Инфоурок Технология Конспекты5-сыныпқа арналған технология пәнінен сабақ ««Тігін машинасымен танысу»

5-сыныпқа арналған технология пәнінен сабақ ««Тігін машинасымен танысу»

Скачать материал

СҚО Тайынша ауданы

 «Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы

 Келлер орта мектебі» КММ

муз пәнінің мұғалімі Жасузакова Ұ.Н.

 Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен танысу 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Тігін машинасымен жұмыс істеу ережелерімен  және техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2. Дамытушылық: машина түрлерін ажырата білуге, іс- тәжірибеде қолдана білуге баулу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шеберлікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, тігін  машинасымен жұмыс, жұптық жұмыс.

Көрнекілігі: Интекрактивті тақта, тігін машинасы, ресурс парақтары, тірек  сызба, қима  суреттер, А3 форматындағы  парақтар,  пойыздың  суреттері.

Түрі: аралас сабақ

Барысы:

І- ұйымдастыру кезеңі:

1)    Сәлемдесу: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

2)    Психологиялық дайындық   ойын  түрінде  өтеді:

Қане, бәріміз тұрайық,

         Үлкен шеңбер құрайық.

    Көңіл-күйімізді көтеріп,

   «Жіптер» ойынын ойнайық.

    Қызыл,сары, көк жібім,

   Әрі-бері жүгіргін.

   Қателеспей тезірек,

   Бір-біреуден  тізілгін.                      Қызыл-сары көк жіптер,

                                                             Әрі-бері жүріңдер.

                                                             Ал қанекей ортаға,

                                                            Үш-үштен тізіліңдер. 

-Қыздар, кәне бір-бірімізге қуанайықшы.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге!

-Бір-бірімізге не тілейміз?   -Сәттілік!   

Жақсы! Ал, енді екі топ болып жайғасып отыра қойыңдар.

-Өткен сабақта немен танысып едік? -Дұрыс, сендер тігін машинаның түрлерімен  және аяқ  машинаның  бөлшектерімен  таныстыңдар.Ендеше өткен сабақты есімізге түсіріп, алған білімдерімізді  тексеріп  алайық. Бүгінгі  сабақта  көрсеткен  білімдерің  алтын, қола  және  күміс  жіптермен  бағаланады.

/интерактивті  тақта  арқылы мұғалім  бағалардың  мәнін  түсіндіреді/

 -Білімдеріңді  тексеру  үшін мен  сендерге екі түрлі тапсырма дайындадым.Әр топтан 1 оқушы келіп, тапсырма алсын.

/оқушылар парақтарды  алып, берілген тапсырманы оқиды/

3)    Үй жұмысын тексеру: Топтық жұмыс: уақыты 3 минут

І ші топтың тапсырмасы:Сөзжұмбақты шешу

АЙНАЛМА ДӨҢГЕЛЕК

                          БАСУ ТАБАНЫ

            ЖІП БАҒЫТТАҒЫШ

       ЫСЫРМАЛЫ ПЛАСТИНА

                                     ШӨРНЕК

                                    ЖІПТАРТҚЫШ

Сұрақтар:

1/Машина инесін қозғалтатын құрылғы

2/Мата жылжытқыштың үстінде орналасқан құрылғы

3/Жіпті   инеге бағыттайтын құрылғы

4/Тұғырдағы  ысырмалы құрылғы

5/Шарықты  орналастыратын  құрылғы

6/Жіпті  тартатын құрылғы

 

ІІ ші топтың тапсырмасы: Көп нүктенің орнына керекті  сөздерді қойып,сөйлемдерді толықтыру.

Тігін машинасы  ................................  , .............................   және  ..................................  машина болып  үшке  бөлінеді. Машинаның  жұмысшы бөлігін  қозғалысқа  келтіру  қондырғысы  -  ...............................  деп аталады. Заманауи  тұрмыстық электр  жетегіндегі  тігін  машинасы  ....................... . Тігін  машинасын  жұмыс орнында жарық  ...............................................  түсіп   тұратындай  етіп орналастырады.

