Дінімізге берік болайық!
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі
кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер,
сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі теріс діни ағымдар, олармен
күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу.
Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден
нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға
байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық
тәрбие беру.
Көрнекілік: тақырып бойынша
презентациялық материалдар, интерактивті тақта,суреттер
Өткізілетін түрі: дөңгелек үстел.
Өткізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар,ұстаздар,қонақтар!
Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл толды.Бұл бабаларымыздың аңсаған арманы.Олай болса,туымыз тұғырлы,еңсесі биік еліміздің құдіретті де,қасиетті қазақ деген халқының азаматтары мен азаматшалары мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын.
Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Дінімізге берік болайық!»
Осыған орай дөңгелек үстелімізге бүгін Үржар аудандық мешітінің бас имамы – Ақжігітов Бекзатқажы келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық
Жоспары:
1.Кіріспе
2. “Адасқандар” бейнефильмі
3.Бейне фильмге байланысты пікірталас ұйымдастыру
4.“Абайлаңыз,секта!”(Діни экстремизм)
“Не істер едің” (Жағдаяттардың шешімін табу )
5.“Дінімізге берік болайық!” (Шағын дөңгелек үстел)
6 Қорытынды
Ұлт зиялысы, ел жанашары Міржақып Дулатов “Оян,қазақ!”
1.Кіріспе
Мұғалімнің сөзі.
Ислам әлемі –түрлі ұлттардан,сан алуан мәдениеттен құралған ,географиялық орналасу әр қилы үлкен бір қоғам.Шындығында келгенде адам баласына дінсіз қоғам құрмақ түгіл діннен тыс өмір сүруі де мүмкін емес. Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Қазіргі таңда елімізде шетелдерден әр түрлі себептен келген теріс діни ағымдар халқымызға солақай әсерін тигізіп отыр.Теріс пиғылдарын жүзеге асырып жүрген лаңкестердің «Жер үстіне Алланың заңдарын орнату үшін қасиетті жиһад жүргізіп жүрміз»дейді.Ал шынайы мұсылмандар басқаларға тілімен де,қолымен де зиян келтірмейді.Осы орайда аталған мәселенің тереңірек тану үшін «Адасқандар» атты бейнефильмнен үзінді қарап көрейік.
2. “Адасқандар” бейнефильмі
3.Бейне фильмге байланысты пікірталас ұйымдастыру
4.“Абайлаңыз,секта!”(Діни экстремизм)
“Не істер едің” (Жағдаяттардың шешімін табу )
Мұғалімнің сөзі
Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды».
“Не істер едің” (Жағдаяттардың шешімін табу )
1-жағдаят
Қалаға барып,оқуға түстің. Сабақтан қайтып келе жатқаныңда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды.
Осы жағдайдағы сенің іс-әректің қандай?
Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе?Шешіміңді дәлелде?
2-жағдаят
Бір күні сені жан досың бір жерге ертіп баратындығын айтты.Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің.Сені бейтаныс адамдар сөздерімен өздеріне қосылуға үгіттей бастады.Досың да солар жағында.тіпті саған сыйлықтар ұсынғандары да болды.
Осы жағдайда сен не істер едің,қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба?Өз шешіміңмен бөліс.
3-жағдаят
Сыныпқа жаңадан оқушы келді.Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан кейін саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.
Бұл жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай?
5.Осыған байланысты “Дінімізге берік болайық!” дөңгелек үстелмен жалғастырайық.Қауіпті діни ағымдарға байланысты оқушылардың істеріне толғандырып жүрген сауалдар мен пікірлер бар болар, енді осыған байланысты Үржар ауданның бас имамы Бекзатқажы Ақжігітов қатысты.
«Қазіргі таңда жастарымыздың көпшілігі жат ағымдардың жетегінде кетіп,жанұя,Отан,тіпті ата-анасына да қарсы шығып жатыр.Отанға деген патриоттық сезімді ұмыту үстінде.Міне осының барлығы қоғамға теріс әсерін тигізуде.Болашақта елімізді одан әрі көркейтіп,Елбасымыз айтқандай 50 елдің қатарына қосылуға ұмтылу үшін осындай жат ағымдардың арбауына түсіп қалмай,тек Ислам дінін дұрыс түсініп,дұрыс жолда жүрсек қана еліміз одан ары қарыштамақ» деп имам Бекзатқажы Ақжігітов өз сөзін қорытындылады.
Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын имам Бекзатқажы Ақжігітовқа қою.
Бүгінгі дөңгелек үстелдің түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян,
қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
ШҚО,Үржар ауданы,Үржар ауылы
«Крупская
атындағы орта мектеп-балабақша»КММ-сі
дінтану пәнінің
мұғалімі Саябаева Гульгайша
Жәкенқызы
Профессия: Преподаватель философии науки
В каталоге 6 792 курса по разным направлениям