Найдено 66 материалов по теме
Предпросмотр материала:
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ондық бөлшектерді қосу алгоритмін айта білуге үйрету және оны ондық бөлшектерді қосуда пайдалана білуге дағдыландыру;
Ондық бөлшектерді қосуда тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдалана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін қарапайым ұғымнан күрделіге қарай дамытуға бағыттау
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс-сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру бөлімі
-оқушылармен амандасу
-оқу-құралдарын тексеріп, түгендеу
-оқушылар зейінін сабаққа аудару
Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Қазір бәріміз теледидардан көріп жүрміз, Сочи қаласында қысқы олимпиада өтіп жатыр. Сол жарысқа бәріміз қатысқымыз келе ме? Ендеше, балалар, қазір сыныпта қысқы олимпиадаға іріктеу жүргіземіз. Бізде шаңғы жарысы, коньки жарысы, биатлон өтеді. Бірге қатысайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(шаңғы
жарысы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.
1-мысал
4,21+5,47=
=9,68
Қосылғыштарды
баған түрінде қоссақ та, қосынды 9,68-ге тең болады.
4,21
5,47
9,68

Нені еске түсіруіміз керек?
v Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
а+в=b+а
v Қосудың терімділік қасиеті
(a+b)+с=a+(b+с)
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1) ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
2) разрядтар бойынша қосу керек;
3) қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.
2-мысал.
5,243 + 76,4
Егер қосылғыштарда ондық таңбалардың саны әр түрлі болса, онда ондық таңбалардың саны аз қосылғышқа қажетті нөлдерді тіркеп жазуға болады
Ондық бөлшектерді қосқанда , қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады:
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
а+в=b+а
14,25 + 7,341 =
Көбейтудің терімділік қасиеті
(a+b)+с=a+(b+с)
(15,224 + 8,1) + 1,9 =
Оқулықпен жұмыс ( коньки жарысы)
1) № 952
2) № 953
3) № 954
4) №957
5) №968
ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Бағалау

Профессия: Учитель математики
В каталоге 6 544 курса по разным направлениям