуші:
Құрметті аналар,әжелер балаларыңыздың өздеріңізге арнаған шағын мерекелік
шарасы осымен аяқталады,мерекелеріңіз құтты болсын!Қош сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.