Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Қазақ тілі сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру»

«Қазақ тілі сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру»

Скачать материал

Ақмола облысының Білім Басқармасы

«№ 4 Ақкөл орта мектебі» ММ







«Қазақ тілі сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру»

MPj04393690000[1]







Ақкөл – 2012



Алғы сөз

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр. Білім беру мазмұны өзгерістерге ұшырады. Жаңа талпыныс, жаңа жол ашылды. Ол өз әсерін оқушыларға да жаңа талаптар мен міндеттерді қойды.

Назарларыңызға ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары, өзіндік жұмыстардың түрлері, оларға қойылатын талаптар, өзіндік жұмысты бағалау критерийлері және осы үрдістегі мұғалімнің шеберлігі мен рөлі туралы жазылған.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.













Мазмұны

І. Кіріспе..........................................................................5

ІІ. Өзіндік жұмыс туралы түсінік.................................7

ІІІ. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар және бағалануы..............................................8

ІV. Өзіндік жұмыстың түрлері және ұйымдастыру формалары......................................................................11

V. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.................................20

VІ. Қорытынды.............................................................25

VІІ.Қосымша ................................................................27















Хасенова Мәдина Белгібайқызы 1982 жылы жер жаннаты Бурабай ауданының Қызылағаш ауылында дүниеге келген. Ұстаздық еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облысы, Щучье қаласында № 1 мектеп – гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет маманы ретінде бастады. Кейін – 2007 жылы аталмыш облыстың Ақкөл ауданында ұстаздық жолын жалғастырды. Білім беру саласында қол жеткізген жетістіктері үшін аудандық, облыстық деңгейдегі алғыс хат, мадақтау қағаздарымен марапатталған. Ұстаздық жолы – 9 жыл, санаты – І. Мәдина Белгібайқызы білім берудегі жаңашыл, ақпараттық технологияларды меңгерген. «Қазақ тілі сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру» атты әдістемелік құралында нақты проблема бойынша кеңінен ашылған нұсқаулар беріп, өз тәжірибесімен бөлісіп отыр. C:\Documents and Settings\Пользователь\Мои документы\музыка фотки документы видео7\сканирование0010_001.jpg



Ақкөл АББ әдіскері: Ханша Ахтышханқызы.






І. Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.

Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.

Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетті элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады.

Т.И.Шамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет «жеке жұмыс» деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар тек өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т.б. сияқты өзіндік формаларын ұсынады.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың негізгі шарттарының бірі — тасқынды ақпараттарды іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен байланыссыз оқу процесінде мұндай бағдарлаудың тек қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген жас маман жұмыс орнында іріктеу, бағдарлаумен, әдебиеттермен жұмыспен, нұсқаулармен жаңадан танысуға тура келеді.

Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты – жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін, әлеуметтік бағалы белсенділігін дамыту; сонымен бірге өз бетімен білім, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету. Сонда білім беруді ізгілендіру және демократияландыру жеке бастың өзін-өзі дамытуын, өздігінен жеке шешім ала білуді қалыптастыруды көздейді.

ІІ. Өзіндік жұмыс туралы түсінік.

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.

Қазақ тілі сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып жеке тұлға ретінде дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

«Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру – белгілі бір іс-әрекетте, ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара ерекшеліктері».

ІІІ. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар және бағалануы.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.


Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалауға қойылатын талаптар:

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

  • Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

  • Тапсырмаларды дұрыс және барынша тез орындаса;

  • Тапсырма орындау барысында өзіндік жоспар құра алса, өзінің амалдарын түсіндіріп және мұғалімнің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

  • Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

  • Жауап берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

  • Жауап берген кезде дәлдігі жеткіліксіз, бірақ жауабы дұрыс, түсініктемелер болса;


Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп-оңай түзете алады.
«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

  • тапсырмаларда жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

  • тапсырманы мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.


Егер оқушы қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмаса, тапсырмаларды, тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса, «2» деген баға қойылады.Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.
Жазбаша өзіндік жұмыстары бойынша бағалау
Жұмысты тексеруге қатысқан адам оқушының сауатты жазу дағдыларына баға қоюына болады:

  • егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

  • егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

  • барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.


Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

  • оған әсер ететін мотивтер.

ІV. Өзіндік жұмыстың түрлері және ұйымдастыру формалары.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық жұмыстар, оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмысы, сынып жұмысы, шығармашылық жұмыс, рефераттар мен баяндамалар, тәжірибелер жасау,тест жұмысын орындау).

Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пән бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.

Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдері менгеруге байланысты.

Өздік жұмыс теориясының дамуының ерекшелігі болып, әрекетті белсендіруге ықпал етуші оқыту әдістерін сипаттаудағы әртүрлілік. Нәтижесінде көптеген ұстанымдар туындайды, олардың негізінде өзіндік жұмыстың сұрыпталуы құрылады: а) оқушының объектіні тану барысында ойлау операциялары; б) дидактикалық мақсат, в) ақпарат көзі және оқушыға берілген тапсырмалардың түрі, г) оқушылардың оқу әрекетінің мінез-құлқы, д) оқушының танымдық әрекетінің құрылымы.

Сұрыпталу принциптерін тереңірек қарастырса, ол өзіндік жұмысты жан -жақты зерттеуге көмектеседі, онсыз осы теорияның дамуы мүмкін емес. Өзіндік жұмыстардың логикалық сұрыпталуы В.А.Добромыслова, В.В.Голубкова, Е.Я.Голант есімдерімен байланысты. Осы тұрғыдан өзіндік жұмыстар былай бөлінеді:

1. деректерді бақылау және түсінік белгілерін айыру;

2. құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарымен айырмашылықтарын құру;

3. түсініктерді анықтауға және оқығанды жалпылау;

4. құбылыстар қатарында әдеттегіні белгілеу;

5. деректердің арасындағы байланысты орнату және т.б.

Бірақ, берілген сұрыптаулар мұғалім мен әдіскерді қанағаттандыра алмайды. Себебі, оқушылардың оқу әрекетінің мінез-құлқы ескерілмейді және тақырыптан тақырыпқа көшу жолы көрсетілмейді.

Нәтижесінде сұрыпталудың тағы бір түрі пайда болады. Мұнда сұрыпталу оқушылардың оқудағы әрекетінің мінез-құлқы бойынша құрастырылған.

Ал ғалымдардың көпшілігі өзіндік жұмыстардың негізі үш түрін белгілейді – репродуктивтік, таңдамалы-қайта өндіргіш, шығармашылық.

Репродуктивтік өзіндік жұмыстар ертеде алған білімдерін қайта өндіруді және қолдана алуды ұсынады.

Таңдамалы-қайта өндіру өзіндік жұмыстары алған білімдердің көкейтестігімен және оларды жартылай шығармашылық тұрпатта қайта қараумен байланысты ( оқу-танымдық міндеттерді шешудің жаңа жолындағы ізденістері және т.б.)

П.И.Пидкасистыйдың ойынша қайта өндіру мен шығармашылық әрекеттер бірлікте болса, субъект объектіні танудағы құбылыс ретінде көрінеді,оқылып жатқан материалдың құрылымын ұғынуда, қасиеттердің жүйесін түрлендіруде өзгерген жағдайда объектінің белгілерінде, жаңа міндеттерді шешуде білімдердің тасымалдануы және көкейтестігінде. Мұғалімнің тапсырмалары оқушылардың танымдық әрекетінің динамикасын ескеру керек. Нәтижесінде мынадай өзіндік жұмыстар белгіленеді:

1. үлгі бойынша орындалатын;

2. реконструктивтік – вариативтік;

3. жаңалық ашатын;

4. шығармашылық.

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі формулалар, теоремалар арқылы орындайды.

Реконструктивті – вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді.

Мысалы: анықтаманы оқу, сұрақтарға жауап, текст бойынша жоспар құру, материалдарды негіздей отыра таблица, схема, графиктер жасау.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары: жеке оқушы, топпен жұмыс, барлық оқушылармен.

Әр топтың бір басшысы болады – үлгерімі жақсы оқушы. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектесіп отырады. Топ бойынша өздік жұмыс істегенде, әр топ келесі топқа өз сұрақтарын кезекпен қояды. Мұнда оқушылар үйде өз беттерімен сұрақтар, сызбалар, плакатттар, суреттер, сөзжұмбақтар дайындап әкеледі. Сұрақтың жауабын өздері біліп, дәптерге не бір параққа жазып қояды.

Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет. Өз іс тәжірибемдегі бірнеше жұмыстарға тоқталып өтсем: диктант жұмысын жүргізгеннен кейін, алдарына «Өзіңді тексер» жадынамасын беріп сол бойынша жұмыс істейміз. Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғаннан кейін, жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз. Қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ереже іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін, оқушы өз қатесін тауып алады.

«ң» дыбысына байланысты жұмыстар.

  1. Сөздік диктант: «ң» әріпінің астын сыз.

  2. Көру диктанты: «ң» әріпі бар сөзді есте сақтап жазу.

  3. Шығармашылық диктант: көп нүктенің орнына «ң» немесе «н» әріпін қойып жаз.

  4. Терме диктант:

    • журнал, кітаптардан «ң» әріпі бар сөздерді жинақтау;

    • аталған сөздердің ішінен «ң» әріпі бар сөздерді ғана теріп жазу.

Сөздік қорларын молайту

  1. Әңгіме бойынша жұмыс:

  • Не ұнайды?

Неге ұнайды? Қандай жауап таптың?

  • Менің суретімнің тақырыбы не?

Мен ол туралы не білемін? Мен нені айтуым керек? Мен оны мақтаныш ете аламын ба?

  1. Сұрақ - жауапқа құралған хат:

Кім? Не?

Қай жерде?

Не істеді?

Ол не айтты?

Адамдар не деді?

Оқиға немен тыңды? («Компас», «Ағаштар неге ашуланады»).

  1. Сурет бойынша әңіме құрастыру.

  2. Шығарма жазу.

  • жоспар бойынша;

  • тірек сөздер арқылы;

  • дайын мәтінді аяқтау;

  • еркін тақырыпта.



V. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімі, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен берік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты, шеберлікті; жоғары методикалық дайындықты талап етеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы- олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеу, оған әсер ететін мотивтер;

  • өзіндік жұмыс барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы түсінуі керек;

  • оның орындалуы жайлы оқушыларға нұсқау беру керек;

  • жұмыстың орындалуын қадағалау керек;

  • өзіне-өзі талдау жасау, байқау;

  • оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тиәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды. Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер етеді.

Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттауға, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бірдей. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың, шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы; жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек.

Оқушылардың оқудағы танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:

  • танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;

  • танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;

  • іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер еңгізу;

  • оқытуға әдістемелік білімдер еңгізу;

  • оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту.

Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса, онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ендеше, бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру- оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.



VІ. Қорытынды

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады.

Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

  1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.

  2. Оқуға деген қабілетінің артуы.

  3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.

  4. Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді.

  5. Рухани байлығы молаяды.

  6. Басқа оқушының түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.

  7. Өз ойының дербестігі.

Қорыта келгенде, оқушыны өздік жұмысын жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімділік деңгейін көтеру болып табылады.

Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парсатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасмөспірімдер үшін рухани өмірдің тілегін ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен. Олай болса, қызықты сабақтар-мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты.

Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін «Не істей аламын», «Не істеу керек»-деген сұрақ – сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы- практикаға еңгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі-білім сапасы болмақ.

VІІ. Қосымша. Дидактикалық материал үлгілері.

7 сынып (тест).

1. Фонетика дегеніміз не?

а. сөйлем мүшелері

ә. дыбыс, әріп, буын.

б.жалғау.

2. -ның, -нің, -дың, -дің, -тың ,-тің қандай септіктің сұрақтары?

а. барыс септік

ә. жатыс септік.

б. ілік септік.

3.«Үнемі» деген сөздің аудармасын тап.

а. сутки

ә. постоянно.

б. удочка.

4. Антонимді тап.

а. сұлу, әдемі

ә. көркем, тамаша

б. ұзын – қысқа.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл қай тілі?

а. қазақ тілі

ә. ағылшын тілі

б. орыс тілі.

6.Етістік құрамына қарай қандай болады?

а. негізгі, туынды

ә. дара , күрделі

7. «Өзіндікі – Елің де, Өзіндікі – жерін де

Өзіндікі өзің еккен Бақ , тәуелсіздік ........» өлеңді аяқта

а.төрінде

ә.жеңіске

б.жұмысқа.

8. Қазақстан Республикасының Елбасы қай жылы сайланды?

а. 1990

ә. 1991

б. 1995

9. Қ. Р. Ата заңы неше бөлімнен тұрады?

а. 8 бөлім

ә. 9 бөлім

б. 12 бөлім

10. Қ. Р. жалпы жер көлемі қанша шаршы шақырым?

а. 2700 мың шаршы шақырым

ә. 2800 мың шаршы шақырым

б. 1700 мың шаршы шақырым



8сынып (тест).

1. «Қорқақ» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.

A) ит өлген жерде

B) аузы ашық

C) қоян жүрек

D) қас пен көздің арасында

E) ай десе аузы, күн десе көзі

2. Білім сөзімен қай сөз тіркеспейді?

A) сапалы

B) терең

C) жоғары

D) лас

E) орта

3. Жаңа сөзді табыңыз.

A) мұрап

B) ақша

C) саябақ

D) құл

E) нән

4. Тура мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

A) терең су

B) терең адам

C) терең ой

D) алтын адам

E) таяз түсінік

5. «Қолы ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) ашық

B) анық

C) жылдам

D) жомарт

E) белгілі

6. Баяндауышы үстеуден жасалған сөйлемді табыңыз.

A) Орманда аң көп.

B) Орыс досым қазақ тілін біледі.

C) Менің досым жақсы оқиды.

D) Анамның жасы қырықта.

E) Бүгін күн жылы болады.

7. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.

A) Бөлтірік шешен былай деген екен «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл».

B) Бөлтірік шешен былай деген екен: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол - ақыл».

C) Бөлтірік шешен былай деген: екен «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол ақыл».

D) Бөлтірік шешен былай деген екен: Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл.

E) Бөлтірік шешен былай деген екен: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, - ол ақыл».

8. Туынды сөзді табыңыз.

A) шекара

B) оқулық

C) қара көк

D) қос құдық

E) әдемі

9. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Жаңбыр жауса, біз киноға барамыз.

B) Көктем келді, шөп көгерді.

C) Күзге қарай қалаға келді.

D) Күн ашық болды да, орталық алаңға жиналдық.

E) Қар жауды, бірақ күн суытпады.

10. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

A) – ыс, - іс

B)- ын, - ін

C) – ыл, - іл

D) – ғыз, - гіз

E) – ыр, - ір



9 сынып (тест). 1. Фразеологизмді көрсетіңіз.

A) тіс тазалау

B) тісті көрсету

C) тіс салу

D) тіс жармау

E) тіс жұлдыру

2. ...... еңбекте сыналады.

A) бала

B) ақша

C) қыз

D) ер

E) бай

3. «Аты ел аузында» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

A) ашық

B) анық

C) жылдам

D) уақытында

E) белгілі

4. Жаңа сөзді табыңыз.

A) жаңбыр

B) әнұран

C) өнеркәсіп

D) алтын

E) хан

5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) жүр

B) жан

C) алақай

D) жоқ

E) күз

6. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) басшы

B) добы

C) шекара

D) көзқарас

E) жаңбыр

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Менің киноға барғым келеді.

B) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

C) Ауылдың шетінде құс фермасы бар.

D) Денсаулықты жас кезіңнен сақтауың керек.

E) Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

A) Оспан ешкімнен қорықпайды.

B) Сен кітап оқыдың.

C) сабақ оқыдық.

D) Даланы суреттеп отыр.

E) Мен досымды шақырдым.

9. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Еһе, бұл қиын жұмыс қой.

B) Үйде адам бар ма?

C) Әрине, талабың күшті болса, жаңасың.

D) Баяғы заманда бір шал болыпты.

E) Қоңырау шылдыр етті.

10.Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

A) Отрядка жаңа адам қабылданды.

B) Сәнқойлық - талғампаздықтың бір түрі.

C) Сөзшең адамның бәрі шешен емес.

D) Түнгі самал егін басын тербейді.

E) Өзен жағасына бардық.

11 сынып (тест).

1.Бұйрық райдағы етістікті көрсетіңіз.

A) келдім

B) келейін

C) келмек

D) келсе

E) келер

2. .... не қылсаң, алдыңа сол келеді.

A) балаңа

B) досыңа

C) мұғалімге

D) ерге

E) атаңа

3. «Сауда... достық жүрмейді» дегенде қандай қосымша түсіп қалған?

A) - ға

B) - мен

C) - дан

D) - да

E) – ның

4. Жаңа сөзді табыңыз.

A) жаңбыр

B) қолшатыр

C) өнеркәсіп

D) алтын

E) хан

5. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) жүр

B) жақ

C) алақай

D) жоқ

E) күз

6.Демеулік шылауды көрсетіңіз.

A) және

B) сондықтан

C) ау

D) бірақ

E) туралы

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Менің киноға барғым келеді.

B) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

C) Анам жақында жұмысын ауыстырды.

D) Денсаулықты жас кезіңнен сақтауын керек.

E) Оның ештеңе істегісі келмейді.

8. Қай сөйлемде жанама толықтауыш бар?

A) Досым даланы суреттеп отыр.

B) Мен кітап оқыдым.

C) Кешке біз сабақ оқыдық.

D) Оспан сабаққа дайындалып отыр.

E) Мен досымды шақырдым.

9. Одағай бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Әрине, талабың күшті болса, жеңесің.

B) үйде адам бар ма?

C) Ойбой, бұл қиын жұмыс қой.

D) Баяғы заманда бір шал болыпты.

E) Қоңырау шылдыр етті.

10. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

A) 1986 ж.

B) 1989 ж.

C) 2001 ж.

D) 1990 ж.

E) 1987 ж





10 сынып (тест).

1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.
А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.
В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.
D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады.
E) Саяхатшылар көп келді.

2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды.
E) Жалғасы қызық болды.

3. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.,
А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
E) Еңбек баланы мықты етеді.

4.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді.
С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды.
D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті.
E) Баласы әдемі болып өсті.

5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын.
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.
С) Ексең егін, ішерсің тегін.
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.

6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.
В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.
С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.
D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.
E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

7.Біріңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды.
С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды.
D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.
Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.

8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді.
В) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
С) Ол: «Батыр, хал қалай?» - деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» - деді.

9.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
А) «Көлтауысар, көлдің суын құрт!» - деді Төстік.
В) «Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
С) «Көлтауысар, көлдің суын құрт деді Төстік.
D) Көлтауысар, көлдің суын құрт - деді Төстік.
Е) «Көлтауысар, көлдің, суын құрт – деді, Төстік.

10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
А) Отыршы жарығым, жөніңді айтшы.
В) -Отыршы, жарығым, жөніңді айтшы.
С) Отыршы, жарығым, жөніңді, айтшы.
D) Отыршы, жарығым жөніңді, айтшы.
Е) Отыршы жарығым жөніңді, айтшы.

Мәтінмен жұмыс түрінің үлгісі.

Ертеде бір қадірлі, шешен қария дүниеден өтерінде қасына ұлын шақырып алып:

- Балам, мен ұзамай жарық дүниемен қош айтысамын. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, - депті.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп ел кезеді, бірақ таба алмайды. Бір күні бала ел ішіндегі дана қарияға келіп, әкесінің айтқанын айтады. Сонда қария: «Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Адамға тілден артық қазына жоқ», - деп аталы сөздің шешуін айтыпты.

Міне, осындай қазынаны әлемдегі жүздеген ұлттардың арасында қазақ елінің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болсын десек, алдымен қазақ тілін қастерлеп, өркендете білуіміз керек.

Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінген. Олар – бір киер киім, күнделікті киімдер, жұмыс киімдері. Бір киер деп жиындарға, той – думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған. Мұндай киімдер сәнді тігіліп, жаға, жеңдерін әшекейлеп кестелеген. Олар – ашық түсті көйлек, қамзол, шапан, аң терісінен тігілген ішіктер мен үкілі тақия, сәукеле, бөрік сияқты көрнекті киімдер. Бұл киімдер тойдан кейін көп киілмей таза күйінде сақталады. Бір киер киімді күнделікті тұрмыста киіп, өте жарқырап жүру – ұқыпсыздық, әрі ол сыпайгершілікке жатпайды. Бұл артық сәнқойлық деп есептеледі. Бірақ бойжеткен қыз бен жас келіншектер әрқашан сәнді киінуге, білезік, сырға, алқа салып, шолпы тағуға ерікті еді.

1. Мәтін мазмұнына үш сұрақ қойып, жауап бер.

2. Асты бір сызықпен сызылған сөзді септе.

3. Асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

4. Асты екі сызықпен сызылған сөздерді құрамына қарай талда.


Үлестірмелі тапсырмалар үлгісі.

  • Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар: Қыс мезгілі келді. Қыста табиғатта көптеген өзгерістер болады. Қар жауады. Күн суытады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Табиғат бір сиқырдың әсерімен қатты ұйқыға батып кеткендей болады.

  • Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңдар: прохладный, завтра будет тепло, подниматься в горы, здоровье, активно участвует, постоянно, советоваться, добрый, милый, хорошо.

  • «Менің Отаным» тақырыбына шағын әңгіме жазыңдар.

  • 1 карточка

  1. Септе: мамандық, ана;

  2. Жікте: ұста, ардагер;

  3. Тәуелде: тәрбие, отбасы;

  4. Синтаксистік талдау жаса: Өскен жерім, сені қатты сағындым!

  5. Морфемдік талдау жаса: туған жеріме, сұрамақпын, өлеңші, басыңнан;



  • 2 карточка

  1. Септе: білім, сағат,

  2. Жікте: жаз, демалыс

  3. Тәуелде: құрал, телефон

  4. Синтаксистік талдау жаса: Біз сабақта көп білім аламыз;

  5. Морфемдік талдау жаса: сөздіктер, жетістіктері, жұрнақтары



  • 3 карточка

  1. Септе: мата, кесе;

  2. Жікте: заң, уақыт;

  3. Тәуелде: талап, естелік;

  4. Синтаксистік талдау жаса: Сен маған естелікке сурет бердің.

  5. Морфемдік талдау жаса: кездесу, бақыттымыз, өткіземін;



  • 4 карточка

  1. Септе: мезгіл, бауыр

  2. Жікте: нағашы, жиен

  3. Тәуелде: жезде, жеңге

  4. Синтаксистік талдау жаса: Біздің үйге кешке қонақ келеді.

  5. Морфемдік талдау жаса: аңдар, орманды жер, білікті маман;





  • 5 карточка

  1. Септе: қайың, емен

  2. Жікте: ақын, ойыншы

  3. Тіуелде: шырша, шалғын

  4. Синтаксистік талдау жаса: Аспанда бұлттар көшіп жүр;

  5. Морфемдік талдау жаса: күзгі жаңбыр, ауа – райының тамашасын – ай!



Пайдаланған әдебиеттер:


1.Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

2.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.

3.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

5.Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.





45


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қазақ тілі сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр. Білім беру мазмұны өзгерістерге ұшырады. Жаңа талпыныс, жаңа жол ашылды. Ол өз әсерін оқушыларға да жаңа талаптар мен міндеттерді қойды. Назарларыңызға ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары, өзіндік жұмыстардың түрлері, оларға қойылатын талаптар, өзіндік жұмысты бағалау критерийлері және осы үрдістегі мұғалімнің шеберлігі мен рөлі туралы жазылған. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 299 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2014 12090
    • DOCX 131.7 кбайт
    • 83 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раймбекова Гульжахан Боранбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72392
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе