Құстар — біздің досымыз.

Найден 51 материал по теме

Құстар - біздің досымыз. Сыныптан тыс жұмыс

    DOCX

Предпросмотр материала:

Тәрбие сағаты: "Құстар біздің досымыз"

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты:

1.  Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы  құстардың мағынасы жайлы мағлұмат беру, құстарды қорғау. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

2.  Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

3.  Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатын бастаймыз. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

 II.Сұрақтар.

 Бейбітшілік құсы қай құс?

 Көгершін.

А) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

Б) Киелі құс?

В) Қандай құстың құйрығы айыр?

Г) Түнде ұшатын құсты ата!

Д) Орман дәрігері?

Е) Өз атын өзі шақыратын құс?

III. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

IY. Жұмбақтар:

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы.     (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады.                           (қарлығаш)

 

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай.                   (қарлығаш)

 

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен.                             (тоқылдақ)

Y.Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады

YI. Қорытынды.

Қымбатты құстарға қамқор болайық.

Краткое описание материала

сыныптан тыс жұмыс 5-сынып оқушыларының табиғатты сүю, қорғау туралы түсініктерін кеңейту мақсатында беріліп отыр. халқымыз сөзге бай халық, мақал-мәтелдерді оқушылардың ойын айта білу, сөз қорларын кеңейту мақсатында және логикалық қабілеттерін арттыру үшін енгізіп отырмын. балаларды туған жерінің табиғатын қорғауға, құстарға қамқор болуға шақырады. жергілікті жерімізде құстардың қандай түрлері болатынын білу оқушыға туған мекенін жақсы көретінін көрсетеді. әр бала құстарға қалай қамқр болатынын айтады,

Құстар - біздің досымыз. Сыныптан тыс жұмыс

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Баешова Айгуль Кабденовна

бастауыш сынып мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 141337
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 28
  • 141337
    просмотров
  • 28
    материалов
  • 1
    подписчиков

Об авторе

Категория/учёная степень: Высшая категория

Замужем. Стаж работы 23года. Высшее образование. Две специальности. Учитель начальных классов и педагог-психолог. Имею свои наработки, делюсь ими со своими коллегами. Люблю работать с детьми, рисовать, конструировать. Постоянно в поиске новых идей. Охотно использую все в практике. В основном работаю над групповыми методами обучения. Ведь именно группа помогает ребенку выразить свое мнение, поддержать его и помочь в любой ситуации. Дети которых я учу , любят групповую работу, работу в паре. Они помогают друг-другу.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Баешова Айгуль Кабденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: