Предпросмотр материала:
Выберите файл для просмотра:
Всего файлов: 2
Тақырыбы:
«Д.И.Менделеевтің
180 жылдығына арналған химиктер сайысы»
Мақсаты:
1.Ғалым.өз елінің патриоты Д.И.Мендеевтің өмірін тереңірек оқып,білу арқылы өз Отанын сүюге,еңбекқорлыққа,зиялылыққа тәрбиелеу;
2.Оқушыларға
терең де тиянақты білім беру, пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс
жасай алатын болашақтың іскер де жігерлі, білімді ұрпағын даярлау.
Көрнекілігі:Активті тақта
жоспар
І. Д.И.Менделеев туралы Презентациялық слайд көрсетіліп, әңгімеленеді.
Сайысымызға
8-11 сынып оқушылары қатысқалы отыр.Сайысымызды сарапқа салатын аділ-қазы
алқасын таныстыру.Сайысымыз төмендегідей тур бойынша болады.
І. Таныстыру.Ұраны,төс
белгісі.
ІІ. Капитандар
сайысы .(сұрақ-жауап)
ІІІ Периодтық
таблицаға саяхат
ІV . «Менделеев сәрсенбілері» атты тәжірибе -жұмбақтар
V. Химиялық
жұмбақтар
VІ.
«Кім тез?»
VІІ.Сайысты қорытындылау
І. Таныстыру.Ұраны, төс белгісі.
ІІ. Капитандар сайысы-Бұл сайыста команда
капитандары максимал 15 ұпай жинайды, әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады
1Д.И.Менделеевтің туған жылы-1834 ж
2.Периодтық заңды ашқанда Д.И.Менделеев неше жаста болды?-35
3.Д.И.Менделеевтің туған қаласы-Тобольск
4. Қай қалада 1855 гимназияда мұғалімдік қызметін бастады-Симферополь
5.Ұзындығы 1500 км болатын су асты жотасы Д.И.Менделеевтің атымен аталған. Бұл жота қай мұхитта орналасқан?-Солтүстік Мұзды мұхит
6.Д.И.Менделеевтің атымен аталған сөнбеген вулкан қайда орналасқан? –Кунашир аралында
7.Д.И.Менделеев элементтердің периодтық жүйесін құруда атомның қандай физикалық шамасын негізге алды?- атом массасы
8.Ең алғашқы диссертациялық жұмысы үшін Д.И.Менделеевті физикохимик деп атайды,осы жұмыс қалай аталды? - Ерітінділердің гидраттық теориясы
9.Д.И.Менделеевтің қандай жаңалығы орыс әскери күштерінің қуатын арттырды? - түтінсіз оқ-дәріні ойлап шығарды
10. Не себептен Д.И.Менделеев ауа шарымен жоғары көтерілді?-атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеу,күн тұтылуқұбылыстарын зерттеу
ІІІ.Периодтық таблицаға саяхат
|
|
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
|
Химиялық элемент
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Атым -айдарым
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Қызықты ашылу тарихы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Менделеев Болжамдары
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Актив тақтадан таблица көрсетіліп, сұрақтар мен жауаптар айтылып,көрсетіледі.
Менделеев Болжамдары
1. Француз ғалымы Лекок де Буабодран 1875 ж мырыш кенін зерттеуде спектрі арқылы жаңа химиялық элемент ашып, оны өз елінің ескі латын атауымен атаған және Д.И.Менделеевтің сипаттап жазған «Экаалюминий » осы элемент екенін дәлелдеген-Галлий
2. Бұл элементті Д.И.Менделеев «Экасилиций» деп болжаған, ал неміс ғалымы Винклер Аргиродит минералын зерттеу барысында ашып, оны өз елімен атаған-Германий
3. Бұл элементті Д.И.Менделеев «Экабор» деп болжаған, ал оны швед ғалымы Нильсон ашып, оны өз елінің құрметіне атаған -Скандий
4. Бұл элементті Д.И.Менделеев «Экайод» деп болжаған, ал американ ғалымы Аллисон1931ж ашып, алабамин деп атаған,1962 ж дейін астатин деген атпен белгілі болған жасанды жолмен алынатын элемент-Астат
5. ХІХ ғасырдың аяғында осы элементтер тобы ашылғандаД.И.Менделеев «Периодтық заңның біртұтастығының тағы бір айқын дәлелі» деп айтқан газдар тобы.- Инертті газдар
Қызықты ашылу тарихы
1. Бұл элементті бос күйінде аламын деген көптеген ғалымдар(ағылшын галымы Нокс, Гей-Люссак, Деви) қатты уланғандықтан оған грекше «бұзылу, жойылу » деген мағына беретін ат берілген.Дегенмен оны таза күйінде француз химигі Муассан алған-Фтор
2. Француз химигі ,ірі кәсіпкер Куртуа теңіз балдырларын қайнатып зерттеу барысында ашқан химиялық элемент-Йод
3. Д.И.Менделеев ерлі –зайыпты Кюрилердің зертханасында болғаннан кейін «жаңа ғылыми зерттеулер жүргіземін деген ғалымдар осы элементті зерттесін» деген екен-Уран
4. Бұл элементтің атауы грекше «тас» деген мағынаны білдіреді, атауын Берцелиус ұсынған. Бұл сілтілік металды 1825 ж Деви алған. Егер осы элементтің гидроксидін сілтілік аккумуляторға қосса , оның қызмет мерзімі 2-3 есе артады- Литий
