Выбранный для просмотра документ сабак@SEP@Копия 9-мамыр-Жеңіс-күні-туралы-слайд-презентация.ppt
Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Клара Ораевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель начальних классов
Файл будет скачан в формате:
Материал разработан автором:
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сембиев Нартай Амангаилулы. Инфоурок является информационным посредником
30 тамыз конституция күніне тәрбие сағатқа арналған көрнекілік
Тақтаға жабыстыру үшін көрнекілік.
Тәрбие сағатын өткізуге арналған тақтаға жабыстырып оқушыларды қуантуға болады.
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Выбранный для просмотра документ сабак@SEP@Тақырыбы.docx ертең.docx
Тақырыбы: 9-
мамыр Жеңіс күні
Мақсаты: Балаларға
адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды
үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Өтілу барысы:
Мұғалім: -Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы жеңістің 68
жылдығына байланысты. (1,2 слайд)
Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,
сағаттап сарыла күтті емес пе?!
Ақыры олардың үміті мен сенімі аяқталды, тілектері орындалды.Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс қолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті, бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істері мен Отан үшін күрескен батырларымызға бас иеміз! 3 слайд
Дәл осынау
жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны( 1 минут үнсіздік)
Мұғалім: -Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төртте
бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты.Суық хабар сол күні – ақ
байтақ жерімізге түгел тарады. Ер – азамат өздері сұранып асығыс майданға
аттанды. Аттанып бара жатқан жауынгерлер:
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа, - деп елімен қоштасты.( радиодан Левитанның хабарламасын тыңдату)
Мұғалім : Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы: - Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында
мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық
майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді.
Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты
316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы
Б.Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”.4 слайд
Соғыс жалмап аға -
іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Мұғалім: -Ленинград
үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға “Ленинградтық
өренім!” деген жырын арнады. 5-8 слайд
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз,
Шомылыдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ Кеңес халқы жан- тәнімен отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. 9слайд
Тас-талқанғып
фашисті,
Қиратқан біздің ер күшті.
Москва, Ленин қаласын,
Ағы мен көздің қарасын,
Отанын, гүлді даласын.
Қорғап жатқан ерлерім,
Жауға қарсы аттанды,
Борасын қардай оқтарың.
Батыс бардық, Балқан бастық бөктерлеп,
Карпет астық,
Альпі аттандық көкке өрлеп.
Еуропаның аспанында тұрдық біз,
Кеудемізде қасиетті кек кернеп...
Біз Отанның
солдатымыз тыңда, жер!
Жерді зират етем десе жау егер,
Адамзаттың аманатын
арт бізге,
Бізбіз адал дүниеге мұрагер.
Сенсің Отан қан майданда,
Сыйынарым, ұраным.
Күні-түні әр қайда да,
Сені көріп тұрамын.
Бір өзіңде кең кеудемде,
Соққандай өз жүрегім.
Өреңдерің сен дегенде,
Өлімге де
жүреді. 10слайд
Жанымдай сүйем
халықты,
Ерлері мәңгі даңқты.
Өнеге тұтып өсемін
Әлия, Мәншүк, мәлікті.
Қайтпаған дауылдан,
Кек алған жауынан.
Халықтың қастерлі
Жайсаңы Бауыржан,
Қайсар ұл Бауыржан.
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты, жауды ел күнде.
Берлинде алғаш
басталған,
Бітті соғыс Берлинде.11слайд
Ұлы соғыс –
төрт жыл адам төзгені,
Дерт пен ыза тірі дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз,
Екі аяқты елдестен өзгені.
Ет қызуы енді бір сәт басылған,
Бақсаң егер, ажалына бас ұрған.
Ел зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзімен күн сүйегін жасырған.
- Жеңіс! Жеңіс!
Бір сыбаға баршылық!
Қуаныңдар қалды жуық қарлы алып!
Осылайша отты салют берген-ді,
Біздің елден жаңа тарих жыр салып. 12слайд
Ән «Бейбітшілік ел ұраны»
Сүйінші елім,
сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді.
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні?
9 май күні.
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!
Кек қайтарып фашистен ,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке! 13 слайд
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 14слайд
Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы! 15слайд
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға. Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән, көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып!
Қия шыңға өрмелелеңдер,
Болашаққа батыл бар.
Жеңіс деген өрен ерлер
Мәңгі өлиейтін батырлар.
Әсем әндей, қоныр күйдей,
Жылдан - жылға жаңғырып.
Жаса, Жеңіс – ел ерлігі
Сен жасай бер мәңгілік!
Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
Жеңіс, жеңіс!
Мектебіміз
Ашқан бізге есігін
Ұмытылмас өткеніміз
Батырлардың есімі.
Ән «Жойылсын соғыс»
Орыс , қазақ , қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.
Даңқ қосып даңқына,
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқына,
Ерлігімен өтеді
Мұғалім: Аты аңызға айналған Бауыржан ата 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Көлбастауауылында дүниеге келген.Бауыржан Момышұлы– елі үшін ерен еңбек жасаған, өнегелі ұрпаққа
үлгі болып қалған.16 слайд
Мұғалім: Мәскеу, Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары: Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров туралы мәліметтер тыңдаңыздар. 17-19 слайд
Мұғалім: -Қазақтың қос жұлдызы кім? Олай болса осы батыр апаларымыз туралы мәліметтерге назар аударыңыздар. 20 слайд
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.21 слайд
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.22слайд
Мұғалім: Соғыс бітті... Ауыр жылдар артта қалды. 1945
жылдың 30-шы сәуірінде Рехстаг үстінде Жеңіс жалауы Желбіреді. Жеңіс! 8- мамыр
Берлин де фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды. 9
мамыр күні Жеңіс Мәскеуде тойланды. 23 слайд
Ау, адамдар – даналар!
Соғысқа қарсы балалар!
Өркендей берсін қалалар!
Гүлдене берсін далалар!
Тыныштық керек ол үшін.
Өркендесін туған жер,
Өркендесін туған ел.
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалиасын шалқар көл!
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Мұғалім: -Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген
ардагер аталарымыз бен әжелеріміз аға ұрпақтың жауынгерлік және еқбектегі
ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.
Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!- деп тәрбие сағатымызды «Әрқашан күн
сөнбесін » әнімен аяқтаймыз.
Балаларға Ұлы Отан соғысы кезінде фашистермен шайқасып, ерлік көрсеткен адамдардың еңбектерін бағалап, оларды сыйлауға, қадірлеуге тәрбиелеу.Соның ішінде қазақстандықтардың шайқастағы ерен ерліктері жайлы мағлұматтар хабарлай отырып, оларды мақтан ету. Жауларымен жан аямай шайқасып, қасық қаны қалғанша берілмеген ержүрек жауынгерлеріміздің арқасында, оңайлықпен келмеген жеңіс екенін саналарына сақтау. Сұрапыл соғыстан жеңіспен аман оралған ардагер әжелері мен аталарының алдында мәңгі бас иіп, ерен еңбектерін өмір бойы мақтан тұту.
7 232 601 материал в базе
Вам будут доступны для скачивания все 214 282 материалы из нашего маркетплейса.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.