668631
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Манифест «Инфоурок»
ИнфоурокИностранные языкиКонспектыБейбітшілік қаласы.

Бейбітшілік қаласы.

библиотека
материалов

hello_html_5c613e14.gifПойма бастауыш мектебі










Орыс сыныптарындағы қазақ тілінен ашық сабақ. 4б сыныбы

D:\Мои документы\Ж@Н@Р\байтерек.jpg





Дайындаған: Айткалиева Жанар Азаматовна

қазақ тілі пәнінің мұғалімі










Тақырыбы: Бейбітшілік қаласы.

Мақсаты:

Білімдік: қазақ тілінің төл дыбыстарының артикуляциясын қайталау; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, қазақ тілінде сөйлем құрылымын сақтай отырып, сөйлемдер құра алуға дағдыландыру.

Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз туған өлкесі туралы әңгімелей алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: экологиялық тәрбие: өз қаласының тазалығын сақтау. Туған жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару, оқыту.

Көрнекілігі: көрнекті суреттер, өлең және жаңа сөздер жазылған плакат, сөзжұмбақ, ҚР картасы, кесте.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

б) Ауызекі сөйлесу:

  • Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз мемлекет)

  • Мемлекетіміздің елбасысы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

  • Еліміздің мемлекеттік тілі қандай тіл? (қазақ тілі)

  • Ал ресми тілі қандай? (орыс тілі)

  • Мемлекетіміздің елордасы қай қала? (Астана)

  • Астана қаласы қандай? (әдемі, үлкен)

  • Астана қаласында нелер бар? (Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақүйі, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, т.б.)

в) Фонетикалық жұмыс. Оқылым. «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу, оқыту. Төл дыбыстарын тауып, астын сызу.

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның

Мақтанышым – Астанам.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) Астана туралы жазып келу. Оқушылар өздерінің Астана қаласы туралы жазып келгендерін оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ә) Жаңа сөздермен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Жазылым.

Сәулетші – архитектор

Жобалаған – спроектировал

«Бейбітшілік қаласы» - «Город мира»

«Достық пен келісім» сарайы – Дворец «Дружбы и согласия»

Мемлекет басшылары – главы государства

  • Жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып үйрену үшін мұғалім оқығанын мұқият тыңдату.

  • Оқушылар жаңа сөздерді тізбектей және жекелей оқып шығады.

  • Жаңа сөздердің жазылуына мән бере отырып, оларды сөздік дәптерлеріне көшіріп жазады.

б) Мәтінмен жұмыс. Оқылым. 1-жаттығу.

Астананың символы – Бәйтерек монументі. Бәйтерек монументін сәулетші Ақмырза Рүстемов жобалаған.

Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» конкурсында Астана «Бейбітшілік қаласы» аталды.

Астанада «Достық пен келісім» сарайы бар. Ондағы үкімет үйіне түрлі мемлекеттердің басшылары келеді.

Аудармасы:

Символ Астаны – монумент Байтерек. Монумент Байтерек спроектировал архитектор Ақмырза Рүстемов.

В конкурсе «Мирные города» проведенный в Боливии Астана была названа «городом Мира».

В Астане есть дворец «Дружбы и согласия». Туда в дом правительства приезжают главы разных государств.

  • Мәтінді оқып, түсіну. Оқыту.

  • Мұғалім сөйлемдерді орыс тілінде айтады, оқушылар оның аудармасын мәтіннен табады.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Астананың символы не?

  • Бәйтерек монументін кім жобалаған?

  • «Әлемдік қалалар» конкурсында Астана қандай атақ алды?

  • Бәйтерек монументі туралы не білесің?

ІV. Сергіту сәті. Айтылым. 2-жаттығу. Сөзжұмбақты шешу.

Сөзжұмбақтың жауаптары:

  1. Алматы.

  2. Есіл

  3. Бәйтерек

  4. Париж

  5. Отан

  6. Ақмырза

Тірек сөз: Астана.

Сөйлесім. 3-жаттығу. Сұрақтарға жауап беру.

  • Сен қай жерде тұрасың? (Орал қаласында)

  • Онда қандай ескерткіштер бар? (М.Маметова, Абай Құнанбаев, Стелла, т.б.)

  • Көшелер, даңғылдар кімдердің аттарымен аталған? (Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, т.б.)

  • Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесің? (Отан – оттан да ыстық; Туған жердей – жер болмас, туған елдей – ел болмас; т.б.)

Жазылым. 4-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып жазу.

Үлгі: Менің атым – Айсұлу. Мен Оралда тұрамын. Біздің қала өте әдемі. Мұнда саябақтар, театрлар, мұражайлар бар. Біздің сынып оқушылары театрға, мұражайға жиі барып тұрады. Мен Отанымды сүйемін.

V. Ұжымдық жұмыс. Картамен жұмыс. Оқылым. Жазылым. 5-жаттығу.

  • Қазақстан картасынан еліміздің оңтүстігін, солтүстігін, батысын, шығысын көрсету. Ол аймақта орналасқан қалалардың аттарын оқыту.

  • Үлгі бойынша оқушылар Қазақстанмен шегараласатын мемлекеттерді де жазып алады.

Үлгі: Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер: Ресей, Қытай, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан.

Солтүстігінде орналасқан қалалар: Петропавл, Көкшетау, Қостанай.

Оңтүстікте орналасқан қалалар: Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Тараз, Талдықорған, Алматы.

Шығыста орналасқан қалалар: Семей, Павлодар, Өскемен.

Батыста орналасқан қалалар: Орал, Атырау, Актау, Ақтөбе.

Орталықта орналасқан қалалар: Астана, Жезқазған, Қарағанды.

VІ. Бекіту. Оқылым. Сөйлесім.

  • Жасыл жолақта берілген нақыл сөзді талдау. Оқушылардың түсінігін сұрау. ТУҒАН ЕЛІҢНІҢ ДАҢҚЫН АРТТЫР!

  • Әлемге әйгілі сұлу қалаларымыздың тазалығын сақтауға өз үлестерін қоса алатыны туралы айту. Сурет арқылы мысалдар келтіру. Әлемдегі «Бейбітшілік қаласы» атанған қаланың өз Отанында орналасқанына мақтана алатынын айту.

VІ. Үйге тапсырма беру.

  • Жаңа сөздерді жаттау.

  • «Бәйтерек» монументі туралы эссе жазып келу.


Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Тақырыбы: Бейбітшілік қаласы. Мақсаты: Білімдік: қазақ тілінің төл дыбыстарының артикуляциясын қайталау; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, қазақ тілінде сөйлем құрылымын сақтай отырып, сөйлемдер құра алуға дағдыландыру. Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту; жаңа сөздерді пайдалана отырып, өз туған өлкесі туралы әңгімелей алуға дағдыландыру. Тәрбиелік: экологиялық тәрбие: өз қаласының тазалығын сақтау. Туған жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту. Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, аудару, оқыту. Көрнекілігі: көрнекті суреттер, өлең және жаңа сөздер жазылған плакат, сөзжұмбақ, ҚР картасы, кесте. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану.
Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Благодарность за вклад в методическое обеспечение учебного процесса по преподаваемой дисциплине

Опубликуйте 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Добавить материал
Сертификат о создании персонального учительского сайта

Опубликуйте 5 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить сертификат о создании сайта

Добавить материал
Грамота за высокий уровень сформированности информационно-коммуникационной компетентности

Опубликуйте 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Свидетельство за транслирование результатов своей профессиональной деятельности

Опубликуйте 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Добавить материал
Грамота за личный вклад в повышение качества образования

Опубликуйте 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Почётная грамота за высокий уровень профессионализма

Опубликуйте 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Добавить материал
Золотая грамота за современный подход к преподаванию и повышение качества педагогического труда

Опубликуйте 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную золотую грамоту

Добавить материал
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.