Инфоурок Иностранные языки КонспектыШетел тілін жас кезінен оқытудың мақсаты мен қағидалары

Шетел тілін жас кезінен оқытудың мақсаты мен қағидалары

Скачать материал

Шетел тілін жас кезінен оқытудың мақсаты мен қағидалары

Шетел тілін ерте жастан оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму үстінде. ХХІ ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы әлемдегі болып жатқан өзгерістерге тез бейімделіп, өзін терең білімді, жан-жақты дамыған, шығармашылықпен, өз бетінше оқи алатын тұлға ретінде көрсете алуы тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы оқушы тек бір ғана тілді емес, бірнеше тілдерді меңгеруі тиіс, оның ішінде әрине шетел тілдерін де. Шетел тілі пәні оқушылар үшін өте қажетті пән ретінде саналып отырғаны бәрімізге айғақ. Оқушы шетел тілдерін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихымен, мәдениетімен таныса отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең түсінетін болады. Шетел тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім. Жас өспірімдердің:

v  тез қабылдауы;

v  еліктеуге бейімділігі;

v  қиялының әр түрлілігі;

v  ойлау, ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;

v  танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы;

v  есте сақтауы;

v  қызығушылық қасиетінің молдығы мен әр түрлілігі;

v  жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;

v  еліктеуіш қасиетінің басым болуы;

v  іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы басым болады.

Шетел тілін ерте жастан оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында:

 

Ø  қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру

 

Ø  қарым-қатынасты дамыту.

 

Осы басты мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз керек:

Ø  тыңдап түсінуді;

Ø  сөйлеуді (монолог және диалог түрінде);

Ø  оқуды;

Ø  жазу, хат жаза алуды.

 

Шетел тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жас өспірімнің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетке, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ сақталады.Оқу процесінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды реакциялардың көп болуы, шетел тіліне деген қызығушылықты арттырады. Сабақты қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегідей факторлар әсер етеді:

       мазмұндық, машықтану формаларының әр түрлілігі;

       оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі;

       оқытушы тұлғасы.

 

Шетел тілін оқытуды ерте бастаудың шетел тілін жалпы орта білім беретін мектептерде бесінші сыныптан бастап жай оқытудың айырмашылығы көп дерлік. Оларға мына жайттарды жатқызуға болады:

 

Ø  оқыту шәкірттердің тілге деген қызығушылықтары мен оқудан, тіл үйренуден алатын қуанышын оятуы тиіс;

Ø  тіл үйрету барысында ерте бастан-ақ балаларға өзге ел тіліндегі ерекшеліктерге қоса ол  елдің мәдениетінің, өмір салтының, ойлауының басқаша екендігін түсіндіре, түйсіндіре алу;

Ø  оқыту тақырыптар мен жағдаяттарға, ситуацияларға негізделгенімен де түрлі мақсаттарды көзделуі мүмкін;

Ø  оқытудың жүйелі түрде прогрессивті болуы;

Ø  ерте оқыту әр елдің өз жағдайын, мүмкіндіктерін, мәдениетін, әдебиетін, оқыту дәстүрін т.б. ескеруі тиіс.

 

Шетел тіліне оқыту ең әуелі төмендегідей мақсаттарды көздейді:

 

v  тілдің қарым-қатынас коммуникация үшін қажеттігін балаларға түсіндіру;

v  басқа елдің мәдениетімен таныстырып, өзін қоршаған өмір мен әлемдегі ерекшеліктерді білуіне жол ашу;

v  балаға өз елі мен өзге елдің мәдениетін салыстырып, интермәдениеттен хабардар ету;

v  шетел тілінің баланың эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті және тілдік біліктіліктерін бірдей қатар дамытуына мүмкіндік беруі;

v  шетел тілін оқыту арқылы балаға өзінің ана тілінің де қыр-сырын тереңірек білдіру;

v  оқушыларды шетел тілінен білім алудың әдістерін, тәсілдерін, жолдарын тиімді қолдана отырып өз бетімен ізденуге, жұмыс істеуге дағдыландыру.