Қосымша  сұрақтар: -Балалар, сендер  машинаның  негізгі  бөлшектерін ғана  атап  көрсеттіңдер. Сендер  атаған  бөлшектердің  тағы  да  қандай  басқа  түрлерін  білесіңдер? Жақсы,  балалар! Өткен сабақты  қайталап, білімдеріңді  тексердік. Сендердің  жауаптарың  жақсы  болды,  бірақ  бұл өткен  тақырыпқа  байланысты  болғандықтан  мен  сендерді  күміс  жіппен  бағалаймын.                                         

                                     /оқушылардың білімін  жіптермен  бағалау/

 

ІІ. Жаңа сабақ:

1/Сабақтың тақырыбын ашу: -Қыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы тігін машиналарымен байланысты. Тігін машинасымен  жұмыс жасаған кезде дұрыс  отыру және жұмыстарды  орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері бар. Бүгін сабақта біз тігін машинасымен таныстыруды  жалғастырып, онымен  жұмыс істеу ережелерімен танысамыз. Ендеше  әр топтан  1 оқушы ортаға шығып, ресурс қағаздарын  таңдап  алсын.

/оқушылар  ортаға  шығып, постер  алып,  тапсырмаларын  оқиды/

2./Постер жасау:

 І-топ : Тігін машинасымен жұмыс  жасаған кезде  дұрыс отыру ережелері.                                                                                                        ІІ-топ : Тігін жұмыстарын орындау кезіндегі   техникалық  қауіпсіздік ережелері.

-Балалар, сендерге  шығармашылық  тапсырма  беріледі: Ресурс парақтарында  берілген  ережелерді  түсініп оқып, түрлі-түсті  фломастерлерді  қолдана отырып, постер жасау. Ол үшін 5 минут  уақыт беріледі.Содан  кейін  жасаған  постерлеріңді  шығып қорғайсыңдар.Бұл   тапсырманың орындалуын қарсы топ бағалайды.Ал, жұмыстарыңа сәттілік тілеймін!

/5 минут  өткен соң/

3/ Постер қорғау: Екі топ кезекпен шығып, жұмыстарын қорғайды.Қорғау  барысында  екі оқушы  түсіндіріп тұрады, үшінші  оқушы  айтқандарын көрсетеді.

4/Жұмыстарды  өзара  бағалату: -

1)    –Жарайсыңдар,балалар!  Жұмыст-топ сендер  1-топты  қалай  бағалайсыңдар? Ал 1-топ, сендер ше?

2)    Балалар, бұл  тапсырманы да сендер өте  жақсы   орындадыңдар! Енді  сәл тынығып алайық.Ол үшін ...

  

  5)Сергіту сәті: Қане, бәріміз тұрайық,

         Үлкен шеңбер құрайық.

    Көңіл-күйімізді көтеріп,

   «Жіптер» ойынын ойнайық.

    Қызыл,сары, көк жібім,

   Әрі-бері жүгіргін.

   Қателеспей тезірек,

  Бір-біреуден  тізілгін.            Қызыл,сары, көк жібім,

                                                   Әрі-бері жүгіргін.

                                                   Қателеспей тезірек,                                                                                              

                                                   Екі-екіден тізілгін.     

/оқушылар екі-екіден әр машинаның алдына отырады/

6/Сарамандық-лабораториялық жұмыс: Машина жұмысын орындауға дайындық.                                                                                                                                              / Мұғалім машинаны  жұмысқа дайындау жолдарын түсіндіреді/

-Балалар, тігін машинасымен  жұмыс  жүргізу  барысында  дұрыс отыру ережелері мен  техникалық  қауіпсіздік  ережелерімен  сендер жақсы  танысып алдыңдар. Ендігі  кезекте  машинаны  жұмысқа  дайындау жолдарын меңгеру.-Машинаны  іске қоспас бұрын келесі дайындық тапсырмаларын міндетті түрде дайындауымыз қажет.Олар:

/мұғалім  оқушыларға  түсіндіріп, көрсетіп отырады/

1. Айналма дөңгелікті өзіңе қарай бұрып, жіп тартқышты  және инежүргізушіні ең жоғары жағына бұрып қоямыз.

2.Табанын көтереміз.

3. Өзекке жіп орағышты орналастырамыз.

4.Шарыққа шарық қалпақшасын  кигіземіз.

5.Жіпті шарық қалпақшасының ойығының (1) бойымен және пластикалық серіппенің (пластинчатая пружина) астынан өткіземіз.Жіптің ұшы =10см.

6.Шөрнек құрылысына шарық қалпақшасын қондыр.Машинаны жұмыс жүрісіне   қос.

7.Жоғары жіпті сабақта.                                                                                                                                                                  

8.Төменгі жіпті жоғарыға шығару.

Ол үшін:

- ине көзінен өткізілген жоғарғы жіпті сол қолмен тарт;

-оң қолмен айналма дөңгелектіөзіңе қарай бұра.Сонда ине төмен түсіп,шөрнек жібін өзімен бірге тартып,шөрнектегі жіпті іліп алады да,жоғарыдағы қалыпқа қайта оралады. 

7/ Машинаны жұмысқа дайындау:

-Ал  балалар,  сендерге  түсінікті  болды ма? Енді  жұп  болып  бір-біріңе  машинаны  іске  дайындаудың  жолдарын  түсіндіріп  көрсетіңдер.Сендерге  көмекші  мына  тақтадағы  суреттер  болады. Суреттерге  қарап жаттығуға    болады.                                                                                                   /интерактивті тақтада  көрсетілген  суреттерге сәйкес оқушылар жұмыстарын орындайды/.

8/Алған  білімдерін тексеруге  арналған  тапсырма: «Машинаны  іске  қосу  тізбегін  құр»

-Балалар,  сәл  жаттығып алдыңдар. Енді  сендерге  келесі  тапсырма  беріледі.  Мына  қима  суреттерді  пайдалана  отырып, машинаны  іске  қосу  тізбегін  құрастыру үшін  пойыз  вагондарына рет-ретімен  орналастыру  керексіңдер.. Дұрыс  орналастырған топ алтын жіпке ие  болады.

/оқушылардың  жұмысы/

/жұмысты  орындап болған соң  екі  топ  ортаға  шығып,  тізбектері  тексеріледі/

          9/Бекіту: Тірек сызба құрастыру арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау.

-Өте  жақсы,  орындарыңа  жайғасып  отырыңдар.Бүгінгі  сабақта  сендер  жақсы  жұмыс  істедіңдер.Әртүрлі  тапсырмаларды  орындап, күміс, қола  және алтын  жіптерге  ие  болдыңдар.Жарайсыңдар! Енді  бүгінгі  сабағымызды  қорытайық.Сұрағыма  жауап  беріп, мына  тірек сызбаны  толықтырайық.

-Сонымен, машинамен жұмыс істеу үшін не қажет?

/оқушылар  жауап  беріп,  тірек  сызбаны  толықтырады/

 ІІІ.Қорытынды:

1/Рефлексия: Өте жақсы,  балалар! Бүгінгі  сабақ  сендерге   ұнады ма? Бүгінгі  сабақтағы  сендердің  көңіл-күйлеріңді  білу  үшін  рефлексия  парақтарын  таңдауға  ұсынамын./Оқушылар  рефлексия парақтарын  таңдап, шеңберде  тұрып  бір-бірімен  бөліседі/                                                                                                                               -Рахмет,  балалар! Өте  жақсы! Ал енді  үйге  берілетін  тапсырмаға  назар аударайық.   Үйге берілетін  тапсырманы  түсіндіру:Суреттер  арқылы  машинаны  іске  қосу  жолдарын қайталап келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-сыныпқа арналған технология пәнінен сабақ ««Тігін машинасымен танысу»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл сабақ 5-сыныпқа арналған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тартымды да қызықты сабақ. Сабақта тиімді әдіс-тәсілдер мен жаңа педагогикалық технологиялардың элементтері қолданылған.Жұмыс топтық түрінде өткізілген және жұптық түрінде өткізілген. Оқушылар өз білімдерін постерге салып, топтардың алдында жұмыстарын қорғаған. Оқушылардың білімдері алтын, күміс және қола жіптермен бағаланып, әр кезең соңында рефлексия жасалынып, кері байланыс өткізілген.Сабақ құрылымы заман талабына сай. Бұл сабақ аудандық семинарда өткізіліп, жақсы бағаланды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 263 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2014 2026
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боранбаева Ажар Кенесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Боранбаева Ажар Кенесовна
    Боранбаева Ажар Кенесовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70693
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 301 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 066 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе