Предпросмотр материала:
ТАПҚЫР ДОСТАР
«Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару»
М.Жұмабаев
Пән аты: Информатика
Түрі: сайыс
Ойын мақсаты:
Білімділігі: Информатика пәнінен алған білімдерін нақтылау.
Тәрбиелігі: Информатика пәнін жақсы танып білуге, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерін шыңдауға баулу.
Дамытушылық: Информатика пәнінен алған білімдерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық, есте сақтау зеректік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың құрал - жабдықтары: компьютерлік слайдтар, интерактивті тақта
.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру:
2. Кіріспе:
а) Мұғалім сөзі
ә) Оқушыларды екі топқа бөлу:
б) Әділқазылар алқасын тағайындау.
3. Негізгі бөлім:
г) Сайыстын мақсаты мен мазмұнын таныстыру:
І. «Өзім туралы»
ІІ. «Меннен - сұрақ, сізден - жылдам жауап»
ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
IV. «Мені түсін»
V. «Кім жылдам?»
VI. «Ойлан тап»
4. Қорытынды, марапаттау:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі біздің информатика пәнінен интеллектуалды «Тапқыр достар» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Кешімізге арнайы дайындалып келген «информатика» жайында менің білетінім, айтатыным бар деп отырған мектебіміздің белсенді де, білгір 7-сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
/жарысқа 7а,б-сынып оқушылары қатысады І топ «Ақпарат», ІІ топ «Интернет», жарыс 6 бөлімнен тұрады, шарттарын өз кезегінде түсіндіремін/
Әділ халқым
берерсің, әділ баға
Білімі мен білігін салыстыра - деп, алдымен сіздерді осы ойында әділ бағасын
берер әділқазылар алқасын сайлап, таныстырып өтейін.
Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді - дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.
I. «Өзім туралы». Екі топ өздерін таныстырады. 5 ұпаймен есептелінеді.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
ІІ. «Меннен - сұрақ, сізден - жылдам жауап»
/информатика пәні бойынша сұрақтар қойылады/
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз
ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
(компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданатын нұсқаларын табу қажет)
IV. «Мені түсін»
/Қазір алдарыңызда сөз жасырылған, осы сөздер бойынша кейіпкерді немесе затты сомдап, өз топтарыңа ыммен түсіндіру/
V. «Кім жылдам?»
І топ Шарты: кестеде берілген “Информатика” сөзінің сәйкес кодтарын табамыз
ІІ топ Шарты: кестеде берілген “Компьютер” сөзінің сәйкес кодтарын табамыз
|
|
A |
B |
C |
D |
E |
F |
|
1 |
Й |
Е |
О |
В |
Т |
Ө |
|
2 |
Ә |
Н |
П |
А |
М |
С |
|
3 |
Ц |
Г |
Ф |
Р |
Ч |
И |
|
4 |
І |
Ш |
З |
Ұ |
Қ |
Ь |
|
5 |
У |
Х |
Ғ |
Э |
Ж |
Б |
|
6 |
Ң |
Ү |
Ы |
Ю |
Я |
Һ |
|
7 |
К |
Ъ |
Щ |
Л |
Д |
Ё |
VI. «Ойлан тап»
/әр оқушы жасырулы тұрған әріпті таңдап, берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді/
Копмьютер қандай?
Бүгін қандай күн?
Қандай информатиктерді білесің?
Флешкаға не жазасың?
Глобуста қандай ел бар?
Досың қандай?
Ең дәмді тамақ қандай?
Қандай операциялық жүйелерді білесің?
Машинаң қандай?
Қандай түсті ұнатасың?
Көрермендер қайда қарап отыр?
Есікті қалай ашасың?
Қараңғыда гүл терген кім?
Алма тәтті ма?
Үлкендердің айтқанын тыңдайсыңба?
Қандай ақындарды білесің?
Мектебің ұнайма?
Сен қандайсың?
Қандай пәнді ұнатасың?
Бос кезіңде не істейсің?
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға.
деген өлең шумақтарымен, топты бағалап «Білімді топ», «Өнерлі топ» беріп марапаттаймыз.
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең. - дей отырып бүгінгі сайысымызды
аяқтаймыз. Сайысымызға келіп, қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың - мың рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер:
Профессия: Системный аналитик
Профессия: Учитель математики и информатики
Профессия: Специалист по микрокопированию и оцифровке документов
В каталоге 7 478 курсов по разным направлениям