 

Шетел тілін  ерте оқытудың әдіс-тәсілдеріне келсек, оқыту әдісін таңдауда мынадай ұстанымдар (критерийлер) есте болуы шарт:

 

Ø  оқыту тәсілі оқушыларға сабақта жағымды атмосфера орнатып, балалар өздерін жақсы сезінуіне жағдай жасалуы тиіс;

Ø  оқыту әдісі баланың бар болмысына сай болып, оның бар ынтасын салып білім алуына жол сілтейтіндей болуы керек;

Ø  оқыту әдісі балаларды ойната отырып оқытып, олардың өздерін іс-әрекет етуге жетелейтіндей болғаны жөн;

Ø  оқыту тәсілдері оқушыларды коммуникацияға ұмтылтып, жұмылдырып, мұғалімдер байқаушы, бақылаушы, бірге ойнаушы, әрекет етуші, ақыл-кеңес беріп, жетелеуші болуын көздейді;

Ø  әдістер шәкірттерді өз бетімен оқып, білім алуға икемді етіп, ізденімпаз болуға бейімдейді;

Ø  әдіс-тәсілдер жиі өзгертіліп, түрлендіріліп отырылады.

 

Ғалым-әдіскер Н.Д.Гальскованың айтуынша шетел тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

 

v  оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетінде қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;

v  оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;

v  оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру;

v  оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;

v  сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;

v  сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар, сызбалар, кестелер, кроссвордтар) кең қолдану;

v  әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;

v  сабақта жаңа педагогикалық технологияларды (жоба әдісін және т.б.) пайдалану.

Қорыта келгенде, Республикамызда шетел тілдерін оқыту әдістемесінің соңғы жылдары ғылыми түрде зерттелуі, әрине, қуантарлықтай, дегенмен де шетел тілдерін ерте жастан оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңа жолдарын зерттеу, түпкі нәтиженің тиімді болуын қарастыру, ата-ана мен мектептің, білім беру мекемелерінің алар орындары әлемдегі ғылыми жаңалықтар тұрғысынан зеттеліп, зерттеу нәтижелері мектептерге енгізілуі керек. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шетел тілін жас кезінен оқытудың мақсаты мен қағидалары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шетел тілін жас кезінен оқытудың мақсаты мен қағидалары қажеттігін балаларға түсіндіру; v басқа елдің мәдениетімен таныстырып, өзін қоршаған өмір мен әлемдегі ерекшеліктерді білуіне жол ашу; v балаға өз елі мен өзге елдің мәдениетін салыстырып, интермәдениеттен хабардар ету; v шетел тілінің баланың эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті және тілдік біліктіліктерін бірдей қатар дамытуына мүмкіндік беруі; v шетел тілін оқыту арқылы балаға өзінің ана тілінің де қыр-сырын тереңірек білдіру; v оқушыларды шетел тілінен білім алудың әдістерін, тәсілдерін, жолдарын тиімді қолдана отырып өз бетімен ізденуге, жұмыс істеуге дағдыландыру. Шетел тілін ерте оқытудың әдіс-тәсілдеріне келсек, оқыту әдісін таңдауда мынадай ұстанымдар (критерийлер) есте болуы шарт: Ø оқыту тәсілі оқушыларға сабақта жағымды атмосфера орнатып, балалар өздерін жақсы сезінуіне жағдай жасалуы тиіс; Ø оқыту әдісі баланың бар болмысына сай болып, оның бар ынтасын салып білім алуына жол сілтейтіндей болуы керек; Ø оқыту әдісі балаларды ойната отырып оқытып, олардың өздерін іс-әрекет етуге жетелейтіндей болғаны жөн; Ø оқыту тәсілдері оқушыларды коммуникацияға ұмтылтып, жұмылдырып, мұғалімдер байқаушы, бақылаушы, бірге ойнаушы, әрекет етуші,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2014 3724
    • DOCX 44 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жарылкасын Назгул Айбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жарылкасын Назгул Айбулатовна
    Жарылкасын Назгул Айбулатовна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5908
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания английского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 347 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Английский язык" в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 44 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов