Урок 2
Предпросмотр материала:
Сабақ. Алгебра. 9 сынып.
Тақырыбы: «Тригонометрия»
МАҚСАТ:
Білімділік: Түрлі деңгейдегі есептер шығарта отырып, тригонометрия формулаларын қайталау
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін қалыптастыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және танымдық ойлау, өзін-өзі бағалау, ақпараттық- коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Оқыту әдістері: практикалық
Технология обучения: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы, АКТ
Жабдықталуы: оқулық, дидактикалық материал,интерактивтік тақта, тригонометрия тақырыбына компьютерлік презентация.
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың үй тапсырмасының орындалуының дұрыстығын тақтада
шығарылған үлгілермен тексеру.
ІІ.Тригонометрия функциясының анықтамасын, негізгі қасиеттерін,кез келген бұрыштағы мәнін,тригонометриялық тепе-теңдіктерді қайталау.
Тригонометрия
Тік бұрышты үшбұрышты

Синус
қатынасың
x бұрышының синусы деп атаймыз және sinx деп
белгілейміз: sinx = ![]()
Ескерту
a ≤ c болғандықтан кез келген x үшін sinx ≤ 1.
Дәл осылай косинусты аңықтаймыз:
Косинус
қатынасың
x бұрышының косинусы деп атаймыз және cosx деп
белгілейміз: cosx = ![]()
Сұрақ.
cosx ≤ 1 тұжырымы орынды ма?
Жаттығу.
Белгілі геометриялық теореманы пайдалана отырып мына тепе-теңдікті дәлелдеңіз:
cos2 x + sin2 x = 1.
Тангенс
қатынасың
x бұрышының тангенсі деп атаймыз және tgx деп
белгілейміз:
tgx =
=
Котангенс
қатынасың x бұрышының котангенсі
деп атаймыз және ctgx деп белгілейміз:
ctgx =
=

Тригонометриялық шеңбер

Тригонометрияның негізгі теңдіктері


ІІІ. Тарихнама
Бірлік шеңбердегі тригонометриялық функциялар.
[өңдеу] Тригонометрия туралы түсінік
Тригонометрия(грек. trіgōnon – үшбұрыш және metreo – өлшеу) – геометрияның үшбұрыш элементтерінің арасындағы метрикалық қатыс тригонометриялық функциялар арқылы өрнектелетін саласы. Тригонометрияның негізгі мәселесі үшбұрыштың белгісіз шамаларын берілген шамалар арқылы есептеу болып табылады. Тригонометрия жазық, түзу сызықты және сфералық Тригонометрия болып бөлінеді. Евклидтік кеңістіктің сфералары қарастырылатын Тригонометрия сфералық тригонометрия деп аталады. Жазық Тригонометрия сфералық Тригонометриядан кейінірек дами бастады. Мысалы, Евклидтің «Негіздерінің» 2-кітабында косинустар теоремасы жайында айтылған. Тригонометрияны әл-Баттани (9–10 ғасырлар), Әбу-л-Вефа (10 ғасыр), Бхаскара (10 ғасыр) және ат-Туси (13 ғасыр), т.б. одан әрі дамытты. Оларға синустар теоремасы белгілі болған. Тангенстер теоремасын Региомонтан (15 ғасыр) тапқан. Одан кейін Тригонометрияны дамытуға Н.Коперник (16 ғасырдың 1-жартысы), Т.Браге (16 ғасырдың 2-жартысы), Ф.Виет (16 ғасыр), И.Кеплер (16–17 ғасырлар), т.б. үлес қосты. Қазіргі түріндегі Т. Л.Эйлердің еңбектерінде баяндалды.
ІҮ .Оқушылардың білімдерін тексеру.
Сұрақтар:
1. Тригонометриялық функциялардың кез келген бұрыш үшін анықтамасын тұжырымдаңдар.
2. Тригонометриялық функциялардың анықтамасы тригонометриялық дөңгелек радиусына тәуелсіз болатынын көрсету.
3. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдікктерді жазып,олардың ақиқаттығын дәлелдеңдер.
4. Тригонометриялық функциялардың:
30,45,60 градус бұрыштағы мәндерін жазып көрсетіңдер.
Ү.Ауызша есептер.
1.Бұрыштың қандай да бір мәнінде sin x -ның мәні:
1) 0,67;2)12/11,3)4/3 сандарына тең болуы мүмкін бе?
2. sin x = 1/3,cos x = 2/5 теңдіктері орындалатындай х бұрышы табыла ма?
3.Төмендегі берілген бұрыштар үшін тригонометриялық функциялардың таңбаларын анықтаңдар:
1
ҮІ. Кім жылдам ? Ауызша есептер.
№345,№346,№347,№382,№386.
ҮІІ.Барлық оқушы тақтада есептер шығарады.
І деңгей №348,№349,№368,№383(1,2,3,4).
ҮІІІ.Деңгейлік тест тапсырмалар.Дидактикалық материалдан.
ТТ-4 (ІІ тарау.2005 ж )
ІХ.Сабақ қорытындысы.Оқушылардың білімдерін бағалау.рефлексия.
Сөйлемді жалғастыр:
1. «Бүгін сабақта не білдім ....»
2. «Бүгін сабақта нені үйрендім ...»
3. «Бүгін сабақта немен таныстым ...»
4. «Бүгін сабақта нені қайталадым ..»
5. «Бүгін сабақта нені бекіттім ...»
Х.Үй тапсырмасы.
А. № 383(5-6),№384,№385.
В.№ 391,392
Сабаққа сараптама
Мұғалім сабаққа қойған оқыту .дамыту және тәрбиелік мақсатына жетті.
Сабақтың басында мұғалім оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырды.Сабақта әртүрлі ақпараттық технология арқылы презентациялар көрсетілді,көрнекілік құрал-жабдықтар,жеке деңгейлік тапсырмалар пайдаланылдыды.
Мұғалім сабақтарында оқытудың жаңашыл түрлері мен әдістерін іске асыру жағдайлары байқалды.Практикалық оқытуды ұйымдастыру және іске асыру бойынша жұмыс жүйесін жақсы ұйымдастырылған.
Сабақта пәнаралық байланыс ғылыми негізділік деңдейде өткізілді.
Мұғалім оқушының ойлау қабілетіне ,өз бетінше есептер шығаруға көңіл бөліп отырады,оқытудың дамытушы әдістерін епті қолдананды.
Сабақта көрнекі құралдар тиімді пайдаланды,оқытудың ауызша,көрнекі жәнепрактикалық әдістерін үйлестіру әдістері тиімді пайдаланды.мұғалім сабақта саралау үдерісін қоланды,оқушылардың логикалық ойлауларына көңіл бөлінді.
Мұғалімнің ғылыми-теориялық деңгейі және әдістемелік даярлығы жақсы,осы заманғы оқыту құралдарын тиімді пайдаланады.
Оқу тапсырмалары «қарапайымнан күрделіге қарай» пайдаланды.
Үй тапсырмасы өзін-өзі тексеру тәсілмен орындалды.
Краткое описание материала
Урок 2
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Краткое описание материала
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Найдите подходящий для Вас курс
В каталоге 7 946 курсов по разным направлениям
Другие материалы
Вам будут интересны эти курсы:
- Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»
- Курс повышения квалификации «Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО»
- Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
- Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО»
- Курс повышения квалификации «Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
- Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
- Курс профессиональной переподготовки «Инженерная графика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
- Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
- Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
