Урок «Қазақ» атауының шығу тарихы

Предпросмотр материала:

Қазақстан тарихы

 

 

10 сынып

 

Сабақтың тақырыбы

 

 

«Қазақ» атауының шығу тарихы

 

 

 

 

 

 

Мақсаты

 

*Білімділік: «Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары мен деректері, халық болып қалыптасудың үдерісі, этносаяси тұтастық, «қазақ» атауы туралы мәлімет беру;

 

*Тәрбиелік: Отан тарихын, дәстүрін құрметтейтін білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу;

 

*Дамытушылық: Қазақ халқының этникалық құрамы туралы баяндай отырып, өз ата-бабалары туралы мәліметтерге деген қызығушылығын ояту.

 

 

Сабақ қадамдары

 

 

1.     Жаңа сабақты игеру;

2.     Тұжырымды ой айту.

 

 

Күтілетін нәтиже

 

 

 

*Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

*Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

*СТО әдістері арқылы пәнге белсенділігі артады.

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ

Сабақ әдісі

Блум таксономиясы, СТО стратегиялары, топпен жұмыс.

Ресурстар

Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, карта, кестелер, ватман, маркер.

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

*мақсат қою;

*топқа бөлу;

*ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

 

ІІ. Сабақ барысы. Блум таксономиясы бойынша.

 

ІІІ. Рефлексия

 

ІҮ. Үйге тапсырма беру

 

 

Блум

бойынша

жіктеу

 

Мақсат

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу

Қазақ халқының қалыптасуы

Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша ойтүрткі сұрақтар қою

1.                 Қазақ халқы қай кезде қалыптасты?

2.               Құрамына кімдер кірді?

Түсіну

Қазақ жүздерінің шығу тарихы

Интерактивті тақтамен жұмыс

1.               «Жүз» сөзінің мағынасы

2.               Жүздердің шығу себептері

Қолдану

«Қазақ» атауының шығу тарихы

Сергіту сәті

1.               «Қазақ» атауының шығу тарихы

2.               Қазақ тілінің қалыптасуы

Талдау

Қазақтың жүзге, руға бөлінуінің «оң» және «теріс» жақтары

Іс-тәжірибе жасауға тапсырма беру

1.     Жүзге, руға бөлінудің «оң» жақтары

2.               Жүзге, руға бөлінудің «теріс» жақтары

 

 

 

Жинақтау

 

 

 

Жаңа сабақтан алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту

Хронологиялық кесте

«Қазақ» атауының шығу тарихы жайлы кестені толтыру

Бағалау

Ойын жинақтауға дағдыландыру

Рефлексия жаздыру

 

*Бүгінгі сабақтан білдім, үйрендім.

 

*Қиын болды, жеңе білдім.

 

*Үйренбедім, түсінбедім.

 

 

Қазақтарда этностық үдерісі

 

Антрополог О.Исмағұлов

 

Қола дәуірі

 

Этнос-ел

 
Сабақ жоспарының  бірінші мәселесін мына тірек нүктелері арқылы ссссұраутүсіндіру.

 

 

 

 

 

 


 Оқушылардың  тақырыпты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қою:

-Этнос сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.

-Антрополог О.Исмағұловтың пікірі бойынша  қазақтарда этностық үдеріс қай кезеңде басталды?

     Қазіргі түркі тілдес халықтардың алып жатқан аумағы туралы мәселені оқушылардың өз бетімен оқып, төмендегі кестені толтыру ұсынылады. Төменде кестенің дұрыс толтырылған нұсқасы.

Аймақ

Түркі тілдес ұлттар

1

Еділ-Жайық өңірі

Татар, башқұрт, чуваш, қырым татарлары

2

Кавказ үстіртінде

Әзірбайжан, қарашай, балқар

3

Тұран ойпатында

Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ

4

Шығыс Түркістан

Ұйғыр

5

Сібір және Шығыс Азия

Саха(якут), шор, хақас, алтай қырғыздары

6

Кіші Азия

Түрік ұлты

Түркі тілдес этностардың қалыптасу кезеңдері деген төртінші мәселені мына кесте арқылы толтыруға болады.

 

Жоспардағы келесі мәселені қарастырғанда, «жүз» деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру . Жүз туралы біршама пікірлер бар.  Оларды кесте арқылы көрсету.

                         

«Жүз»

сөзі

Арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді.

Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.

Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады.

С.А.Аманжолов: «Жүздер Х-ХІІ ғасырарды пайда болды»,-дейді.

Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды»,-дейді.

Қазақ жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде сызба арқылы түсіндіруге болады.

    Аңыздағы үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының-жері екенін айту . Сабақты қорытындылай келе, XVғасырдың 50-жылдары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын, Қазақстанда халық болып қалыптасудың  өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғынын айту.

Қотанбайдың үш баласы:

·        Үлкені-Үйсін

·        Ортаншысы-Болат

·        Кішісі-Алшын

Бұл үшеуі Сырдарияның бойын үшке бөліседі. /хрестоматиядан./

      Жүздер жаз жайлауы, қыс қыстауы тарихи-географиялық жер жағдайына байланысты бөлінген.  Жүздердің Отан қорғау жолындағы  мемлекеттік функциялары туралы айтып, үшінші жоспарды қорытындылау.

      Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:

-Төрт мың жылға жуық уақытқа созылды;

-Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени-тарихи дамуды басынан кешті;

-Сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносының негізін құрады;

-Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар  XV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.

Жаңа сабақтың жоспары:

        «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы деректерді кесте арқылы түсіндіру. Өйткені «қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға  тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Сонымен қатар қосымша деректерден алдын ала шығармашылық тапсырма беруге болады.

Ғалымдар

Еңбектері мен пікірлері

Көптеген ғалымдар

«қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.

Академик Н.Я.мар мен чех ғалымы Б.Грозный. Бұл пікірді академик Ә.Х.Марғұлан, тарихшы Ш.Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б. қолдайды.

«қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді.

Академик Ә.Х.Марғұлан

Хазарлар арасында қазар-ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады.

А.Н.Бернштам

«қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды.

Зерттеуші А.Әбдірахманов

 «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің  қосылуынан жазылған: оғ-көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)-қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.

Б.з.д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы  Бань Гуд

 «Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған

Шығыстанушы ғалым В.В.Григорьев

Қытай транскрипциясы бойынша  «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген

Қытай деректерінде

Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария  бойында өмір сүргенін көрсетеді.

Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде

Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған

 А.А.Семенов

Арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.

XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан

«Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің  шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес

Академик В.В.Радлов

«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.

А.А.Самойлович, Ш.Құдайбердиев

«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.

Ш.Ш.Уалиханов

«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.

Т.Жанұзақогв

«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.

Н.Мыңжанұлы

Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.

М.Х.Дулати

Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.

ІІІ. Рефлексия жаздыру

 

Білдім, үйрендім

 

Қиын болды, жеңдім

Үйренбедім, түсінбедім

 

 

 

 

 ІҮ. Бағалау:

     Белсене қатысқан оқушыларға тиісті бағасын қою.

Ү. Үйге тапсырма

«Қазақ» сөзінің шығу тарихы тақырыбына эссе жазу.

 

Краткое описание материала

Урок «Қазақ» атауының шығу тарихы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Егембердиев Ергали Мухтарович

учитель русского языка и литературы

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 91722
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 31
  • 91722
    просмотров
  • 31
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Егембердиев Ергали Мухтарович.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~110

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: