Предпросмотр материала:
Сабақтың тақырыбы «Асхана».
Мақсаты: 1.Берілген мәтінді логикалық байланыс бойынша қалыпқа келтіре білуге үйрету.
2.Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру.
3.Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Окушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Окушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
2.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.
3.Жаңа сабақ.
Окушылардың назарын 1-тапсырмадағы суретке аудара отырып,аудиотаспадан «Мынау-асхана»деген сөйлемді тындап, «Мынау-асхана»деп қайталап айтады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша окушылар диалогті аудиотаспадан тыңдап,балалардың қайда баратынын айтуы керек.
3-тапсырмадағы сурет бойынша окушылар іс-әрекет ретімен танысады : «асханаға бару- тамақ алу-тамақ ішу»-.
Осы сабақта «тамақ ішу» етістігінің қолданысы да түсіндірілуі қажет.Себебі окушы бұған дейін тек «жеу»сөзін ғана қолданып келді.
Сергіту сәті. «Күндей болып күлеміз,гүлдей болып өсеміз.
Құстар болып ушамыз,көбелектей қонамыз.»
4-тапсырмада сөйлемдерді әуелі аудиотаспадан тындап ,сосын окуға жаттығады.Берілген мәтін негізінде асхана туралы әңгімелей алуға жаттығады
. 5-тапсырмадағы сөзжұмбақты шеше отырып,осыған дейін өткен сөздерді де «азық-түлік,жемістер мен көкөністер атауы» қайталайды.
Жазу дәптердегі 1-тапсырмада окушылар көп нүктенің орнына «асхана» деген сөзді жазады.
2-тапсырмада берілген сөйлемдерді сурет ретімен жазуы керек.
3-тапсырмадағы сөзжұмбақпен жаңа сабақ бекітіледі.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Ойын «Кім коп біледі?». Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топтағы бала асхана туралы сөз айтады.
Мысалы:тамақ,су,шырын,палау,ботқа,көже,мәнті,бәліш,ет,бауырсақ,шай,айран,шұжық,май,
Қаймақ,ірімшік,нан.
Мұғалім осы жағымды психологиялық жағдайымен сабақты аяқтайды.
Асханада жұмыс істейді аспазші,сөған арналған өлен.
АСПАЗҒА.
Біздін аспаз апайға,бұл маңда аспаз жетпейді,
Жүреді берген асы ойда, дәмді ауыздан кетпейді.
Кездеспейді бұл маңда,қазақша ет пен сорпасы.
Әбден тойып тұрсаң да,дейсің тағы болсашы.
Шашыраған сары ала,өзбекше палауы.
Ұнайды әр балаға,тойса да бітпес қалауы.
Қамыры жұқа мантысы,үлбіреп піскен езілмей.
Орнына төрттің алтысы,желінер үштей сезілмей.
Татарша қаңдай тұшпара,бас тартпас одан еш бала.
Көңілділік те сыйлайды,арттырмай тек күш қана.
Ұйғырша созған ләңмәні,асханада жоқ бұл маңдағы.
Бәріміз де таусып қоямыз,ыдыста болмас қалғаны.
Қазақша дәмді қуырдақ,-тез бер,-дейміз шуылдап.
Жейміз қара бұрыш сап,ерніміз аздап дуылдап.
Қаймақтап сутпен ішетін,қазақша,шіркін,шай қандай.
Астар бұл еске түсетін,қойсаң да тіпті ойға алмай.
Іші күміс ,сырты алтын,айтсаңшы бауырсақтарын.
Өмірімде бұндай асты әркім,дер еш жерден татпадым.
Осынша тұз-дәміңіз,үшін сізге бәріміз.
Шексіз алғыс айтамыз,азсынбай қабыл аламыз.
Мақсаты :Берілген мәтінді логикалық байланыс бойынша қалыпқа келтіре білуге үйрету. Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру.Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білуге тәрбиелеу. Тағам атауларымен таныстыру, Жаңа сөздерді орынды қолдана білуге жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балаларды тағамдарды атай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, сөздік қорларын күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру, тіл байлығын арттыру.Берілген мәтінді логикалық байланыс бойынша қалыпқа келтіре білуге үйрету.
Мақсаты :Берілген мәтінді логикалық байланыс бойынша қалыпқа келтіре білуге үйрету. Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру.Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білуге тәрбиелеу. Тағам атауларымен таныстыру, Жаңа сөздерді орынды қолдана білуге жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Балаларды тағамдарды атай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, сөздік қорларын күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру, тіл байлығын арттыру.Берілген мәтінді логикалық байланыс бойынша қалыпқа келтіре білуге үйрету.
Профессия: Учитель истории и обществознания
Профессия: Учитель истории и обществознания
Профессия: Преподаватель истории и обществознания
В каталоге 7 451 курс по разным направлениям
Учебник: «История России. XVI–XVIII века», Данилов Д.Д., Лисейцев Д.В., Павлова Н.С., Рогожкин В.А.
Тема: Глава 4. Плоды западного Просвещения (Россия в 1725–1801 гг.)