Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок «Әріпті өрнектің мәнін табу» Білімді тиянақтау, 1сынып

Урок «Әріпті өрнектің мәнін табу» Білімді тиянақтау, 1сынып

Скачать материал

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Бекітемін»

әдіскер

Ғ. Ш. Әлбекова             

                                                                                                                         _____________

«_____»_______________ж.

 

                                                                                                                   

Математика

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Әріпті өрнектердің мәнін табу.

Білімді тиянақтау

 

Өткізген 1 «А» сынып жетекшісі:

Нұрғаламова Г.А.

 

 

 

Астана -2014

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Әріпті өрнектердің мәнін табу. Білімді тиянақтау

Білімділік мақсаты:

Әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің мәнін табу,  әріпті өрнектер туралы білімдерін бекіту,есеп шығару, оған кері есеп құрастыру, сандардың қасиеттері туралы алған білімдерін еске түсіру, сатылап кешенді талдау технологиясы бойынша 6 санын талдау, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін деңгейлік тапсырма арқылы тексеру.

Дамытушылық мақсаты:

 Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;  шапшаң есептеуге, тез ойлануға, ойын толық жеткізуге дамыту, математикалық тілмен сөйлеуге дағдыландыру

Тәрбиелік мақсаты:

 Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі:білімді тиянақтау

Көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырма, сандар, өрнектер.

Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс:  ана тілі

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Сабақтың ұраны айтылады.

«Математика – үлкен патшалық,

  Сандықты ашып, сырын ұқ!»

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.

Бүгін біз сабақта өткен тақырыптар бойынша білімдерімізді тиянақтаймыз, ертегілер кейіпкерлерімізге көмек көрсетеміз,деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, қаншалықты меңгергенімізді тексереміз.

 ІІ. Психологиялық дайындық.

 - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!

ІІІ. Өткенді қайталау.

 - Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін

Ітоп 1ден 10 дейін санау

ІІ топ 1сан аттап санау

ІІІ топ 2 сан аттап санау

ІV топ дөңгелек сандармен санап шығу керек

Бұлар қандай сандардың қатарына жатады?

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

10, 20,30,40,50, 60, 70,80,90,100.

Балалар, қалай санасаңдар да ашылмай тұр.

- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар.

Сендер қалай ойлайсыңдар?

Тауып көреміз бе?

Не байқап тұрсыңдар?  Әріпті өрнектер. Не істеуіміз керек?

а+1                     а+1+1              а- 1       8-а

а= 5

Құпия сандар шықты: 6,7,4,3

Әр санға түсінік беру:

- Осы сандар туралы не айталамыз?

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. 
Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар. Осы сандардың ішінен

http://balalar.ucoz.com/images/tsifra-3.jpg                           http://balalar.ucoz.com/images/444_matem1kll.jpg                       http://balalar.ucoz.com/images/78096623_4030949_number7.jpg       

Ітоп

3 саны туралы не білеміз?

Үш көз

1.    Су анасы – бұлақ.

2.    Жол анасы – тұяқ.

3.    Дау анасы – құлақ.

 

Үш би

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

 

Үш арсыз

 

1. Ұйқы арсыз.

2. Күлкі арсыз.

3. Тамақ арсыз.        

            Үш байланыс

1.    Әке – асқар тау.

2.    Шеше – мөлдір бұлақ.

3.    Бала – жағасындағы құрақ.                           

 

ІІ топ

4 саны туралы не білеміз?

Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

Төрт асыл:
1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат. 

Төрт түлік:

Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

ІІІ топ

Ал 7 саны өте киелі,ол туралы не білеміз?

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.

Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

 

І Vтоп - 6 санына сатылай кешенді талдау жасайды:

1.     Натурал сандар анықтамасы

2.     Тану

3.     Оқылуы

4.     Мағынасы

5.     Қасиеті

6.     Сан сәулесі

7.     Салыстыру

Міне көрдіңдер ме, сандарда қанша құпия сыр жатыр.

- Енді барлығын тыныш отырыңдар! Қақпаға кілтті салып, ашып көрейік.

«Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.

«Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады.

Балалар, не байқап тұрсыңдар?

Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма?

 Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық. Мына кестеге назар аударыңдар, әр түрлі тәсілмен оқи отырып, мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз.

 

С

7

5

4

6

а

7

3

2

8

С+3

 

 

 

 

10-а

 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырманың І деңгейін орындаймыз

Жаубын жазамын, өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс орындаған 5ұпай қояды.

- Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық. Біз де қошақанмен бірге қуанайық.

V. Сергіту сәті.

VІ. «Түлкіге көмектесу».

- Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар?

- Арыстан – қандай аң?

 - Түлкі қандай?

- Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық.

Кітаптың 143бетін ашып 3 есепті оқимыз

Талдау:

Бұл не?

Есептің құрылымын атап шығындар, ол неден тұрады?

Шарты

Сұрағы

Шешуі

Жауабы

Есепте кім туралы, не туралы айтылған?

7 саны нені білдіреді? Ол кімнің балығы?

Ал Бақытжан туралы не айтылып тұр?

Есептің негізгі сұрағы қандай?

Есептің қысқа шартын жазып, деңгейлік тапсырманың ІІ кезеңін орындаймыз.

Жауабын тексереміз, дұрыс шығарған оқушы 10 ұпайды қояды.

 - Рахмет балалар, сіздерге түлкі риза болып, құйрығын бұлғаңдатып кетіп барады.

«Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.

- Балалар, өздерің байқап отырғандай ертегілерде аңдар, жануарлар ғана емес, Тазша бала да кездеседі.

Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді Тазша бала естіп қалыпты. Бұлар менен де тапқыр қандай балалар, тексеріп көрейінші деп, тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба, тапсырмаларды?

Белгісіз санды табу:

5+        =10                        8-       =5                             -4= 3

Қандай амалдар берілген?

Қосу амалының компоненттерін атап шығындар

Алу амалының  компоненттерін атап шығындар

Ендеше есемізге түсірейік:

Белгісіз қосылғышты  табу үшін не істейміз?

Азайғышты табу үшін не істейміз?

Азайтқышты табу үшін не істейміз?

Деңгейлік тапсырманың ІІІ кезеңін орындаймыз, мұндағы бос клетканын орнына мен әріп қоятын болсам не шығады? Теңдеу

Ендеше үшінші тапсырма, ол теңдеу 

5+   х =10                        8-  х  =5                          х -4= 3

Тексереміз, дұрыс тапқан оқушы өзіне тағы 15ұпайды жазады.

 Тапсырмаларды орындап Тазша баланы да риза қылдық

Әр топтың басшысы балалардың ұпай сандарын санап шыққанша мынандай ойын ойнап жіберейік:

 «Ойымды жалғастыр» ойыны. ( шапшаң жауап беру керек)

1.     Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2.     Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

 

Рефлексия

Балалар біз бүгін ертегілер кеійпкерлеріне көмектесіп, білімдерімізді көрсеттік.

 Не үйреніп, не білдіңдер?

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Сендерге ұнады ма сабақ?

Бағалау .

Үйге тапсырма:№3 дәптер-88 сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок «Әріпті өрнектің мәнін табу» Білімді тиянақтау, 1сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектердің мәнін табу. Білімді тиянақтауБілімділік мақсаты: Әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің мәнін табу, әріпті өрнектер туралы білімдерін бекіту,есеп шығару, оған кері есеп құрастыру, сандардың қасиеттері туралы алған білімдерін еске түсіру, сатылап кешенді талдау технологиясы бойынша 6 санын талдау, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін деңгейлік тапсырма арқылы тексеру. Дамытушылық мақсаты: Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту; шапшаң есептеуге, тез ойлануға, ойын толық жеткізуге дамыту, математикалық тілмен сөйлеуге дағдыландыру Тәрбиелік мақсаты: Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақСабақтың типі:білімді тиянақтауКөрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырма, сандар, өрнектер.Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақжауап, ойын, көрнекілік. Пәнаралық байланыс: ана тіліСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың ұраны айтылады. «Математика – үлкен патшалық, Сандықты ашып, сырын ұқ!»Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.Бүгін біз сабақта өткен тақырыптар бойынша білімдерімізді тиянақтаймыз, ертегілер кейіпкерлерімізге көмек көрсетеміз,деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, қаншалықты меңгергенімізді тексереміз. ІІ. Психологиялық дайындық. - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық! ІІІ. Өткенді қайталау. - Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін Ітоп 1ден 10 дейін санау ІІ топ 1сан аттап санау ІІІ топ 2 сан аттап санау ІV топ дөңгелек сандармен санап шығу керекБұлар қандай сандардың қатарына жатады?"1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9"."10, 20,30,40,50, 60, 70,80,90,100.Балалар, қалай санасаңдар да ашылмай тұр.- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар.Сендер қалай ойлайсыңдар?Тауып көреміз бе,Не байқап тұрсыңдар? Әріпті өрнектер. Не істеуіміз керек?а+1 а+1+1 а- 1 8-а а= 5Құпия сандар шықты: 6,7,"4",3Әр санға түсінік беру:- Осы сандар туралы не айталамыз?
"
Ітоп 3 саны туралы не білеміз? Үш көз Үш арсыз Ү"ш байланыс ІІ топ 4 саны туралы не білеміз? Төрт тұлға: Төрт асыл:Төрт түлік: ІІІ топ Ал 7 саны өте киелі,ол туралы не білеміз? Жеті қазына: Жеті жоқ: "І Vтоп - 6 санына сатылай кешенді талдау жасайды:1. Натурал сандар анықтамасы2. Тану 3. Оқылуы 4. Мағынасы 5. Қасиеті6. Сан сәулесі7. Салыстыру"«Ертегілер ә"ні орындалып, слайд көрсетіледі.«Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады. Балалар, не байқап тұрсыңдар?Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма? Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық. Мына кестеге назар аударыңдар, әр түрлі тәсілмен оқи отырып, мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз. С 7 5 4 6 а 7 3 2 8 С+3 10-а Деңгейлік тапсырманың І деңгейін орындаймызЖаубын жазамын, өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс орындаған 5ұпай қояды.- Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық. Біз де қошақанмен бірге қуанайық. V. Сергіту сәті. VІ. «Түлкіге көмектесу». - Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар? - Арыстан – қандай аң? - Түлкі қандай? - Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық. 143бет-3 есепті оқимызТалдау:Бұл не?Есептің құрылымын атап шығындар, ол неден тұрады?"Есептің қысқа шартын жазып, деңгейлік тапсырманың ІІ кезеңін орындаймыз.Жауабын тексереміз, дұрыс шығарған оқушы 10 ұпайды қояды. - Балалар, өздерің байқап отырғандай ертегілерде аңдар, жануарлар ғана емес, Тазша бала да кездеседі.Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді Тазша бала естіп қалыпты. Бұлар менен де тапқыр қандай балалар, тексеріп көрейінші деп, тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба, тапсырмаларды?Белгісіз қосылғышты табу үшін не істейміз?Азайғышты, азайтқышты табу үшін не істейміз?Деңгейлік тапсырманың ІІІ кезеңін орындаймыз, Ендеше үшінші тапсырма, ол теңдеу 5+ х =7 8- х =5 х -4= 3 Тексереміз, жауап дұрыс болса 15ұпайды жазады. Ұпай сандарын санап шығамыз. «Ойымды жалғастыр» ойыны. ( шапшаң жауап беру керек) .Мысалы: Жеті жұрттың тілін біл, _____)
"
Рефлексия "Не үйреніп, не білдіңдер?Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?Ү/жұмысы:№3 дәптер-88 сабақ .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 283 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2014 3769
    • DOCX 97 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургаламова Гульнар Абдахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7999
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек