Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың мақсаты:Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
Міндеттері:1.Қарсы
мәндес және мәндес сын есімдерді ажырата білу.
2.Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту
барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып,
оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3.Сабақ барысында эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік: кестелер, оқулық,үлестірмелер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен, жұппен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Бейсенбінің
сәті,
Сәттілікке толсын,
Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік баға болсын.
ә) Семантикалық карта
|
Сөздер |
Түсі |
Көлемі |
Сапасы |
Салмағы |
Дәмі |
|
Таза |
|
|
|
|
|
|
Қара ала |
|
|
|
|
|
|
Жуан |
|
|
|
|
|
|
Ащы |
|
|
|
|
|
|
Жеңіл |
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасын тексеру:
б) Сәйкестендіру
жарық қою
жақын жіңішке
сұйық қымбат
биік аласа
жуан жұқа
арзан қараңғы
қалың алыс
Осыдан қортынды шығару.Сын есім нені білдіреді?Сұрақтары?Қарама-қармы сын есім деген қандай сын есім?
Оқулықпен жұмыс:
13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,
қарсы мәндес сын есімдерді тауып астын сызу.
15- жаттығу. Көп нүктенің орнына мағынасы жуық сын есімдерді тап.
Мейірімді ,қайырымды; әдемі –сұлу;инабатты-ибалы;кәрі – қарт;жуас,момын
Сергіту сәті
16-жаттығу. Мағынасы жуық сын есімдерді бір бөлек, мағанасы қарама-қарсы сын
есімдерді бір бөлек жазу
|
Мағынасы жуық |
Мағынасы қарама-қарсы |
|
Ізетті,ибалы Қарт,кәрі Момын,жуас Сұлу, көрікті |
Кең- тар Аласа-биік Лай –тұнық Ауыр-жеңіл |
17- жаттығу. Ребус шешу.
Жүйрік ат.Сипаттау мәтінін құра
Шығармашылық жұмыс:
1 топ .Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді қойындар:
1.Жақсы – жаныңа жолдас,... – малыңа жолдас.
2.Бетегеден биік – жусаннан...
3. Батырдың өмірі қысқа,
Даңқы...
2-топ.Екі мәтінді салыстыр, мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді зат есімдермен бірге теріп жаз.
Жаңбыр алдында
Бетіңе суық жел соғады. Ауыр бұлттар өзен үстіне төніп тұр. Найзағайдың қатты күркіреген даусы естіледі.
Жаңбырдан соң.
Бетіңді жылы жел желпиді. Өзен үстінде жеңіл бұлттар қалқиды. Алыстан найзағайдың әлсіз даусы естіледі.
3- топ. Көп нүктенің орнына қарама-қарсы сын есімді қойындар:
Кит – үлкен жануар, ал шабақ - ... балық.
Қоян – қорқақ аң, ал арыстан - ... аң.
Көлшік – таяз, ал теңіз - ... .
Пияздың дәмі – ащы, кәмпиттің дәмі - ... .
Қорытынды бөлім:
Сын есім тақырыбына кластер құру

Сипатталғанды табыңдар.
Ақ, тәтті, қатты, (ұсақ) – бұл не?
Домалақ, жұмсақ, үрленген. - ...
Ащы, қызыл, жасыл - ...
Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк - ...
Қышқыл, қою қызыл, домалақ - ...
Үйге тапсырма: 18-жаттығу. (139-бет) ереже қайталау.
Бағалау: Жинаған дөңгелекшелері бойынша бағалау.
В каталоге 6 648 курсов по разным направлениям