5. Бұл химиялық элементті ашқан Гей-Люссак калиймен тәжірибе жасауда көзінен, кейіннен газ тәрізді көмірсутектің жарылысынан да жарақат алған. Сонымен бірге Гей-Люссак жер қыртысында 26-30 пайыз таралған қандай бейметаллды ашқан? -Кремний
Атым -айдарым
1. БҚО шекаралас жатқан Ресей Федерациясының облыс орталығымен аттас химиялық элемент-Самарий
2. Грек тілінен аударғанда ай деген мағынаны беретін бұл химиялық элеметті 1817 ж екі швед химигі Берцелиус және Ганн ашқан –Селен
3. Ежелгі Римнің су және теңіз құдайы құрметіне аталған элемент-Нептуний
4. Ежелгі Скандинавияның сұлулық құдайы құрметіне аталған химиялық элемент-Ванадий
5. 1950 ж америкалық ғалымдар Сиборг,Томпсон,Гиорсо және Стрит жаңа радиактивті элемент ашып,оны осы элементтің бірінші атомдары алынған университет және штат атымен атаған-Калифорний
Химиялық элемент
1. «Өмір және ақыл-ой элементі»-Фосфор
2. 1869 жылы периодтық заң ашылғанда ғылымға неше химиялық элемент белгілі болды?-63
3. Сыртқы жарнама жасауда қолданылатын элемент-Неон
4. «Миллионер »химиялық элемент-Көміртегі
5. Химиялық элемен ұғымын алғаш ғылымғы енгізген ағылшын ғалымы, «ауаның белгілі бір бөлігі ғана жануды және демалуды қолдайды» деп болжаған-Роберт Бойль
ІІІ. «Менделеев сәрсенбілері» атты тәжірибе -жұмбақтар
Өз заманында Д.И.Менделеевтің үйінде сәрсебіде озық ойлы зиялы адамдар бас қосып, өз шығармашылықтарымен, қоғамдағы болып жатқан түрлі оқиғаларға өз пікірлерін айтып, қызу пікірталастар болып тұрған.Осы кездесулерде Дмитрий Иванович жиналғандарға қызықты тәжірибелер көрсетіп, таңғалдырудан жалықпаған көрінеді.
Олай болса сайыстың келесі бөлімінде Д.И.Менделеев өз үйінде «сәрсенбінің сәтті күндерінде» көрсеткен тәжірибелертуралы болмақ . Тәжірибе соңында қойылатын 2 сұрақтың әрқайсысы 10 ұпайдан бағаланады.
1.Бірде Д.И.Мендеелеев жиналғандарға тартылған темекі түтінін жинап ала алатынын айтты. Атақты суретші И.Е.Репин темекісін тұтатып, түтінін будақтатқаны сол еді, Дмитрий Иванович стол үстінде тұрған шыны банканы қақпақпен жаба қойды. Банқа лезде қою ақ түтінге толды. Сол кезде Дмитрий Ивановия Репинге банканы ашып, иіскеп қарауды ұсынды, сол -ақ екен Репин жөтеліп, қақалып, қол орамалымен аузын жаба қойды.
Тәжірибенің көрсетілімі: банканың түбін тұз қышқылымен , қақпағын мүсәтір спиртімен шайып, алдын ала ала дайындап қою керек, бұл заттар әрекеттескенде аммоний хлоридінің ұсақ бөлшектері түтін тәрізді түзіледі.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Д.И.Менделеев қандай тәжірибе жасады?
2. Түзілген «түтіннің » формуласы қандай?
2. Д.И.Менделеев тағы бір сәрсенбіде қонақтарына түссіз, «бірдей » ерітінділердің түрлі жалынмен жануын көрсетіп таңғалдырды. Жиналғандар түссіз , «бірдей» сұйықтықтардың сиякөк, қызыл, сары, жасыл болып жанғанына куә болды.
Тәжірибенің көрсетілімі: 2-3 мл шарап спиртіне
0,5г КСІ-сиякөк;
0,5гСаСІ2- қызыл;
0,5г NaCI – сары;
0.5 г H3BO4+H2SO4 –жасыл;
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Еріткіш ретінде қандай сұйықтық алынды?
2.Түрлі түс беретін қандай заттар тәжірибеге пайдаланылды?
Химиялық жұмбақтар
1. Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың. -оттек
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.-су
3. Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.-сутек
4. Ол болмаса астың дәмі кірмес, кім бар екен ортада оны білмес.
Аспен келеді, тамаққа дәм береді.- ас тұзы
5. Құрамына кірдім де мен ауаның
Беріп жүрмін
тіршіліктің жауабын
Бұл өмірде бәріне мен
қажетпін
Жанудың да алып
жүрмін сауабын.-оттек
6, Бәрінен жеңіл салмақ
Сондықтан жоғарыдан орын алмақ
Айырсаң агрегаттық заттар күйін
Көгілдір
газдар үшін белгі болмақ-сутек
7. Қыздырып соқсаң иіледі.
Балға мен төстен иленеді.-темір
8. Күміспенен апталған
Теңгеменен
қапталған.-мыс
9. Ақ түйір,айналады орын таппай
Жүгіргендей су бетінен орын таппай
Аздан соң,суға сіңіп жоқ болады
Оқушым,ойланып көр,қойма таппай-натрий
10. Химияның дерегі
«Патша арағы» дер еді
Патша да оны ішпейді
Басқа да оны ішпейді
Дүкендерге түспейді
Айтшы, неден істейді?- «Патша арағы НNО3 +НСІ = 1:3»
VІ. «Кім тез?» қиылып тасталған периодтық жүйені тез арада жинау
VІІ.Сайысты қорытындылау
«Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,»
-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. -Сау болыңыздар!
мм

Профессия: Учитель биологии и химии
Профессия: Преподаватель химии
В каталоге 7 450 курсов по разным направлениям